cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Більше
Рекламні дописи
54 901
Підписники
-4424 години
-2407 днів
+1 67030 днів
Час активного постингу

Триває завантаження даних...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Аналітика публікацій
ДописиПерегляди
Поширення
Динаміка переглядів
01
🏡Сарапшы: Үйді Үкімет салып бергені дұрыс «Үйді салып беру немесе таңдаған тұрғын үйді сатып алып беру. Мемлекет ұсынып отырған осы екі тетік – ең ұтымды шешім», - дейді сарапшылар. Себебі, бәрі бірдей құрылыс жүргізіп, үй сала алмауы мүмкін. Оның үстіне қазір құрылыс материалдарының бағасы да құбылып тұр. «Бұл да ескеруді қажет ететін маңызды мәселе»,-дейді экономист Меруерт Махмұтова. Су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы біржолғы көмек алды. Сондай-ақ баспанасына залал келген 530 отбасының үйін жөндеуге 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.
1 2401Loading...
02
🌊Индер ауданындағы Жайықтың суы көтеріліп келеді Өзге аймақтардан келген 100-ге жуық сарбаз күндіз-түні жағдайды бақылауда ұстап отыр. Су келген жағдайда екі ауылдың тұрғындары Индербор кенті мен Бөдене ауылына көшіріледі. Қазір онда 950 адамға эвакуациялық орын дайын тұр.
1 2722Loading...
03
🏡 Қанат Бозымбаев Ақмола облысында тасқында баспанасыз қалғандарға тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды Вице-премьер Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа осындай міндет жүктеді. Аймақта барлығы 1817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатқызылған. Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.
1 9110Loading...
04
🏡Су тасқыны: 50 670 адам өз үйлеріне оралды Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті. Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан су сорылды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде. @qazaqstantv
2 3360Loading...
05
Қазгидромет: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Абай облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
00Loading...
06
Қазгидромет: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Абай облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
3 1610Loading...
07
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
3 3054Loading...
08
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор. Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы. Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді. Айбынды армиямыз егемендігіміздің кепілі, мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі саналады. Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Қарулы Күштеріміздің мерейі үстем болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
3 3853Loading...
09
Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды күзетіп, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сарбаздарымызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! 📺 «Qazaqstan» телеарнасы 7 мамыр сағат 16:10-да Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған «Сағадат салған жол» деректі фильмін ұсынады.
3 4096Loading...
10
Индер мен Махамбет аудандарында өзен қауіпті деңгейден асты Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге 50-ден астам техника дайын. Екі ауданда 37 эвакуациялық пункт дайындалған. Индер ауданындағы Жарсуат, Қызылжар және Құрылыс ауылдық округтерінде 33 жүкті ана бар. Егер су Жарсуат, Қызылжарға келген жағдайда пациенттер Индер аудандық орталық ауруханасына, ал Құрылыстағы емделушілер Бөдене ауылдық округіндегі ауруханасына орналастырылады. @qazaqstantv
3 6872Loading...
11
🌊Тайпаққа түскен мол су Атырауға ойысты Жайықтың суы шекті деңгей яғни, 8,5 метрден асты. Көзкөрген қариялардың айтуынша, Жайықтың суы 1994 жылы тап осылай арнасына сыймай, асып тасыған. Қазір 30 бұрынғыдан да мол су түсіп жатыр. Ауыл-аймақты тасқын судан аман алып қалу үшін облыстық резервтегі күш құрылымдар жұмылдырылды. Сондай-ақ ауданға Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Орал қаласынан құтқарушылар мен әскерилер көмекке келді.
3 4210Loading...
12
✍️Ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы педагогтер мен ғылыми қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда, белгілі бір ғылыми дәрежесі мен атағы бар педагогтер үшін ай сайын төленетін қосымша ақы мөлшері ұлғайтылды. Мәселен, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) атағы үшін төленетін қосымша ақы 25 АЕК-ті (92 300 теңге) құрайды. Ал ғылым докторы және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін 42 АЕК (155 064 теңге), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты, ғылым докторы дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді. @qazaqstantv
3 2874Loading...
13
25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим күшіне енеді Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кіргеннен бастап 30 күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күн бола алады.
3 4721Loading...
14
Өтемақыны тұрғындардың қолына беру – қателік – Экономист Экономист Айбар Олжайдың сөзінше, бұл сол аумақта инфляция қарқынын арттырып, ақшаның тиімсіз жұмсалуына әкеп соғады. «Менің ойымша азаматтардың өзіне де мемлекеттің үйді салып бергені тиімді. Өйткені олар ақшасын жоғалтпай үйге қол жеткізеді»,-дейді маман. Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы біржолғы көмек алды. Сондай-ақ баспанасына залал келген 530 отбасының үйін жөндеуге 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал үйсіз қалғандардың біршамасы өтемақыны мемлекеттен ақшалай беруді талап етіп отыр. Бірақ, экономистер мен сарапшылар бұған жол беруге болмайтынын айтады.
3 2641Loading...
15
⚡️ Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды
3 0371Loading...
16
Елордадағы №44 орта мектепке Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ батырының ерлігі, өскелең ұрпаққа өнеге, дейді мектеп директоры Ләззат Құлтаева. Салтанатты шараға қаланың білім бөлімінің мамандары мен қала әкімдігі, әскери сала мамандары қатысты.
2 9733Loading...
17
«Нүкенованы қасақана өлтірмедім»: Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты Айыпталушы Бишімбаев марқұм Салтанаттың өліміне әкеп соққан ісі үшін кінәлі екенін мойындады. Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру ниеті болмағанын жеткізді. Келесі сот отырысы 10 мамырға жоспарланды.
3 1774Loading...
18
🎓ҰБТ -2024: Өтініш қабылдау басталды Негізгі ҰБТ-ға өтініш 6-14 мамыр аралығында қабылданады. ҰБТ 16 мамыр – 5 шілде аралығында өтеді. Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде, яғни Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тіркелу уақыты ұзартылады және 6-20 мамыр аралығында, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. ЖОО-ға түсу үшін шекті балл: ▪️«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім салалары үшін кемінде 75 балл; ▪️ «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл; ▪️«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл ; ▪️Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл; ▪️Басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек. @qazaqstantv
3 0086Loading...
19
«Велосипед теуіп жүріп ағашқа соғылған»: Бурабайда 16 жастағы жасөспірім қаза болды Ол демалыс орнына сыныптастарымен бірге Астана қаласынан келгені анықталды. Кейін жалға велосипед алып, серуенге шыққан. Полицейлердің мәліметінше, жасөспірім жардан түсіп келе жатқан кезде рөлге ие бола алмай, қатты екпінмен ағашқа соғылған. Ауыр жарақат салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты. Қазір қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
3 0312Loading...
20
Әзербайжан-Армения келіссөзі 10 мамырда Алматыда өтеді Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. «Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді», - деді А. Смадияров брифингте. @qazaqstantv
2 9220Loading...
21
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетілетінін айтты Ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі 3 миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді. Биылдан бастап «Айбын» орденінің үш дәрежесі даңқты батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың атымен аталатынын еске салып, ұлт перзенттерінің батылдығы мен батырлығы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге болатынына назар аударды. «Қазақстан жер-жаһанға өзін бейбіт ел ретінде танытты. Біз барлық мемлекетпен достық қатынас орнаттық. Кез келген шиеленісті сындарлы диалог арқылы шешу керек деп есептейміз. Бірақ арқаны кеңге салып, қамсыз отыруға болмайды. Қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс. Мықты әскер – елдіктің тірегі», – деді Президент.
3 0831Loading...
22
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты «Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы антқа адал болудың үлгісін көрсетті. Алапат тасқынға төтеп беру үшін 9 мыңнан астам әскери қызметші жұмыла еңбек етті. Мыңнан астам техника жеткізілді. Сын сағатта халқымыздың асыл құндылықтары анық байқалады. Солтүстік Қазақстан облысында апатқа қарсы күрескен 300 сарбаздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Олар күні-түні бөген салып, қаланы қарғын судан құтқаруға атсалысты. Жергілікті тұрғындар бұл сарбаздарға айрықша риза болды, оларды зор құрметпен шығарып салды. Міне, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы», – деді Мемлекет басшысы.
2 8932Loading...
23
Бразилияда алапат су тасқынынан 78 адам қаза тапты Табиғи апаттан Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы 500-ге жуық қаланың 3/1-і зардап шекті. Өңірде мыңдаған адам ассыз, сусыз қалған. 115 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кеткен. Нөсер жауынмен қоса лай көшкіні жүріп, бөгет пен шағын су электр станциясына зақым келген. Қазір су басқан аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
2 9741Loading...
24
Бүгін грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні Әйгілі палуан көзі тірі болғанда 73 жасқа толар еді. Жақсылық Үшкемпіров туралы арнайы жобалар мен деректі фильмдер, спортшының сұхбаттары «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» сақтаулы https://altynqor.com/
3 0471Loading...
25
🌤Мамыр айында Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарында құрғақшылық басталады Қазгидромет мамандары осындай болжам жасап отыр. Сәуірде жауған жауын-шашын мен ауа райы болжамы ескеріліп, құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Іле аудандарында, Қостанай облысының Амангелді ауданы мен Қарағанды облысының Шет ауданында күтіледі. @qazaqstantv
3 0210Loading...
26
Костенко шахтасындағы өрттің алдын алған слесарь марапатталды Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының электр слесарі Айбар Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды. Айбар Қосанов 2 мамыр күні аталған шахтада апаттың алдын алды.
3 2161Loading...
27
❗️ Алматы облысында жер сілкінісі сезілді ҚР ТЖМ Сейсмикалық станциялар желісімен бүгін 09:12-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 км жерде Қырғызстанмен шекара аумағында орналасқан. Алматы облысының Кеген ауылында сезілуі 2 балл болды. ✈️ @qazaqstant
3 1291Loading...
28
Жайықта жылқылар құтқарылды Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылының маңында жылқылар Жайық өзенінде қалып қойған. Құтқарушылар жануарларды қауіпсіз жерге айдап шығарды. Барлығы 65 жылқы, оның ішінде 15 құлын құтқарылды.
3 3611Loading...
29
✍️ Президент Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» АҚ Костенко атындағы шахтаның жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды 💬 @qazaqstantv
6970Loading...
30
💰Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай біржолғы әлеуметтік көмек төленді Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді. Биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ардагерлер 2 млн теңгеден алды. Елімізде ІІ Дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері тұрады. @qazaqstantv
3 4522Loading...
31
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан Елімізде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ауылда қалған әйелдердің, балалардың тылдағы жанкешті еңбегі суреттелетін көркем шығарма аз емес. Шерхан Мұртаза ол жөнінде «Мылтықсыз майдан» деген атпен роман жазған. Соғыс кезіндегі адамдар келбеті, болмысы, мінезі қазақ әдебиетінде қалай көрініс тапқан. Қандай шығармаларда? Қазақ республикасының рөлі туралы тарих не дейді? Тарихшылар мен әдебиетшілер пайымына Данияр Қайыртай шолу жасап көрді. «Апта» бағдарламасы: https://youtu.be/sfG7QaoQGzE
3 7492Loading...
32
Сирия жеріне гуманитарлық көмек тиелген ұшақты аман қондырған әскери ұшқыш Құрманғали Топанов – авиациялық жасақ командирі. Мемлекеттік миссиямен Сирия, Ауғанстан және Түркия елдеріне гуманитарлық көмек жеткізген. Ісіне жауапты командирдің есінде Сирия сапары ерекше қалған. Ұшқыш Сирияға ұшып, әуе навигациясы кенеттен жоғалып кеткен сәтте гуманитарлық көмек тиелген алып ұшақты аман-есен қондырған. «Ылғи оқып, өмір бойы дайындықпен өту керек. Өйткені әр ұшу бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан әр ұшуға бірінші рет ұшайын деп жатқан секілді дайындалу керек», - ҚР Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасақ командирі. «Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTube арнамызда: https://youtu.be/nVZdqsFPM_g
3 3740Loading...
33
Мен әскери ұшқыштардың кәсіби тұрғыдан білікті екенін атап өткім келеді – Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада Ұлттық ұланның жаңа авиабазасы ашылды. Әскер үшін айтулы сәтте Президент Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтады. Қарулы Күштердің жоғарғы бас қолбасшысы БҰҰ аясындағы түрлі халықаралық миссияларға қатысып, жауапты істі атқарып жүрген әскери ұшқыштардың еңбегін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы әскери қалашықтағы кітапхана, мәдениет орталығы мен Даңқ залын аралады. Оған қоса күштік құрылымдардың жаңа авиатехникаларымен танысып, құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. «Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы Qazaqstan TV YouTube арнамызда: https://youtu.be/nVZdqsFPM_g
3 2440Loading...
34
Астанадағы сот отырыстарының 70 пайызы орыс тілінде өтеді Былтыр 2729 қылмыстық іс сотқа түссе, соның тек 700-інде, яғни 26% сот отырысы қазақ тілінде өткен. Ал әкімшілік құқық бұзу бойынша 55 мыңнан астам іс түссе, оның 34%-да мемлекеттік тіл таңдалған. Сот отырысының қай тілде өтетінін сотталушының өзі таңдайды. Жалпы сот отырысы қай тілде өтсе де сотталушы аудармашының көмегіне жүгіне алады. Оған мысал ретінде қазір өтіп жатқан Бишімбаев ісіндегі Байжановты айтуға болады. Бақытжан Байжанов өзінің қазақ тілінде сөйлейтінін айтып аудармашы сұраған. Мәселенің барлығын аударманың шикілігіне болмаса заңгерлерге артып қоюға болмайды. Мемлекеттік тілдің мәртебесі бұл ортақ міндет. Өткен ғасырдың бірінші жартысында Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» деген екен.
4521Loading...
35
Бишімбаев соты: Осы аптада тараптар жарыссөзі басталды Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың сөзі эмоцияға толы болды. Фактілермен де қатар өрбітті. Қазақстанда осындай ашық соттар көбейсе, прокурорларға байланысты стереотиптер өзгерер еді. Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчевтың алқабилерге қаратып айтқан сөзі көптің есінде қалды. «Бишімбаевты бірауыздан кінәлі деп тану арқылы бүкіл Қазақстанды, біздің халықты осындай элитарлық паразиттерден арылтасыздар. Біреуін отырғызып, осы процесті қарап отырған қалғандарға сабақ бересіздер. Ол бостандыққа шықса, қалғандарына 30 жыл істегендерін жалғастыруға мүмкіндік бересіздер»,-деді адвокат. Сотталушының тарабы «қасақана өлтірді» деген бапты өзгертуге күш салып бақты.
3 2961Loading...
36
Солтүстік қазақстанда баспаналарды уақытында тапсыру үшін мердігерлер 2 ауысыммен жұмыс істеп жатыр Өңірдегі «Солнечный 2» кентінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 500 баспана салынады. «Қазақстан халқына» қоры 100 үйдің құрылысын қаржыландырады. Жоспарға сай тағы 100-ін «ҚазақМыс» компаниясы, 300-ін «Каспи банк» салады. Бір үйдің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрайтын болады. Құрылыс жұмыстары қарқын алған кезде жұмысшылардың саны 500-600-ге дейін артады деп күтілуде. Баспаналарды межеленген мерзімде тапсыру үшін мердігерлер екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл үйлер қалалық әкімдікке тапсырылады. Ал қалалық әкімдік тасқын судан зардап шеккен азаматтардың арасында үлестіретін болады. Қазір су кеткен нысандарды бағалау жұмыстары жүріп жатыр.
3 4790Loading...
37
Су тасқыны болған 5 өңірде 34 мердігер компания 398 үй салуға кіріскен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің хабарлауынша, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, СҚО 34 мердігер компания 398 үй салуға кіріскен. Өңірлерде 4556 тұрғын үй тексеріліп, 2845 нысанды бағалау жұмысы жүргізілді. 530 үйді жөндеу басталып, оған 696 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Ал Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы 53 отбасына жаңа үй мен пәтер берілген. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа тұрғын үй құрылысын аяқтау мерзімін бекітті. Мысалы аумағы 80 шаршы метрлік үйді 1,5 айда, ал 160 шаршы метр жартылай жеке үйді 2,5 айда салып бітіреді. Сонымен қатар тасқын салдарынан төрт-түлігінен айырылған азаматтарға 916 млн теңге төленген. Ақтөбе мен БҚО бойынша есеп бар: Ақтөбе облысында 3232 бас, БҚО-да 2399 бас мал өлген.
3 4821Loading...
38
Абай Құнанбайұлының жиені, өлкетанушы, журналист Балтабек Ерсәлімұлы өмірден озды Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Балтабек Ерсәлімов - 86 жасында өмірден өтті. Балтабек Ерсәлімов 1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, «Еңбек  ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарының, «Құрмет» ордені иегері.
3 5910Loading...
39
Қазақстанда ауасы ең таза қала - Орал қаласы «Технократтар талқысы» бағдарламасының кезекті саны ауаның ластану мәселесіне арналады. PhD, қауымдастырылған профессор Қуаныш Тастанбек Қазақстандағы ең лас қалаларды атап өтті. Әлемдік ең лас 100 қаланың тізіміне Алматы, Астана, Өскемен мен Қарағанды қалалары енген. Толық нұсқа: https://youtu.be/tVNZjUDbnsw?si=wVHTr8Wvg2cO-1SQ
4 1314Loading...
40
Астана және Павлодар қалаларында ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматын ұсталды Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдікке ілінуде. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Ал күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
3 8940Loading...
01:06
Відео недоступнеДивитись в Telegram
🏡Сарапшы: Үйді Үкімет салып бергені дұрыс
«Үйді салып беру немесе таңдаған тұрғын үйді сатып алып беру. Мемлекет ұсынып отырған осы екі тетік – ең ұтымды шешім», - дейді сарапшылар. Себебі, бәрі бірдей құрылыс жүргізіп, үй сала алмауы мүмкін. Оның үстіне қазір құрылыс материалдарының бағасы да құбылып тұр. «Бұл да ескеруді қажет ететін маңызды мәселе»,-дейді экономист Меруерт Махмұтова.
Су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы біржолғы көмек алды. Сондай-ақ баспанасына залал келген 530 отбасының үйін жөндеуге 700 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Показати все...
6👍 1🫡 1
02:26
Відео недоступнеДивитись в Telegram
🌊Индер ауданындағы Жайықтың суы көтеріліп келеді Өзге аймақтардан келген 100-ге жуық сарбаз күндіз-түні жағдайды бақылауда ұстап отыр. Су келген жағдайда екі ауылдың тұрғындары Индербор кенті мен Бөдене ауылына көшіріледі. Қазір онда 950 адамға эвакуациялық орын дайын тұр.
Показати все...
😱 3😐 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🏡 Қанат Бозымбаев Ақмола облысында тасқында баспанасыз қалғандарға тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды Вице-премьер Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа осындай міндет жүктеді. Аймақта барлығы 1817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатқызылған. Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.
Показати все...
👍 9🙏 2 1
🏡Су тасқыны: 50 670 адам өз үйлеріне оралды Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті. Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан су сорылды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде. @qazaqstantv
Показати все...
👍 7🙏 7 1
Қазгидромет: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Абай облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қазгидромет: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Абай облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Показати все...
👍 5🙏 3 2🤷‍♂ 1
00:41
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Показати все...
19👍 11🫡 3❤‍🔥 1🙏 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор. Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы. Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді. Айбынды армиямыз егемендігіміздің кепілі, мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі саналады. Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Қарулы Күштеріміздің мерейі үстем болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Показати все...
👍 21 2🤷‍♂ 1🙏 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды күзетіп, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сарбаздарымызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! 📺 «Qazaqstan» телеарнасы 7 мамыр сағат 16:10-да Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған «Сағадат салған жол» деректі фильмін ұсынады.
Показати все...
19👍 11🕊 5❤‍🔥 1
01:41
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Индер мен Махамбет аудандарында өзен қауіпті деңгейден асты Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге 50-ден астам техника дайын. Екі ауданда 37 эвакуациялық пункт дайындалған. Индер ауданындағы Жарсуат, Қызылжар және Құрылыс ауылдық округтерінде 33 жүкті ана бар. Егер су Жарсуат, Қызылжарға келген жағдайда пациенттер Индер аудандық орталық ауруханасына, ал Құрылыстағы емделушілер Бөдене ауылдық округіндегі ауруханасына орналастырылады. @qazaqstantv
Показати все...
😢 5👍 4 1