uk
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Відкрити в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Показати більше
669
Підписники
Немає даних24 години
-17 днів
-930 днів
Архів дописів
- Екі рет аборт жасаған әйел инстаграмдағы биосына не деп жазады? - Бақытты әйел. Екі періштенің анасы 😇 (с) Уилл Ливиңстон, "Шала сөздік, Екінші бөлЕм"

Білім - адамды Құдайға ұқсатады. (с) афиналық Сұқрат

💔💔💔

Өмірімде алғаш рет кәсіби аудармамен шұғылданып жүрмін. Көптеген әдеби, диалект, басқа тілден тігіп кеткен және ертеғұндардан қалған сөздерді білудің қадіріне жетіп, мұрныма жас алып отырған жайым бар. Сөйтсем сөз байлығы - пиздец филолог екен деп ойлап қалсын деген оймен Әуезіп боп роман жазу үшін емес, мәтінді өте компактті әрі түсінікті етіп жазуға керек екен. Ләжі болса бір ғана сөйлем, ләжі болса екі ауыз сөзбен. Қалған синонмдер мен мәтелдер - басқа жерде кезегін күтсін. Мұндайда эгоңды бір жеріңе тыға тұруың уәжіп.

Жамағат, сіздер ренжімеңіздер, бірақ адамның адалдығы жөнінде гарантия ретінде ұсынылатын ақпараттардың мына бір парасы менде титтей де сенім нышанын тудырмайтынын тағы бір мәрте қайталаймын: 1. "Олар орыстар ғой, алдамайды" Соңғы генетикалық зерттеулерде орыстардың пенделіктен таза болуына жауап беретін геномдар табылмаған. Ешкімнен табылмаған негізі. 2. "Ақша жегені нес, намаз оқитын жігіттер ғой, ораза ұстап жүр" Намаз оқитындар ақшаң не, адамның басын да шауып жатыр. Ақтөбеде бесін мен ақшам намазының арасындағы окошкіні пайдаланып мұнай ұрлап шу шығарып жүргендер де бар. Так что, Айым сорри. Намаз, ораза - аргумент емес. 3. "Мен де өзің сияқты N- штук бала асырап отырмын. Құдайдан қорқам" Тағы да айтам, заңнан қорықпағаннан қорық. Құдай кешірімдірек. Одан постфактум ақталуға болады және күнәңды рефинансирование арқылы жеңілдетуге болады. Айып етпеңіздер. Ал балаларыңның санын адвокаттарыңа айтасың сотта. Немесе президенттікке кәндәлеттік науқан кезінде "балажан адам" образын жасауда таптырмас пиар ақпарат болар. Тек мен үшін ол кепілдік емес. Қайдан білем, балаларыңды кімнің есебінен асырап жүргеніңді?! 4. Сақалын саудалайтындар. "Қолтық жүнім ағарғанда, алдап нем бар" Маған похуй, қай жерің ағарса да, сенің организміңнің биологиялық жағдайы рухани жағдайыңа қалай әсер еткенін мен білмеймін ғой. Мүмкін жыл өткен сайын пидараз боп кеткен шығарсың. 5. "Әйелмін ғой" Мбіһіһі...))) 6. "Көрші едік қо" - Едік. Сол кезде де сетевойға шақырып қанымды ішкенсің. Жоғал. Айтпақшы, балтам қайда нақ? 7. "Мен де шалбар киіп жүрмін ғо. Алдап нем бар?" Жалған сөз детекторы шалбарыңның қай балағына орнатылған, сукінің? Соңғы рет лақтырып кеткен адам да шалбары мен тасағын бұлдап аузымды айға қаратқан. 8. "Түн жамылып тұрмын ғой" Түннің қылмысқа көмекші болмаса, кедергі болғанын көргем жоқ.

Фейсбукта осы постқа бір кісі "Қырғыз ағайын бізге келсін. Өзіміз асыраймыз" деп пікір қалдырыпты. Дархан көңілді, қонақжай қазағым-ай, бауырмалдық деген осындай болса керек-ті!Елжіреттің-ау 😭

Еврейлер араптарды неге жек көретінін түсінетіндеймін. Ғасырлар бойы дін ойлап тауып, діннің киелі кітабында өздерін "Құдайдың таңдауы түскен ұлт" көрсетіп жүргенде, араптар идеяны тігіп кетті де, жаңа Конституция... ой... Киелі кітапта "Құдайдың еврейлерден көңілі қалғанын, енді араптардан үміттенетінін" жазып қойды. 14 ғасыр бойы сол статусын достойно сақтап келе жатыр. Егер бұным богохульство болса алдымен Құдайдан кешірім сұраймын. Сендер - не ойласаңдар да бәрібір, әхәхәхә

Бүгін марқұм болған Асқар Наймантаевтың ең үздік шығармаларының бірі деп білем. Сатирик деген осындай болса. Енді бұндай сатирикті көреміз ба жоқ па бір Құдай білсін. Асекеңнің жаны Жұмақтан орын тапсын 😓

Қырғыз байкелер жезөкшелермен күресті бастапты. Ептігідіктер, соны сөйтпей-ақ заңдастырып, салығын алып отырса болады ғой мысалы. Қырғыз НКВД-сы, ой, ҰҚК басшысы қып-қызыл популист біреу екен: қырғыз қыздары жезөкшелікпен айналыспайтын болады деп жар салыпты. Өзі де сонда барып тұратын сияқты алайда. Түрі жаман ұқсайды. Ай, барып тұрады-ау

Білә, бүгін неге демалыс күні емес? 😭 Қайран Нұратам, қадірің білінді-ау ((

Вегетариандық?
Anonymous voting

Сендер де ұйықтар алдында фейк-сценарий ойлап жатасыңдар ма?

Тіс шұқуға - зубочистка керек, құлақ шұқуға - уховёртка керек, көт шұқуға - Жылқышыбай керек деп Мәшһүр Жүсіп атамыз 1 ғасыр бұрын жырлап кетіпті деседі. Байғұс Бекболат ақамның миын тігіп бітірді оңбаған ((

Футболдағы суперлига жобасына?
Anonymous voting

Патриархал қоғам саған қандай комфорт берді? Және одан бас тартуға дайынсың ба?
Anonymous voting

Заңның биесі, түйесі... ой, тьфу, киесі болады деген бос сөз. Заңның тісі мен тырнағы (маникюрымен) болады. Заң деген Сауронның көзіндей ешнәрсені назардан тыс жібермей, айналып өтпекші болғанның басын жарып, көзін шығару керек. Не то что біздің Ханституция. Алты баптан тұратын заң болса, бірінші бабында жақсы заң бекітіп, қалған бесеуінде "жоқ, жан бәрі сен ойлағандай емес" деп кешірім сұрап, алғаш айтқан баптың малын шығармауы керек. Заң деген - заң, жоқ деген - жоқ. "Әкә, тәліп бауырларымыздан көкнәр әкелватыр ек, өтіп кетсек бола ма?" десе яки "Давай все делаем на русском, никто не заметит" десе, әйтеуір осыларды легал ғып, тігісін жатқызжверетін баптардың көп екеніне күмәнім жоқ өзімнің. "Оған аударып беріңіз: сенің шешең де, әпкең де арзан жезөкшелер. Апаң да сондай, бірақ оның тісі жоқ болғандықтан клиенттері оған екі есе ақша төлейді", - (с) Жейміс Картер, "Сын сағат 3" фильмі

"Қазақ болып туғаныма мақтанам. Өзбек, неміс, абориген, жапон болып туғанда не істейтін ем? Поқу, бәрібір мақтанатын ем. Себебі өзім мақтаншақ адаммын"

Repost from N/a
Премьер министр Әлихан Смайылов зейнетақы қорынан 1,5 трлн теңге алмақшы. Мақсаты өнеркәсіп пен инфрақұрылымды қаржыландыру. Ол деген жұмыс істеп, зейнетақы қорына ақша салып жатқан барлық азаматтан қарызға ақша алу деген сөз ғой. Мақұл біздің зейнетақы қорымыздан өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамытуға ақша алсын. Бірақ оның орнын қандай жолмен толтырады? Жолдарды жөнделді делік. Ол жолды кейін ақылы қылып өзімізден тағы ақы алатын шығар 😂. Мейлі солай-ақ болсын, қарызға алынған ақша үстіне пайызы қосылуы тиіс қой. Ал бізге жеме-жемге келгенде алынған ақшаның өзі орнына қойылатыны бұлыңғыр. Дереккөз: Үкіметтің телеграм арнасы