cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Більше
Рекламні дописи
16 551
Підписники
-8424 години
-6617 днів
+6 86330 днів
Час активного постингу

Триває завантаження даних...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Аналітика публікацій
ДописиПерегляди
Поширення
Динаміка переглядів
01
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовті Тайвань арқылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) миллиардтаған долларлық қаражатын шығаруға қатысы бар деп айыптады. "Даниал Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыруға деп Европа қайта құру және даму банкі арқылы 3, 6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Бұл жобаны ДА тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде, оның әкім боп тұрғанда Европа қайта құру және даму банкінің Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады шағым иелері. Бірақ мәселе онда да емес, мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмауында. Нәтижесінде, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР (ЕҚДБ) алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды", деп жазады депутат.
10Loading...
02
Елімізде TikTok желісі бұғатталатын болды ма? Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау жоспарда жоқ екенін айтты. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін. "Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, бірақ заң талаптары сақталмаған жағдайда, желіге кіруді шектеуге қатысты шаралар қарастырылады", - деді Ысқақов. Сонымен бірге ол министрліктің TikTok өкілдерімен жарияланған контент мәселелері бойынша жүйелі түрде жұмыс істейтінін атап өтті. t.me/stankznews
7191Loading...
03
Алматыда сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үйлер тізімі шықты Тізім құрылысқа рұқсат құжаты толық емес немесе жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешенімен толықты. Айта кетейік, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаты жоқ нысандар да кірді. Басқарманың ақпаратынша, осындай тұрғын үй кешендері бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады. Тұрғын үйлер тізімін сілтемеден көре аласыз. t.me/stankznews
8981Loading...
04
Жоғарғы сот Жыланбаевтың үкімін қайта қарауға негіз жоқ деп тапты Жыланбаевтың арызы бойынша жабық сот отырысы бір сағатқа созылды. Адвокат Мейіржан Досқараев белсендіні сотқа қатыстырмағанын айтты. Ол Жоғарғы соттан кейін де күресті жалғастыруға ниетті. "Бас прокурор, кейін сот төрағасына, одан нәтиже шықпаса, Конституциялық сотқа арызданамыз", – деді адвокат Досқараев. Сот ғимаратына Жыланбаевтың оннан астам қолдаушысы жиналып, белсендіні қолдауға қарапайым тұрғындар мен зейнеткерлер де келді. Бір топ жақтасы залға кіргізуді талап еткенімен, сот отырысы жабық өтті. t.me/stankznews
8701Loading...
05
❗Оралда 4 жасөспірім 12 жасар қызды топтасып зорлаған Сот мәліметінше, 2023 жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірі «Лада» көлігін заңсыз иемденген. Бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігін есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. 10 маусым күні тағы екі айыпталушы Фольксваген көлігіне кіріп, көлік ішінен ұялы телефоны ұрлап кеткен. Келесі күні айыпталушы топ кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Сотта олар өз кінәсін мойындамаған. Дегенмен дәлелдер негізінде олардың кінәсі дәлелденіп, басты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы екеуі 7, 6 жыл жаза алды. Тағы екеуі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. t.me/stankznews
1 2694Loading...
06
Журналистердің сұрағына жауап берген Ресей президенті екі ел өте жақын, одақтас қарым-қатынаста екенін айтты. “Өте жақсы, басқаша айта да алмаймыз. Біз өте жақын, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастамыз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарға да қатысты, олар сенімді түрде өсіп келеді. Жыл сайынғы айналым деңгейі де осыны көрсетіп тұр. Біздің өзара әрекеттесуіміздің көптеген бағыты бар. Мен тіпті бәрін тізбектеп айтып та бітпеймін. Бұған энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш саласы да кіреді. Біздің ортақ шекарамыз үлкен. Адамдар да бір-бірімен араласады”, – деді Путин Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында сұрақтарға жауап беріп. Оның сөзінше, Ресейдің 76 субъектісі Қазақстанның тиісті аумақтарымен тікелей қарым-қатынаста екенін түсіндірді. “Шынымды айтсам, дау тудыратын және біздің қарым-қатынасымызды қандай да бір жолмен қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын”, – деп түсіндірді Ресей президенті. t.me/stankznews
1 4172Loading...
07
Енді елде жылдамдықты асырған inDrive пен "Яндекс Go" жүргізушілері жұмыстан шеттетіледі Мұндай шешім көлік министрлігі мен аталған компаниялар арасындағы меморандумнан кейін қабылданып отыр. Алдағы уақытта клиенттердің бағалауы мен пікірі негізінде жылдамдықты шамадан асырғандар жазаланады. Сәйкесінше такси жүргізуші уақытша немесе толығымен тапсырыс қабылдаудан шеттетіледі. t.me/stankznews
1 3093Loading...
08
😷Алғаш рет құс тұмауының жаңа түрін жұқтырған адам мерт болды Ер адамдың қайтыс болғанына 2 ай өтсе де, денсаулық сақтау ұйымы бұл туралы енді хабарлап отыр. Ол үй құстарымен немесе өзге де жануарлармен байланыспаған. Вирусты қайдан жұқтырғаны әлі белгісіз. Жалпы A (H5N2) вирусы Мексикадағы үй құстарында тіркелген. "17 сәуірде пациентте қызба, демікпе, іш өту, жүрек айну мен жалпы әлсіздік белгілері байқалды. 24 сәуірде науқас медициналық көмекке жүгінген. Одан соң "Исмаэль Косио Вильегас" ұлттық респираторлық аурулар интститутына жатқызылып, жағдайының асқынуы себепті сол күні қайтыс болған", - делінген хабарламада. t.me/stankznews
1 3071Loading...
09
🌙Өзбекстанда енді имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға болмайды Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі шектеу қойылатынын аудиохабарлама арқылы таратқан. Осылайша Өзбекстанда діни басқарма имамдардың әлеуметтік желідегі әрекетін қатаң бақылайды. Себебі діни қызметкерлер желідегі сөзі үшін талай мәрте дауға қалған екен. Ал имамдар бұл шешіммен келіспейді. Қазақстанда да осындай шектеу керек деп ойлайсыз ба? t.me/stankznews
1 4232Loading...
10
Бұрынғы әйелін ұрды деп айыпталған Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті Ринат Ибрагимов Мақат ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кеткен. Ол бұл лауазымына 2022 жылғы наурызда тағайындалған. Бұл тағайындауға дейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған. Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы әйелі Ринат Ибрагимовтен зәбір көргенін айтып, үндеу жолдаған еді. t.me/stankznews
1 4911Loading...
11
Ұзартқышпен қылқындырып, денесін асып қойған: Қостанай облысында әйелін өлтірген полицейге үкім шықты Қостанайда өзімен бірге жұмыс істейтін әйелін өлтірді деп айыпталған полицейге сот үкімі шықты.  Полиция қызметкерінің өліміне қатысты жабық сот процесі аяқталды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полицияда қызмет еткен марқұм әйелдің күйеуіне үкім шығарды. "Кінәлі деп танылсын, 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеп, полиция аға лейтенанты атағынан айырылсын", – деді судья.
1 9013Loading...
12
Олар халал өнім – Жұманғарин Қазақстанда шегірткелердің қаптауы жайлы Мәжіліс брифингінде премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстандағы шегірткелермен күрес туралы айтты. "Даладағы бұл жәндіктер динозаврлармен немесе мамонттармен бір жаста болғаны анық. Негізі бұл халал өнім. Біз олармен әрқашан күресіп келгеніміз және әлі де күресетініміз анық. Оларды тіпті қандай да бір жолмен пайдалануға да болады. Шегірткелер ұшады. Олар ұшқанда қауіпсіз. Негізінен, қазір Еуропа мен Америкада ешкім ұшатын шегірткелермен күреспейді. Тек біз айналысып отырмыз. Өйткені ол бөлек ұшып кеткенде  жұмыртқасын үлкенірек жерге салады", – дейді Серік Жұманғарин.
1 8772Loading...
13
"300 мың теңге берсең жібереміз деді": Қазақстандық өзін қорғаныс қызметкерлерінің қалай күшпен әскерге алып кеткенін айтып берді Әлеуметтік желілерде жігіттерді әскерге күштеп алып кетіп бара жатқан сәт түсіп қалған видеолар тарап жүр. Тіпті қазір денсаулығы жарайтын-жарамайтынына мүлдем қарамайтын көрінеді. Егер жолда әскери комиссариаттан адам келіп қалса, одан құтылу қиын дейді жігіттер. Толғырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз.
1 7938Loading...
14
Қажылыққа арнайы визасыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ Сауд Арабиясы Корольдігінің қоғамдық қауіпсіздік қызметі қажылық тәртібін бұзып, рұқсатсыз қажылық жасаған адамдарға айыппұл сала бастады. Бұл ереже 2024 жылдың 20 маусымына дейін күшінде болады. "Қажылық ережелерін бұзған кез келген адамға – азаматтар, тұрғындар немесе келушілерге – 10 000 саудиялық риал, яғни 2666 АҚШ доллары, айыппұл салынады. Азаматтығы жоқтар өз елдеріне депортацияланады және белгілі бір мерзімге дейін Корольдікке қайта кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар, қажылық тәртібін бұзғандарды рұқсатсыз тасымалдаған кез келген адам 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 50 000 риалға дейін, яғни 13 328 АҚШ доллары, айыппұл төлейді және тасымалдау үшін пайдаланылған көлігі тәркіленеді”, –делінген ҚМДБ хабарламасында.
1 8062Loading...
15
Қазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланған: "Қазақмыс" оның қашып жүрмегенін мәлімдеді "Қазақмыс” қазақстандық кәсіпкер, компанияның топ-менеджері Владимир Жұманбаевқа Қырғызстанда іздеу жарияланғанына қатысты ақпаратқа түсінік берді. Бұған дейін желіде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматы, "Қазақмыс Холдинг" ЖШС топ-менеджері, "Алтын Алмас" және "Қаражыра" компанияларының акционері Владимир Жұманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болған. "Владимир Жұманбаевтың Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында көрсетілген құрылымдарға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Ол қазір еңбек демалысында. Жұманбаев ешкімнен қашып жүрген жоқ, тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Сонымен бірге, Қырғызстан тарапынан "Қазақмыс", "Алтын Алмас" және "Қаражыра" компаниялар тобына қатысты тергеу жүргізіліп жатқан жоқ", –  делінген хабарламада.
1 8182Loading...
16
Тағы да уақыт белдеуі туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинаған соң не болатынын айтты. "Петиция 50 мың дауыс жинаса, біз арнайы жұмыс тобын құрып, белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен сарапшыларды тарта отырып, оны қарайтын боламыз. Мен қазір алдын ала ештеңе айта алмаймын. Оның 50 мың дауыс жинағанын күтейік", - деді ол. 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақыт бір сағатқа артқа жылжыды. t.me/stankznews
2 0382Loading...
17
«30 миллион теңгені 108 миллион етіп қайтарамын» Әлеуметтік желіде банк үстемеақысына шағымданған қазақстандық жазба жариялады. Сөзінше, ол Қаскелеңнен ипотекаға үй алғысы келген, алайда алғашқы салым болмағандықтан түгелдей қарызды банктен алуға ниеттенген. “Үйдің бағасы 30 миллион теңге. Маған банк 20 жылға 17.5% пайызбен ипотека санап берді. Алғашқы жарна болмағандықтан, толық сомаға санады. Сондағы шыққаны 30 миллион теңгелік үйідің үстінен қосылатын үстемесі 78 миллион теңге. 20 жылда мен сол үйді 108 миллионға сатып алады екенмін. Бұл не деген сұмдық, қайдан шығарған есеп десем, бұл программаның шығарғаны ғой деп жауап берді”, – деді Руслан. t.me/stankznews
2 0506Loading...
18
❗Израиль Ливанға шабуылдау үшін дайындық бастады Осылайша ЦАХАЛ шииттік «Хезболла» тобына қарсы шабуыл жасамақ. "Біз жақын арада шешім қабылдаймыз. Біз мұнда сегіз айдан бері шабуылдап жатырмыз, ал "Хезболла" осы үшін жеңіліп жатыр", – деді Халеви. t.me/stankznews
1 9500Loading...
19
Қырғызстанның қауіпсіздік қызметі қазақстандық миллионерге іздеу жариялады "Вертекс Голд" компаниясының иесі Владимир Жұманбаев атыс кезінде өлтірілген Қамшы Көлбаевтың қылмыстық тобын қаржыландырды деп айыпталып отыр. Қауіпсіздік қызметінің дерегіне сәйкес, Жұманбаев «заңды ұрымен» байланыс орнату арқылы бизнес жүргізуді көздеген. Қырғызстанда миллионерді сырттай қамауға алған. Сондай-ақ халықаралық іздеу жарияланды. t.me/stankznews
2 0590Loading...
20
Карина Мамаш өзіне зорлық көрсеткен дипломат күйеуінің туыстары бопсалап жатқанын мәлімдеді Карина бұл жайтты өзінің TikTok парақшасында жариялады. Айтуынша осы жағдайдан соң әжесінің денсаулығы нашарлаған. “Бүгін менің әжеме Гүлнәр апа хабарласыпты. Ол Сәкенді үш жасынан бері қараған, әулеттегі ең үлкен келін. Ол менің әжеме : “Әлі де кеш емес, Карина өтінішін алсын, әйтпесе Сәкеннің бүкіл Қазақстанда достары көп. Олар оны не мүгедек етеді, не өлтіріп кетеді. Оданда Карина арызын алып алсын”, деген. Менің әжемнің жағдайы бұдан кейін нашарлап кетті. Аяғын баса алмай қалды. Немересінде осындай жағдай болып жатқаны оған ауыр тиді. Олар қазір әжеме қоймастан түрлі жазбалар жазуда. Басында кешірім сұрап жалынса, қазір қысымға көшкен”, – деді Карина Мамаш. Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш күйеуінің жүйелі түрде ұрып-соғатынын айтып, шағымданған еді. t.me/stankznews
1 9964Loading...
21
Алматыда Виктор Храпунов заңсыз өткізіп жіберген 3 миллиард теңгенің ғимараты мемлекетке қайтарылды Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар кешенді бұрынғы әкім Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген. 25 сәуірден бастап мүлік жедел медициналық жәрдем қызметіне берілді. Енді қосымша қосалқы станция ашу жоспарланып жатыр. t.me/stankznews
2 0381Loading...
22
Енді 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатылмайды Бүгін Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді қабылдады. Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі. t.me/stankznews
2 0986Loading...
23
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда тіркелген "Система" тергеу жобасы бұл ақпаратты Қазақстанның ұлттық сертификаттау орталығының онлайн реестрінен және басқа да деректер қорынан анықтағанын мәлімдеді. Пескова қазақстандық жеке сәйкестендіру нөмірін 2022 жылдың қыркүйегіне дейін алған, себебі ЖСН Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тіркелген. 2019 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып аталған. Қазақстанда ЖСН мемлекеттік және банктік қызметтерді алу үшін қажет. Ресейліктер Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін жаппай қазақстандық банктерде шот ашу және Visa мен Mastercard қойған шектеулерді айналып өту үшін ЖСН ала бастаған. t.me/stankznews
2 1171Loading...
24
Жамбыл облысында алапат өрт тұтанды Әкімдік мәліметінше Мерке орман және жануарлар қорғау аумағында, сондай-ақ Лугавой ормандығы аумағын қызыл жалын шарпыған. Өрт аумағы – 1650 гектар. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше құрғақ шөп пен төғай жанған, елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Жалынмен күреске 244 адам мен 50 бірлік техника жұмылдырылған. t.me/stankznews
2 2325Loading...
25
“Еркек аңғал келе ме, әлде мен аңқаумын ба”: Әйелін ұрды деп айыпталған дипломат өз нұсқасын айтты Әйелін ұрды деп айыпталған дипломат Сәкен Мамаш болған оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Дипломат өзінің қарапайым шаруаның отбасынан шыққанын,  осы деңгейге еңбегі мен білімінің арқасында көтерілгенін алға тартты. Сонымен қатар ол қазір болып жатқан оқиғаларды түсіндірді. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз.
2 4441Loading...
26
Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкері мемлекеттік құпияны жария еткені үшін бес жылға сотталды Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкері бір жыл бойы айтуға болмайтын мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды. Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, бұл – мемлекетке қауіп төндіретін аса ауыр қылмыстардың бірі. “Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен азамат Қ-ға қылмыстық кодекстің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша үкім шығарылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылады. Сот талқылауы барысында прокурор қызметкердің жыл бойы құпия мәліметтерді үшінші тұлғаларға бергені туралы дәлелдер келтірді. Мұндай қылмыстардың алдын алу – құқық қорғау органдары үшін басым міндеттердің бірі", – деп хабарлады прокуратура. t.me/stankznews
2 3430Loading...
27
Екі адам түрмеден қашып кеткен: Ақтөбедегі изоляторда кезекшілік уақытында ұйықтап қалған үш қызметкер сотталды Ақтөбеде немқұрайлық, қызметке адал емес немесе немқұрайлы қарау салдарынан өз міндеттерін орындамау бойынша айыпталған үш адамның қылмыстық ісі қаралды 11 қарашада Ақтөбе қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторында кезекші, пост күзетшісі және шығарушы болған. Олар 01:34 – 05:58 аралығында кезекшілік орнында ұйықтап қалған. “Кезекші сақшылардың ұйықтап жатқанын байқаған тұтқын "Е" және "Қ" сағат 03:36-да камера есігін ашып, уақытша ұстау изоляторынан шығып кеткен. Содан соң алдыңғы есіктің магнит құлпының сымдарын үзіп, сыртқа қашқан”, – деп мәлімдеді сот. Олар жұмыс уақытында ұйықтап қалып, қылмыстың орын алуына жол бергені үшін сотқа тартылды. Күзетші мен шығарушы кінәсін мойындады, ал кезекші мойындаған жоқ. Сот үкімімен үш айыпталушы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. t.me/stankznews
2 3380Loading...
28
Павлодар облысында әкімнен сыйлыққа бір бөтелке арақ алған тұрғын әйелінен айырылып қалды Павлодар облысындағы ауылдық округтің әкімі тұрғынға бір бөтелке арақ сыйлағаны үшін жауапқа тартылды. Ер адам ішімдік ішкен соң масайып, үйін өртеп жіберген. Өрттің салдарынан ер адамның әйелі көз жұмды. Павлодар облысының прокуратурасы ауылдық округ әкімі Жеңіс күні тұрғынға азық-түлік пакетін бергенін, соның ішінде жарты литрлік арақ болғанын айтты. Ер адам күшті алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін өрт шығарған. Оның әйелі өрттен қайтыс болды. "Әкімнің жасаған әрекеттері жалпы қабылданған моральдық нормаларға қайшы келіп, қатаң сөгіс алды", – деді қадағалау органы. t.me/stankznews
2 3320Loading...
29
Алматыда топ арасында жанжал болып, екі адам пышақ жарақатын алды Желіде тараған видеодан бірнеше ер адамның бір адамға жабылып жатқанын көруге болады. Автордың сөзінше, оқиға Райымбек пен Емцов көшелерінің қиылысында болған. Жарақат алғандардың қазіргі жағдайы белгісіз. Ал полиция күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді. t.me/stankznews
2 3613Loading...
30
🚗Елімізде утиль алымы бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобы бекітілді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі дерегінше, жұмыс тобының құрамына парламенті депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Министрліктің баспасөз қызметі жұмыс тобының қызметі туралы ресми сайты мен t.me/minpromstroykz телеграм-каналында хабарлайды. Еске салайық, 24 мамырда E-Petition.kz ресми порталында жарияланған утиль алымына қатысты петиция 50 000 қол жинап, үкіметтің қарауына жіберілген еді. t.me/stankznews
2 3832Loading...
31
❗Ақтауда полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күші жойылды Еске салайық, 2023 жылдың 8 қарашасында күдікті ұсталып, оның сөмкесінен «мефедрон», "&-PVP№" психотроптық заттары бар 7 пакет табылған еді. Алайда сот процесі кезінде алқабилер жасырын дауыс беріп, полковниктің ұлын ақтап жіберген еді. t.me/stankznews
2 3250Loading...
32
❓2024-2025 оқу жылында оқушылардың қанша күн демалады 1-тоқсанда сегіз оқу аптасы болады, күзгі каникул 28 қазаннан 3 қарашаға дейін жеті күнге созылады. 2-тоқсанда сегіз оқу аптасы бар, қысқы демалыс – 10 күн. Демалыс 30 желтоқсаннан 2025 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады. 3-тоқсанда 10 оқу аптасы болады. Көктемгі демалыс – 11 күн, 2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызға дейін болады. 1-сыныптар тағы жеті күн демаласады, олардың демалысы 3 ақпаннан 9 ақпанға дейін созылады. 4-тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. t.me/stankznews
2 36312Loading...
33
Талдықорғанда дәрігер мас күйде балаларды қабылдаған Қала тұрғынының сөзінше, баласын хирургке алып келген, алайда оның мас екенін байқап, видеоға түсіріп алған. Оқиға 30 мамырда болған екен. Көп ұзамай көпсалалы облыстық балалар ауруханасының басшылығы дәрігерді жұмыстан шығарып жібергенін мәлімдеді. Видео: Krisp.tdk t.me/stankznews
2 3357Loading...
34
Ақтөбелік спорт ардагері министрлікті сотқа беріп, ақша өндіріп алды Гір көтеруден Қазақстанның халықаралық спорт шебері Бөгежан Аманбаев 2023 жылы әлем чемпионатында үш деңгей бойынша 1 және 2-орындарды жеңіп алған екен. Алайда министрлік ардагерлерге төлемақы қарастырылмағанын айтып, сыйақы төлемей қойған. Алайда спортшы сотқа шағымданған соң министрліктің бұл талабы заңсыз екені анықталып, ол ақша өндіріп алған. t.me/stankznews
2 2283Loading...
35
Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды Терминалдың құны 66 миллион доллар (29,5 миллиард теңге) деп бағаланған, ал ауданы 134 гектар екен. Бас прокуратура мәліметінше терминалды шетелдік инвестордың меншігінен заңсыз алып, 2011 жылы Құлыбаевтың қолына өтіп кеткен. t.me/stankznews
2 3984Loading...
36
❗Елімізде енді қауіпті ауруды ерте анықтағаны үшін дәрігерлер сыйақы алады 18 460 теңге қатерлі ісік пен туберкулез ауруларын ерте анықтаған учаскелік дәрігерлерге төленеді. Төлем балдық және бонустық жүйеде жүзеге асырылады. Олар әр ауру белгісін анықтаған жағдайда 5 АЕК бонус алады. Анықталған аурулар саны жүз ұпайға жетсе, әрқайсысына 16 000 теңгеден есептелінеді. Қаражат тоқсан сайын жалақымен бірге беріледі. “Сыйақы тек аймақтық, медициналық санитариялық алғашқы көмек қызметкерлеріне, соның ішінде аймақтардағы дәрігер, акушерлерге беріледі”, – деді денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдырәлиева. t.me/stankznews
2 5333Loading...
37
Ресейде ұсталған қазақстандықтарды Украинаға соғысқа жіберіп жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейде ұсталған қазақстандық есірткі сатушылар Украинаға соғысуға жіберілді деген ақпаратты жоққа шығарды. Министрлік өкілі Ресейде тергеуде жатқан отандастарымыз бар екенін растады.  “Ресей Федерациясында тергеуде жатқан біздің азаматтардың Украинадағы соғыс қимылдарына әкетіліп жатқаны туралы сұрақ қойылды. Мен оны тағы да жоққа шығарғым келеді. Өткен брифингте де бұл туралы айттым, біздің бірде-бір азамат өз еркінен тыс соғыс қимылдарына қатысқан жоқ және қатыспайды. Бірнеше азаматтарымыздың әлеуметтік желілер арқылы, атап айтқанда, Telegram арналары арқылы есірткі тасымалдау бойынша жұмыс тапқаны туралы фактілер тіркелді", – деді Айбек Смадияров. Олар ұсталып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. “Біз бұл азаматтардың туыстарымен байланыстамыз, бірақ атап өткім келеді, бірнеше журналист бұл тақырыпты арнайы алға тартып, өздеріне не хайп, не атақ-даңқ жинауға тырысып жатыр, қандай да бір себептермен осы 5-6 адам ақпаратта 50-60 адамға айналды. Сондықтан бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын толық жауапкершілікпен мәлімдеймін. Осы 5-6 фактінің барлығы біздің бақылауымызда", – деді министрлік өкілі. 
2 6401Loading...
38
"Жетісу” футбол клубының директоры 85 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу” футбол клубының директорын тұтқындады. Агенттік мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.  “Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген агенттік хабарламасында. 
2 6092Loading...
39
Семейде жолдан такси ұстап тұрып жоғалған қыздың денесі табылды: Оның өліміне анасы кінәлі деп айыпталды 1 маусымда күні кешке жақындары жоғалған қызды табу үшін көмекке жүгініп, полицияға 2 маусымда ғана хабарласқан екен. «2024 жылдың 2 маусымында «102» арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне «Ауыл» станциясының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамыр күні 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмектесуін сұраған. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Абай облысының полиция департаменті. Тергеушілердің айтуынша, қыздың анасы кісі өліміне қатысы бар деп күдікке ілінді. t.me/stankznews
2 6254Loading...
40
«Өте күмәнді»: Қазақстан сыртқы істер министрлігі Зеленскийдің Орталық Азия журналистеріне берген сұхбаты туралы мәлімдеме жасады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина президенті Владимир Зеленскийдің Орталық Азия елдерінің журналистеріне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді. «Мен сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ретінде Украина басшылығының сұхбатына түсініктеме бергім келмейді. Бірақ мұны біз елемей қалдыра алмаймыз және өзіміздің реакциямызды білдіру керек деп есептейміз. Бізде бар ақпарат бойынша украиналық тарап бұл жобаға өз қалауымен бастамашылық жасап, сіз айтқан сұхбатты өткізу үшін Қазақстанның бірқатар жеке БАҚ өкілдерін Киевке шақырған еді», - Айбек Смадияров. Зеленский сұхбат кезінде "Сіздердің көшбасшыларыңызда тепе-теңдік жоқ" деп батырып сөйлейді.
2 4951Loading...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовті Тайвань арқылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) миллиардтаған долларлық қаражатын шығаруға қатысы бар деп айыптады.
"Даниал Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыруға деп Европа қайта құру және даму банкі арқылы 3, 6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Бұл жобаны ДА тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде, оның әкім боп тұрғанда Европа қайта құру және даму банкінің Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады шағым иелері. Бірақ мәселе онда да емес, мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмауында. Нәтижесінде, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР (ЕҚДБ) алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды", деп жазады депутат.
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Елімізде TikTok желісі бұғатталатын болды ма? Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау жоспарда жоқ екенін айтты. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін. "Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, бірақ заң талаптары сақталмаған жағдайда, желіге кіруді шектеуге қатысты шаралар қарастырылады", - деді Ысқақов. Сонымен бірге ол министрліктің TikTok өкілдерімен жарияланған контент мәселелері бойынша жүйелі түрде жұмыс істейтінін атап өтті. t.me/stankznews
Показати все...
👍 4
Алматыда сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үйлер тізімі шықты Тізім құрылысқа рұқсат құжаты толық емес немесе жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешенімен толықты. Айта кетейік, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаты жоқ нысандар да кірді. Басқарманың ақпаратынша, осындай тұрғын үй кешендері бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады. Тұрғын үйлер тізімін сілтемеден көре аласыз. t.me/stankznews
Показати все...
👍 6🤡 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Жоғарғы сот Жыланбаевтың үкімін қайта қарауға негіз жоқ деп тапты Жыланбаевтың арызы бойынша жабық сот отырысы бір сағатқа созылды. Адвокат Мейіржан Досқараев белсендіні сотқа қатыстырмағанын айтты. Ол Жоғарғы соттан кейін де күресті жалғастыруға ниетті. "Бас прокурор, кейін сот төрағасына, одан нәтиже шықпаса, Конституциялық сотқа арызданамыз", – деді адвокат Досқараев. Сот ғимаратына Жыланбаевтың оннан астам қолдаушысы жиналып, белсендіні қолдауға қарапайым тұрғындар мен зейнеткерлер де келді. Бір топ жақтасы залға кіргізуді талап еткенімен, сот отырысы жабық өтті. t.me/stankznews
Показати все...
1
❗Оралда 4 жасөспірім 12 жасар қызды топтасып зорлаған Сот мәліметінше, 2023 жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірі «Лада» көлігін заңсыз иемденген. Бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігін есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. 10 маусым күні тағы екі айыпталушы Фольксваген көлігіне кіріп, көлік ішінен ұялы телефоны ұрлап кеткен. Келесі күні айыпталушы топ кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Сотта олар өз кінәсін мойындамаған. Дегенмен дәлелдер негізінде олардың кінәсі дәлелденіп, басты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы екеуі 7, 6 жыл жаза алды. Тағы екеуі 8 жылға бас бостандығынан айырылды. t.me/stankznews
Показати все...
Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

🤬 11👍 6 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Журналистердің сұрағына жауап берген Ресей президенті екі ел өте жақын, одақтас қарым-қатынаста екенін айтты. “Өте жақсы, басқаша айта да алмаймыз. Біз өте жақын, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастамыз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарға да қатысты, олар сенімді түрде өсіп келеді. Жыл сайынғы айналым деңгейі де осыны көрсетіп тұр. Біздің өзара әрекеттесуіміздің көптеген бағыты бар. Мен тіпті бәрін тізбектеп айтып та бітпеймін. Бұған энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш саласы да кіреді. Біздің ортақ шекарамыз үлкен. Адамдар да бір-бірімен араласады”, – деді Путин Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктері басшыларымен кездесу барысында сұрақтарға жауап беріп. Оның сөзінше, Ресейдің 76 субъектісі Қазақстанның тиісті аумақтарымен тікелей қарым-қатынаста екенін түсіндірді. “Шынымды айтсам, дау тудыратын және біздің қарым-қатынасымызды қандай да бір жолмен қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын”, – деп түсіндірді Ресей президенті. t.me/stankznews
Показати все...
👍 11👎 2🔥 1🥰 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Енді елде жылдамдықты асырған inDrive пен "Яндекс Go" жүргізушілері жұмыстан шеттетіледі Мұндай шешім көлік министрлігі мен аталған компаниялар арасындағы меморандумнан кейін қабылданып отыр. Алдағы уақытта клиенттердің бағалауы мен пікірі негізінде жылдамдықты шамадан асырғандар жазаланады. Сәйкесінше такси жүргізуші уақытша немесе толығымен тапсырыс қабылдаудан шеттетіледі. t.me/stankznews
Показати все...
👍 6🥴 4👎 2 1
😷Алғаш рет құс тұмауының жаңа түрін жұқтырған адам мерт болды Ер адамдың қайтыс болғанына 2 ай өтсе де, денсаулық сақтау ұйымы бұл туралы енді хабарлап отыр. Ол үй құстарымен немесе өзге де жануарлармен байланыспаған. Вирусты қайдан жұқтырғаны әлі белгісіз. Жалпы A (H5N2) вирусы Мексикадағы үй құстарында тіркелген. "17 сәуірде пациентте қызба, демікпе, іш өту, жүрек айну мен жалпы әлсіздік белгілері байқалды. 24 сәуірде науқас медициналық көмекке жүгінген. Одан соң "Исмаэль Косио Вильегас" ұлттық респираторлық аурулар интститутына жатқызылып, жағдайының асқынуы себепті сол күні қайтыс болған", - делінген хабарламада. t.me/stankznews
Показати все...
😢 3👍 2
🌙Өзбекстанда енді имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға болмайды Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі шектеу қойылатынын аудиохабарлама арқылы таратқан. Осылайша Өзбекстанда діни басқарма имамдардың әлеуметтік желідегі әрекетін қатаң бақылайды. Себебі діни қызметкерлер желідегі сөзі үшін талай мәрте дауға қалған екен. Ал имамдар бұл шешіммен келіспейді. Қазақстанда да осындай шектеу керек деп ойлайсыз ба? t.me/stankznews
Показати все...
Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

👍 19👎 12

👎 1