uk
Feedback
Qazaqstan Olympic team

Qazaqstan Olympic team

Відкрити в Telegram

Канал Национального Олимпийского комитета Казахстана

Показати більше
3 261
Підписники
-624 години
+297 днів
+5430 днів
Архів дописів
Казахстанский дзюдоист Шерзод Давлатов успешно выступил в полуфинале чемпионата мира, который проходит в Баку (Азербайджан).
Казахстанский дзюдоист Шерзод Давлатов успешно выступил в полуфинале чемпионата мира, который проходит в Баку (Азербайджан). В весовой категории до 60 кг наш соотечественник одержал победу над японцем Рюдзю Нагайяму - бронзовым призёром Олимпийских игр 2024 года. Таким образом, Шерзод Давлатов поборется за золотую медаль чемпионата мира.

🇯🇵 Жапонияда XX жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын гимнаст Ақмара
+4
🇯🇵 Жапонияда XX жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын гимнаст Ақмарал Ерекешева алып шықты. 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Қазақстанның 558 спортшысы құрлықтағы басты спорт додасында ел намысын қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама 84 медаль жеңіп алды: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Қонақжайлық танытқан Аичи мен Нагояға алғысымызды білдіреміз! Келесі Азия ойындары 2030 жылы Қатар астанасы Дохада өтеді. Төрт жылдан кейін кездескенше! 👋 • 🇯🇵 В Японии состоялась официальная церемония закрытия XX летних Азиатских игр-2026. 🇰🇿 Знаменосцем сборной Казахстана на церемонии закрытия стала гимнастка Акмарал Ерекешева. С 19 сентября по 4 октября 558 спортсменов из Казахстана представляли нашу страну на главном спортивном событии Азии. По итогам соревнований сборная Казахстана завоевала 84 медали: 12 золотых, 24 серебряные и 48 бронзовых. Спасибо за гостеприимство, Аичи и Нагоя! Следующие Азиатские игры пройдут в Катаре, городе Доха, в 2030 году. До встречи через четыре года! 👋 📸 Владислав Семенов, Сали Сабиров, Арлан Олжабай

Қазақстан құрамасы Аичи мен Нагояда (Жапония) өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Ұлттық құрама сапынан с
Қазақстан құрамасы Аичи мен Нагояда (Жапония) өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады. Ұлттық құрама сапынан соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті. 4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті. Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады. Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңде белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады. Жарыс қорытындысы бойынша Qapella атты атпен өнер көрсеткен Қатар өкілі Фалех Аладжами жеңімпаз атанды. БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен екінші орын алса, Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен үздік үштікті түйіндеді. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар.

📆 Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындары: 4 қазандағы кестесі 📹 Тікелей көрсетілімдерді Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады. А
📆 Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындары: 4 қазандағы кестесі 📹 Тікелей көрсетілімдерді Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады. Астана уақыты көрсетілген.

Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды! 🥉🇰🇿 Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүл
Балуан Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды! 🥉🇰🇿 Қазақстандық балуан 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Шри-Ланка өкілі Нетми Ахинса Фернандоны айқын басымдықпен жеңді. Осылайша Нилуфар Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола алды.

Сборная Казахстана по художественной гимнастике завоевала "бронзу" в групповых упражнениях! 🥉🇰🇿
Сборная Казахстана по художественной гимнастике завоевала "бронзу" в групповых упражнениях! 🥉🇰🇿

Сборная Казахстана по водному поло завоевала серебро Азиатских игр-2026 🥈🇰🇿
Сборная Казахстана по водному поло завоевала серебро Азиатских игр-2026 🥈🇰🇿

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды 🥉🇰🇿 Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Аичи-Н
Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды 🥉🇰🇿 Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз Үндістан өкілі Сагар Джагланмен кездесті. Нұрқожа Қайпанов белдесуді сенімді өткізіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 📸 Нұрғали Жұмағазы

Сборная Казахстана по дзюдо завоевала серебряную медаль Азиатских игр в смешанных командных соревнованиях 🥈🇰🇿
Сборная Казахстана по дзюдо завоевала серебряную медаль Азиатских игр в смешанных командных соревнованиях 🥈🇰🇿

Айбота Ертайқызы: бүгін қолымнан келгеннің бәрін жасадым Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Аичи мен Нагояда (Жапония) өті
Айбота Ертайқызы: бүгін қолымнан келгеннің бәрін жасадым Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей көпсайыстың финалындағы өнеріне баға берді.
"Үш жаттығудағы өнеріме көңілім толады. Шығыршық, таспа және доппен орындалатын жаттығуда қолымнан келгеннің бәрін жасап, өрескел қателікке жол бермедім. Ұршықпен орындалатын жаттығуда тәуекелім сәтсіз болды. Бірақ ондай жағдайлар болып тұрады. Бүгін көрсете алатын өнерімнің бәрін ортаға салдым", - деді Ертайқызы.
Жекелей көпсайыстың финалында Айбота Ертайқызы 106,200 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова жарыс жеңімпазы атанды. Ал Қазақстанның тағы бір гимнасты Ақмарал Ерекешева финалды төртінші орынмен аяқтады. • Айбота Ертайкызы: На сегодня я сделала все, что могла Казахстанская гимнастка Айбота Ертайкызы прокомментировала свое выступление в финале индивидуального многоборья на Азиатских играх-2026 в Аичи и Нагое (Япония).
"Я довольна тремя видами. В упражнениях с обручем, лентой и мячом я сделала все, что было в моих силах, прошла без грубых ошибок. В булавах риск не удался, но такое бывает. На сегодня я сделала все, что могла показать",- сказала Ертайкызы.
В финале индивидуального многоборья Айбота Ертайкызы набрала 106,200 балла и заняла пятое место. Победительницей соревнований стала Тахмина Икромова из Узбекистана. Еще одна представительница Казахстана Акмарал Ерекешева завершила финал на четвертой позиции. 📸 Владислав Семенов

Әмір Маймұратов Азия Олимпиадалық кеңесі Спортшылар комиссиясының мүшесі болып сайланды Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуші
Әмір Маймұратов Азия Олимпиадалық кеңесі Спортшылар комиссиясының мүшесі болып сайланды Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Аичи-Нагоя-2026 XX жазғы Азия ойындары аясында өткен дауыс беру қорытындысы бойынша Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) Спортшылар комиссиясының құрамына кірді. Әмір Маймұратов комиссияда Орталық Азияның атынан өкілдік етеді. Бұл орынға Иран спортшысы Ариан Салими мен Өзбекстан өкілі Жасурбек Жайсунов та үміткер болды. Сондай-ақ Спортшылар комиссиясының құрамына Шығыс Азия атынан Наото Тобэ, Батыс Азия атынан Риим әл-Шаршани, ал Оңтүстік-Шығыс Азия атынан Таньялак Чотфибунсин кірді. Әмір Маймұратов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, «жылдамдық» дисциплинасында бесінші орынға ие болды. Сондай-ақ оның еншісінде Әлем кубогы кезеңдері мен Азия чемпионатындағы жүлделі орындар бар. Дауыс беру 20 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтті. Оған тек Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындарына қатысқан спортшылар ғана дауыс бере алды. Әр спортшы әр аймақтан бір үміткерге дауыс беруге құқығы болды. Айта кетейік, АОК Спортшылар комиссиясы спортшылардың мүддесін қорғап, олардың ұйым қабылдайтын шешімдерге қатысуына мүмкіндік береді. Комиссия мүшелері спортшылар мен АОК басшылығы арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, жарыстарды ұйымдастыру, допингке қарсы саясат, медициналық көмек және логистика мәселелеріне қатысты атлеттердің пікірін жеткізеді. 📸 Арлан Олжабай

Гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азия ойындарында үздік бестікке кірді Қазақстандық гимнастар Ақмарал Ерекеше
Гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азия ойындарында үздік бестікке кірді Қазақстандық гимнастар Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей көпсайыстың финалдық кезеңіндегі өнерін аяқтады. Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша Ақмарал Ерекешева 108,000 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 28,900, доппен 27,300, ұршықтармен 25,200, таспамен 26,600 ұпай жинады. Айбота Ертайқызы финалда 106,200 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 27,250, доппен 26,450, ұршықтармен 25,700 және таспамен 26,800 ұпай еншіледі. Алтын медальді 112,950 ұпай жинаған Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова жеңіп алды. Қытай гимнастары Ван Ци (110,050) күміс, Ван Цзылу (109,200) қола жүлдеге ие болды. 📸 Владислав Семенов

Мариан Журавлева: Я как будто живу две разные жизни Представительница сборной Казахстана по джиу-джитсу Мариан Журавлева прок
Мариан Журавлева: Я как будто живу две разные жизни Представительница сборной Казахстана по джиу-джитсу Мариан Журавлева прокомментировала завоевание бронзовой медали Азиатских игр-2026 в Аичи и Нагое (Япония). Казахстанская спортсменка стала третьей в весовой категории до 63 килограммов. В интервью Olympic.kz она рассказала о схватке за медаль, возвращении после декретного перерыва и сравнила свои выступления в дзюдо и джиу-джитсу.
"В схватке за бронзу было волнительно, но всё было под контролем. Соперницу практически не знала. Она совсем молодая. В принципе, для меня сейчас практически все соперницы новые. Я переходила в категорию до 70 килограммов, сейчас вернулась в 63, плюс у меня был декретный перерыв. Поэтому состав соперниц практически полностью обновился. В четвертьфинале соперница была очень жесткой и сильной. Она ломала руку, как крокодил, у меня аж всё хрустело. Хотелось её обойти, думала, что смогу это сделать, но она обыграла меня в одной детали - в скорости. Я проходила своим приёмом, но она успела накинуть треугольник. А треугольник, если честно, моя больная тема. Это уже моя третья медаль Азиатских игр: одна в дзюдо и две в джиу-джитсу. Наверное, сейчас ко всему отношусь более чётко и спокойно. Папа когда-то научил меня быть хладнокровной. Для меня хладнокровие - это не безразличие и не отсутствие эмоций. Нужно сохранять спокойствие. Мы всё-таки находимся на родине самураев, поэтому нужно быть как самурай. Сравнивать медали в дзюдо и джиу-джитсу сложно. Медаль Азиатских игр в дзюдо была для меня знаковой. Тогда я уже думала: всё, брошу, ничего не получается. И тут завоевала награду. Не знаю, это словно две разные жизни. Я как будто живу две разные жизни. Может быть, через четыре года попробую себя ещё в каком-нибудь виде спорта. Не зарекаюсь, честное слово. Я бы в кураше ещё выступила. Было бы интересно. Посмотрим. Я пока в тонусе",- сказала Журавлева.
В нынешнем турнире Журавлева стартовала с победы над Хи Джу Чхве из Южной Кореи. В четвертьфинале казахстанка уступила Александрии Энрикес из Филиппин. После этого Мариан в утешительной схватке победила Тхи Минь Вуонг Нгуен из Вьетнама и получила право побороться за третье место. В схватке за бронзу её соперницей стала Майя Ишакат из Иордании. Для Журавлевой эта награда стала третьей на Азиатских играх. В 2014 году она завоевала бронзу в дзюдо в весовой категории до 63 килограммов, а на Играх-2022 в Ханчжоу стала третьей уже в соревнованиях по джиу-джитсу.

Мариан Журавлева: мен екі түрлі өмір сүріп жүргендеймін Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мариан Журавлева Аичи мен Нагояда (Жа
Мариан Журавлева: мен екі түрлі өмір сүріп жүргендеймін Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мариан Журавлева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алуына қатысты пікір білдірді. Қазақстандық спортшы 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды. Ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жүлде үшін өткен белдесу, декреттік демалыстан кейінгі спортқа қайта оралуы туралы айтып, дзюдо мен джиу-джитсудағы өнерін салыстырды.
"Қола жүлде үшін белдескенде аздап қобалжыдым, дегенмен өзімді қолға алдым. Қарсыласымды онша танымадым. Өзі әлі жас екен. Қазір қарсыластарымның көбімен алғаш рет кездесіп жүрмін. Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, кейін өзім үйренген 63 келіге қайта оралдым. Оған қоса, декреттік демалысқа байланысты біраз уақыт жарыстарға қатыспадым. Осы аралықта қарсыластар құрамы да түгелге жуық жаңарды. Ширек финалдағы қарсыласым өте күшті екен. Қолымды қолтырауын секілді қайырып, сүйектеріме дейін сықырлатты. Оны айналып өткім келді, қолымнан келеді деп ойладым. Бірақ ол менен жылдамдық жағынан басым түсті. Өзімнің әдісімді жасап, шабуылға шыққанымда, ол үлгеріп, аяқтарымен мойнымды қысып ұстады. Шынымды айтсам, осы әдіс маған қиындық тудырады. Бұл - Азия ойындарындағы үшінші медалім. Оның бірін дзюдодан, екеуін джиу-джитсудан жеңіп алдым. Қазір әр нәрсеге байыппен қарап, сабыр сақтауға тырысамын. Әкем маған кезінде қандай жағдай болса да, салқынқандылық танытуды үйреткен. Мен үшін салқынқандылық дегеніміз - ештеңеге бейжай қарау немесе сезімнің болмауы емес. Ең бастысы - өзіңді ұстай білу. Біз самурайлардың отанында жүрміз ғой. Сондықтан самурайлар секілді сабырлы болуымыз керек. Дзюдо мен джиу-джитсудан алған медальдарды салыстыру оңай емес. Дзюдодан Азия ойындарында алған жүлдемнің мен үшін орны ерекше. Сол кезде спортты тастасам ба екен, ештеңе шықпайтын болды ғой деп жүргенмін. Дәл сол сәтте жүлдеге қол жеткіздім. Білмеймін, мен екі түрлі өмір сүріп жүргендеймін. Бәлкім, төрт жылдан кейін тағы бір спорт түрінен бақ сынап көрермін. Оны да жоққа шығармаймын, шынымды айтсам. Кураштан да жарысқа қатысқым келеді. Қызық болар еді. Көре жатармыз. Әзірге бабымдамын", - деді Журавлева.
Мариан Журавлева Оңтүстік Корея өкілі Чхве Хи Джуды жеңіп, жарысты сәтті бастады. Алайда ширек финалда филиппиндік Александрия Энрикеске есе жіберді. Бұдан кейін жұбаныш белдесуінде вьетнамдық Тхи Минь Выонг Нгуеннен басым түсіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде иорданиялық Майя Ишакатпен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл - Мариан Журавлеваның Азия ойындарындағы үшінші жүлдесі. Ол 2014 жылы дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленсе, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында джиу-джитсудан да қола жүлдеге қол жеткізді. 📸 Никита Басов

Казахстан вышел в финал Азиатских игр по дзюдо в смешанных командных соревнованиях!
Казахстан вышел в финал Азиатских игр по дзюдо в смешанных командных соревнованиях!

Казахстанские борцы Нуркожа Кайпанов и Нилуфар Раимова потерпели поражение в полуфинальных схватках на Азиатских играх-2026,
+1
Казахстанские борцы Нуркожа Кайпанов и Нилуфар Раимова потерпели поражение в полуфинальных схватках на Азиатских играх-2026, проходящих в Аичи и Нагое (Япония). Нуркожа Кайпанов в весовой категории до 74 килограммов вольной борьбы уступил Юнесу Эмамичогаеи из Ирана. Нилуфар Раимова, выступающая в весовой категории до 57 килограммов в женской борьбе, проиграла представительнице Китая Хун Кэсин. Таким образом, оба казахстанских спортсмена поборются за бронзовые медали Азиатских игр. 📸 Нұрғали Жұмағазы

Мариан Журавлева стала бронзовым призером Азиатских игр по джиу-джитсу 🥉🇰🇿
Мариан Журавлева стала бронзовым призером Азиатских игр по джиу-джитсу 🥉🇰🇿

Мерей Кабдуллаев стал серебряным призером Азиатских игр по джиу-джитсу 🥈🇰🇿
Мерей Кабдуллаев стал серебряным призером Азиатских игр по джиу-джитсу 🥈🇰🇿

Казахстанская спортсменка Нилуфар Раимова вышла в полуфинал соревнований по женской борьбе на Азиатских играх-2026, проходящи
Казахстанская спортсменка Нилуфар Раимова вышла в полуфинал соревнований по женской борьбе на Азиатских играх-2026, проходящих в Аичи и Нагое (Япония). В четвертьфинале весовой категории до 57 килограммов казахстанка уверенно победила представительницу Узбекистана Лайлохон Собирову. В полуфинале Нилуфар Раимова встретится с представительницей Китая Кэ Син Хун.

Нұрқожа Қайпанов күрестен Азиаданың жартылай финалына өтті Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Аичи-Нагояда (
Нұрқожа Қайпанов күрестен Азиаданың жартылай финалына өтті Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті. Отандық спортшы 74 келіге дейінгі салмақта Оңтүстік Корея өкілі Хан Дэ Гильмен күресті. Нәтижесінде Қайпанов айқын басымдықпен жеңіске жетті. Нұрқожа жартылай финалда Юнес Эмамичогаимен (Иран) күреседі. 📸 Нұрғали Жұмағазы