uk
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Відкрити в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Показати більше
669
Підписники
Немає даних24 години
-17 днів
-930 днів
Архів дописів
Внимание жетіспей жүр деп едің ғой Сол не боп жатыр?😆 Ештеңе. Тұр әлі. Аздап ашыған иіс шығатын сияқты

Кейде өзің тапқан сүйікті әндеріңді/кітап/блогерлерді басқалармен бөлісуден қызғанатын кезің бола ма? Бөлісуден қызғанбайм. Тек менен тәуелсіз тауып алған болса "мен бірінші тапқам бұны а так то" дейтін мінез болады

Отандық қандай шоуларды қарайсың/ұнатасың? Ешқандай шоуларды қарамайм. Ұнамайды. Жалпы шоуларға деген көзқарасым дұрыс емес.

Әдемі екеніңді білесің бе? Сол үшін шығарм, өстіп жыртылып отқаным 🙂

Сөзге шешен деп сені меңземедім,шын айтам Просто осындайды көп байқайм Көп сөйлейтін адам көп қателеседі. Осындай хадис те бар, жаңылмасам: көп сөйлеген адам көп өтірік айтады, көп өтірік - көп күнә деген сөз. Жалпы, беталды сөйлей берсең, бір күні болмаса бір күні тәспіңнен жаңыласың, сөйтіп оны жамап тағы өтірік айтасың, сөйтіп-сөйтіп кете береді. Сол шығар енді, білмейм.

Саған сүйіктіңнің доминант болғаны көбірек ұнай ма әлде көнбіс? Теңдей болғанымыз дұрыс қой.

Сөзге шешен адамдар неге көбіне ашулы,санасыз болады? Керемет! Мені астыртын жамандаудың осындай да жолдары бар 😉

Ассалаумағалейкум Ұбт сен үшін не Уағалейкүм әс-салам. Өте жақсы сұрақ. ҰБТ деген - Ұлттық бірыңғай тестілеу ғой 😁 Негізі ҰБТ бюрократиялық жүйенің бір бұтағы деп есептеймін, бұл оқушы үшін емес, әкімшілік аппаратура мен мектеп директораты үшін керек нәрсе (өзі де солар ғой осыны ойлап тапқан, қққ). ҰБТ ешқашан білім көрсеткіші болмаған, болмайды да. Жай, олар өзінің берген тәлімінің нәтижесін көргісі келеді, сол үшін индикатор ретінде қолданады. Тіпті сенің тәртіпке/жүйеге лоялдылығыңды да сынап алғысы келетін сияқты осымен. Мен ҰБТ-ны жақсы демеймін, бірақ бұдан басқа жолды да білмейм. Әйтеуір білім дәрежесін бірнәрсемен тексеру керек қой адамдар.

Комплимент қабылдай аласың ба? Тілім салақтап, езуім екі құлағыма жетіп ойнақтап кететінімді - адекват реакция деп санасаң, иә, қабылдай алам 🙂

Жарияланбайтын сұрақ-жауапта соңғы сұрақтарға жауап бермепсің әлде қызықсыз сұрақтар ма?🤔 Жауап бергем, бот істен шығыпты. Хатымды жібермей жатыр

Неге Бейбітті идеализировать етіп жатсыңдар? Кетч, бұл жерде мені суқаны сүйіп тұрған біреуін көріп тұрған жоқпын ((

Режиммен жүресің ба? Мысалы: сағат 12 де ұйықтау керек, таңғы ас уақытысымен ішу керек деген сияқты Жоқ. Түнгі 3'те ұйықтап, таңертең тұра алмай мал болып, таңғы асты да ішіп үлгермей шексіз кипиштен шықпай жүргенге не жетсін! Өмір сүрудің көркі ғой мен үшін

Көлік жүргізу білесіз бе, сомен қоса қандай көлік жаныңызға жақын. Жоқ. Ауылда ескі (лада ма екен) көлікті айдап үйренем деп быт-шытын шығарғам. Қазір байқап қарасам орыстарды мәшінесіне дейін жақтырмайды екем. Сосын көлік айдап үйрену үшін папаңда, тым құрығанда көкеңде көлік болуы керек. Ендеше көліктерге де соншалықты қызықпайм. Өзіме, әлбетте, тойота ұнайды. Тек визуалды түрде. Былайша талғамым нашар.

Астанада қаласыз ба әлде басқа қалада өмір сүру ойда бар ма? Әйелімнің ыңғайын қарай, қққ

Болашақ қызыңның білім деңгейі, оқыған универі сен үшін маңызды ма?! Оқыған универінің маңызы жоқ. Өзім де талай топастармен бірге бітірдім. Ақыл-парасаты болса болғаны.

Ассалаумалейкум Қалай ойлайсың, Украйнадағы соғыс дәл қазір нақты кімнің пайдасында болып жатыр? Уағалейкүм әс-салам. Украина мен Ресейден басқа барлығының пайдасына. Әсіресе: Польшаның, Қазақстанның, Қытай мен АҚШ'тың, Түркиенің. Бұларға ортақ мүдде - Ресейдің әлсіреуі. Маған да осы жайт ұнайды.

Сұрақтарға беріліп жатқан жауаптарға қарап, қандай қызық адам екеніңізді байқауға болады. Ал, қызық адамға “қызық” сұрақ болсын: - бір күн кез келген жануар кейпінде өмір сүруге мүмкіндік берілсе, қай жануарды таңдар едіңіз? Себебін де айтсаңыз күштііі болар еді… Рақмет) Панда. Қызыл кітаптасың. Қытайлар асты-үсті, оң жақ - сол жағыңа түсіп жағдайыңды жасайды. Сен оларға міндетсініп бамбук шайнааап жатасың. Және ең бастысы айдаһар жауынгерімен тілдесе аласың. Өмір деген осы емес пе, айтшы?!

Қандай сыйлық сыйлағанын қалайсыз. Wishlist жазыңызшы🙃 Шын қалайтыным: - TSMC акциясын - телескоп - Астанадан үш бөлмелі пәтер - және әрине, эволюциялық жадымнан қашып қайда барам: жаңа нәски

Оқу оқисыз ба? Әлде жұмыс жасаймысыз? Қай қалада тұрасыз? ЕНУ'дың магистратурасын бітірдім. Жұмыс та істейм. Астанада тұрам.

Қандай кітап ұсынасың оқуға Қызығушылық сфераң мен талғамыңа байланысты. Миллондаған кітаптар, ондаған жанрлар бар. Бұндайда өз көзқарасымды біреуге тықпалағандай боламын-ау деп қауіптенем (иә-иә, менде де ұят бар). Егер бұның бәріне көңіл бөлмей, кітапты оңды-солды кеміруге дайынмын десең Аджемоғлу мен Робинсонның "Мемлекеттер неге дамымай қалады" деген еңбегін ұсынам. Нағыз ғалымдардың дәрежесін сезінесің.