cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Kartahana

@kartahana инстаграмда да

Більше
Рекламні дописи
212
Підписники
Немає даних24 години
Немає даних7 днів
Немає даних30 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Өзге тілдердегі Наурыз 🌸 сөзі Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. Наурызды көбіне түркі мен парсы тілінде сөйлейтін халықтар тойлайды. Атап өтсек, Орталық Азия (🇰🇿🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇺🇿); 🇦🇫 Ауғанстан, 🇮🇷 Иран, 🇹🇷 Түркия, 🇦🇿 Қапқас халықтары және 🇸🇾 Сирия мен 🇮🇶 Иракта тұратын күрт халқы. Әз Наурыз құтты болсын! Жаңа жыл жаңа бақыт, көбірек табыс әкелсін!
Показати все...
Өңіріңіздің ең биік жерін білесіз бе? Мысалға Маңғыстау облысының ең биік жері Бесшоқы деген теңіз деңгейінен 556 метр биіктіктегі жер. ⛰️ Алматы облысының ең биік жері Хан Тәңірі шыңы. Биіктігі 6996 метр. Бұл Алматы облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның ең биік нүктесі саналады. Еліміздің ең биік үш шыңы да осы Алматы облысында орналасқан. Екіншісі Талғар шыңы (5017 м) болса, үшіншісі Ақтау шыңы (4640 м). 🏔️ ШҚО-ның ең биік шыңы Мұзтаудың (🇷🇺 Белуха) биіктігі 4506 м. Бұл еліміздің ең биік төртінші шыңы.
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Ресей өңірлеріндегі қазақ саны 2021 жылы өткен халық санағының нәтижесіне сәйкес Ресейде 591 970 қазақ бар. 2010 жылғысында қазақ саны 647 732 болған. Ескере өтетін бір жайт. 2021 жылғы халық санағы коронавирус пандемиясы кезінде өткен болатын. Осы себепті халық санағы кезіндегі дұрыс-бұрыстыққа қатысты ресей қоғамдастығында түрлі пікірлер бар. 2021 жылы Ресейдің халық саны 147 миллионға жеткен. 2010 жылы 142 миллион болған. Дереккөз: РФ 2021 халық санағы
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қазақстандағы жылу электр стансаларының 76%-ына 50 жылдан асып кеткен Министірліктің 37 стансаға жасаған сараптамасына сәйкес 19 стансаның күйі қызыл деңгейде, 11 станса сары деңгейде, және 7 станса жасыл деңгейде.
Показати все...
1991-2022 жылдар аралығында елге 1 103 511 қандас оралған Қандастар ең көп Алматы облысына қоныстанған. Яғни мұнда 309 651 (28%), Түркістан облысына 217 760 (19,7%), Жамбыл облысына 162 700 (14,8%) және Маңғыстау облысына 162 700 адам (14,8%) қоныстанған. Қандастардың ең сирек қоныстанған өңірлер қатарында Қостанай облысы (3 633 адам); БҚО (4 008 адам); және Шымкент қаласы (4 886 адам) Дереккөз: Көші-қон комитеті Қандастар тоқсаныншы жылдары жылына 30-40 мыңдап көшіп келетін, соңғы жылдары көшіп келушілердің саны 15-20 мың аралығында. Яғни бәсеңдеп қалды. Қандастардың көшін қайта жандандыру үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?
Показати все...
Қазақстанда ең көп ізделген категориялар Бұл жайында тағатсыздана күткендеріңізді білеміз. Осы себептен, көп созбай әңгіме барысына кеттік 🤭 🤖 Алдымен ерекше екі өңір туралы. Ақтөбе тұрғындары шынайы адамдардан гөрі, Хентайды көргенді жөн көреді. Қостанайлықтар үш адаммен қызығырақ дейді ау. 👩🏿‍🦳 Қазағы ең көп Қызылорда мен қазағы ең аз СҚОны не байланыстыруы мүмкін? Көрермендердің талғамы! Павлодар мен ШҚО тұрғындары сары қыздарды жақсы көреді екен. 👀 Оңтүстік қазақтары жастарға қарайды, батыстағылар үлкендерге қарайды. Әркімде әртүрлі талғам! 🙌 Сарыарқаның кеееең даласын көріп өскен Қарағанды мен Абай өңірлерінің тұрғындары кееең құшаққа бөленгенді ұнататын сияқты осы. ✋ Қолынан домбыра түспеген талай ақындардың кіндік қаны тамған БҚО мен Ақмола өңірлерінің тумалары қолмен жұмыс істегенге көп көңіл бөледі екен. Ал Жетісудың тұрғындары “қыздар ғана болса, қарайм!” дейтін көрінеді.
Показати все...
Елдегі қазақ үлесі биыл 70,83% құрады. Өңірлердің барлығында дерлік қазақ үлесі өскен. СҚО қазақ үлесі кеміген жалғыз өңір. Неге десеңіз, өңірдегі қазақ ауылдарына көрші облыстың орталығы Көкшетау қаласы жақынырақ. Ауыл тұрғындары көшерде Көкшетауды жөн көреді. Осы себептен де, өңірде қазақ үлесі кемуде. Басқа өңірлерде жағдай сол қалпы. Орыс ұлтының өкілдері көптеп көшіп кетіп жатқан ШҚО өңірі қазақ үлесі артудан әлі де алда келеді. Жыл санап, өңірдегі қазақ үлесі 1-1,5% аралығында артуда. Жағдай сол қалпы жалғасса өңірдегі қазақ үлесі алдағы 20-25 жылда толықтай басымдыққа ие болады. Астана, Алматы мен Шымкент қалалары да қазақтануда. Соңғы жылдары елордамыз Астананың қазақтануы бәсеңдей бастады. Қаладағы қазақ үлесі 90% деңгейіне 2030 жылдан ерте жетпейтін көрінеді. Оңтүстік өңірлерде қазақтан бөлек өзбек, тәжік, дүңген, ұйғыр, түрік сынды халықтардың да туу көрсеткіші жоғары. Осы себептен батыс өңірлері оңтүстік өңірлеріне қарағанда тезірек қазақтанады.
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
- сен осы қайда тұрасың? - АҚШ-та, сен ше? - США-да ғо со
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Шежіреге сәйкес рулардың көптеп шоғырланған өңірлері Соңғы екі ғасырда орын алған оқиғаларға байланысты, ғасырлар бойы ата-баба жерін мекен етіп келген рулардың шоғырлануы азды-көпті өзгерсе керек. Әсіресе ауылды аймақтан ірі қалаларға көшу нәтижесінде, қазіргі таңда ірі қалаларда, облыс орталықтарында рулар араласып тұруы ықтимал. Бұл картада рулардың дәстүрлі мекені көрсетілген, яғни шежіреге ғана негізделген, рулардың шоғырлануында кейбір өзгешеліктер болуы мүмкін. Қай рудан боласыз? Тұрып жатқан/туған өңіріңізбен сәйкес келді ме? төменге жаза кетіңіз
Показати все...
Қазақстан қалалары қаншалықты биік орналасқан? Еліміздің батысы мен солтүстігі аласа боп келетіні мәлім. Осы себептен де еліміздің ең төмен орналасқан қалалары осы аймақтарда. 🏝 Мәселен, Ақтау қаласының орталығы -8 метр биіктікте орналасқан. Ал Атырау қаласының орталығы -20 метр биіктікте. Яғни теңіз деңгейінен төмен. Орал қаласы да қатты биік емес. Небәрі 35 метр. 🏔 Шығыс пен оңтүстікке бойлай берген сайын жер бедері биіктей береді. Алматы, Талдықорған, Тараз қалалары еліміздегі ең биік қалалар. 🍎 Алматы қаласының орталығы 785 метр, ал Көктөбе 1100 метр, Медеу болса тіптен 1691 метр биіктікте орналасқан. Осы себептен Алматы еліміздегі ең биік қала саналады. Дереккөз: Уикипедия Өміріңізде болып көрген ең биік жер қай жер болып еді? Қанша метр еді?
Показати все...