149
Підписники
Немає даних24 години
Немає даних7 днів
Немає даних30 днів
- Підписники
- Перегляди допису
- ER - коефіцієнт залучення
Триває завантаження даних...
Приріст підписників
Триває завантаження даних...
☪️ Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
⠀
«Кімде-кім жаман сөзден және жаман істен өзін тыймаса, оның тамақ пен сусыннан тыйылғанының Алла Тағала үшін ешбір қажеті жоқ», - деген.
⠀
Олай болса, хадис оразаның әсіл мақсаты асқазан және тән қалауынан тыйылу арқылы белгілі бір рухани деңгейге жетуді мұрат ету керектігін меңзеуде.
⠀
Осыған байланысты имам Ғазали:
«Білгенің жөн, оразаның үш деңгейі бар. Көпшіліктің оразасы (умум), ерекше ораза (хусус) және арнайы ораза (хусус әл-хусус).
⠀
🔹️ Көпшіліктің оразасы – асқазан мен құмарлықтан тыйылу.
⠀
🔸️ Ерекше ораза – құлақ, көз, тіл, қол, аяқ және басқа да дене мүшелерін күнә атаулыдан тыю.
⠀
🔹️ Ал, арнайы ораза – жүректің оразасы, яғни жаман ой мен пікірден тұтастай тыйылып, толығымен Аллаға берілу», - деген екен.
⠀
Демек, оразаның сауабы, басқаша айтқанда деңгейі адамның Рамазанды қалай өткізгендігіне байланысты.
⠀
📲 @muftyat_kz
🔍 #ғибратнама