cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Шексіздік 🌀

Канал авторы @dinarabolat Еркін ойлар аралы

Більше
Рекламні дописи
9 912
Підписники
-524 години
-517 днів
-17230 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Саяхаттан қолым тимей жатса да жазып тастағым кеп тұр. Эмоциямен. Оппозиционер Айдос Садықовтың өлімі туралы жазбалардың астындағы пікірілерді оқып, мына халық ешқандай құрбандыққа тұрмайтынына көзім жетті.
Показати все...
😢 229 50🔥 8
Әдемі жолдан кейін әдемі шаршау. Фонда кешкі джаз. Фотоларды көріп, демалып жатырмын. Ішімде керемет жайлылық. Мен өліп кетіп жатсам қымбат жандарымның әрқайсысына әдемі саяхат сыйлап үлгеріппін. Бақыт.
Показати все...
327🔥 35❤‍🔥 21😢 11
Қызым ата-әжелерінде Оралда. Кеше ағайынды сіңлілеріммен қыдырған. Әжесі сол жүрісіне ренжіңкірегенін жазады. Әжесі яғни менің анам жалпы қыдыру дегенді ұнатпайды. Мамамның түсінігі бойынша адам не ақша тауып үйге қаржылай көмектесуі керек, не үй шаруасын істеп еңбекпен қолғабыс етуі керек. Жалпы көп қазақтың ойы осы. Бос отыруға, бос жүруге, үйде 1-2 ай болса да бос жатып қалуға болмайды. Дұрыс дейің десең көп қазақ әйтеуір біреуге пайдалы болуды меңзейді. Пайдалы, өзгеге қажет болған жақсы. Алайда ересектер жас кезіңде өзіңді тану, өз бағытыңды іздеу, қабілеттеріңді шыңдау немесе көңіл көтеріп, қуат толтыру да өз уақытыңды яғни белгілі бос уақыт өлшемін талап ететінін түсінсе екен. Ал бос уақыт иелеріне оның барлығынан нәтиже шығару керек. Өз басым әйтеуір мамамнан талай ұрыс естіген айналаны, өмірді бақылауға кеткен бос уақытым жазушылыққа, үйде тұрмайтын “қыдырмпаз” жиһанкездігім танымалдылық пен табысқа әкелді. Шүкір!
Показати все...
539🔥 71❤‍🔥 35😢 13
“Жақсылыққа жақсылықпен жауап бер. Ал жамандыққа әділдікпен жауап қайтар” Конфуций. Әділ сотқа қатысты ең әділ тұжырым.
Показати все...
311❤‍🔥 22🔥 4
Буддизмді зерттеп жүрген оқушы кезімде Қытайды Тибет үшін жек көрдім. Ұлтшыл студент кезімде Қытайды Шыңжаң үшін жек көрдім. Саяхаттауды бастап, түрлі елмен танысқанымда жек көрініш басылып, назарым саясатында емес табиғатына, бейбіт халқына ауысты. Енді бәрінен қолым босап Қытай тарихына үңіле бастаған кезеңімде бұрынғы синофобиям үшін ұялып жүрмін. Білімсіз кез келген эмоция көрсоқыр.
Показати все...
🔥 254 81❤‍🔥 16
Жамбылдың жасын берсін деген ойды енді қисынсыз тілектердің қатарына қосамын. Қадірі кеткен жылдарды ешкімге тілемес едім. “Жамбыл” фильміне барыңыздар, достар. Мен сарай ақыны деп менсінбей келген қария еді. Сөйтсем өз еркінен тыс жұмсақ күш саясатының құралына айналған екен. Фильм арқылы тұлғасын танып, сыйлай түстім. Қазаққа жасаған жақсылығыңыз болсын өзіңіз барып көріп, басқаларға айта жүріңіздер.
Показати все...
392🔥 31❤‍🔥 19
Показати все...
Jackson Wang feat. Ciara-Slow.mp37.33 MB
32❤‍🔥 2
Показати все...
王嘉尔 Jackson Wang - Feeling Lucky.mp35.76 MB
33❤‍🔥 2
Арманымдағы парақшаны ашып алдым. Қалай дегенмен оқырмандардың жартысы вайбтық фотоларға үйренбеген. Біреуі түсінбей сынап, біреуі пайдалы ешнәрсе жазылмаған деп лайк қоймай кетеді деп қорыққанша мендегі барлық күй сақталатын жеке парақша ашып алуды жөн көрдім. Кайф сезім. Мүмкін әркімде болу керек.
Показати все...
266🔥 21❤‍🔥 10
Өзбекстанғы риза емес ырзамын бар ғой. Енді имамдарға әлеуметтік желіге шығуға тыйым салыпты. Өздерінің қадірін кетірмей, дінге кір келтірмей. Әдемі шешім. Әйтпесе қолжетімді болған сайын арзан. Анау Азия елдерінде әлеуметтік желіде сөйлеп уағыз, пәтуа айтпақ түгіл көшеде кездейсоқ тақуаны көрсең үлкен жақсылықтың белгісі деп санайды.
Показати все...
503🔥 74❤‍🔥 37😢 8
Оберіть інший тариф

На вашому тарифі доступна аналітика тільки для 5 каналів. Щоб отримати більше — оберіть інший тариф.