uk
Feedback

Не попадись на ботовода! Telemetrio знаходить і позначає такі канали мітками 👉 Хочеш бачити мітку, оформляй підписку 👈

данышпан қарға

данышпан қарға

Відкрити в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Показати більше
669
Підписники
Немає даних24 години
-17 днів
-930 днів
Архів дописів
#эпизодтар #МахаббатҚызықБольЖылдар Астананың бүгінгі ауа-райы скамейкіде аяқты айқастырып отырып, "Үздіксіз іздегенім менің, Үмітімді үзбегенім менің...", – деген әнді тыңдап мұңаюға үндеп тұрған сияқты. Тіпті, өткенді ойлап көз-жасыңды бір екі сығымдап алу да бүгін әбестік емес. Елордада бұндай ауа-райы жиі бола бермейді, себебі. Айтқандай, ескі әндерді тыңдағанда жиі болатын әсер бұл. Бала күнімде тыңдаған, сәтсіз махаббат туралы мәтіндермен айтылатын мұңды әуендерден қазір ностальгия алам. Бірақ бұл я бір бала күнімді сағыну емес, я бір өзімде болған баянсыз махаббат емес, осы екеуінің арасындағы түсініксіз нәрсе: көкелерім мен жеңгелерімнің жастық шағында сезінген сезімдерді, братандарымның күйіктен нені сезінгенін мен де сезінгендей болам. Әрі барса, бір көкем сол кездердегі алғашқы махаббатын еске алып ішіп отса, жанына бір рюмкемді көтеріп барып, сыр бөлісуге де шамам жететін сияқты. Егер, әлгі астролог-шаман-бақсы қатындардың айтып жүргені рас болса, бала кезімде айналамдағы адамдардың махаббат өрістері қуатты болған болса керек. Басқаша түсіндірме қазірше миыма келмей тұр.

Süykimdisiñ.

#лямбда #қолшықсын Біздің эстрада жұлдыздарының әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ кездер естеріңде ма? Сол кезде бәріміз оларды как-то святой көретін ек, далбоеб екендерін ешкім байқамайтын

#лямбда #кереңойлар Неге әйелдер ставка тікпейд? Себебі олар еркектерге сенбейд. Бір доптың артынан қуып жүрген 22 далбоебқа тем более

Ал, әңгіме айтыңдар. Ақыры ерігіп отсыңдар ғой))

#фобия #qazzaqDepression Кішкентай кезімде көрген бір өзбек сериалының сюжеті есімде қалыпты: Бір суретші жігіт мұғалимаға бір көргеннен ғашық болып қалады да, сол күннен бастап оның сұлбасын көз алдына келтіріп, портретін салуды бастайды. Бәрі сәтсіз. Осылайша ол қыздың мыңқырық портреті жиналып қалады, жігіттің бөлмесінде. Алғашқы кездесуден кейін екеуі былай араласып жүре береді, вежливо. Тағдырдың жазуымен, әлгі мұғалима бір күні жігіттің үйіне келіп қалып, өз портреттерін көріп қояды. Сөйтіп жігіттің бетінен шапалақпен кигізіп қалады да, екінші араласпайтындай боп кетіп қалад... Екіжүзділік деген бізге тән ғой, әйтпесе смартфондарында "қазақ қыздары" деп арнайы папка ашып алған жігіттерді де көрді ғой, мына шыққыр көзіміз. Бұрындары адамдар сәл этиканы сақтады ма екен әлде әлгі сериалда мәдени цензура көп нәрсені жұтып қойды ма, қайдам, егер, Құдайдың қырына ілініп, сондай жағдай біздің басымызға түсер болса, өз суреттерін көріп қойған қыздар қып-қызыл геноцид жасар еді тура... Галереядағы әр қыз әр суреті үшін бір реттен шапалақ ұрып кеткен күннің өзінде, еркек байғұстың жаны ресейлік кеменің артынан кете барар еді, мысалы

Интернеттің қазақ сегментіндегі аңыз-комментарийлер топтамасы, қққ
+6
Интернеттің қазақ сегментіндегі аңыз-комментарийлер топтамасы, қққ

#эпсилон #ПиздүкӘзілдер Әдетте тізесі шығып кеткен әзілдер мен әзіл шаблондарына да, оны қолданған адамдарға да жыным келед. Ол аз болғандай, ол әзілдер логиканың шетінде жатқан болса, "йоооптыбайымайд-ааай" деймін амалым таусылғаннан. Біраздан бері ойымда жүргені болмаса, бұндай #пиздүкәзілдердің былай бәрін реттеп жазып та көрмеппін. Ондай топастықтың көптігі сонша, іздегенде таппай қаласың. Жарайды, сонымен, әзірше еске түскендері: 1. Орыс тілі мен қазақ тілі арасындағы сәтсіз аудармалар мен тіл білмеудің негізінде құрылған әзілдер. Жалпы, бұл біріншіден құлдық сана, екіншіден құндылықтарды белгілі бір дәрежеде қорлау. Тіл ойыншық емес, тіл білмеу сорлылық емес. Хуёвый әзіл, қысқасы. 2. Сперманы нәресте ретінде сипаттайтын әзілдер. Биологияны жек көруім – жатырдың ішіне түспеген аталық ұрықтың әлі тірі организм емес, жай бір биоқалдық екенін түсініп алуыма кедергі жасамаған. Сондықтан бұндай әзілдер де бейинтеллектуалдықтың көрінісі. Бұл да херовый. 3. Ақын-жазушылар өмірде де тақпақтатып, мәнерлеп сөйлейді деген стереотиптектес әзілдер. Ақынжындыларды динозаврлардың артынан жіберуге мүдделі болсам да, олардың өмірде әспеттеп-әсірелеп емес, сука-нах деп көбірек сөйлейтініне кепілдік бере алам. Мұхтар Шахановтың сұхбаттары мысал. Бұныммен бұлай деп әзілдемеңдер дей алмайм, әйтсе де, мынандай әзілдер көбіне IQ төмендегінің көрсеткіші боп тұрады дегенім ғой Тағысын тағы есіме түскенде жазармын. Қазірше демалыс. Херовый әзілдер топтамасының келесі қатарын толтыруға зебра салысам десеңдер, көмент ашық

#лямбда #ештелік "Ештеңе жоқ, есімде. Жоқ, білмейм, ондай болмаған менде. Заебалсыңдар уже. Кетіңдерш нақ" * Артқы фонда әлгі музыка ойнап жатад: таудан жар боп туған...

#qazzaqDepression #намёктология – Қарашы, бүгін Ай әдемі боп тұр, иә? – Жоқ.

Үһілеме.

Осыған қарағанда, папа-мамаларымыздың «қарындас, сағатты айтып жібере алмайсыз ба?» дейтін танысу үрдісі актуальды болып қала беретін сияқты

#лямбда #qazzaqDepression Есте жоқ ескі заманда, вконтактедегі баттл'дар мен инфосығандардан аяқ алып жүре алмайтын кезде біреуді іздеудің айтарлықтай бір жүйесі бар еді. Аты-жөні, қызығушылықтары мен параметрлерін реттеп, фильтр қойып, оп-оңай тауып ала қоятын ең. Аида Кулумшина я Салта Королевская деп қойып кеп қалатындары болмаса, қыздарда да аса бір креатив жоқ-тын, аты-жөнін жазып қоя салатын. Ол кездегі адамдар да, әлеужелілер де ақкөңіл, аңқылдақ еді ғой, шіркін, «бұл жабық парақша» деп қаныңды қарайтпайтын. Іздегеніңді табатын ең, Нокианың итінші бір моделімен жасаған айғыз-айғыз селфиіне тамсанып отырар ең, көзің мөлиіп... Енді, міне, отырысымыз, гәзет оқитын шалдардай я инстаграмы я телефон нөмірін табуға креативіміз жетпей, құрғырдың... Бұл да бір өткен дәурен де. Қолдан келер не қайран бар? Ық-ық деймін де, басқа не деймін ебтібайымайд ((

#эпсилон #жанайқай Туиттерлік Күйіп-Кеткенұлының өмірлік естеліктерінен: Бір күні тарихтан ағайымыз күш бірлікте екенін көрсе
#эпсилон #жанайқай Туиттерлік Күйіп-Кеткенұлының өмірлік естеліктерінен: Бір күні тарихтан ағайымыз күш бірлікте екенін көрсетем деп, қаламдарымызды жинап алып, барлығын бірге қойған. Сосын сыныптағы ең мықты балаға сындырсын деп берді. Арасында шетінде тұрған бір қалам сынып қалды. Сол қалам менікі болатын 🥲 Постскриптум (Мораль): Күш – Ньютонда, топастар

Тәжірибелі оразавр ретінде 5 минуттың ішінде 1 күнге жететін азықты жеп үлгеруге болатынын мәлімдей алам. Жеңгем 5 минутта бірнәрсе жегеніме я уақытында үлгергеніме сенбейтін. Дұрыс жасайды. Мен де сенбес ем. Бірақ барлық нәрсе де біздің сенуімізге қарап қалған жоқ. 5 минутта 1 кесе тамақты нанмен жеп тауысуға, +1 помидор, артынан бір күріжке сусын ішіп алуға болады. Қайда барсаңдар, онда барыңдар.

ARO'ның гитарамен айтып жүрген бір әнін басқа әншіге сатып жібергенін естідім бүгін. Қатты жақсы көретін едім. Жылдар бойы сториіне 🔥 қойып ұнатып жүрген қызыңның басқаға тұрмысқа шыққанын естігендей қаралы сезім бұл ((

#эпсилон Өз тәжірибемнен қыз баладан, әсіресе, әдемі қыздан тіл үйрену/сабақ алу/курс оқу сияқты нәрсенің эффективі төмен екенін байқаймын. Әлде өзім топас па екем, қайдам. Бірақ, бірнәрсені тез үйренетін ниетің шынымен болса, әртүрлі тәуекелдерді қысқарту үшін апайларыңның барынша ашушаң я қарттау кісі болғаны дұрыс па деймін...

#эпизодтар #СоңғыӘзіл (Ерлан Оспан оқуларынан) Баламыз. Бізге әлі де - мантасекілдің рулін, тоқпен жұмыс істейтін жабдықты бермейтін; бірақ өлік-тіріктерде көттен бір теуіп құман құйдыратын, айғайлап отырып ағаш жарғызатын, күйелеш қазан тасытатын. - Ал, әжең жүріп кетті, балам - деп қалады біреу ілеуде. «Балам» деп тұрған кісі - әкем емес; өліп отырған кісі - әжем емес. Ауылдағы әжелердің барлығы - бәріміздің әжеміз. Жан жарасын жеңілдетпек болған түріміз бе екен, ымды бірден түсінген болып: - Қазан? - дейсің. - Сосын - самауыр да тасыңдар! - дейді ол. Кімде қандай қазан барын жатқа білеміз. Сосын өзі, сұрамаймыз да ғой сол. Аулаға біріміз секіріп түсіп, дарбазаны ашып, ошақтағы қазанды көтеріп кете береміз. Кейде апа-жеңгелер тарысымен әлде күмпиген қамырымен шығып қалып жатады. - Үйбүй, нанымды пісіріп ала қояйын деп едім... Кім? - дейді. - Несібелі әже! - деп гүж етеміз сонда біз маңызданып, құдды сол өлтіріп қойғандай. - Алда тие берсін! - деп, артымыздан ере жүреді сонда қазанның қожасы. Әсілі сондағы қызметіміз - сірә, шал-шауқан асататын етке, не құлақ-тұяққа, кәмпит-пішінәйға бола емес-ау. Жай, кәдеге жарағанға мәз боламыз ба екен. Дегенмен, бізге кемпір өлгендегі қызық бір көрініс бар. Ол - жыртыс жырту. - Ал енді, әжеміздің жыртысын берейік! - дейді біреу аулаға шығып. Аула соғыс алдындағыдай тына қалады. Кейін байқасам, иттер де үруді қойып, торғайлар да жым болатын сияқты өзі. - Тігін мәшін - ғұмырлық құрбысы Сақыпқа, өзі айтқан әженің! - дейді әлгі. Аулада ырзалық та, ыза да жоқ. Басқа бірдеңені күтіп отыр бұ қатын-қалаш. Сосын әжеміздің кебеже-кебістері, мәсі-гәлөштері үлестіріледі. Бұлар, қазіргі мәңгүрт иттер сәтсіз аударғандай - «тыныштандыру сыйлығы» ғана сияқты. Әйтпесе қатын-қалашты бәрібір әлдебір «суперприз» алаңдататынға ұқсайды. - Енді былай. Әжеміздің мекалай білезігі мен сырғалары - толайым, бүкіл кәмплектімен - өзі жақсы көрген келіні Ұлтуғашқа... - Өш! - Қасқаааа! - А? Ааааааа ойбай, жер қылып кеттің, Несібелі! Ауланың ортасына - еңгезердей бір кемпір отыра қалып, ойбайға басады дейсің. Алдымен марқұмға қылған жақсылығын, одан қалды - балаларына тигізген шапағатын айтып, зарлайды. Сосын жоқтау-назын «алтын-күмісті мен алмағанда кім аладымен» түйіндейді. Кейде жылтырақ кәкір-шүкірдің «заңды мұрагері» басу айтып, «жолымды бердім, сіз алыңыз» дейді. Ондайда жаңа ғана бүтін дүниені күңіренткен әжеміз жадырап сала береді. Әйткенмен, көбіне сонша алтын-күмісті ешкім қолдан бергісі келмейді... ...Мектебіміз «естияр» деген қағаз берген жылы нағашы әжемнің қасында болдым. Ол елді сағынады; ал мен ол жақтан қашып келгем. Бір күні оны-мұны әңгіме қылып жүріп, «неменеге кемпір өлгенде үнемі дау шығады осы?» деп сұрадым. - Не білесің сен ұсқының құрғыр, - деді әжем сонда, - кемпірлер арты қызық болсын деп, әдейі солай - әділетсіз үлестіріп кетеді. Жыртыстағы төбелес-ұрыссыз неғылған қонақасы! Ертең мен де сөйтіп кетем мысалы... - деді. Шынымен, уақытында ерсі көрінгенімен, қазір қарап отырсам, жыртыстағы бетжыртыс - тойдың төбелесі сияқты сән болған екен ғой... Шоу-бизнес болмады дейсіңдер ме, сендер, әхәхәхә

Repost from ArshatGo
АҚЫМАҚ АДАМДАРДЫ ТАНЫМАЛ ҚЫЛУДЫ ТОҚТАТ! Украинадағы соғысты сырттай бақылап отырмыз ғой. Ақпараттық соғысты да. Тіпті бұның зардабы ана соғыстан да ауыр. Ресей халқы ауыр пропаганданың құрбаны болып жатыр. Осындай кезде танымал адамдар өз позициялары арқылы халықты ақпараттандыруы керек деп ойлаймын. Шоубиз адамдары өз көттерін ойлап жатыр. Ал маған ең басынан ұнағаны - интеллектуал адамдардың бірден қарсы болулары. Әсіресе Что.Где.Когда ойыншылары пропаганда жүріп жатқан телеканалда ойнаудан бас тартып, бұл туралы әлеуметтік желіде жазып кетті. Бізде мұндай танымал интеллектуал орта, элита жоқ. Тіпті қарайтын, оқитын не бар? Түнде аз адам қарайтын Парасат майданы, бәлкім аздап Сана бағдарламасы? Интеллектуал ойындар тіпті жоқ. Кезінде бірнеше каналға концепция ұсынғанбыз. "Жұлдыздар қатыса ма?" деді біреуі. Жұлдыз деп тұрғаны әнші, актер, блогерлар. Яғни рейтинг болмайды деп қорқады. Ресейдегідей интеллектуал адамдарды жұлдыз қылуды ойламайды. Сондықтан мұндай нәрселер бізде ешқашан болмайды. Халық арзан комедияларын қарап, той музыкаларына билеп, тұрмыстық әзілдерге күліп, инстадағы өмірлеріне қызығып, блогерлердің пирамидаларына алданып жүре береді. Билікке де сондай қоғам керек. Басқарылуы оңай, төмен интеллектті, сараптама жасау қабілеті жоқ қоғам...