cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

ᴛᴜɴ🌚

💛𝒌𝒐𝒔𝒉 𝒌𝒆𝒍𝒅𝒊𝒏💛 💛𝒃𝒖𝒍 𝒋𝒆𝒓𝒅𝒆 𝒕𝒆𝒌 𝒇𝒂𝒏𝒇𝒊𝒌 𝒃𝒐𝒍𝒂𝒅𝒚💛 💛𝒌𝒆𝒓𝒆𝒎𝒆𝒕 𝒇𝒂𝒏𝒇𝒊𝒌 𝒕𝒆𝒌 𝒃𝒊𝒛𝒅𝒆💛 💛𝒗𝒑 𝒃𝒐𝒖𝒏𝒔𝒉𝒂: @artistka_tvoya 💛𝐬𝐞𝐫𝐢𝐤𝐭𝐞𝐬 𝐤𝐚𝐧𝐚𝐥:𝐚𝐳𝐢𝐫𝐠𝐞 𝐳𝐡𝐨𝐤 𝐮𝐫𝐥𝐲𝐤𝐬𝐡𝐮 𝐤𝐚𝐧𝐚𝐥:𝐧𝐨

Більше
Казахстан5 285Мова не вказанаКатегорія не вказана
Рекламні дописи
412
Підписники
Немає даних24 години
Немає даних7 днів
Немає даних30 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Білем ұнаған жоқ шығар бірақ алда қызықтар өте көп🤍
Показати все...
Дэхён Хёримнің алаңдаулы жүзін көріп, үнсіз өтіп кете алмады. Дэхён: - Хёрим? Бірнәрсе болды ма? Көңіл-күйің жоқ қой. Хёрим: - Болғанда қандай. Дэхён маған көмектесші өтініш. - Иә, айт? Қандай көмек? - Маған "JM GROUP" компанияның серіктестері, құралған сатылым пайызы, кіріс-шығыс құжаттарын таңертеңге дейін тауып берші. Әйтпесе құримын. - Жақсы, тауып беремін. Бірақ ол не үшін? - Артық сұрақ кейін. Дэхён ~ щи саған сендім. Таңертең алтыда ас үйге кездесейік. Құжатты ұмытпа. - сыбырлап. Дэхён күліп жіберді. Дэхён: - Түсіндім, тыңшы ханым. Айтпақшы сені үйіңе шығарып салайын ба? Кеш болды ғой. - Өзім бара аламын. Бүгінше сенсіз барып көрейін. - күліп. - Мақұл. Абай бол, Хёрим. - қол бұлғай. Хёрим жымия, сөмкесін қолына алып кетіп қалды. Дэхён оған қараған күйі, әлі тұр. Оны соңына дейін көзбен шығарып салды. Бұл көріністі сырттай Чимин бақылап тұрған болатын. Чимин: - Ит мысықты жұмсайды, мысық құйрығын жұмсайды. - деп, стакандағы суынан ұрттады да, бөлмесіне қарай көтерілді... #AGUS Лилипуттарым, мен қайта оралдым. Жаңа фф көңілдеріңізден шықты ма? Барьер: 427
Показати все...
- Әкем жіберді ме? Мені бұл жерден тез алып кет. - менсінбей орынынан тұрып, қолындағы жүйелерді (система) алды. - Менің есімім Ие Дэ Хён. Сіздің жеке қызметкеріңіз боламын. - жылы қарады. - Есіміңді сұрамадым. Құлағың керең бе!? Мені бұл жерден шығар деймін! - Жақсы, мырзам. Сізді әлдеқашан шығарып алғанбыз. Енді үйіңізге қайтуыңызға болады. Чимин іштей қатты қуанды. Отбасын сағынғандықтан және мына төрт қабырғаға қамалудан мезі болды. Бірақ сыртқа білдіртпеді. Чимин: - Онда кеттік! Тоқта... Дэхён: - Бірнәрсе болды ма, мырзам? - Ақымақ, далаға осылай шығамын ба? Киімім қайда? Анам сеннен беріп жіберген шығар!? - Ұмытып кетіппін ғой. Әрине, беріп жіберді. Міне. - қолындағы киім салынған қорапты ұсына. Пак әулеті. Хёрим Чиминнің бөлмесін шыбын тайып құлайтындай жылтыратып тазалап шықты. Өзі де мәз. Оған тазалық қатты ұнайды. Әрқашан жүрген жерінің таза болуын қадағалап жүретінгіде сондықтан. Хёрим белін таяна: - Бұл жұмыста аяқталды. Енді бәрі тап - таза. Хёрим мойын бұрып жатып, үлкен қабырғаға ілінген картинаға көзі түсіп кетті. Иә, бұл портрет Чиминге тиесілі болатын. Хёрим портретке ұзақ қарады да, еден жуғыш заттарын алып, бөлмеден шығып кетті. Төменге түсіп, қатарына қосыла тұра қалды. Көп ұзамай көптен күткен Пак Чимин үйге кіріп келді. Бүкіл қызметшілері бастарын иіп құрмет көрсетті. Чимин оларға пысқырыпта қараған жоқ. Оның бар ойы ата-анасында ғана еді. Ортадағы көздері жасқа толған анасына келіп, оны қатты қысып құшақтап алды. Пак ханымның көз жасы тоқтар емес. Екеуі біраз құшақтап ажырады. Пак ханым: - Құлыным, аман-есен оралуыңмен. - деп, қайта-қайта бетінен сүйіп. Чимин Пак ханымның маңдайынан сүйді де: - Мен оралдым. Жас төгудің қажеті жоқ. Алдыңызда сап-сау тұрмын ғой. - күлімдеп. Анасы сәл басылғандай болды. Кезек Пак мырзада. Чимин әкесіне қараған сәтте, Пак мырза оны бауырына басты. Қанша дегенімен ұлын 5 жыл бойы көрмеді ғой. Хёрим оларға қызыға қарап тұр. Көңіл толқытар сезім екені анық емес пе...? Сәлден соң, Пак әулеті үстел басына жайғасты. Ұлдарын сағынған олар жақтары талғанша біраз әңгімелесті. Пак мырза: - Ұлым, қозғамайын дегенмін. Бірақ істі қайта ашу үшін қажет болып тұр. 5 жыл бұрынғы көлік апатынан есіңде ештеңе қалмады ма? Пак мырзаның сөзіне Хёрим елең ете қалды. Чимин: - Әке, бастамаңызшы. Шын айтамын, есімде ештеңе жоқ. Тек үйден шығып кеткенім ғана еміс-еміс есімде. Пак ханым: - Ұлымды қинамашы. Онсызда әрең жазылып үйге енді ғана оралды. Баламыздың мазасын алмайық. Пак мырза: - Жақсы. Ұлым, сен демала ғой. Ертеңнен бастап, жұмыс жөнінде сөйлесетін боламыз. Чимин: - Түсінікті. Мен бөлмеме барайын. Қайырлы түн. - деп, кетіп қалды. Пак ханым: - Чон Хёрим, Чиминнің бөлмесіне бара қойшы. Оған көмек керек болар. Ананы-мынаны айтып жатса, көмек бере қоярсың. Денсаулығы әлі де мәз емес. Хёрим басын изеп, жоғарыға көтеріле Чиминнің бөлмесіне келді. Есікті ашуға біраз жүрексініп, ақыры дегенде есігін қақты. Чимин іштен: - Кір! Хёрим ұяла ішке кірді. Чимин кереуетіне ұзыннан жатып алыпты. Чимин: - Не керек? Хёрим: - Мені Пак ханым жіберді. Егер сізге көмегім қажет болса... - Компаниямыздың серіктестері, құралған сатылым пайызы, кіріс-шығыс құжаттарының бәрін тауып әкел. Хёрим таңғала: - Мен вилладағы қарапайым қызметкермін. Қалайша сіз айтқандардың бәрін...? - Табасың! Басыңды бұғып жүре бермей әрекет жаса. Ертең таңертең оянғанда үстелде айтқан құжаттардың бәрі тұратын болсын. Ал енді бар! - Мырза. - Өзім қуып шығайын ба!? - бір қасын көтеріп. Хёримнің қабағы қатулы күйінде бөлмесінен шықты. Оның тым дөрекі сөйлегеніне өкпесі қара қазандай. Тура атып жіберерге оғы жоқтай. Хёрим: - Есі дұрыс па, өзінің? Қарапайым қызметкермін дегенді түсінеді ме!? Құжаттарды қайдан табамын...? Жетпегені түнімен ұйықтамай құжаттарды іздеу еді. Чон Хёрим өзіңді сабырға келтір! - бұрқылдап, төменге түсіп келе жатыр. Кенет алдынан Дэхён атып шықты.
Показати все...
#error ❗ЖАП - ЖАҢА ФАНФИК❗ ♨ERROR...! (ҚАТЕЛІК)♨ Басты кейіпкерлер: Пак Чимин & Чон Хёрим & Ие Дэхён Қосалқы кейіпкерлер: Сольхи, Сыльби, Ынсок т.б Жанр: Комедия, романтика,18+, fluff, flik, ангст; Бөлім саны: ? Автор: #AGUS |1-бөлім| - Сен әлі кішкентайсың. Саған көлік айдау қауіпті. - Пак мырза баласының екі иығынан қысып. - Әке, қойыңызшы. Мен бала емеспін ғой. Жасым 16 да. Ересек болдым, олай жасай бергеніңізді доғарыңыз. - деп, кішкентай Чимин, әкесінің қолын иығынан алды да, әкесінің сөзіне құлақ аспастан, көлікке отыра кетті. Әп-сәтте көлікті оталдырып, әкесіне жымиған күйі, бар жылдамдыққа салып, жүйткей жөнелді. Чимин үшін бұл жылдамдық тым жоғары болды. Бірақ сондада құмары қанбай, одан сайын жылдамдықты арттырды. Көлікте тек бір өзі ғана... Жол бойында ересек әйел телефонымен қуанышты күйінде сөйлесіп келеді. - Иә, қызым. Сенің жегің келетін тамақтардың бәрін алдым. Үйге келе сала маған емес, тағамдарға жабысатын шығарсың. - күле. - Алдымен келіңіз, одан соң көрерміз. - Демек, дұрыс таптым ба? - ренжіген даусын шығарып. - Жоға, әрине. Апатайым, алтыным, әрине сізге жабысамын. Сағынып кеттім. Тезірек келіңізші. Әкем мен Сольхи, Сыльбиде сізді күтіп отыр. - Тағы біраз жүрсем, үйде боламын. - жымия. - Жақсы. Менің аманаттарыма жақсылап қараңыз. - күліп жіберді. - Айттым ғой, бұл қызға керегі тек өзінің сүйікті жемістері. Сәл күт. Бара жатырмыз... - дегені сол еді, бірден байланыс үзіле кетті. Оның себебі үлкен көлік апаты еді. Бір емес, бірден үш көлікке соғылып келген көлік, Чон ханымды да ұшырып әкеткен болатын. Соғылған төрт көліктің үшеуі сол жерде-ақ дымы қалмай отқа оранып жанып кетті. Осы сәтте полиция, жедел-жәрдем қызметкерлері жетіп келді. Барынша тірі қалған адамдарға көмектесуге тырысып жатыр. Полиция қызметкері жалғыз отқа оранбаған көліктің жанына келіп, ішіндегі 16 жасар Чиминді шығарып алды. Тірі немесе өлі екендігі белгісіз. Бет ауызы қаннан көрінбейді. Өкініштісі Чон ханым сол жерде тілге келмей кетті... 5 жыл өткен соң. Каннамдағы зәулім виллалардың бірі. Әдеттегідей үй ішінде қарбалас. Қызметшілер ананы-мынаны істеп жанталасуда. Шамасы қонақ күткелі жатырған болуы керек. Пак ханым, толқығаннан қайта-қайта су ішіп, қобалжымауға тырысып жатыр. Чон Хёрим: - Пак ханымға не болған? Сонша толқығаны несі? Ымджи: - Сен білмейсің бе? Бүгін үйге жас мырза Пак Чимин келмекші. 5 жылда алғаш рет үйге оралғалы жатыр. Ёмиль: - 5 жыл оңай уақыт емес. Осы уақыт аралығында ханым мен мырза жас мырзаның даусын естімеді. Сағынғаны анық қой. Сондықтан қобалжуы орынды. Чон Хёрим: - 5 жыл? Ол осыншама уақыт бойы үйіне оралмай не істеген? Ёмиль: - 5 жыл бойы жан сақтау бөлімінде ес түссіз жатты. Көзін ашқаны кеше ғана. Бірақ сондада жас мырза қырсығып ауруханаға жатпаған көрінеді. Сол себепті үйге алдырып жатыр. Ымджи: - Сол түні қателік жасамағанында, аман - есен болушы еді. Босқа кеткен 5 жыл. - күрсіне. Ёмиль: - Йа! Ауызыңды жап. Ханым естіп қойса, құлағыңды жұлып алады. Чон Хёрим: - Қайғылы жағдай. Бастысы үйіне сау оралса болды ғой. Ымджи: - Аз уақыттан соң Ынхёк мырза келгенде отбасы түгелдей толығады. Ёмиль: - Сумаңдай бермей ауызыңды жап дедім ғой. - алара. Ымджи мен Хёрим бір-біріне қарап күліп жіберді. Чон Хёрим: - Мен өз жұмысыма кірісейін. Мырзаның бөлмесін айнадай етіп, бір қуантайын. - жымия, жоғарыға көтеріліп кетті. Ымджи: - Осы қыз үнемі көңілді жүреді. Өзі ғана солай жүргенімен ғана қоймай, айналасын шаттыққа бөлейді. - езу тарта. Ёмиль: - Әрине. Хёрим өте жақсы қыз. Онда күмәнің болмасын. Ал енді тірлігімізді жасайық. Үй ішін тазалай істеріне кірісті. Хесон ауруханасы. Чимин палатасында терезеге қарап, ойға шомылып отыр. Қатты беріліп кеткені сонша, ішке кіріп келген адамды да байқамады. - Чимин мырза, қайырлы кеш. - ыржия. Чимин теріс бұрылып қараса, алдында бойы ұзын бір жігіт тұр. Чимин:
Показати все...
#жезде ♨СҮЙІП ҚАЛДЫМ ЖЕЗДЕМДІ️♨️ СОҢҒЫ БӨЛІМ 15-bólım Кан мырза Ёнханы диванға жатқызды. Артынша, Кан ханым Ёнхаға су себіп, есін жиғызды. Ёнха: — Апа, мен ауруханаға баруым керек.. Тэхённың жағдайын көруім керек.. - деп, тез-тез сөйлей, сырт киімін алып шығып кетті. Артынша, басқалары да шықты. Кан мырза Лиёнға қарап: — Келгенде екеуіңді үйден көрмейтін болайын. Менің сен сияқты қызым жоқ! - деп, дүрсе қойды. Лиён қанша мықты болып көрінгенімен, бұл сөздер жүрегіне батты. Аурухана.. Ёнха Тэхённың қай жерде екенін іздестіріп алды. Ең қызығы ол палатада. Қалай? Ёнха баспалдақпен жүгіріп келеді. Көзінде жас. Жембірінің шетімен сүртіп жіберді де, көтіріліп кетті. Палатаның алдына келіп, есікті ашып қалды. Дәл алдында, Тэхён тұр. Палата іші гүлдер және шарлармен безендірілген. Ёнха түсінбей, абдырап, бір орында тұрып қалды. Ёнха: — Тэхён.. Тэхён оның жанына келіп, гүлді ұсынды. Ёнха оны қаттырақ құшақтап алды. Анда-санда шымшып, ұрып қойды. Ёнха: — Мен қатты уайымдадым ғой. Бұның не?! - кеудесінен ұра. Тэхён күле оны құшақтай берді. Артынша, Кан мырза мен Кан ханымда кірді. Жымия оларға қарап отырды. Ёнха ата-анасына қарап қалды. Ұрысады деген ойыда бар. Кан ханым: — Бұның бәрі жоспар болды. Кан мырза екеуі күле кетті. Ёнха оларға қарап тағы жылап қалды. Тэхён оны құшақтай: — Сенің маған деген сезіміңді тексергім келді! Бір сәттік бақыт. Ёнха ішіндегі сезімін не деп шығарарын білмеді. Ёнха оларға қарап: — Мені алдағандарың қалай? Тым құрғанда шет жағасына айтуға болар еді ғой. Ёнха эмоцияға беріліп кеткен. Түс ауған кез. Тэхён Кан отбасында отыр. Жаңа таныстық дегендей. Негізі бәрін ұйымдастырған Тэхён. Ол Кан мырзаға хабарласып осы туралы айтты. Баста келіспеген еді, артынша көнді. Тэхённың да жол апатына ұшырауы өтірік. Жаңалықтарда жалған ақпарат айтылды. Бұл ерекше жоспар болды. Тэхён: — Енді мен сіздерден қыздарыңызды сұрағым келеді. Яғни, отбасы болсақ деймін! Кан мырза: — Қызым, сені ұнатса біз келісеміз. Бірақ, ол кішкентай. Қате шешім қабылдамауы керек! Ёнха: — Егер сіздер қарсы болмасаңыздар мен Тэхённың ұсынысына келісемін! Кан ханым: — Біз сендерге бақыттан басқа ештеңе тілемейміз! Бәрі көңілді. Ёнханың түйсігі қате сезіпті. Кеш.. Тэхён мен Ёнха саябақта жүр. Бәрі, бір уақытта өтіп жатыр. Ештен кеш жақсы дегендей, басы қатты болса, аяғы тәтті болды. Ёнха: — Балмұздақ жегім келеді! Тэхён дүңгіршек жанына барып, Ёнхаға балмұздақ алды. Құлпынай дәмді балмұздақ. Тэхён оған қарап: — Мен той уақытын ертерек қойғым келеді! Бір-бірімізді жеткілікті таныдық деп ойлаймын. Ёнха: — Асығыс шешім қабылдамау керек. Кішкене ойланғанда дұрыс. — Рұқсат сұралды, сен келістің. Енді одан басқа не керек? Бұл жолы тағы Тэхённың шыдамсыздығы құртпаса болды. — Бірінші екі отбасы танысуы керек. Артынша, бір мәлімге келсін. Бұл менің бас тартып тұрғаным емес. Тек опық жеп қалғым келмейді! — Маған сенбейсің бе? — Мен саған сенемін. Бірақ, біздің танысқанымызға 1 айға жуық уақыт болды. Ёнха оны ашуландырып алмас үшін құшақтап алды. Тэхёнға Ёнханың тактикасы ұнауда. Ұрысып кетпеу үшін әрекет жасай салады. Екеуі саябақ аралады. Ойындар ойнады. Жұптық суретке түсті. Тэхён Ёнханың көңілін түсірмеу үшін, қолынан келгенін жасады. Зымырап 1 аптада өтіп кетті. Бұл уақыт ішінде не болмады. Тэхён мен Ёнха ұрысып, татуласып үлгерді. Екі әулет танысып той күнін белгіледі. Бүгін той. Бәрі қапылып, тойға дайындық үстінде. Ёнха Тэхённың киімдерін дайындап қойды. Артынша, өзі киінді. Макияж, шаш үлгісі келіскен. Аппақ, ұзын, жылтыр тастармен әрленген қалыңдық көйлегі. Көйлекті Тэхён таңдап берген еді. Айна алдында тұрған Ёнха өзіне тамсанудан шаршамады. Бөлме есігін ашып кірген Тэхён, оның бұл келбетін көріп, одан әрі ғашық бола бастады. Ёнха ұялып, көзін төмен салғаны сол еді, Тэхён оның жанына келіп, қақ алдына тұрып қалды. — Сұлусың, менің жан-жарым! Тэхён оған жақындай ернінен нәзік сүйіп алды.
Показати все...
Той басталды. Ортада шығып келе жатқан Тэхён мен Ёнха. Бәрі шапалақтап жатыр. Тэхённың достары да бар. Хендон да тойға келген еді. Бірақ, Тэхён оны шақырмады. Болған оқиғадан кейін оған сенуден қалды. Хендон ісіне әлі күнге дейін өкінеді. Неке қию сәті. — Сіз, Ким Тэхён, Кан Ёнханы жарыңыз етіп алуға келісесіз бе? Тэхён: — Иә! - деп, айқайлады. — Кан Ёнха, Ким Тэхёнды өз жұбайыңыз ретінде көресіз бе? — Иә, - қобалжулы сөйлейді. Екеуі қол қойған соң, Ким Тэхён мен Кан Ёнханы ерлі-зайыптылар деп сайлады. Тэхён Ёнхаға қарап, бетінен сүйіп алды. Бұл олардың жаңа өмірге деген қадамдары. Соңы.
Показати все...
#жезде ♨СҮЙІП ҚАЛДЫМ ЖЕЗДЕМДІ️♨️ Режиссёр: #AGUS 14-bólım Лиён орнынан тұрып: — Есің дұрыс па?! Ёнха жымия: — Дұрыс болғанда қандай?! Кан ханым мен Кан мырза келіп, бәрін тынышталдырғандай болды. Ёнха: — Апа, ол неге мұнда жүр? Неге келеді? Өздерің оны кетірдіңдер! Кан ханым: — Біз оны шақырған жоқпыз! Лиён: — Мен, бірнәрсе айтуға келдім! Кан мырза оған қарамай отыр. Қызының лас әрекетінен жиіркенгені болар. Лиён: — Мен күйеуіммен ажырастым. Ал құрсағымдағы бала Хендоннан. Сіздердің рұқсаттарыңыз керек! Кан мырза ызалы дауыспен: — Бізден, ештеңе сұрамағансың! Білгеніңді істе! Лиён: — Ажырасуыма не себеп болғанын білгілеріңіз келмейді ме? Кан ханым: — Оның не маңызы бар? Онсызда абыройымызды төктің! Лиён: — Менің күйеуім, Ёнханы сүйіп қалыпты! Ёнха, оның хатшысы болып, қаратып алған! Кан мырза мен Кан ханымның үстінен біреу мұздай су құйып жібергендей. Кан мырза: — Не?! Ёнха орнынан тұрып: — Мен оның Лиённың күйеуі екенін білмедім! Негізіне келсекте, Лиён онымен ажырасты. Клубқа барып тайраңдады. Енді міне, Тэхён мырзаның жақын досы Хендонмен бірге отбасы болайын деп отыр! Кан ханым жылай: — Қызым, біз сені осылай тәрбиеледік пе? Ёнха: — Мен соншалықты ештеңе істеген жоқпын! Оның үстіне, Лиён екеуінің үйленгенін ешкім білмейді. Кан мырза: — Осындай азап болатындай не істеп қойдым екен? Сені жалғыз ақылдым деп ойлайтын едім! - Ёнхаға бір ренішті көзімен қарады. Ёнха: — Әке, мен оның күйеуі екенін білмедім! Ары кеткенде махаббатқа ешкім қарсы тұра алмайды. Мен оғаш ештеңе жасамадым деп ойлаймын! Кан мырза: — Сен әлі кішкентайсың. Түсіне бермейсің. Ёнха ас үйден шығуға тырысып: — Жақсы, айтқандарыңыз болсын! Маған бәрібір! Мен ешқандай жамандық жасамадым! Ешкімге қиянат жасағанда жоқпын! Ёнха бірден өзінің бөлмесіне кетіп қалды. Заттардан жайғастырып, балконнан далаға қарап тұрды. — Шынымен дұрыс емес істедім бе? Жездемнің қызы болу ұят емес пе?! Расымен, мен ештеңе білмедім. Білсем өз жолыммен жүрер едім ғой. Ёнха ішіндегін ешкімге шығара алмады. Сеул. Сағат 14:02. Тэхён кабинетінде отыр. Нақтырақ, үйіне қайтайын деп жатыр. Бірде оған Ёнха хабарласты. Тэхён тұтқаны бірден көтеріп: — Алло, жеттің бе? — Иә, жеттім! — Не болды? Дауысың біртүрлі. — Тэхён, ата-анам қарсы! Олар маған рұқсат етпеді. Тэхённың көңіл-күйі лезде өзгеріп сала берді. — Ёнха.. — Кешіріңіз!.. Бірақ, ата-анамның айтқанынан асып кете алмаймын. - тұтқаны қоя салды. Тэхённың қайта қоңырау шалатынын біліп, өшіріп қойды. Кан әулеті. Кан ханым Ёнхаға қарап тұр. — Айттым! — Сен дұрыс істедің. Саған оданда керемет жігіт жолығады. Кан ханым бөлмеден шыққан соң, Ёнха жерге отыра қалды. Расыменде, өзің қаламайтын шешімді жақыныңа айту қатыгездік қой. Ёнха: — Еңсеңді көтер! Өмір тоқтап қалған жоқ. Маған жазылмаған адам болар. Уайымдама! - деп, өзін жігерлендірді. Бірақ, жүрек оған бағына ма? Бағынар емес. Тэхён компаниядан шыққан бойда, көлікпен Сеулге қарай жол тартты. Жол бойы уайымдап, не істерін білмеді. Дәл қазір, оның есерсоқтығының кесірінен жүк көлігі оның көлігіне соғысты. Тэхённың көлігі жол шетіне шығып, ағашқа соқтығысты. Ал жүк көлігі сол жерге тоқтай қалды. Кінә, Тэхённан. Көлікті алды майысып, сау жері жоқ. Ал Тэхён ес-түссіз күйде. Ол тірі ме? Ёнханың жүрегі тыным берер емес. Бір жамандық болғандай, уайымдап кетті. Бүгін ауа-райы да онша емес. Ол үшін бүгін сәтсіз күн болған секілді. Ёнха қонақ бөлмеде отырған отбасы мүшелерінің жанына отыр. Бәрі үнсіз. Тек Хендон мен Лиён бір-біріне қарап мәз. Ёнха: — Мен сіздерді тыңдадым! Енді мені тыңдаңыздар. Лиён бәрін әдейі жасады. Тэхённың ақшасы үшін күйеуге шықты. Егер, ол ашкөз болмағанда Тэхёнмен байланысы болмаушы еді. Сосын мен де бақытты болар едім. Онымен қоймай, Тэхённың жан досынан баласы бар! Сіздер осындай адамды күйеу бала қылып аласыздар ма? Хендон Тэхёнға сатқындық жасады.
Показати все...
Лиён қыстырыла: — Сен маған қастандық жасадың! — Мен ештеңе білген жоқпын! Қанша рет қайталаймын осымен? Білсем маңайларыңа да жоламас едім. Кан мырза: — Мәселе шешілді. Маған, Ёнха сенің таза болғаның керек. Ал, Лиён өзінің білгенін істеп үйреніп қалған! Бұл сөздер Лиёнға ауыр тиді. Лиён: — Сонда сіздер бізді бөліп-жарып тұрсыздар ма? Егер менде таза, ар-ұятты сақтасам бәрің жақсы көрер едіңдер ғой, иә? Сонда абыройға лайықты адамды ғана жақсы көресіздер ме? - жылай, осының бәрін айтып берді. Ёнхада қалыспай: — КЕРЕМЕТ ҚЫЗ БОЛСАҢ ҰЯЛУШЫ ЕДІҢ. АЛ, ТЭХЁННЫҢ МЕНІ ЖАҚСЫ КӨРГЕНІН ӨЗІМ АЙТПАҚ БОЛДЫМ. СЕН БОЛСАҢ МЕНІ ЖАМАН ЕТІП КӨРСЕТІП ҚОЙДЫҢ. МЕН НЕ ОНЫ БІЛДІ ДЕЙСІҢ БЕ? ҚАТТЫ КЕРЕМЕТ БОЛСАҢ ХЕНДОНМЕН НЕГЕ ЖҮРСІҢ? ОЛ САҒАН СЕЗІМІН БІЛДІРЕДІ, САҒАН ҮЙЛЕНЕДІ ЕКЕН, ИӘ? СОНДА ЕКЕУІҢДЕ БІР-БІРІҢДІ ТАУЫП ҚОСЫЛҒАНСЫҢДАР! ЕКЕУІҢДЕ ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАДЫҢДАР! Хендонға бұл сөздер ұнамаған сияқты. Енді тілі шыққандай: — Ёнха, артық кетпе! Мен саған артық ештеңе айтпадым. Тэхёнмен бақытты бол! Саған тілерім сол. Бірақ, Лиён екеуміздің өмірімізге араласпа. Ёнха: — Хы.. Мен араласып тұрмын ба? Керісінше, Лиён бәрін айтып берді. Оның істеген істерінің жанында менікі жақсылық болып қалады. Бәрі үнсіз қалды. Әркімнің өз шындығы бар. Бәрі өзінше жақсы іс жасағандай. Жаңалықтар қосылып жатыр. — Сағат 14:38. Атақты бизнесмен Ким Тэхён Сеул мен Пусан арасындағы трассада жол апатына ұшырады. НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ӘЛІ БЕЙМӘЛІМ. СОЛ ЖЕРДЕГІ ЖАҒДАЙДЫ ҚАРАСТЫРСАҚ, ҚАН КӨП КЕТКЕН. Ол қазір Пусандағы номері 1-ші ауруханаға жеткізілді. - тағы-тағы сөздері айтып, жалғасуда. Ёнханың құлағы шыңылдап, есеңгіреп қалған. — Тэхён.. Тэхён.. - көзінен ыстық жастар ағып, өзін кінәлі санады. Кан ханым Ёнханың жанына келіп: — Қызым, тұр! Ол енді саған ешкім емес. — Апа, мен оны сүйемін! Ол.. Ол менің.. - есінен танып қалды. #AGUS - Соңғы бөлім қалды. Немен аяқтарымды білмеймін.
Показати все...
#жезде ♨СҮЙІП ҚАЛДЫМ ЖЕЗДЕМДІ️♨️ Режиссёр: #AGUS 13-bólım Ёнха ұялып, көзін төмен салды. Тэхён оның қолынан ұстап, шығып кетті. Подездден шыққан кезде, Ёнха Тэхёнды тоқтатып алды. Тэхён оған бұрылып қараған кезде, галстугы мен жейдесінің жағасын дұрыстады. Тэхён оған махаббат көздерімен қарап тұр. Ёнха оның бетінен сүйіп: — Кеттік пе? Тэхён көлік есігін ашқан кезде, Ёнха отырып алды. Артынша өзі де отырып, мейрамханаға жол тартты. Келіп тұрған көп адамдар. Яғни, бәрі қызметкерлер. Көліктен түскен Ёнханы көргенде бәрі таңғалысын жасырмады. Бойжеткенді Тэхённың жанынан көреміз деп ойламаған еді. Чимин кішкене ашуланып қалды. Тэхён Ёнханың қолынан ұстағанда, мүлдем шок. Ёнха да оған жымиып қарап қояды. Тэхён қызметкерлерге қарап: — Ішке! Бәрі ағыл-тегіл ішке кіріп кетті. Тэхён мен Ёнха да артынша кірді. Тэхён Хендон келеді деп ойлады. Себебі, ол бүгін ұшақтан түсуі керек болған. Алдыңғы аптада Швецияға кеткен еді. Кеш басталып кетті. Көңіл-көтеріп, әңгіме айтып жатыр. Кештің ортасында жарықтардың бәрі сөніп қалды. Романтикалық баяу ән қосылды. Ёнха жан-жағына қарап, Тэхёнды іздей бастады. Ёнха түскен жарықтан, көзін жұмып алды. Дәл алдында, Тэхён шоқ гүлдермен тұр. Ол романтик емес, бірақ, қыз үшін барын салуда. Ёнха таңғалып, Тэхёнға қарап қалған. Тэхён: — Кан Ёнха, менің жан-жарым болуға келісесің бе? - деп, жүзікті көрсетті. Ёнха таңғалысын жасырмады. Бәрі келіс деп жатыр. Ёнха жасын сүрте: — Бірақ, мен.. Ата-анаммен сөйлесуім керек. - деп, бәрінің нүктесін қойғандай болды. Тэхён лезде күлкісін жинап, қабақ шыта қалды. Қаншама адамның алдында "Жоқ" дегендей айтып, абыройын түсіріп тұр емес пе? Тэхён басын жай изей: — Жақсы, жақсы. - гүлді жерге жай лақтыра, артқа бұрылып кетті де қалды. Бұл оның ренжігенін білден білдіреді. Бірақ, Ёнха да тосыннан айтылған ұсынысқа қобалжып қалды ғой. Тэхён мейрамханадан шығып кеткен соң, кештің быт-шыты шықты. Ёнха Тэхённың артынан кетті. Сыртқа шықса Тэхён қолын қалтасына салып тұр. Ёнха оның жанына келіп, қолынан ұстап: — Уайымдамаңыз, ата-анам келіссе, менде бас тартпаймын. Тэхён оған мəн беріпте тұрған жоқ. Тэхён: — Егер мені шын сүйсең келісер едің! - қолын тартып ала, галстугын босатып жіберді. Ёнха оған қарап: — Кешірім сұраймын.. Мұндайды күтпедім, - ақтала бастады. Тэхён бəрібір оны тыңдамады. Ёнха оның артынан құшақтап, жылы сөздерін айта бастады. Тэхён қанша суық болғанымен, бұл сөздерге балқи кетті. Ёнха: — Мен сізді сүйемін, Тэхён! Тэхён оның қолдарын ұстай, артқа бұрылды. Тұнық, құпияға, мұңға толы көздер. Тэхён оған қарап тұрды. — Мен сені қинамаймын. Таңдау өзіңде. Бірақ, бұл сенің өмірің! Ёнха оған қарап тұрды да, бетінен ұстап, сүйді. Нәзік, жеңіл түрде бетінен сүйіп алды. Тэхён оған қарап: — Жүр, жеткізіп тастайын! Келесі күн. Бүгін Ёнха демалыс алып, Пусанға кетіп барады. Ата-анасын сағынған болу керек. Әуежайда Тэхён екеуі тұр. Тэхён: — Қарның ашты ма? Бірдеңе жейсің бе? Ёнха: — Жоқ, ештеңе керек емес! Тэхён оны құшақтап алды. Не дегенмен 1 апта көріспейді. Тек телефон артынан сөйлеседі. Ёнхада оған еркелеп, құшақтап тұр. Бірде әуежайдан таныс бейнені байқады. Ёнха абдырап: — Тэхён.. - деп, Лиёнды нұсқады. Тэхён ол көрсеткен бағытқа лезде бұрылды. Қарап еді... Бұрыңғы, Ким Лиён. Жанында бейтаныс жігіт бар. Қол ұстасып алған, Тэхён мен Ёнханың жанынан өте шықты. Тэхён оны көзімен шығарып салғандай болды. Ашудың ізі әлі де байқалады. Бірде, Сеул бағытындағы ұшақты хабарлай бастады. Тэхён: — Аман жүр! - деп, Ёнханың маңдайынан сүйіп, құшағына қысты. Ёнха оны қимағандай, көзіне жас жиналып кетті. Көз жасын көрсетпеу үшін, бірден бұрылып кетіп қалды. Ал Тэхён оның артынан бақылады. Ёнха Лиёнды әлі ойлап отыр. Оның не мақсатпен жүргенінде түсіне алмады. Ұшаққа отырды. Бірнеше минуттардан кейін, ұшақ әуеге көтерілді.
Показати все...
Кеш. Сеул мен Пусан бағытындағы ұшақ әуежайға келіп тоқтады. Біртіндеп адамдар шыға бастады, оның арасында Ёнхада бар. Ол ешкімге ескертпей, бір ауыз сөзсіз осында келді. Өзінің көшесіне келіп, бір сергіп қалғандай болды. Не дегенмен, сағыныш деген таусылмас сезім ғой. Шабаданын сүйрете, үйінің алдына келді. Есікті тоқылдатып еді, ешкімде үн жоқ. Іштен ұрыстың дауысы шығып жатыр. Ёнханың жүрегі алып-ұшып тұр. Бұрын соңды мұндай айқайды естіп көрмеген. Есікті Ким ханым ашты. Қызының келгенін көріп қуанып кеткен секілді. Бірден құшақтап алды. Ёнхада сағынышын басып, анасын құшақтады. Әкесіменде амандасып ішке кірді. Ким ханыммен бірге ас үйге келді. Алдында отырған Лиён мен Хендонды көріп таңғалысын жасырмады. Енді бәрі түсінікті болды. Ким ханым Лиёнға айқайлап жатыр екен ғой. Түсініксіз күйде қалып қойды. — Лиён.. Хендон оны көріп, аздап сасып қалды. Бірақ білдірмес үшін сабырлығын жоғалтпады. Бәрі шиеленісіп кетті. Ёнха: — Хендон мырза, не істеп жүрсіз? — Көріп тұрғаныңдай.. - деп, көзімен Лиёнды нұсқады. Ёнха лезде екеуінің бетіне суды шашып жіберді. — Арсыз, оңбағандар! - екеуіне отты, өшпенді көздерімен, бір қорқытып өтті. #AGUS Келесі бөлім от болады.
Показати все...
Оберіть інший тариф

На вашому тарифі доступна аналітика тільки для 5 каналів. Щоб отримати більше — оберіть інший тариф.