uk
Feedback
ADYRNA.KZ

ADYRNA.KZ

Відкрити в Telegram

📈 Аналітичний огляд Telegram-каналу ADYRNA.KZ

Канал ADYRNA.KZ (@adyrnaportal) у мовному сегменті Казахська є активним учасником. На даний момент спільнота об'єднує 12 940 підписників, посідаючи 15 738 місце в категорії Новини і ЗМІ та 685 місце у регіоні Казахстан.

📊 Показники аудиторії та динаміка

З моменту свого створення невідомо, проект продемонстрував стрімке зростання, зібравши аудиторію у 12 940 підписників.

За останніми даними від 23 липня, 2026, канал демонструє стабільну активність. Хоча за останні 30 днів спостерігається зміна кількості учасників на -384, а за останні 24 години на -18, загальне охоплення залишається високим.

  • Статус верифікації: Не верифікований
  • Рівень залученості (ER): Середній показник залученості аудиторії становить 10.29%. Протягом перших 24 годин після публікації контент зазвичай збирає 6.25% реакцій від загальної кількості підписників.
  • Охоплення публікацій: В середньому кожен допис отримує 1 332 переглядів. Протягом першої доби публікація в середньому набирає 809 переглядів.
  • Реакції та взаємодія: Аудиторія активно підтримує контент: середня кількість реакцій на один пост – 15.

📝 Опис та контентна політика

Опис каналу не надано.

Завдяки високій частоті оновлень (останні дані отримано 24 липня, 2026), канал підтримує актуальність та високий рівень охоплення публікацій. Аналітика показує, що аудиторія активно взаємодіє з контентом, що робить його важливою точкою впливу в категорії Новини і ЗМІ.

12 940
Підписники
-1824 години
-917 днів
-38430 день
Архів дописів
ADYRNA.KZ
12 940
Астанада алғаш рет жолаушыларға арналған электрлі әуе таксиі таныстырылды Елордада алғаш рет электр қуатымен жұмыс істейтін eVTOL аэротаксиі 24 шақырымдық автономды ұшуын сәтті орындады. Бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған әуе көлігі 200 км/сағ жылдамдықпен ұшып, бір қуатпен 200 шақырымға дейін бара алады. Жобаны қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. және қытайлық AutoFlight компаниясы таныстырды. 2026 жылы Қазақстанда сынақ ұшулары мен қауіпсіздік тексерулері жалғасады.

ADYRNA.KZ
12 940
АҚШ Қарулы күштері Иранға қарсы бес сағатқа созылған кезекті әуе соққылары сериясын аяқтады. Бұл – америкалық күштердің Иранға қатарынан 12-түн шабуыл жасауы, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. «АҚШ әскері Иранның әскери нысандарына, оның ішінде теңіз инфрақұрылымына, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының қоймаларына, жағалаудағы барлау бекеттері мен әуе қорғанысы жүйелеріне соққы жасады. Бұл шабуылдар Иранның азаматтық теңізшілер мен коммерциялық кемелерге шабуыл жасау мүмкіндігін одан әрі әлсіретті», – делінген АҚШ Орталық қолбасшылығының хабарламасында. https://adyrna.kz/kk/post/1245550?show_without_publish=true

ADYRNA.KZ
12 940
Үкімет жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Халықаралық валютаға шаққанда шамамен 22,31 млн долларлық қаражат қолданыстағы KazSat-3 аппаратын алмастыратын жаңа KazSat-3R спутниктік байланыс жүйесін  жасауға жұмсалмақ. KAZSAT-3R, МҮМКІНДІГІҢ ҚАНДАЙ? KazSat-3-тің жоспарланған пайдалану мерзімі 2029 жылы аяқталады. Жаңа аппарат ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. https://adyrna.kz/kk/post/1245544

ADYRNA.KZ
12 940
Құрылтайға баратын депутаттарға талап жоғары Сондықтан саяси додаға қатысатын жеті партия құрылтайға өз саласын жетік меңгерген, тәжірибесі мол кандидаттарды ұсынуға басымдық беріп отыр. Олардың қатарында кәсіпкерлер, экономистер, қоғам қайраткерлері, заңгерлер және түрлі саладағы сарапшылар бар. Бұл құрылтайда елдің өзекті мәселелерін кәсіби деңгейде талқылап, нақты әрі тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

ADYRNA.KZ
12 940
Шыңғыс хан қазақ па, қырғыз ба, моңғол ма? Тарихтағы үлкен дау «Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты Дүниежүзілік көшпенділер ойынының авторы, белгілі туризм сарапшысы Мақсат Чакимен болды. Әңгіме барысында көшпенділер ойынының идеясы, қазақтар мен қырғыздардың ұқсастығы сөз болды. https://youtu.be/3v6tmHIa-98?si=bWvjSblcXlsu7_wc

ADYRNA.KZ
12 940
Мадуро ісі. Сот процесі 2027 жылы басталмақ Венесуэланың экс-президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты сот процесі 2027 жылғы 1 маусымда басталады. Бұл туралы AP агенттігі жазды. Судья Элвин Хеллерстайн аталған күнді прокуратура мен қорғау тарапының ұстанымдарын ескере отырып бекіткен. https://adyrna.kz/kk/post/1245542

ADYRNA.KZ
12 940
Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін айтты Қазақстанда 4739 адам ағза трансплантациясын күтіп отыр, оның ішінде 125 бала бар. Вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәйіттік донорлықты дамытудың маңызын айтып, өзі де ағзаларын донорлыққа беруге келісім беретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бір адамның шешімі өзге адамға өмір сыйлауы мүмкін. Сонымен қатар, «4739» деректі фильмі 24 шілде күні сағат 19:30-да 24KZ телеарнасынан көрсетіледі.

ADYRNA.KZ
12 940
Бишімбаевтың туысы Байжанов рақымшылықпен бостандыққа шығатын болды Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін 4 жылға соттал
Бишімбаевтың туысы Байжанов рақымшылықпен бостандыққа шығатын болды Салтанат Нүкенованың өлімін жасырғаны үшін 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілініп, жақын күндері бостандыққа шығады. Бұл ақпаратты оның қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев растады. Оның айтуынша, бүгін, 2026 жылғы 22 шілдеде өткен сот отырысында Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасау туралы акт қолданылып, оны дереу босату туралы қаулы шығарылған. "Жазаның өтелмеген бөлігі үш айдан сәл ғана асатын. Бүгін Бақытжан отбасына оралады", – деді Ғазиз Ынтықбаев.

ADYRNA.KZ
12 940
Алматы облыстық соты Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың өзін банкрот деп тану және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы талабын қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Нұрбол Назарбаев апелляциялық шағымында өзіне қатысты шығарылған шешімнің күшін жоюды сұрап, мемлекет пен жеке компания алдындағы ірі көлемдегі берешегін өтеуге мүмкіндігі жоғын алға тартқан. Оның мәліметінше, Активтерді қайтару жөніндегі комитет алдындағы қарызы 55,8 миллиард теңгеден асады. Бұдан бөлек, өсімпұл, мемлекеттік баж салығы және "Ақтөбе" өндірістік компаниясы" ЖШС алдындағы берешегі бар. https://adyrna.kz/kk/post/1245523?show_without_publish=true

ADYRNA.KZ
12 940
Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі Төтенше және Өкілетті Елшілерін тағайындады Жарлыққа сәйкес, Ералы Тоғжанов – Өзбекстанға, Әлібек Бақаев – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне, Амангелді Саинов – Румынияға Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Әлібек Бақаев осыған дейінгі қызметінен босатылды.

ADYRNA.KZ
12 940
Тағы бір университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады Әлеуметтік желілерде Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ ректоры Нұр
Тағы бір университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады Әлеуметтік желілерде Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Заңгер Бауыржан Ахметжанның айтуынша, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп, жұмыс кабинетінде және тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізілген.

ADYRNA.KZ
12 940
Диктант пен мазмұндама қайта оралады: Бастауыш сыныптарда жаңа бағалау тәсілі енгізілмек Егер өзгеріс күшіне енсе, бастауыш сынып оқушылары БЖБ мен ТЖБ тапсырмайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Оның орнына диктант, мазмұндама және басқа да дәстүрлі жазбаша жұмыстар енгізіледі. Министрліктің мәліметінше, жаңа тәсіл оқушылардың оқу жүктемесін азайтып, сауатты жазу, ойын жүйелі жеткізу және тілдік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

ADYRNA.KZ
12 940
Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан Aqtogai Milk ЖШС аумағында қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кәсіпорын аумағындағы кәріз құдығында орналасқан электр сорғысын жөндеу кезінде алты жұмысшы көз жұмып, тағы бір адам түрлі дәрежеде зардап шеккен. Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының хабарлауынша, оқиға туралы хабарлама 20 шілде күні сағат 12:01-де түскен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның оқиға орнында қаза болғанын тіркеген. https://adyrna.kz/kk/post/1245487?show_without_publish=true

ADYRNA.KZ
12 940
Алматыда қала аумағының жекелеген бөліктеріне экологиялық талаптарға сай келмейтін ескі автокөліктердің кіруіне шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл шара құны 28,6 млрд теңгеден асатын үш жылдық табиғатты қорғау жоспары аясында көзделген. Бағдарламаны Алматы қалалық мәслихаты бекітті. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – ауа сапасын жақсарту. Құжатқа сәйкес, 2027 жылы «Алматы паркинг» компаниясымен бірлесіп қалада төмен шығарындылар аймақтары (Low Emission Zones) құрылады. Заманауи экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін ескі көліктердің бұл аймақтарға кіруіне шектеу қойылады. https://adyrna.kz/kk/post/1245485?show_without_publish=true

ADYRNA.KZ
12 940
+6
Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетті Команда финалда Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, 16 жылдан кейін қайтадан әлем чемпионы атанды. Шешуші кездесу 19 шілде күні АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы MetLife стадионында өтті. Матчтың негізгі уақыты голсыз аяқталды. Негізгі уақытқа қосылған минуттарда Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Жеңіс голы қосымша уақытта соғылды. Нико Уильямстың баспен берген пасынан кейін Ферран Торрес қақпаға соққы жасады. Финал алдында бұл матч 19 жастағы Ламин Ямаль мен 39 жастағы Лионель Мессидің «ұрпақтар текетіресі» ретінде бағаланған еді. Осы жеңістен кейін Испания құрамасы қатарынан 38 матч бойы жеңілмей, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұған дейін испандар әлем чемпионы атағын тек 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен мундиалда жеңіп алған. 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті. Турнир барысында барлығы 104 матч ұйымдастырылды.

ADYRNA.KZ
12 940
18 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлаған. Комитет мәліметінше, өрттердің бірі Ақмола облысында, екіншісі Павлодар облысындағы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, үшіншісі Шығыс Қазақстан облысында болған. Өрт ошақтарын анықтау және сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзеті, «Қазавиаорманқорғау» РМК мамандары, сондай-ақ қажет болған жағдайда ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылған. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта орман өрттерін оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.

ADYRNA.KZ
12 940
Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болды

ADYRNA.KZ
12 940
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды.

ADYRNA.KZ
12 940
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

ADYRNA.KZ
12 940
+2
«Семей орманындағы» өрт. Жалынды сөндіруге әуе күштері жұмылдырылды Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, сағат 14:50-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге резерваттың мемлекеттік орман күзетінің 97 қызметкері мен 38 техника тартылған. Сондай-ақ ТЖМ 158 қызметкері мен 22 техникасы, ішкі істер министрлігінің 101 қызметкері және 25 техникасы жұмылдырылған. Өртті ауыздықтауға төрт әуе кемесі қатысып жатыр. Атап айтқанда, «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының екі тікұшағы, қорғаныс министрлігінің Ми-17 және ҰҚК Ми-8 тікұшағы жұмыс істеуде. Авиация өрт ошағына осы уақытқа дейін 82 рет су төккен.