АБУ ХАНИФА МИРАСЫ
Відкрити в Telegram
📖 Жоба ислам ғылымдарының дамуына өте зор үлес қосқан имам Абу Ханифаның мирасын, яғни сахабалар түсінуіндегі Құран мен Сүннетті насихаттауға арналған
Показати більше1 386
Підписники
-124 години
-37 днів
-1930 день
Архів дописів
1 385
Repost from ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР
📖🎙🔈 Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ықшамдалған сипаттамасы және өмірбаяны кітабын оқу📌8.Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) алғашқы уахилардың түсуі және пайғамбарлықтың басталуы.
1 385
Repost from СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
Жиырма бірінші хадисعَنْ أَبِي عَمْرٍو -وَقِيلَ أَبِي عَمْرَةَ- سُفْيَانَ بْنِ عَبْدِ اللهِ -رضي الله عنه- قَالَ: " قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللهِ قُلْ لِي فِي الإِسْلاَمِ قَوْلاً لاَ أَسْأَلُ عَنْهُ أَحَداً غَيْرَكَ؟ قَالَ: قُلْ: آمَنْتُ بِاللهِ ثُمَّ اسْتَقِمْ " ( حديث صحيح رَوَاهُ مُسْلِمٌ ) ✍🏼 Абу Амр (кейбір риуаяттарда ол Абу Амра деп те аталған) Суфиян ибн Абдуллаһ әс-Сақофи (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндаған: «Мен: «Уа Аллаһтың Елшісі! Маған Ислам туралы мен ол жайында сізден басқа ешкімнен сұрамайтын болатынымдай бір сөз айтыңызшы» – дедім. (Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын)): «"Мен Аллаһқа иман келтірдім", - деп айт та, кейін туралықты ұстан», - деді". Хадисті Муслим риуаят еткен.
1 385
Repost from АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ
📍 ҚЫРЫҚ ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:🌘 «Фуссыләт» сүресінің 50-аяты туралы 📜 Аллаһ Тағала былай деді: وَلَئِنْ أَذَقْنَاهُ رَحْمَةً مِنَّا مِنْ بَعْدِ ضَرَّاءَ مَسَّتْهُ لَيَقُولَنَّ هَذَا لِي وَمَا أَظُنُّ السَّاعَةَ قَائِمَةً وَلَئِنْ رُجِعْتُ إِلَى رَبِّي إِنَّ لِي عِنْدَهُ لَلْحُسْنَى فَلَنُنَبِّئَنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا بِمَا عَمِلُوا وَلَنُذِيقَنَّهُمْ مِنْ عَذَابٍ غَلِيظٍ (٥٠) “Антты түрде айтам, егер Біз оған (пендеге) шалдыққан (кедейлік, ауру немесе басқа сол секілді) бейнеттен кейін өзімізден (байлық, денсаулық немесе басқа да сол сияқты) мархаметтен татырсақ, ол (Аллаһқа шүкірсіздік танытып): «Бұл менің ақым (мен бұны өзім таптым). Сондай-ақ мен Қиямет сағаты болады деп ойламаймын. Ал, егер, шынында да, мен Раббыма қайтарылсам да, онда сөзсіз, мен үшін Оның жанында бұдан да жақсырағы (Жәннат) бар (әзірленген)», - дейді. Біз міндетті түрде кәпірлерге олардың не істегендерін айқын баян етеміз. Сондай-ақ оларға азаптың ауырын таттырамыз” 📖 «Фуссыләт» сүресі, 50-аят ✍ Мужәһид бұл аят: «Мен мұны өз еңбегіммен таптым әрі осыған лайықпын», - деп айтатындарға қатысты түскенін айтқан болатын. ✍ Ибн Аббас: “Мұндай адам: «Мен өзімді өзім осы нығметпен қамтамасыз еттім», - деп айтады”, - деді. 📜 Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: قَالَ إِنَّمَا أُوتِيتُهُ عَلَى عِلْمٍ عِنْدِي «Ол: «Мұның барлығы маған білімімнің арқасында берілді», - деп айтты» 📖 «әл-Қасас» сүресі, 78-аят ✍ Қатада бұл сөздер «менің қалай табыс табу керек екенін білгендігімнің арқасында берілді» дегенді білдіретінін айтады 📚 Ибн Аби Хатим өзінің тәпсірінде, 17123 ✍ Басқа кейбір тәпсіршілер бұл сөздер: «Бұл Аллаһ мені осыған лайықты адам екенімді білгендігінің арқасында», — дейтіндер туралы екенін айтқан, ал бұл мағынасы бойынша Мужаһидтің бұл сөздер «Бұл маған құрметім үшін берілді» деген адам туралы айтылған деген сөздерімен бірдей 📚 Ибн Аби Хатим, 17125 және Ибн Жәрир «Тафсирде», 12/24
1 385
Repost from АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ
49_ҚЫРЫҚ_ТОҒЫЗЫНШЫ_ТАРАУ_Бірқұдайшылық_кітабы.mp321.57 MB
1 385
Repost from ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР
📖🎙🔈 Пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ықшамдалған сипаттамасы және өмірбаяны кітабын оқу📌7.Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) дүние келуі және пайғамбарлыққа дейінгі өмірі. - Оның ата- анасы - Оның атасы Абдул-Муттолибтің кейін көкесі Абу Толибтің асырауында болуы - Оның сүт аналары - Оның кәсібі - Оның Хадижа анамызға үйленуі - Оған оңашаланудың ұнамды етілуі ☘ Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын
1 385
Repost from ҒИБРАТТЫ УАҒЫЗДАР
✨ "ҚҰРБАНДЫҚ"
"Бақыт кілті" топтамасынан
🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі
1 385
Repost from СҮННЕТПЕН ТАНЫСУ
Жиырмасыншы хадисعَنْ أَبِي مَسْعُودٍ عُقْبَةَ بنِ عَمْروٍ الأَنْصَارِيِّ الْبَدْرِيِّ- رضي الله عنه - قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ -ﷺ-: " إِنَّ مِمَّا أَدْرَكَ النَّاسُ مِنْ كَلاَمِ النُّبُوَّةِ الأُولَى إِذَا لَمْ تَسْتَحِ فَاصْنَعْ مَا شِئْتَ " ( حديث صحيح رَوَاهُ الْبُخَارِيُّ ) ✍🏼 Абу Масғуд Ғуқба ибн Амр әл-Ансори әл-Бадри (Аллаһ оған разы болсын) былай баяндаған: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Расында, адамдарға жеткен алғашқы пайғамбарларлық сөздерінен – егер ұялмасаң, қалағаныңды істе». Хадисті әл-Бухари риуаят еткен.
1 385
Repost from БІЛІМ БАҚШАСЫ
📣 Барша мұсылмандар үшін жағымды жаңалық
Бүгін [17.05.2026 жыл] «Сауд Арабия Корольдігінің Жоғарғы соты» Зуль-Хиджаның жаңа айы көрінгендігін ресми түрде мәлімдеді.
Осыдан келе, Арафа күні – 26.05.2026 жылға сай келсе, Құрбан айт күні – 27.05.2026 жылға сай келмек.
———————
Сондықтан кімде-кім осы жылы құрбандық шалуды ниет етсе, онда қазірден бастап шашын қиюдан, тырнағын қысқартудан, мұртын алудан тыйылсын. Өйткені хадистердің бірінде пайғамбарымыз ﷺ былай деп айтқан:
مَنْ كَانَ لَهُ ذِبْحٌ يَذْبَحُهُ، فَإِذَا أُهِلَّ هِلَالُ ذِي الْحِجَّةِ فَلَا يَأْخُذَنَّ مِنْ شَعَرِهِ، وَلَا مِنْ أَظْفَارِهِ شَيْئًا، حَتَّى يُضَحِّيَ.
«Егер Зуль-Хиджаның жаңа айы кіргендігі көрінсе, әрі сендердің біреулерің құрбандық шалғысы келсе, онда құрбандығын шалып біткенге дейін шашы мен тырнағына (және денесіндегі басқа да түктерге) тиісуші болмасын».
📚 Муслим; (1977).
#zul_hidja
🔗 https://t.me/bilim_baqshasy
Вже доступно! Дослідження Telegram за 2025 — головні інсайти року 
