669
Підписники
Немає даних24 години
-17 днів
-930 днів
Архів дописів
Әже мобил оператордың шаңын шығарып жатыр:
- Интернетің де нашар, қоя ғой, қоя сал! Бес теңге - он теңгелеп суырасыңдар да жатасыңдар!
Әххәхәхә, не на того напали, айырып алшы әже! /с/
*Блогер адамның арқасына іліп қойған шапан
Кезінде журналистика мен блогерліктің арасына VS деген екі әріп қойылған хайыпқуушылық болды. Былайынша қарасақ екі бағыттың мақсаты бірдей. Блогерліктің күшейетін жері қай жер? Мысалы батыста өзі білетін бір бағытты ұстап алып сол туралы видео түсіріп, пост жазып отырады. «Нәски тоқу», «киім кию» деген сияқты. Әрқайсысы бір саланы алып соның ішінде қайнап жүреді. Ал журналистің еңбегін атқарып жүгіріп жүру біраз жылдар бұрын өтіп кеткен.
Азаматтық журналистиканың дамуы қай кез? Журналистика өзінің міндетін орындай алмай жатқан кезде дамиды. Блогерлік журналистканы ауыстырмайды керісінше журналистканың әлі келмей жатқан жерінің орнын толтырады.
Ғылыми танымдық журналистика деген тағы бар. Қазір қоқыс ақпарат көп, соны айыру керек, ақпаратты фильтрлеу заманы. Көп ақпаратты білу емес оны сараптау маңызды. Енді осыны түсіну үшін ғылыми танымдық журналистика қажет.
Ақпаратты қалай фильтрлеу керек
1.Эксперимент.
Үй жағдайында емес ойша эксперимент жасауға болады. Мысалы балықтардың барлығы жүзеді демек жүзетін нәрсенің бәрі балық. Осыдан Китте жүзеді сондықтан ол да балық дегенге саяды. Міне ол жалған дүние
2. Логика
3.Сауалнама. (Көпшілік не дейді емес, сауат деңгейіне назар аудару)
Блогер минусы мен плюсы
Блогер болу ешқандай артықшылық емес. Кез келген қойшы блогер бола алады. Блогер болдым мен тек шындықты жазам, өйткені, ақша алмаймын деген пікірдегі адамдар бар. Ақша – шындықтың өлшемі емес.
Блогерде инструмент жоқ. Ол монтаждау білмейді. Ол велосипедті қайтадан ойлап табуға тырысады. Журналистер әбден мүжіп сүйегін лақтырып жіберген нәрсені жүгіріп барып қағып алады.
Блогердің көзі көп нәрсеге үйренбеген. Мысалы журналист әкімнің алдына барса барлық құйтырқылықтарды біледі. Себебі, әбден еті үйренген. Ал диванның үстіндегі блогерді соған салсаң. Мысалы Бардюрлары сырланған, оқушылар флажоктармен неше түрлі тамақпен күтіп алған жерге апарсаң, «Мәссаған мына жер дамып кетіпті ғой» деп мақтап жатады да. Ал журналисте иммунитет бар анша-мұнша нәрсеге таңқалмайды.
Блогер плюстары
Блогердің артынан ешкім қуып келе жатқан жоқ. Ол асықпай іздене алады. Сондықтан блогердің сапасыз жазбасына ешқандай ақтау кешірім жоқ. Журналисте ақша болса блогерде уақыт көп.
Блогер басқа бір мамандықтың иесі бола алады.
Әлеуметтік желідегі белсенділерді блогер деп атау блогерліктің құрдымға кетуі емес дамуы келесі деңгейге өтуі. Блогерлер бұрын өздеріне плаформа ашып сонда ғана жазып үйреніп қалды. Оған әлем кінәлі емес. Әлем дамып келе жатыр. Жұрт қазір өз блогын желіге жаза береді. Блогплатформа болу керек деген «диплом алсаң болды сен журналистсің» деген сияқты.
Блогер болу үшін жазбау керек, ойыңды айту үшін блогер болу керек
Журналист деген сөз кемі пресса деген куәлігі бар, жоғары оқу бітірген адам.
Ал блогерге "сауатты блогер", "қараңғы блогер" тәжірибелі блогер" деп анықтамамен бірге айтпаса сипаты ашылмайды.
Әккі блогер бастауыш журналистті шаң қаптырады. Сондықтан журналистті де анықтамасыз қолданбаған жөн.
Арзанқол журналист, нағыз журналист, т.б.
Блогер инструменталды өз ақшасына сатып алып, өзі сюжетті өз ыңғайына қарай жасай алады.
Инструментті де, форматты да өзі таңдайды.
Жалпы блогер немесе журналист деген жоқ.
Эксперт блог жүргізсе, эксперттігі азаймайды. Блогер журналист болса, блогерлігі нашарламайды, толыса түседі. Журналистке де блог жүргізудің зиянынан пайдасы көп. Сондықтан бұл бөлініс бұдан әрі өзектілігін жойған.
Мен жақсы көретін әрі жиі цитатасын еске алатын ғажап блогерлердің бірі Оскар Гастаның тап сол блогерлер туралы блог-құрылтайда айтқанын бөліссем деймін:
Былай ше, Тоқаевтың фонында Назарбаев мүлде қорқақ, непотизмге соғылған, сорлы бір саясаткер көрініп жүр. Әзірше Тоқаев прогрессив
Үһһ, инстадағы сұрақ-жауапты бітіріп келдім.
Мұрат Әбділданың дауысымен оқыңдар: Зааайбааалым шығып кетті
Вконтакте аккаунтымды өшірмегенімнің бір себебі осындай қаззақтардың постирониясы болса керек 😁
Онсыз да мыжың халыққа аудио пост берсең, ақырзаманның орнағанын сонда көрерсің
(с) Мүңке би
Все это время он искусно маскировался под порядочного человека.
— Человеку нужно верить только в самом крайнем случае.
Так выпьем за то, чтобы наши желания всегда совпадали с нашими возможностями!
Как говорит наш замечательный сатирик Аркадий Райкин, женщина — друг человека!
Не путай свою личную шерсть с государственной
...
Ал бұл атақты советтік режиссер Леонид Гайдайдың фильмдерінен үзінді сөздер
Бір досым да солай деуші еді. Дегенмен, дәу де болса менен ақылды болғаны м'екен әлде Құдай "миы бос тұрмасын" деп анда-санда ғажап идея салып тұратырыг м'екен, әйтеуір өзінің ұстап жүрген ескі смартфонын өзімен бірге тұратын табыстылау досының табанының астына тастасам; ол оны аңдаусызда басып кетіп сындырып алса, сосын маған жаңадан айфон әперсе деген пиғылын жасырмайтын. Менің білуімше, осыны әлгі соңғы план ретінде әлі де ойлап жүрген сияқты: соңғы кездері смартфоны көп қататын болып қытығына тиіп жүр.
Не ғой, достар, iPhone 13 pro max алайын деп едім. Айфон қолданатындар кеңес берсеңдер, осы күнге дейін қолданып көрмеп едім: ақшасын қай жерден алдыңдар?
#эпизодтар #данішпан
Қайбір жылы қалаға кетіп бара жатқанымда көкем үйіне тамаққа шақырып, сары майдай сақтап жүрген ақылын маған қиып, былай деп еді: "Ешқашан кешкі алтыдан кейін қыздарға звондама. Все, марш отсюда!"
Үлкендер өзінің түйгенін түсіндірмей, тек ереже қылып бере салатын сондай замандар болды бір кезде... Тұспалым бар әрине, бірақ кім біліпті, нені меңзегенін...
