uk
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Відкрити в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Показати більше
669
Підписники
Немає даних24 години
-17 днів
-930 днів
Архів дописів
Жазбаларға қойылатын реакциялардан факюді алып тастамадыңыз ба Одан сендердің эмоцияларың өзгеріп қалмайды ғой. На здоровье баса беріңдер, смело

кімді таңдайсың: досыңды әлде шындықты? Шындықты таңдамас ем бірақ досым жоқ болғандықтан, амал жоқ 🤷‍♂

бейтаныс адамды рұқсат сұрамай сыртынан фото/видеоға түсіру неэтично ма? Статья ғо, қып-қызыл

Жақындарың туған күніңмен құттықтамаса ренжисің бе? Жоқ. Мүлде. Ешкіммен сөйлеспей, хабарласпай өз-өзіммен тыныш өткізген күндердің әрбірін - бақытты күндерім деп санаймын.

қалаға алғаш келгенде ауылда өскенің үшін комплекс пайда болмады ма? Жиі кездесетін жайт Иә, әлі де болады. Бірақ аздап үйренісіп алған соң қаланың балдарына ақсаусақ деп тиісетін әдет шығарвалдым 😁

үнемі қиын жолды таңдау керек пе? Жоқ, әрқашан оңай жолды таңдау керек. Табиғаттың заңы солай. Ең оңай әрі ең эффективті жол бола тұра, қиынын таңдасаң - садист болғаның.

егер партнёркаң артық салмақ жинап физ. тұрғыда қызықтырмаса қалай жеткізер едің? Ашық отырып сөйлесер ем. Ештеңе демей, әй-шай жоқ фитнес залға абонемент сыйласам, тура Құдайдың алдына жіберер еді деп ойлаймын. Ал маған ондай тәуекелдің керегі не?

собеседнигің көп боқтап сөйлегенде өзіңді комфорт сезінесің бе? Онша емес. Тек харизмасымен үндесіп тұратындары әрі әңгіменің мазмұнына қарай тиімді қолдана білетіндері болмаса

егер ресей азаматы болсаң соғыш ашқан сол агрессор еліңде қалар м'едің әлде көшіп кетесің бе? Ох, иә, қиын сұрақ. Басқа түспеген соң сынау, әрине, орынсыз. РФ азаматы болсам шетелге шығуға жағдайым болар еді деп ойлайм әрі мобилизация қаупі төніп тұрғанын ескере отырып, соғыстың алғашқы күндерінен-ақ табанымды жалтыратар ем

ата-анасының жасаған қателігі, біреуді орынсыз қатты ренжіткені кейін баласына сынақ болып келуі мүмкін бе? дәл сол сценарий/оқиға қайталанып жатқандай Әрине, О жақпен байланысым жоқ. Дегенмен осының бәрі далбаса-ау деп ойлаймын. (Жай ойлаймын, өмірлік тәжірибем жоқ). Өмірден әділдік іздеуден өзімді әрқашан аулақ ұстаймын және барынша кеңес берем. Басыма іс түссе, біреудің бұрынғы күнәсімен параллель жүргізгенше, өзімнің не бүлдіргеніме қараймын.

тенгрианство жайында не ойлайсың? Дала жұртының өмір-салтынан келіп шыққан еркін дін деп ойлайм. Шаманизмнің модерн түрі деп ойлайм. Сәл тереңірек оқып көргем, өте көп құдайлары бар: бір-біріне әпше-жезде, нағашы-жиен (тап қаззақтар сияқты). Алайда Ислам сияқты әлем құрылымын күрделі түсіндіре алмайды бәрібір, оның үстіне Ислам әлдеқайда кемелденген философиялық, социологиялық және ең бастысы құқықтық институттарға ие. Сол үшін де мұсылмандыққа жеңіліп бітті деп ойлаймын. Қайта өркендемейтін шығар. Тек символизм ретінде болмаса. Агрессив тәңіршілерді көрсең, мән берме: қаззақтар қайбір дінді болсын дұрыс ұстап жарытпайды

book smart әлде book smart? (Book smart не street smart дегің келді деп жалғастыра берем) Кітап оқығанда - өмірдің сырын ашып, бәрін біліп алу үшін оқымаймын: жай оқығым келіп кетед - оқимын. Басқалар да сөйтетін шығар, өйткені кітап "мен сені өмірге үйретем" деген миссия алмайды, тек адамзаттың білімін жүйелейді әрі барса (Карнеги сияқты тиын істегісі келгендер болмаса). Екінші жағынан адам тәжірибені өзі жинап, қателіктердің салдарын өз денесінде сезініп көрмейінше ештеңе үйренбейді деген ұстанымды да жақсы көрем. Үңгір адамдарында кітап болмағанымен, өлер жерін білді ғой, әйтеуір. Тек, жаңа айтқанымдай, кітап оқитындардың бәрі де - өмірді кітап арқылы тану философиясын ұстанбайды. Бірен-саран "әй, сен Конец Властиді оқымадың ба, енді қалай сөйлесем сенімен?" дейтін бекболаттілеухандар болмаса, кітаптың міндеті - өмір сүруге үйрететін инструкция қағазы емес, адамзаттың жиған-тергені я қиялының жетістігі. Ал - цианистый калийдің улы екенін тексеріп көргің кеп кетсе, өзің біл: ішіп көр 😁.

Соңғы жазбаларыма ақжүрек жазылмандарымның факьюді көбірек қоюына байланысты уайым пайда болды. Әрі, күрт көбейіп кеттік пе деймін, тезірек көңілдеріңізді қалдырып азып-тозбасақ жақында 500 жазылманға дейін жететін түрі бар (сақтай гөр) Ендеше, анонимді сұрақ-жауап. Барлық сұраққа жауап берем деген либерал ұстанымымнан бездім. Сұрыптап, ептеп-септеп жауап берем енді https://t.me/anonim_mail_bot?start=318962607

- Әйелдер бәрін бүлдіреді де жүреді! - Сен қазір солай дейсің. Ертең өскенде тек ойлай ғана алатын боласың. p.s. Осымен Симпсондарды жарнамалауды қоям. Бүгінге.

"Сендер, не, жаңа жылдың шынайы мағынасын білмейсіңдер ме? Ол - Аяз Атаның туған күні ғой!" -

"Мен мұғалімдер мектептен тек темекі шегуге және жылап алуға ғана шығады деп ойлайтынмын" - (с) Бартоломео Симпсон

"Субординация сақтағанды - Құдай сақтайды" (с) рандом қазақтың даналығы

Рақмет саған, Билли. Өз өнеріңмен сен - балдарымның болашаққа деген үмітін сөндіріп жатсың: ол болашақты мен бәрібір қамтамасыз етіп бере алмайтын ем. (с) Гомер Симпсон

Иә, біздің некеміз өтірікке құрылған. Бірақ дін мен Америка тарихы сияқты өтірікке құрылған керемет нәрселер де бар емес пе? (с) Гомер Симпсон