uk
Feedback

Не попадись на ботовода! Telemetrio знаходить і позначає такі канали мітками 👉 Хочеш бачити мітку, оформляй підписку

данышпан қарға

данышпан қарға

Відкрити в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Показати більше
669
Підписники
Немає даних24 години
-17 днів
-930 днів
Архів дописів
Сенімді дереккөздер – таксистерден алған инсайдтарымнан келген проксилерді де өшіре бастайды деген хабарды естідім де, проксилі телеграмға альтернатив іздей бастадым. Сонымен, интернетсіз басқа нелер жұмыс істеп тұр: Ақорда сайты мен бірнеше билікшіл БАҚ, Каспи мен Халық Банк, олардағы жаңалықтар. Және отандық Aitu мессенжірі мен Aitube видеохостиңгі. Айту потенциалды мессенжір болса да, бұл жолы публичный арналары істеп тұрған жоқ. Тек хабарлама жазысу және музыка тыңдау мүмкіндіктері қолжетімді. Ишактай істеп тұр. Айтюб те видео ашпайды, бірақ жап-жақсы істеп тұр. Енді, айтайын дегенім, егер прокси қызметі өшіріле қалған жағдайда, қолдарыңды мұрындарыңа тығыыыып қалмас үшін Айтудан жаңа чат аштым, кәз ссылкасын қалдырам. Айту жоқтарға да, орнату үшін қосымшаны жүктеу сілтемесін тастайм. Менің жазылмандарым анау-мынау талғамды адам емес екенін ескере отырып, чатта тез тіл табысып кетеміз деп ойлайм. Нет, үміттенем. Келмесеңдер, келмей-ақ қойыңдар деп па, уәәә, жап э, аузыңды))

Айналайын, қазақтар, өтініш сендерден, қазақша орфография ережесін сақтап, дұрыстап жазыңдаршы. Өлетін болдық қой, зайбал, ай
Айналайын, қазақтар, өтініш сендерден, қазақша орфография ережесін сақтап, дұрыстап жазыңдаршы. Өлетін болдық қой, зайбал, айта беріп! Мектепте диктант жазбаған бәлесіңдер ма?! Жасанды интеллект деген адам емес қой, ол сұраным бойынша базаны дайындайды. Мына Т9 деген функция сауатты жазып жатқан маған сауатсыз нұсқаны ұсынып, жазатын сөйлемімнің аңын шығарып жүргеніне екі күн болды. Сауатсыз сөздеріңмен жазған адамдарыңның көзін қанатқандарың аз болғандай, енді сауаттылардың да обалына қалайын деп отсыңдар. Эх, біләттәр-ай

Наразылық басталған ең алғашқы күннен бастап шетел, әсіресе, Ресей, Беларусь және Украин БАҚ'тары осы оқиғалар туралы белсенді жаза бастады. Интернет өшірген күннен бастап телеграмда Беларусьтің Nexta арнасынан хабарларды қарап отырдым (шынын айту керек, өте сапалы және жылдам жұмыс істеді), Дождь, Азаттық, Current Time, кремлшіл арналар, өзбек, қырғыз және ағылшын тілді баспасөздерді және комменттердегі адамдардың реакциясын шолып шықтым. Түсінуімше, олар Қазақстандағы жағдайды мүлде дұрыс бағаламай отыр. Әсіресе, беларусьтар билік нысандарына шабуыл жасап, әкімдіктерді басып алуды қолдап, дем беріп отырды (2020 жылы өздері жасай алмағандықтан берген кеңесі шығар). Украиндар да солай. Олар Алматыда болған жағдайда екі ғана тарап: билік пен халық қақтығысы деп ойлап отыр және үшінші террористік топты назарына алғысы келмейд. Еуропа, славян елдеріне бұндай діни билік қауіпі тән емес қой, енді, сол үшін болар. Тоқаев бүкіл митиңдеуші халықты террористер деп атап отыр ойлайд. Әрине, бұл жерде кінәлі біреу болса, ол – Тоқаев, себебі, оның өзі де бейбіт шерушілер мен қарулы топтың арасын бөлген жоқ. Алматыдағы жай-жапсарды өз көзімен көрмеген адам ОДКБ әскерінің кіруін дұрыс емес деп есептесе де, бұдан басқа рационал жол болмады. Шынымен біздің әскер голый қалып кеткен тұста, мына содырларды басуға күші жетеріне күмән бар ед. Тек адамдардың өмірін жоғалтқаннан гөрі сол дұрысырақ шешім болды. Менің сөзімді әскери адамдар мен олардың таныстары растай алады деп ойлайм. Сосын, мында кланаралық соғыстың бар екенін де қазақтардан басқа ешкім елеп, түсініп жатқан жоқ. Қысқасы, айтқым келгені, әдетте диктаторлық пропаганданы естіп үйренген адамдармыз ғо, кері пропаганданы қабылдау біраз қиын болды. Дегенмен, шетел баспасөзі Қазақстандағы оқиғалар туралы боқ та білмейді деген тоқтамға келдім. ОДКБ әскерін кіргізу ва-банк екенін мен де түсінем, әлгі хуйлоның есесіне не сұрарын Құдайдың өзі ғана білед. Бірақ, осындай тұрақсыз кезде қайықты шайқай бермей, амандықты сақтағаннан дұрысы жоқ. Ал, амандығын сақтай алмаған адамдардың иманы салауатта болсын. Бүгін соларды еске алып, аза тұту күні. Ең құнды капитал – адам, ешқандай жағдайда да адамның өмірін алуды ештеңе ақтап ала алмайды.

Бұл бәріміз үшін жеңіс 🙂
Бұл бәріміз үшін жеңіс 🙂

Сосын, қартайдым ба, қайдам, мен мына митиңгілердің жай тарқап, биліктің талаптарды орындағанынан артық ештеңені үміттеніп отырған жоқпын. Бұрынғыдай билік ауысады деген эйфория жоқ, олар, әрине нихрена ауыспайд. Оның үстіне бұндай жағдайда ауыспағаны да жақсы. Талаптар орындалса, анау әпшубас Мамин үкіметімен бірге сігіліп кетсе, халық өз күшінің дәмін татып тәжірибе жинап алса деген ізгі ниетті жлёмена тілек

"Араб көктемінің" қалай басталғанын я КСРО-ның қалай құлағанын білетін адам қоғамдағы әр нәрсеге сентиментал қарай бастайды. Болмашы бір іліктің өзі әлемді асты-үстіне төңкеріп тастай алуға қауқары бар. Әрине, ол жайдан-жай бола қоятын нәрсе емес. Жылдар бойғы ыза. Астананың атының ауысуы, Дариға Нұрсұлтановна, АЭС, жер сатылуы ау-мау проблемалардың бәрін жылы жауып, осымен құтылдық, бұл енді ұмытылады деген билік болса, онда олардың далбоеб екеніне мұрнымды кесіп бере алам. Әрине, біздікілердің длб екеніне күмән жоқ, бірақ далбоеб болу мен ақымақ болу басқа ғой. Тым құрығанда осының бәрі жара боп қатып, бір күні шығатынын пайымдай алу керек ед. Әне, көрмейсіңдер ме, халық 10 жыл алдыңғы Жаңаөзен қырғынын әлі ұмытпаған? Жарайды, оны қойшы, ол тізесі шыққан әңгіме. Пассив оппозиция өкілдерін көп адам ұнатпайд, диванда жатып алып, кухняда отырып алып аса алмайд ау-мау деген әңгіме ғой, со. Бірақ маған осы топ әрқашан ұнаған. Және олардың көбеюіне тілектес болғам. Иә, олар өмірінің соңына дейін уатсаптан келген митиңнің видеоларын көріп, кухняда Назарбаевты жамандаудан әрі аса алмай өтуі мүмкін. Бірақ олар биліктің басына күн туғанда да оларға қалқан болмасы анық. ГКЧП кезінде Ақ Үйді миллиондаған коммунистердің ішінен бірен-сараны ғана қорғап шықты. Қазір Нұр-Отанға мүше бола тұра мұғалімдер де іштей ереуілді қолдап отыр, мысалы. Сонысымен де олар сүйкімді топ. Сананы тұрмыс билейді деген сөз өтірік емес қой. Әйтпесе, Лукашенконың кетуін талап етіп ереуілге шыққан Беларусь пен біздің ортамызда айырмашылық болмаушы ед. Мәселе сонда, саясат деген ол сенің өмір процесің екенін түсінуде жатыр. Саясат менікі емес деген түсінігіңді кейін, үйленіп, бірақ ата-анаңнан бөлек тұра алмай, бір бөлмелі квартирада әйеліңді құша алмай азаптанғанда я сол сияқты майда-шүйде нәрселерден меселің қайтқанда-ақ өзгертесің. Міне, мысалы, газ. Әрине, егер рационал тұрғыдан алсаң, газды еркін нарыққа жіберіп, тұрақталғанын күткен тиімді. Мемлекет солай жасамақшы да болды. Бірақ, жылдар бойы тоқтамай миды айдап келген тұрмыс оған факью көрсетед. Себебі, тұрмысың қиналғанда, объектив ойларың мен экономикалық тиімділікті бір жеріңе тығып қоюға тура келеді. Газдың бағасының ар жағында газ өңдеу зауыты мәселесі (Қазақстанда ондай зауыт жоқ, орыстар Орынбордан өңдеп, Қазақстанға қайта сатады), оның ар жағында Еуразиялық Одақтың қысымы жатыр. Қой, нах, ол енді менің өміріме ұзааааақ дегің келсе дей бер, маған похую. Бірақ саясаттың адамдардың өмірінің үстінен құрылатынын түсіну үшін тым құрығанда Құдайдан бір рет дұға тілеп қойсаң артық болмас ед. Кстати, мынандай шерулердің аяқ астынан басталғанына өзім де охренеть етіп қалдым. О, настал мой звездный час дедім сосын))

Өзімді күзеттім! (болған оқиғам) Алматы-Атырау пойызымен 8 сағат бойы тоқтамай жүйткіп келеміз. Бұрын нағыз жолдың адамы едім, қазір не көлік, не автобус, не пойызда жөнді отырып бара алмаймын. Кейде түрлі келеңсіздікті алдын-ала сезетінім бар. Жол жүру әрі қызықты әрі қауіпті. Десе де жылдар бойы қызығынан гөрі қауіпіне дайын жүретін сақ адаммын. Жанымда балам, басқа екі орында екі әйел және бір ер адам келеміз. Түнгі 23:30.Екі әйел Тараз вокзалынан түсіп қалды да, олардың орнына екі еңгезердей жігіт кеп орналасты. Біреу мұздай су құйып жібергендей қалш-қалш еттім. Әрине сыртыма білдіртпейін десем де екі бетімді от шарпығандай ду ете қызарды. Балам мазасызданып бастады. Жүрегім тарсылдап, баламды көтере коридорға шықтым. Жолсерік қызға көрші купелерден әйелдердің жанынан орын тауып беруін өтіндім. Бәріге кезекпен кіріп шығып вагон түгел ер адамдар деді. Маған дәл сол сәтте осы дүниеде ер адамнан асқан қорқынышты жаратылыс жоқ секілді көрінді. Билет алып жатқанда да, заттарымды жинап жатып та бір уайыммен жүргенімді білем. Жолдасым жұмыстары себепті кейін қайтатын болған. Оған "сізбен қайтайықшы" деп 1 аптадан аса айтып жүрдім. "Жаяу қайтсақ та қасымызда болыңыз" деген өтініш айтқам. Еш орайы келмеді. Жалғыз панам Алладан тоқтамай дұға тілеумен келемін. Ендігі шаруам үшеуін бірдей аңдып жату. Сәл күдік білдірсе есікті ашып қаламын деп дайын жатырмын. Бұндай қырағылық шекара күзеткен сарбазда жоқ секілді. Екі ұйықтамағаным жайына қалған. Осы түннен аман шықсам ешқашан интуициямды подводить етпейм екінші деп келем. Жарық өшірді. Қап-қараңғы.j Өкпем алып жатқан тынысымды реттей алмай демігіп қап жатыр. Атып тұрып өз кереуетім тұсындағы жарықты қостым. Тып-тыныш әлгілерді аңдып жатып бур сәт өзімнің бейшара, қорғансыз қалпымды ойлап қорландым. Неге әлем бұлай? Менің сонша үрейімді алған үш еркек мүмкін мейірімді әке, қамқор аға болар. Бірақ ондай болмашы сәулесі бар үмітті қайтеміз? Егер әлем дәл сол логикамен өмір сүргенде ешбір зорлық, қорлау фактілер сот алдына таудай боп үйіліп жатпас еді. Бізді осынша үрейге батыратынын еркек заты түбі ұға ма екен? Мен кейінгі жас буыннан гөрі алдыңғы аға буынды ерлерден көбірек қорқам. Олар ұстанымға қатып қалған, нәзіктік ұғымына қарама-қайшы жаратылғандар секілді.. Түнгі 2-лер шамасы. Ойыма түрлі нәрселер келеді. Пойыз да аман-есен жеткізіп тастағысы келгендей тарсылы күшейіп барады. Жолға танысыңмен, күші көп күйеуіңмен шығу керек екен. Әрине бәрін әсірелеп жатқан болуым да мүмкін, ештеңе болмай таңертең пойыздан түк болмағандай түсіп бара жатуым мүмкін. Екі-үш күннен соң пікір жазды ма біреу деп шемішке шағып отырып қайта оқуым мүмкін. Мейлі. Бірақ айналасы 10 минут ішінде "әлем керемет" деген ойларымды шайып әкеткен осы бір қорқыныш сезімін сезінбегенім тіпті жақсы болар еді. Мен не болса да өзімді күзеттім, болашағыма алаңдадым. Мендей біздің елде миллион қыз өмір сүреді. Қорқады, жалтақтайды, өзін қорғайды. Бірінің жолы болады, екіншісінің өкінішке орай... 20.12.2021 01:51 Қызылордаға таңғы 9-да жетем. ............ © Назерке (@tehero10)

Бұрын ғо. Баяғыда дейм дә. "Соткіңде не прикол бар?" деп біреудің телефонына жабысушы едік, сондағысы крэйзи фрогты қайта-қайта көргеніңе мәзсің, түк көрмеген құсап, компьютырыңда не кино бар деп зайыбын алатын едік жұрттың, бір пиратский киносын он қайтара қарап. Қазір маған он адам, "Брат, мына сериалды/киноны/клипты/приколды қараш, срочно!"- десе 10 жағдайдың 9 алдағы аптада қарауым неғайбылдау. Тіпті биыл қарауыма кепілдік бере алмаймын. Себебі, кезекте дәл сондай өзім басқаларға ұсынғым келетін, бірақ аяқтай алмаған 50 шақты контентім бар. Ық. Ық-уйбай-ай. Ақпараттық тоқшылық-ай... Меніңше, гугл қолдана алатын, екі құлағының ортасында сұр заты бар адам әлден алдағы бір ай бойы не қарайтынын/қарамайтынын анықтап қойған. Әзірге ештеңе ұсынбаңдаршы. Ақпараттық ашаршылық болса, аттан салам өзім. Қазір біреумен амандаса кетсең болды, бірдеңеге сілтеме лақтырады. Өзің пошел наху, ал. Сілтемеңді ұрайын, тап. Ештеңе қарағым кеп тұрған жоқ, сенімен сөйлескім келд, просто. #приколыңды_көтіңе_тық Оскар, эйй, Оскары нес', Асқар.

Әлгі Габриель Гарсия Маркестің ана бір әңгімесіндегі өз-өздерінен ғана қыз алысып, үйленетін, одан туған балалары құбыжық боп шығатын Маконда тұрғындары... Почему то, үйдегілер осы Шымкенттің айналасынан үйлен десе, осы тәмсіл есіме түсе беред))

Repost from N/a
Мыстанның өзі де алжыған Мекерлік жасап бір көрмекші. Бикешті алдайды Дон Жуан, Бастығын алдайды көмекші. Өтірік айтып ап алақтар Өсекші, ұятсыз пәтшағар! Өз байын алдайды жәлаптар, Өз халқын алдайды патшалар! Көрікті, келісті өңірде Көп нәрсе тұрған жоқ үлесіп, Осының бәрі тән өмірге Деп өзін алдайды философ Қ.М.Ә #мәніздеймін

Адамның өзіндік «Мен» деген сезімі бар, өзгеден бөлек ойлап, әрекет қылуға ынтасы бар екені бала кездегі бұзықтықтан-ақ білінеді. Ол баланың талантты ұры немесе талантты ғалым болуы әрине мүлде басқа факторларға (мысалы: Тәрбие, білім, орта) байланысты. Бұл жерде ешкім бөлек ойлау қасиетін жақсы не жаман деп отырған жоқ. Екеуі де керек. Мәселен, балқыған қорғасынға қолыңды сұғуға болмайтынын білу үшін немесе цианистый калийді ішуге болмайтынын анықтау үшін міндетті түрде өзгеге сенбей дәмін татып көретін әдетіңіз болса, ұзаққа бармасыңыз анық. Ал, дербес ойлай білу кімге абырой әкелгенін кез-келген (өзіңіз сүйіп оқитын) тарих кітаптарынан, фольклордан, аңыз-әфсаналардан білуге болады.

photo content

Қазақстан бір күні міндетті түрде азат және шынайы тәуелсіз болады!

Біреудің қызығушылықтары мен армандарына көлденеңінен қойып тастаған қоғамда өмір сүруге мәжбүрленген қарғыс тиген адамдармыз. Мамандығым теориялық физика болғасын, менен сұрайтын ең көп нәрселері осы, адамдардың: «бітіріп шыққан соң кім боласың?», «мамандығыңның өмірге не пайдасы бар?» және осы сарындас хуйнялар. Да, бля, ешқандай да өмірге пайдасы жоқ менің мамандығымның. Кванттар теориясы мен космологияны Эйнштейн, Бор, Гейзенберг үшеуі жұма күні сыралатып отырып сіге салған. Не түрсиің жыртылса тігіп беруге, өліп қалсаң шіріп жататын табытыңды дайындауға да пайдасы жоқ дүниелер олардың бәрі. Әйтеуір, әлемдегі топастар өліп қалмай нан тауып жеу үшін осындай бір күрделі атауларды ұйқастырып, қаямды да бітірмейтін бір сала ойлап тауып алған да, адамзаттың құлағынан теуіп ақша істеумен айналысып жүр. Болды ма? Осындай аргументтер көтіңнің қышуын қандыра ма? Ал шынына келіп, мен олардың пайдасын түсіндіріп берсем, қарғаның унитазынан басқа түкке жарамайтын басыңның ішіндегі миың қағатын ба ед, оны? Зайбалсыңдар и. О, далбайоптар, ояныңдарш, өмірде мілісейскій, мұғалім мен докторлықтан басқа да мамандықтар бар. А-ууу???

Бір қарағанда, он мәрте қайталап көрген шығарм. Мына вайб басты кетірді. Ауыл: Таза ауа. Тыныштық. Асығыссыз өмір. Және, әрине, Ародай таланттың аккомпанементі ❤️

Ешбір қайырлы іс жазасыз қалмайды 🙂

Жақында «Левада-Центр» орталығы «Ресейде не нәрсе туралы әзілдеуге болмайды?» деген сауалнама жүргізіпті. Осы сауал мені де қызықтыра бастады. Жауаптардың ішінен ең-ең деген вариантты таңдасаңыз 🙂

Не нәрсе туралы әзілдеу орынсыз? public poll Адамдардың түрі мен денсаулық жағдайы туралы – 24 👍👍👍👍👍👍👍 57% Дін және сенім туралы – 12 👍👍👍👍 29% Тарихи тұлғалар мен «үлкен кісілер» туралы – 3 👍 7% Халықтардың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары туралы – 2 👍 5% Қазақ халқының тарихы мен өмір сүру салты туралы – 1 ▫️ 2% 👥 42 people voted so far.

photo content

Әдетте, дін алаңында «Пайғамбарлар неге философ болмайды?» деген сұрақ көп талқыланып тұрад. Бұл сұрақты көбіне атеистер қояды. Олар пайғамбар мен грек ойшылдарын салыстырып: «Ақылды адам деп пайғамбарды емес, грек ойшылдарын айту керек! Бүкіл философиялық категорияларды солар жасап шықты. Ал пайғамбарлар тек жамағат жинап уағыз айтты. Өркениетке түк те үлес қосқан жоқ», – деген пікірді айтад. Бұл сұраққа діншілдер де өз уәжін айтып тартысып жатады. В общем, бітпейтін срач. Бейсен Құранбек дүние салған соң осы сұрақтың жауабы табылған сияқты. Оның туған інісі университетте философиядан сабақ береді. Бірақ Бейсеннің өзі философияға аса қызықпайды. Кейбір субъективті ойтолғауына қарап, кішкене идеясынан жерініп те қалатынмын. Анау қитұрқы сұраққа Бейсен Құранбек бірінші мағыналы өмірімен, екінші ғибратты өлімімен тамаша жауап берді. Ол құрғақ термин жаттап, жансыз ой толғап, ақылды көрінуге тырысатын жасанды жолды таңдамады. Ол «бүкіл адам баласы бауырым» деп құшағына басатын МЕЙІРІМ мен МАХАББАТТЫҢ сара жолын саналы түрде таңдады. Рухани әлемінен бауырмалдық сезімін тоқтаусыз өндіруге бел байлады. Жан жүрегіне жек көру сезімін жолатпауға барын салды. Кісі баласын діни ұстанымына, саяси көзқарасына, таңдаған өнеріне қарап, алалаудан аулақ болды. Хас тақуалар сияқты ішіндегі осы мейірім мақамын ұстап тұруға өмірін арнады. Мұндай адамдар пайғамбарлар салған ізгілік соқпағына тез түседі. Пайғамбарлар философиямен шұғылданбайды. Олар философияның тууына алғышарт дайындайды. Мұндай ізгі жолға ілуде біреу түседі, я түспейді. Түссе ондай кісі қоғамды қопарып жібереді. Қазір де қараңыз. Бүкіл оқу орындарында қаншама адам философияны оқып,түрлі терминді жаттап, ой ойнатып, сөз аунатып әлек. Одан бөлек мәдени өнім бермейтін импотент интеллектуализммен айналысатын білгіштер де қоғамда жетіп артылады. Солардың қоғамға ықпалы мен Бейсеннің ықпалын таразының басына салып, ойша тартып көрсеңіз болады. Ол қайтқанда не болды? Қазаға қайғырмаған қазақ қалды ма? Бәрінің іші опырылып түскендей, мәңгіріп отырып қалды. Себебі бүкіл қоғам бейсаналы түрде Бейсенді арқа тұтып, келешекке үмітпен көз тастаушы еді. Мұндай рухани биіктікті бағындырған адамға сұлу философияның не керегі бар? Міне, біз ол кісі сияқты бола алмадық. Жүрегіміз суық, мінезіміз қатты, құшағымыз тар. Ендігі жерде мұндай таңғажайып адамның өмірін талдап, таңдаулары мен шешімдеріне қарап, «Болмыс, онтология, феномен» деп пәлсапа соққаннан басқа қолымыздан не келеді? Бейсен және Болмыс.