cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

🌴 AJWA TRAVEL | УМРА • ҚАЖЫЛЫҚ

🕋 РАМАЗАН УМРАСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ! Толық ақпарат: +7 777 439 10 12

Більше
Країна не вказанаМова не вказанаКатегорія не вказана
Рекламні дописи
872
Підписники
Немає даних24 години
Немає даних7 днів
Немає даних30 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
🕋 РАМАЗАН УМРА 2022 Ajwa Travel компаниясы #COMFORT_Пакет арқылы Рамазан Умрасын жасауға шақырады! ❓COMFORT ПАКЕТ-ке не кіреді? 🛫 14 күндік Умра сапары 😇 11 күн Мекке, 3 күн Мәдина 🍛 Екі мезгіл тамақ (сәресі, ауызашар) 🏫 Екі Харам мешітіне жақын жайлы қонақ үйлер 📜 Бір жылдық мультивиза 🌡 ПЦР тест (вакцина) 📱Қажыларға арналған арнайы сим-карта 👕 Униформа (сөмке, жилет) 📕 Умра кітапшасы (лайфхақтар) 💡Білікті гид, трансфер 🛤 Қасиетті жерлер мен тарихи-мәдени орындарға экскурсия 🕋 Алғашқы ораза мен тарауих намазын Қағбада өтеу мүмкіндігі 🎁 Сыйлыққа 5 л зәмзәм мен Пайғамбар ﷺ мақтаған әжуа құрмасы беріледі. Қажыларға Олжас Ханафин @olzhas_hanafin ұстаз жетекшілік етіп, қасиетті мекенге бастап барады. 📞 Толық ақпарат: +7 777 439 10 12 (тел/whatsapp)
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🕋 Рамазан Умрасы Олжас Ханафин ұстазбен бірге! AJWA TRAVEL компаниясы Сіздерді берекелі айды берекелі мекенде өткізуге шақырады! Сауабы үлкен қажылыққа парапар құлшылық сапарына Олжас Ханафин ұстаз @olzhas_hanafin жетекшілік етеді. Рамазан айының алғашқы онкүндігін Мекке Мұхаррамда өткізіп, қасиетті Қағбаның жанында тарауих намазын оқығыңыз келсе, бізге хабарласыңыз! 📞 Толық ақпарат: +7 777 439 1012 @ajwa_travel
Показати все...
Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты барлық мешіттер жұмыс жасамайды, көпшілікпен орындалатын құлшылықтар шектеледі деп хабарлайды 24 Хабар агенттігі. @islampress_kz
Показати все...
IMG_7327.MP43.53 MB
🕌 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ UFC ФАЙТЕРІ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ Әлеуметтік желіде UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Сергей Морозовтың кәлима шәһәдат айтып, ислам дінін қабылдап жатқан видеосы тарады. Видеоға қарасақ, бұл оқиға шетелдегі мешіттердің бірінде болғанға ұқсайды. Файтердің бұл қадамын отандастарымыз зор ықыласпен қабылдауда. ✅ @ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары #ислам 📌 Каналға жазылуды ұмытпаңыздар
Показати все...
🕋СПУТНИК V АЛҒАН МҰСЫЛМАНДАР ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРА АЛАДЫ. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Саудия Арабиясы Спутник V вакцинасын алған 102 ел туристерін қажылық сапарына келуге рұқсат етті. Бұл туралы "Ресей тікелей инвестициялау қоры" мәлімдеп, аталмыш келісім Саудиялық денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып жасалғанын айтты. Естеріңізде болса, жалған 143 вакцина паспортын жасатып қажылыққа апармақшы болған компанияның әшкереленгенін жазған едік. Сондай-ақ, Саудияда жалған вакцина жасатқандарға 2000 доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. @ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары #қажылық 📌 Каналға жазылуды ұмытпаңыздар
Показати все...
ЖАЛҒАН ЕКПЕ САЛҒАН ҚАЖЫЛАР 2 МЫҢ ДОЛЛАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы кіші қажылыққа қойылатын талаптар күшейтілгенін мәлімдеді» дейді ktk.kz арнасы. Қасиетті Меккеге баратын қазақстандықтар Сауд Арабиясы аумағына кіруге жарамды деп бекіткен вакцинаны ғана салдыруы керек. Араб елі мақұлдаған 4 препараттан бізде тек Pfizer вакцинасы бар. Діни басқарма қасиетті Мекке мен Мединаға барып бес парыздың бірін орындағысы келетін отандастарымызға аталмыш америкалық екпенің екі компонентін ақылы түрде алуға шақырады. Ұмра қажылығына баруға бір ай бұрын рұқсат берілген. Осы уақыт аралығында мұсылман парызын өтеуге аттанған отандастарымыз жетерлік. Елімізде кіші қажылықты өтеймін деушілер әлі де көп. Бірақ олар санитарлық талапты қатаң сақтауға тиіс. Мүфтият жалған екпе құжатын жасап алғандар 2 мың 667 доллар айыппұл төлейтінін ескертіп отыр. Дәрігерлердің кеңесімен Pfizer вакцинасын қабылдаған кез келген азамат сенімді деп табылған қажылық компанияларының бірімен заңды жолмен ұмра қажылығын атқарып қайтуына болады. Еске салсақ, жаз айында қажылықпен айналысушы турситік компаниялардың бірі 143 жалған вакцина паспортын жасағаны үшін айыпталған болатын. ✅ @ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары 📌 Каналға жазылуды ұмытпаңыздар
Показати все...
Түркиялық БАҚ: Фетхулла Гүлен қайтыс болды Кеше түнде түркиялық ақпарат көздері АҚШ-та тұрып жатқан Фетхулла Гүленнің уланып, қайтыс болғаны туралы жаңалықты тарата бастады. Оппазициялық Oda Tv порталының айтуынша, Гүлен Пенсельваниядағы өз үйінде сәрсенбі күні түнде уланып мерт болған. Сондай-ақ, айналасындағылардың бірі де ажал құшқан. Әзірге түрік билігі ресми түрде бұл ақпаратты растамады. Риа Новости басылымы Вашингтондағы Anadolu түрік агенттігінің төрағасы Хакан Джопурға сілтеме жасап, полицияның Гүленнің өліміне қатысты ақпаратты зерттеп жатқанын, әзірге қандай да бір мәлімдеме жасамағанын айтты. Түркия елінде Фетхулла Гүлен жетекшілік ететін ФЕТО ұйымы экстремистік танылған. 2016 жылы шілде айындаға төңкеріс Гүленнің жетекшілігімен жүзеге асты деп айыпталған болатын. ✅ @ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары 📌 Каналға жазылуды ұмытпаңыздар
Показати все...
“НҰР-АСТАНА” МЕШІТІНІҢ АТАУЫ АУЫСАДЫ Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс Төралқа мәжілісі өтті. Жиында негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінен келіп түскен ұсыныс. Төралқа мәжілісінде елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінің ұсынысы талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталмақ. ✅ @ISLAMPRESS_kz | Ислам әлемі жаңалықтары 📌 Каналға жазылуды ұмытпаңыздар
Показати все...
Оберіть інший тариф

На вашому тарифі доступна аналітика тільки для 5 каналів. Щоб отримати більше — оберіть інший тариф.