cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

BAQ.kz

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Більше
Рекламні дописи
2 515
Підписники
+224 години
Немає даних7 днів
+2430 днів
Час активного постингу

Триває завантаження даних...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Аналітика публікацій
ДописиПерегляди
Поширення
Динаміка переглядів
01
БҚО-да қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында өрт шықты https://baq.kz/bqo-da-qatty-turmystyq-qaldyqtar-poligondarynda-ort-shyqty-333018/
260Loading...
02
Алматы әуежайының қызметкерлері 50-ден астам телефон ұрлаған https://baq.kz/almaty-auezhayynyn-qyzmetkerleri-50-den-astam-telefon-urlagan-333016/
410Loading...
03
"Президенттік құлақтандыру" дабыл белгісі: Алматы әкімдігі түсініктеме берді https://baq.kz/prezidenttik-qulaqtandyru-dabyl-belgisi-almaty-akimdigi-tusinikteme-berdi-333015/
830Loading...
04
Гір көтеруден Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар 34 алтын жеңіп алды https://baq.kz/gir-koteruden-aziya-chempionaty-qazaqstandyq-sportshylar-34-altyn-zhenip-aldy-333014/
1000Loading...
05
1 маусымға арналған ауа райы болжамы қандай? https://baq.kz/1-mausymga-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy-qanday-333013/
1200Loading...
06
📹 Қазақ тілді блогерлер енді "пайдалы" бола бастады... Ал сіз қандай блогерларды көресіз?🤔 "Әдемі" подкасттың бұл шығарылымында қонақтарымыз әлеуметтік желілердің ережесі мен ерекшелігін айтады. Қай платформада қандай табыс табуға болатынын, қандай қателіктер жібермеу керегін үйретеді. @baq_kz
1610Loading...
07
⚡️Шара соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертфикаттарын табыстады Пәтер сертификаттарына мына жас ғалымдар ие болды: 1. Абилдина Айназ Қайратқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры; 2. Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы – Халықаралық білім беру корпорациясының жалпы құрылыс факультетінің деканы; 3. Әлия Темірхан – Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері; 4. Құрманов Ерғали Бержігітұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті; 5. Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зертхана меңгерушісі; 6. Омарова Жансая Бағдатқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы; 7. Бакранов Нұрлан Болатұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының бас қызметкері; 8. Құлтаева Шынар Мәлікқызы – Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры; 9. Байжұма Сәмет – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы. 10. Әділхан Бауыржан Нүкербекұлы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі. @baq_kz
1490Loading...
08
⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті Кездесуде не айтылды? Қысқаша👆 @baq_kz
1380Loading...
09
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді. Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады». @baq_kz
1010Loading...
10
⚡️Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді «Қазір қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Бұл агрессия мен қатыгездіктің кез келген түріне төзбейтінін көрсетіп келе жатқан біздің қоғамның құндылықтар жүйесіндегі оң өзгерістерді білдіреді. Мен Президент қызметіне кіріскен алғашқы күндерден бастап әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға баса мән беремін. Біз бұл бағытта заңнамалық және институционалдық шараларды дәйекті түрде қабылдап келеміз. 2022 жылдың қыркүйек айындағы Жолдауымда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілікті күшейтуді тапсырдым. Әрине, жұртшылықтың бәрі бірдей емес, дегенмен құқық қорғау органдарының өкілдері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық әрекет деп тануды жақтағанын мойындауымыз керек. Сол кезде бұл бағыттағы негізгі нормалар мен бастамалардың жұмыс істеп тұрғаны және кейбір мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамның консервативті бөлігі бұл заңға қарсы болады деген пікір айтылды. Бірақ мен мұндай тағылық әрекетпен құқықтық, әсіресе заңнамалық тұрғыда күресті күшейту керек екенін қадап айттым. Өздеріңізге мәлім, биыл сәуір айында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Заңға қол қойдым. Екі аптадан кейін бұл толықтырулар күшіне енеді. Жаңа нормалар біздің қоғамды жаңғыртуға, отбасы институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Өйткені әйелдер мен балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға мүлдем қайшы келмейді, керісінше оларды күшейтуге ықпал етеді. Ана ұлтты тәрбиелейді. Әйелді құрметтей білетін қоғам шын мәнінде өркениетті, мәдениетті қоғам болмақ. Әрине, бір Заңмен барлық мәселе шешілмейтіні анық. Ең бастысы, өзгерісті әркім өзінен бастауы керек. Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру осындай қарапайым дүниеден басталады». @baq_kz
940Loading...
11
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында жол салу және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстарды бастауды тапсырдым. Ол кемінде 12 мың шақырым автожолды қамтиды. Автокөлік жолдары – елдің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің күре тамыры. Негізгі қалаларымыз бен аймақтарымыздың арасын сапалы жолдармен жалғау маңызды. Тағы да қайталап айтамын – сапалы жолдармен. Ашығын айтсақ, жолдардың сапасы сын көтермейді әрі бұл мәселе жиі көтеріледі. Жол сапасының нашарлығына қатысты халықтың наразылығы орынды. Оның себебі көп. Ең бастысы, саланы жемқорлық жайлаған. Үкімет пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жол құрылысындағы сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде тапсырма берілді. Мемлекет бөлетін қаржының барлығы талан-таражға түспей, тек қана құрылысқа жұмсалуы керек. Бұл қазір басым міндет. Мәселен, Қызылорда – Жезқазған автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмысы бірқатар аймақтың, оның ішінде, жаңадан құрылған Ұлытау облысының дамуына тың серпін беруі керек еді. Бірақ жөндеу жұмыстары өте нашар жүргізілген. Халық ондаған жылдан бері жолдың жақсарғанын күтіп отыр. @baq_kz
1150Loading...
12
⚡️Президент: «Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытуда мол әлеуетке ие әрі аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алады. Бірақ, өкінішке қарай, бұл – алға қойылған мұрат қана. Ол үшін көп жұмыс істеу керек. Ауыл шаруашылығындағы барлық мүмкіндікті іске асыру мақсатында еңбек өнімділігін едәуір арттыру қажет. Сондықтан аграрлық ғылымды дамытудың, агроөнеркәсіп кешеніне заманауи технологияларды енгізудің мәні зор. Ғалымдарымыз малдың тұқымын асылдандырумен айналысып, климатымызға бейімделген, мол өнім беретін әрі қуаңшылыққа төзімді өсімдік сұрыптарын шығарып жатыр. Бұл жұмысты барынша күшейту қажет. Еліміздің орасан зор көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалану керек. Транскаспий халықаралық көлік бағыты әлемдік саудада мол мүмкіндіктерге жол ашады. 2027 жылға қарай осы дәліз арқылы жүк тасымалдау көлемін жылына 10 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Еліміздің Еуразиядағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін нығайту үшін автокөлік, әуе және теміржол тасымалын дамытқан жөн». @baq_kz
1150Loading...
13
⚡️Президент: «Сонымен қатар Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті. Алайда ол үшін біз экономиканы терең трансформациялауымыз керек. Бұл күрделі үдеріс зор сын-қатермен қатар жүреді. Таяу болашақта еліміз электр энергиясының тапшылығын айтарлықтай сезінуі мүмкін. Аталған мәселе жағдайды ушықтыра түседі. Кейбір болжамдар бойынша нақты шешімдер қабылданбаса, 2030 жылға қарай энергия қуатының тапшылығы алты гигаватқа жетеді. Бұл экономикамыздың даму қарқынын едәуір бәсеңдетіп, тұрғын үй-коммуналдық саласын дағдарысқа әкеп соқтырады. Ол халқымыздың тұрмысына кері әсер етеді. Проблеманы шешудің бір жолы атом энергетикасы болуы мүмкін. Энергетикалық сектор өкілдері осы амалды бір ауыздан қолдайды. Қазақстан табиғи уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Біз ядролық отынның компоненттерін өз елімізде өндіреміз. Бұл – бәсекелестіктегі біздің басты артықшылығымыз. Оны пайдалана білуіміз қажет. Аталған мәселені қоғамда және кәсіби ортада кең ауқымда әрі жан-жақты талқылау керек. Бірақ популизм мен дау-дамайға жол беруге болмайды. Ғылыми қоғамдастық бұған қомақты үлес қосып, объективті және прагматикалық қағидаттарға негізделген салмақты пікір айтады деп ойлаймын. Ядролық энергетиканы құруға қатысты соңғы шешімді халық жалпыұлттық референдум арқылы қабылдайды». @baq_kz
1130Loading...
14
⚡️Мемлекет басшысы: «Кезінде Шоқан, Абай, Әлихан, Ахмет, Қаныш сияқты арыстарымыз зиялылығымен талайды таңғалдырған. Өзге жұрттың қазақ туралы пікірі осындай тұлғаларымыз арқылы қалыптасқан. Қазір де өзінің білімі, өнері арқылы әлемді мойындатып жүрген жастарымыз аз емес. Олар кез келген тілді тез меңгеріп алады. Қандай ортаға да жылдам бейімделеді. Бізді әлем елдері көзі ашық, көкірегі ояу халық ретінде таниды. Білімпаздық, еңбекқорлық, алғырлық пен жасампаздық – қанымызға сіңген қасиет. Осы қасиеттерімізді әрдайым тиімді пайдалана білуіміз керек. Біз қазіргі заманғы технологияны меңгерген жас ғалымдарға зор үміт артамыз. Жастардың ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасап жатырмыз. Биыл Ұлттық ғылым академиясының жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Бұл кеңес талапты жастардың басын қосып, ғылым жолына жұмылдырады деп сенемін. Шәкәрім «Жас көңілде жарық бар» деп айтқан. Жастарымыз жасампаз және жаңашыл болуы керек. Жастық шақ – уақытты босқа өткізетін емес, ел үшін табанды қызмет ететін кез. Академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы – осының жарқын мысалы. Ғұлама ғалым небәрі 25 жасында «Алгебра» оқулығын жазуға кіріскен. Ал 30 жас шамасында Жезқазғандағы кен орнын ашқан. Жас ғалымдарымыз туған еліне пайдасы тиетін жұмыспен айналысқаны жөн. Ұрпақтың білімді, отаншыл, мемлекетшіл болуы маңызды. Жастарымыз Адал азамат болуы керек. Еліне, өз ісіне адал азаматтар ғана Қазақстанды көркейте алады». @baq_kz
960Loading...
15
⚡️Президент: «Теңгерімді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізе отырып, барлық мүдделі мемлекетпен теңқұқықты және өзара тиімді қатынас орнатамыз. Біз серіктестікке баса мән береміз. Арамызды ажыратып, сенімге сызат түсіретін қабырға тұрғызу үшін емес, ынтымақтастық пен өзара түсіністікке бастайтын көпір салу мақсатында жүйелі жұмыс істейміз. Алайда қазіргі уақытта жанжалдар мен соғыс өрті басылмай тұрған аймақтарда мұндай сындарлы саясат жүргізу өте ауыр. Ол үшін табандылық пен сабырлық керек. Дипломатия мен диалог жолын ұстана отырып, біз үйлесімді әрі әділетті халықаралық құрылым құруды жақтаймыз. Біз ел ішінде жан-жақты реформаларды жүзеге асырып жатырмыз. Сондай-ақ қандай да бір саяси жағдайдың ығына жығылмай немесе бөтен пікірлерге ермей, ұлттық мүддемізді көздейтін теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Мемлекет басшысы ретінде, мен үшін Тәуелсіздік құндылықтарын сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру және елімізді қарқынды дамыту – басты міндет. Мен әрдайым осы негізгі қағидатқа баса мән беремін. Бес жыл ішінде біз саясат пен экономикадан бастап, мәдениет пен білім беру ісіне дейінгі барлық маңызды салалар бойынша ауқымды әрі институционалды өзгерістерді жүзеге асыра алдық. Ең бастысы, біз халықтың бойындағы шынайы өзгерістерге деген сенімді ояттық. Біз өз бағытымыздан қайтпаймыз. Қолға алған реформалардың бәрін жоспарлы түрде іске асыра береміз». @baq_kz
1000Loading...
16
⚡️Мемлекет басшысы: «Өздеріңізге мәлім, ғылымға бөлінетін қаржы ұдайы артып келеді. Білікті кадрлар әзірлеуге арналған грант саны соңғы жылдары бір жарым есе көбейді. Қазақстанда әлемнің беделді 12 жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істеп тұр. Көп ұзамай тағы бірнешеуі ашылады. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын университеттер көбеюде. Технология парктері және инжиниринг орталықтары ашылып жатыр. Жыл сайын 500 ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді. Министрлік жас ғалымдарға мыңдаған грант бөліп жатыр. Мұның бәрі ғылымды дамытуға оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Мен шетелге сапарларым кезінде ғалымдармен жиі кездесемін. Оларды қазақ ғалымдарымен тығыз байланыс орнатуға шақырамын. Өткен аптада сингапурлық ғалымдармен және ондағы жоғары оқу орындарының ректорларымен арнайы жүздестім. Енді Сингапурда ғылыми кадрларымызды оқытатын болдық. Жалпы, Сингапур сияқты экономикасы озық елдерден көп нәрсе үйренуге болады. Постиндустриалды дәуірде әлемге ашық болу және инновацияға ұмтылу кез келген елдің табысқа жетуі үшін аса маңызды фактор саналады. Сондықтан үздік халықаралық тәжірибені мұқият зерттейміз және одан үлгі аламыз. Озық технологиялар мен идеяларды енгіземіз». @baq_kz
930Loading...
17
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек. Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс. Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек. Бір сөзбен, ғылыми әлеуетімізді арттыру қажет. Жалпы, осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бірқатар нақты тапсырма бердім. Барлық мәселе менің тікелей бақылауымда. Қазір «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Кеше Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл – өте маңызды әрі көптен күткен құжат. Ғылымды басқару жүйесін жетілдіру керек. Ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де өте маңызды. Сондықтан Заңда ғылыми қауымдастықтың мүддесі барынша ескерілетін болады». @baq_kz
950Loading...
18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті «Бүгін Сіздермен Ғылым ордасында жиналып отырмыз. Қуаныштымын. Бұл – қазақ ғылымының қара шаңырағы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, соңғы кездері бұл ғимарат әбден тозып кетті. Сондықтан мен осыдан екі жыл бұрын бұл жерде күрделі жөндеу жүргізу жөнінде нақты тапсырма бердім. Содан бері біраз шаруа атқарылды. Іші де, сырты да заман талабына сай жаңғыртылды. Ең бастысы, ғимараттың тарихи келбеті сақталды. Жыл соңына дейін бұл жұмыс толық аяқталады, абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Жаңарған Ғылым ордасы бүгінгі және болашақ ғалымдар үшін қызмет ете береді. Жалпы, осы жерде халқымыздың көптеген көрнекті ғалымдары еңбек еткен. Ғылым ордасында есімі ел тарихына жазылған біртуар тұлғаларымыздың ізі қалған. Сондай ұлт перзенттерінің бірі әрі бірегейі – академик Қаныш Сәтбаев. Биыл ғалымның туғанына 125 жыл толды. Академик Қаныш Сәтбаев елімізді өркендетуге орасан зор үлес қосты. «Ғалымның хаты өлмейді» деген. Халқымыз әлі күнге дейін оның ашқан жаңалықтарының игілігін көріп отыр. Қазір – ғылым мен білімнің заманы. Отанымызды көркейтеміз десек, ең алдымен, осы екі саланы дамытуымыз керек. Бұдан басқа жол жоқ». @baq_kz
1050Loading...
19
🌤 Алдағы тәулікте күн жылынады Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 1-3 маусымға ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 17-27 жылыға дейін, ал еліміздің оңтүстігінде 27-35 жылыға дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі. @baq_kz
1230Loading...
20
🔴 Алматыда жас жігітті соққыға жыққан қыздар кешірім сұрады Үш жасөспірімнің әлеуметтік желілерде кешірім сұраған бейнеролигі тарады. Марат, сенен шын жүректен кешірім сұрағымыз келеді. Сенің ата-анаңның алдында кешірім сұраймыз. Сұмдық әрекеттерімізді кешірсеңіздер, – дейді жасөспірімдер. Аталған жағдайға байланысты Алматы полициясы олардың үстінен іс қозғалғанын хабарлаған. @baq_kz
3730Loading...
21
Мемлекет басшысы «Жол ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС директоры Бағдат Телтаевты қабылдады 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол құрылысы және жол жабындылары механикасын зерттеуші ғалым Бағдат Телтаевпен кездесті. 🟦Жүздесуде Алматы қаласындағы және еліміздегі жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары, инновациялық технологияларды енгізу және аталған салаға маман даярлау мәселелері талқыланды. 🟦Мемлекет басшысына қалалардың қарқынды дамуына байланысты туындаған, көлік инфрақұрылымына айтарлықтай салмақ түсіретін басты проблемалар мен сын-қатерлер туралы мәлімет беріліп, оларды шешу жолдары жөнінде баяндалды. 🟦Атап айтқанда, Бағдат Телтаев жол құрылысына құрамында полимер қосындылары бар асфальтбетон қолдану тәжірибесінің сәтті өткенін жеткізді. Жүргізілген сынақ нәтижесінде аталған технология жолдың ойылуына және жарықшақтардың пайда болуына, сондай-ақ тағы да басқа климаттық әсерлерге төзімді екені анықталды. 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Бағдат Телтаевқа ризашылығын білдіріп, жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін ғылыми зерттеулерді жалғастырудың және жол құрылысына озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне назар аударды. Айтылған ұсыныстар негізінде Үкіметке және салалық министрлікке тиісті тапсырмалар беріледі. @baq_kz
1560Loading...
22
Мемлекет басшысы эколог, ECO Network жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджановты қабылдады ✅Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған орта проблемаларын шешу ісіне азаматтарды, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті кеңінен тарту мәселелері талқыланды. ✅Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Мұхамеджановтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ECO Network жобасын оң бағалады. Мемлекет басшысы, ең алдымен, адамның мәдениетін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыруды, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды бөлек сұрыптау және қайта өңдеуді көздейтін «Экохаб», «Жасыл кеңсе», «Жасыл мектеп» бағыттары экомәдениетті дәріптеудің тиімді тетігі ретінде жаппай таратуға лайық тәжірибе екенін атап өтті. ▪️Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, қазірдің өзінде ECO Network жобасына Қазақстан бойынша жүздеген компания мен оқу орындары қосылған. Олар бизнес процестеріне экостандарттарды енгізіп, экономиканы декарбонизациялау үдерісіне елеулі үлес қосып жатыр. ✅Президент экологтың бастамалары жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының идеологиясымен үндес екеніне назар аударды. ✅Қасым-Жомарт Тоқаев Евгений Мұхамеджановтың «Жасыл Алматы» жобалық кеңсесінің жетекшісі ретінде шаһардың экологиялық мәселелерін шешудің тиімді әрі креативті тәсілдерін жүзеге асыратынына сенім білдірді. @baq_kz
1590Loading...
23
🔴 Павлодарда суға кеткен кеме капитанының денесі табылды Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Касимовтың айтуынша, капитанның денесін іздеу жұмыстары 20 күн жүргізілді. Мүрде Аққулы ауылынан 60 шақырымдық жерде орналасқан Шабар ауылының маңында, өзеннің төменгі ағысыннан табылды. Еске сала кетейік, капитан Ертіс өзенінің бойын қоқыстан тазалау барысында кемеден құлап кеткен. 1965 жылы туған азаматтың денесін іздеуге он маман мен бірнеше адам жұмылдырылған. Алдағы уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы нақтыланады. @baq_kz
1380Loading...
24
🇰🇿📞🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті ▪️Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті. ▪️Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады. ▪️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады. @baq_kz
1520Loading...
25
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына барды ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға жұмыс сапары қала әуежайының жаңа халықаралық терминалын аралап көруден басталды. ✔️Мемлекет басшысына терминалдың ашылуы қарсаңында құрылыстың қалай жүргізілгені жөнінде баяндалып, жолаушыларды тіркеу, шекара және кедендік бақылау аймақтары, жүк бөлімі таныстырылды. «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунга Эрсой сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып салынған терминал магнитудасы 10 балға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алатынын айтты. Ғимараттың жалпы ауданы 53,5 мың шаршы метрді құрайды, жылына 14 миллион жолаушыға қызмет көрсете алады. ✔️Жаңа терминал Орталық Азияда бірінші болып Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE) бағдарламасы бойынша сертификат алады. ✔️Жолаушылар мен авиакомпаниялар санының өсуін ескере отырып, 50 тіркеу бағаны жұмыс істейтін болады. Ол үшін жаңа жабдықтар сатып алынған. Терминалда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толықтай жағдай жасалған. Бұдан кейін Президент әуежайдың жаңа VIP-терминалын аралап көрді. ▪️Мемлекет басшысы қала және ел туралы алғашқы әсер әуежайдан қалыптасатынын атап өтті. – Алматы халықаралық әуежайы – еліміздегі ең ірі әуе айлағы. Оңтүстік астанамызды тамашалайтын туристер саны жыл сайын артып келеді. Былтыр қалаға 2 миллионнан астам турист келіп-кеткен. Осыдан екі жыл бұрын құрылыс орнына капсула салу рәсіміне қатысып едім. Ал ертең, міне, Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерге қызмет көрсетпек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ▪️Президент терминал құрылысын халықаралық стандарттарға сай жүргізгені үшін TAV GROUP компаниясына, сондай-ақ Алматы үшін осындай маңызды жобаға атсалысқан кредиторлар концорциумы – Еуропалық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына және Еуразиялық даму банкіне алғыс айтты. @baq_kz
1860Loading...
26
😱Каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің денесі табылды Күршім ауылынан 5 шақырым қашықтықта жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік Төре Тоған каналына түсіп кеткен. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. @baq_kz
1730Loading...
27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді Сапар барысында Президент әуежайдың жаңа терминалын аралап көреді және басқа да бірқатар нысанға барады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ғалымдармен, бизнес өкілдерімен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді. @baq_kz
1850Loading...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
БҚО-да қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарында өрт шықты https://baq.kz/bqo-da-qatty-turmystyq-qaldyqtar-poligondarynda-ort-shyqty-333018/
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Алматы әуежайының қызметкерлері 50-ден астам телефон ұрлаған https://baq.kz/almaty-auezhayynyn-qyzmetkerleri-50-den-astam-telefon-urlagan-333016/
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
"Президенттік құлақтандыру" дабыл белгісі: Алматы әкімдігі түсініктеме берді https://baq.kz/prezidenttik-qulaqtandyru-dabyl-belgisi-almaty-akimdigi-tusinikteme-berdi-333015/
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Гір көтеруден Азия чемпионаты: Қазақстандық спортшылар 34 алтын жеңіп алды https://baq.kz/gir-koteruden-aziya-chempionaty-qazaqstandyq-sportshylar-34-altyn-zhenip-aldy-333014/
Показати все...
🔥 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
1 маусымға арналған ауа райы болжамы қандай? https://baq.kz/1-mausymga-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy-qanday-333013/
Показати все...
01:01
Відео недоступнеДивитись в Telegram
📹 Қазақ тілді блогерлер енді "пайдалы" бола бастады... Ал сіз қандай блогерларды көресіз?🤔 "Әдемі" подкасттың бұл шығарылымында қонақтарымыз әлеуметтік желілердің ережесі мен ерекшелігін айтады. Қай платформада қандай табыс табуға болатынын, қандай қателіктер жібермеу керегін үйретеді. @baq_kz
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚡️Шара соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертфикаттарын табыстады Пәтер сертификаттарына мына жас ғалымдар ие болды: 1. Абилдина Айназ Қайратқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры; 2. Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы – Халықаралық білім беру корпорациясының жалпы құрылыс факультетінің деканы; 3. Әлия Темірхан – Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері; 4. Құрманов Ерғали Бержігітұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті; 5. Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зертхана меңгерушісі; 6. Омарова Жансая Бағдатқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы; 7. Бакранов Нұрлан Болатұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының бас қызметкері; 8. Құлтаева Шынар Мәлікқызы – Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры; 9. Байжұма Сәмет – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы. 10. Әділхан Бауыржан Нүкербекұлы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі. @baq_kz
Показати все...
⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті Кездесуде не айтылды? Қысқаша👆 @baq_kz
Показати все...
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді. Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады».
@baq_kz
Показати все...
⚡️Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді
«Қазір қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Бұл агрессия мен қатыгездіктің кез келген түріне төзбейтінін көрсетіп келе жатқан біздің қоғамның құндылықтар жүйесіндегі оң өзгерістерді білдіреді. Мен Президент қызметіне кіріскен алғашқы күндерден бастап әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға баса мән беремін. Біз бұл бағытта заңнамалық және институционалдық шараларды дәйекті түрде қабылдап келеміз. 2022 жылдың қыркүйек айындағы Жолдауымда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілікті күшейтуді тапсырдым. Әрине, жұртшылықтың бәрі бірдей емес, дегенмен құқық қорғау органдарының өкілдері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық әрекет деп тануды жақтағанын мойындауымыз керек. Сол кезде бұл бағыттағы негізгі нормалар мен бастамалардың жұмыс істеп тұрғаны және кейбір мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамның консервативті бөлігі бұл заңға қарсы болады деген пікір айтылды. Бірақ мен мұндай тағылық әрекетпен құқықтық, әсіресе заңнамалық тұрғыда күресті күшейту керек екенін қадап айттым. Өздеріңізге мәлім, биыл сәуір айында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Заңға қол қойдым. Екі аптадан кейін бұл толықтырулар күшіне енеді. Жаңа нормалар біздің қоғамды жаңғыртуға, отбасы институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Өйткені әйелдер мен балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға мүлдем қайшы келмейді, керісінше оларды күшейтуге ықпал етеді. Ана ұлтты тәрбиелейді. Әйелді құрметтей білетін қоғам шын мәнінде өркениетті, мәдениетті қоғам болмақ. Әрине, бір Заңмен барлық мәселе шешілмейтіні анық. Ең бастысы, өзгерісті әркім өзінен бастауы керек. Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру осындай қарапайым дүниеден басталады».
@baq_kz
Показати все...