uk
Feedback

Не попадись на ботовода! Telemetrio знаходить і позначає такі канали мітками 👉 Хочеш бачити мітку, оформляй підписку 👈

данышпан қарға

данышпан қарға

Відкрити в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Показати більше
669
Підписники
Немає даних24 години
-17 днів
-930 днів
Архів дописів
"Сәлеем. Бұл жазбаны арнаға салмасаң әйбат болар еді. Жәй ғана дауап берсең. Неғой сенен байқағаным өте керемет жігітсің. Сөзің мен ісің сай келеді. Мендегі сұрақ: неге тым көпшілік қыздарға үміт бересің? Дұрыс мағынада түсінсең. Былайынша бірәз қыздарға жылы қабақ танытасың. Оны кейбірі дұрыс түсінбейді. Не дегенмен арасында жас қыздар бар. Әлі көп нәрсені түсіне бермейтін. Жылы шырайың оларға үміт болып барып жатыр. Ондай дүние бұрын менің де басымнан өткен. Басқалардың да басынан өткенін қаламас едім." Сәлем. Өзіңе ғана жауап берудің амалын таба алмадым. Сол үшін жариялауға тура келіп отыр. Жалпы олай болмаған күнде де, жыртылу үшін салар ем деп па, қққ 🤣 Жарайды, не суть. Мына ақылың маған ұнады: бұл деген әрбір қызға бұдан да қанішер, токсик жауап беруге мүмкіндік. Рахмет 🥰

photo content

Аноним хабарламаға жауап бере алмайсың, иә?)

Қазақтар эмоционалдық тұрғыдан мүгедек қалған адамды елестетеді

- Are you proud of me, Dad? - Пап, ты гордишься мной? - Маған ризамысың, Әкешім? ("Мені мақтан тұтасың ба" емес) - How did I do, Father? - Как я справился, Отец? - Үмітіңді ақтай алдым ба, Әке? ( "Қалай істедім" не "Қолымнан келді ме?" емес) Қай станция, қай станция, контекст шешеңңң. #context_rules #dictionaries_suck #cultural_reference

– Тіліңе ие бола алмайсың ба? Әлде адам төзгісіз білгіштігіңді мақтан тұтасың ба?!
– Тіліңе ие бола алмайсың ба? Әлде адам төзгісіз білгіштігіңді мақтан тұтасың ба?!

"Қазақ - керегесі кең, тұғырлы ел боламыз десек ату жазасын қайтару керек" деген пікірді айтам да. Ату жазасын қайтарса, бірінші сол ұсынысты енгізген адамның атылуын тілер ем.

Құр жеуден басқа түк қатысың жоқ сен білесің бе, егіп, суарып өсірген біз білеміз бе? Д'арбыз, д'арбыз, шешесс бұның аты, д'арбыз дейм мен сендерге!

Христиандар Исаны не үшін ұлы санап табынатынын білесіңдер ме? Себебі ол азап көрді. Адамдардағы скептицизмнің ең мөлдір мысалы осы болса керек. Сенің азапталып, тозақтың отын жалаң аяқ кешкеніңді көрмейінше дымға сенбейді.

Әлеуметтік ғылымдардың жаратылыстану ғылымдарынан айырмашылығы - заңдарының стандарт бола бермеуінде. "Ньютон заңы ол - Африкада да Ньютон заңы" деген принцип бар болғанымен, бір адамның жеке тәжірибесі басқа адамдар үшін стандарт бола алмайды. Тиісінше, ақыл айтқан кезде де абай болған дұрыс: сенің жағдайыңда жұмыс істеген өмір заңы басқа біреуде кері эффект беруі мүмкін. Өмірде өйте білуің керек, ананы жасай білу керек дейтін сарындас сөздер - ең нашар мотивация, тіпті демотивация. Адам баласы нені біліп, нені қою керегін - өмір сүре жүріп қана үйренеді әрі таңдайды. Біздің әр қадамымызда таңдау бар және сол таңдаулардың суммасы - бізді қалыптастырады. Қалғаны - еш кепілдігі жоқ жандалбаса.

Бір-екі жылы бұрын интернеттің қаззақ сегментінде мәңгіге атымыз қалады деп дәметіп пиар жасаған топастарды бір еске алып өтсек, қалай? Естеріңде ма? Менің есімде Шырын деген сүйкімді, бірақ топас қыз қалыпты. Сосын әлгі шашын бояп алып Қалаулымда өлең оқитын пиздүк ақын. Қалғандарын есіме түсіре алмадым.

Махаббат күшін зар еткен, Сөніпті сол бір сағыныш. Маған да бәлкім бар өкпең, Жүрдің деп жолдан жаңылыс .... Осы әнді білесіңдер ма? Кнопкалы нокиалардың дәурені жүріп тұрған кезде хит болған ән. Сосын, әлгі, клипі де есте қаларлықтай еді.

Магазиннен аңдаусызда өзің ұнатпайтын нәрсені алып қойып, соны жеуге мәжбүр болудан артық қандай қасірет бар, айтыңдаршы?

– Мен о қатынды сүйемін бе? Иә! – Ол үшін отқа түсуге дайынмын ба? Жоқ... (с) S.K. #Сайқал_сезімдер_фейерверкі

Жібек пен Төлеген қаза тапса да, махаббаттары мәңгілікке қалды дейді тағы. Мен өзім мәңгіге қалып, махаббатты қаза қылар едім. #дракула

Тағы мынадай иероглифтер бар екен. Әрбір символ - бір сөзді білдіреді. Бізге қарағанда қытайлар рунаның мұрасын жақсы сақтап қалған сияқты)

Жақсы ойлар маазалайд мені

𐰑𐰣𐰃𐱁𐰯𐰣 : 𐰴𐰺𐰍𐰀 : 𐱅𐰠𐰏𐰺𐰢 : 𐰺𐰣𐰽𐰃𐰣𐰭 : 𐰖𐰔𐰃𐰞𐰉𐱁𐰞𐰺𐰃 Қазақ тіліне бейімделген руна жазуы. Қалай, былай?

Оқу-ағарту және санау-қарайту уәзірі етіп тағайындалсам, бірінші істейтін ісім – мектеп оқушыларына "заява жазу негіздері" пәнін енгізер ем. Әртүрлі жағдайда әртүрлі адамдарға: дәрігерлерге, бастықтарға, полицайларға, жолдың ар жағында кетіп бара жатқандарға, жолдың бергі жағында кетіп бара жатқандарға және, әлбетте, мұғалімдердің де атына заявление жаза білудің қыр-сырын әрбір оқушы білуі – парыз. Бұл менің өмірлік позициям. Заң үстемдігі орнауы үшін болашақ ұрпағымыздың заявщик болуы – заман талабы!