uk
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Відкрити в Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Показати більше
669
Підписники
Немає даних24 години
-17 днів
-930 днів
Архів дописів
Оңтүстікке келін болу хақында хәмсе
Anonymous voting

Repost from Belgisiz ūly
Адамға 1 грамм мейірім беріп, орнына 100 киллограмм сенім алуға болады. #меніңше

Твикстің оң жақ бөлігі ме, сол жақ бөлігі ме?
Anonymous voting

#ПарасатМайданы #ОңҚол Әлеужелілерді ‘адамзат тарихындағы революция’ деген кезде технологиялық ғажайыптар бөлек, әлеуметтік/психологиялық жетістіктерді де меңзесе керек. Біз байғұстар әлеуметтік психологияға жарымаған соң оны да байқамаймыз. ВК заманындағы посттар жайында көп айтуымның себептерінің бірі де осы. Ол былай: көз алдыңда прикол айтып, қақшаңдап әр адамның бір мазасын алып жүрген кластасың кенеттен парақша ашады да, аватаркасына Жокердің суретін қояды. Әрі қарай: адамдардың екіжүзділігі туралы, өмірден көрген тепкісі және Әзірейілмен ерте қауышқысы келетіні жайындағы нәрселерді сала бастайды. Егер ғайбатқа бейім туған болса өзі пост жазып, оқиғаларды детальдарымен суреттей бастайды. Ертесіне күндіз жолықтырасың - сол баяғы заржақ. Кешке лентаны жаңартқанда - тағы бір депрешн пост. Бірсігүні, одан кейін, тағы да осылай жалғаса береді де бір күні оның сарайда асылып өлгенін естисің. (ойнап айтам, сосын үйленіп кетеді) Фрейд малғұн да ерте туып ерте өліп кетті, әйтпесе өзінен сұраушы едім. Ендеше сендердің миларыңды ашытуға рұқсат етпеңдер: әлгі кластасымның қайсы тұлғасын шынайы деп қабылдауым керек? ‘Шын өмірде осындай’ деген анықтамаға қайсы болмысын бастамаға алу керек? p.s. Әңгіме ВК, Фейсбук және аздап телеграм жайлы. Инстаграм/тикток дегендер халық ауыз әдебиеті тілімен айтқанда мүше жарыстыруға арналған алаң болып қала бермек; оның шынайылыққа дым қатысы жоқ.

Уа, жама'ат! Осынау көктемнің шуақ шашқан боранды күнінде Табиато Ватанабэ бауырымыз ұйымдастырып жатқан ұлан-асыр куизге шақырамын бәріңізді! Бүгін сағат 22:00'де! Мекен-жайымыз: Біріккен Қарағанды Көмірліктері, Цианидтау қаласы, Бенито Муссолини көшесі, 69 үй. Яки мына чатқа тіркелсеңіздер жеткілікті: https://t.me/+eOKJWXTezFhlMzAy

қандай тілдерді тартымды деп есептейсің? өзің қай тілді үйренгің келед? Ағылшын тілін үйреніп жарытсам екен тілек баяғыдан бар. Тартымдылығы жағынан: дыбысталуы қатты көрінетін - неміс пен қытайдың мандарин диалекті ұнайды. Миым асып-тасып бара жатса сол тілдерді үйренсем деймін

қандай тілдерді тартымды деп есептейсің? өзің қай тілді үйренгің келед?

Референдум
Anonymous voting

данышпан қарға деген атау жақсырақ еді, сізге жарасатын)

Кейін мықты мастер болу үшін кей унижениеге шыдай тұру керек пе? Муз.мектептердегі баланы саусағынан ұрып,айқайлауы сияқты Кемсітуге шыдап бір арба комплекс арттырып алған соң ұлы болғанда да өмірің жұмақ болады деп ойламаймын

"Нужно перетерпеть буллинг" дейді маған ата-анам. Шыдай тұру керек пе мектептегі қорлыққа? Ох, бұл қиын сұрақ мен үшін. Буллиңге аз ұшырайтынмын. Сол үшін ондай түсінігім жоқ. Бірақ буллиңге ұшыраған кездерде бәрінен безіп, ашуланып кететінмін. Егер жүйелі түрде буллиңге ұшырағанымда шыдай алмас ем деп ойлаймын. Осылай дұрыс сияқты, әділетсіздікке төзбеген дұрыс

өзіңе ұнайтын өзбек фильмдері бар ма? өзбек тілін қашан, қалай үйреніп жүрсің? Тәуелсіз Өзбекстан тарихындағы фильмдерін ұнатпаймын жоқ. Совет дәуірінде түсірілген "Келіндер көтерілісі" деген спектакль/киносы болатын. Соның айтқысы келген идеясы, актерлары ұнаған. Өзбек тілін ешкім үйреткен жоқ, 24/7 ТВ өзбекше сайрап тұрды, солай үйреніп кеттік

егер әлемде "ұят"деген түсінік болмаса не істеуші едің жеке өзің? Автобуста ешкімге орын бермес ем/жұмысқа кешігіп келе беретін ем/батямның тонын киіп алып жүре беретін ем т.с.с. майда-шүйде. Ұят деген, негізі, өміріме үлкен өзгеріс әкелмейді

Қазақ тіліндегі өзіңе ұнамайтын сөз? мағынасы жағынан - "ақша жоқ" деген сөз. естілуі жағынан - қатын (таптаурындардың кесірі)

ғайбат аздық ете ма дейм ана фотоңа қарап порча жасасақ қалай🤣 ахахах, иә

Сұрақтарға жауап берем деп уәде бере алмаймын. Тек ертең ұйқыдан тұрғанда оқитын бірнәрсе болсын деген ізгі жлёмана тілек. Маған не жазуға болады: всякие гадости. Не болмаса таңдай қақтырар данышпандығым туралы ащы шындықты. Қайырлы түн

https://t.me/anonim_mail_bot?start=318962607 "Ғайбатқа есігіміз әрдайым ашық" (с)

#qazaqdepression Мәнсіз өмірімде университетте де, мектепте де істеген уақыттарым болды. Ендеше, орыстар айтпақшы "арқамызға дем алып тұрған" z-generation ұрпағының потенциалымен де аз-маз таныспын. Қысқаша қылып айтқанда: нағыз айуандар. Біз өмір бойы үйренген нәрсені олар информация деп те есептемейді. Енді олар 4-5 жылдан соң оқу бітіріп, еңбек нарығына шыққанда бізге нан қалдырмасы анық. Қарауылдан да IELTS сұрайтын сұм заман келмек. Тек комплекс пен социофобияға бейімдеу (ред. - жылауық) сияқты солар. Мектепке әпкеміздің жемпірін киіп кете беретін бізге бұндай ұят - ешқандай да барьер болмақ емес (мы хотим крупного позора). Ендеше үш тұғырлы тіл білмесең, бір істің супермаманы болып үлгермеген болсаң, тым құрығанда харизмаңды көтер, уа, чмо замандасым: әйтпесе аштан қатқалы отырмыз.

Тенденция деген жақсы нәрсе негізі Бишімбаев сотын онлайн көрсету кейсінен соң, келесі шу туғызған оқиғаларды да (егер мемлекеттік істер болмаса) онлайн форматқа көшіру дәстүрі басталады деп ойлаймын. Ес білгелі таныған Қазақстанның тенденцияны іліп кету әдісі солай боп көрінеді. Сосын, кейінірек, Жаңаөзен-2011, Қаңтар-2022 істерін де онлайн көру бұйырады деп үміттенемін. Қазірше маркетиң мен жалған пиар аралас Бишімбаевтың сотын қанағат тұтайық.

Бұрын "қажы" деген атақ әжептәуір бір статус еді иә? Сәләф араптарының қалтасына 1-2 мың долларын қалдырып келіп, ауылда керіліп жүруші еді біздің хаджи әулиелеріміз. Соңғы жылдардағы саяхат тенденциясының өскенін, оның ішінде қажылыққа екінің бірі бара алатынын көріп жямян іштері ашитын шығар, иә, солардың? Тіпті өткенді жұмбақ көрсеткісі келіп "бұрындары қажылықта шайтанның өзін көретінбіз" деп періп жүргендер де бар шығар. Воистину, елбасының кезінде қазақтардың аузы аққа тигені өтірік емес. Оған Назарбаевтың қатысынан гөрі, ОПЕК'тің қатысы бар, бірақ сонда да деймін де