СТУДЕНТКЕ КӨМЕК
📈 Аналітичний огляд Telegram-каналу СТУДЕНТКЕ КӨМЕК
Канал СТУДЕНТКЕ КӨМЕК (@studentke_komek_kz) у мовному сегменті Казахська є активним учасником. На даний момент спільнота об'єднує 11 997 підписників, посідаючи 16 729 місце в категорії Освіта та 756 місце у регіоні Казахстан.
📊 Показники аудиторії та динаміка
З моменту свого створення невідомо, проект продемонстрував стрімке зростання, зібравши аудиторію у 11 997 підписників.
За останніми даними від 22 липня, 2026, канал демонструє стабільну активність. Хоча за останні 30 днів спостерігається зміна кількості учасників на -2 508, а за останні 24 години на 20, загальне охоплення залишається високим.
- Статус верифікації: Не верифікований
- Рівень залученості (ER): Середній показник залученості аудиторії становить 47.26%. Протягом перших 24 годин після публікації контент зазвичай збирає 25.78% реакцій від загальної кількості підписників.
- Охоплення публікацій: В середньому кожен допис отримує 5 666 переглядів. Протягом першої доби публікація в середньому набирає 3 091 переглядів.
- Реакції та взаємодія: Аудиторія активно підтримує контент: середня кількість реакцій на один пост – 36.
📝 Опис та контентна політика
Автор описує ресурс як майданчик для висловлення суб'єктивної думки:
“@kazstdkz”
Завдяки високій частоті оновлень (останні дані отримано 23 липня, 2026), канал підтримує актуальність та високий рівень охоплення публікацій. Аналітика показує, що аудиторія активно взаємодіє з контентом, що робить його важливою точкою впливу в категорії Освіта.
Кеңес сұрайын деп едім, анонимно шығарып жіберсеңіз админ Қазір менде онлайн куратор болуға мүмкіндік шығып тұр, айлығы 100-150 дейді. 1 курста оқудың өзі қиын, жаңа орта, сессия деген сияқты. Баспен кіріп кетіп, сабақты үлгермей, нагрузка болып қалмай ма? Әлде екі жақты қатар алып жүруге бола ма?
Анон админ Жоғарғы курс студентінен кеңес болсын: егер одногруппнигің сабақ алдында ой, мен ештеңе оқыған жоқпын, бүгін түнде ұйықтап қалдым, үй тапсырмасын мүлдем істемедім десе ЕШҚАШАН СЕНБЕҢДЕР. Бұл студенттік өмірдің ең үлкен өтірігі. Олар осылай айтады да, семинарда бірінші болып қол көтеріп, бәрін судыратып айтып береді. Сосын сен ештеңе істемей, еш дайындықсыз ақымақ болып қаласың. Кім не десе де, құлақ аспай, әрдайым өз сабағыңды өзің пысықтап, тапсырмаңды орындап жүр. Бұл жерде мектептегідей ешкім сенің артыңнан жүгірмейді...
Сәлем админ Мен осы жылғы түлекпін, Құдай қаласа басқа қалаға оқуға түсемін, мені бір мазалайтыны жатақханада тұрғанда 2,4,6 қанша бала болып тұрған жақсы және танымайтын балдармен тұрғанда түсініспеушілік, ұрлық болса не істеймін деп ойлаймын, жалпы ондай бола ма? Жоғары курстар болса кеңес берсеңіздер
Админ, анонимно. Бір сыныптасым жыл бойы түк оқымай, сұрақтар қайталанып келіп 115 балл алып кетті. Ал мен түнімен ұйықтамай дайындалып, уайымнан денсаулығымды құртып 95 балл алдым. Қазір ол грантқа анық түсетінін айтып мақтанып жүр, ал мен платныйға түсем бе деп қорқамын. Осы әділеттілік пе? Сендерде де осындай таныстар бар ма, әлде тек менің ішім күйіп жатыр ма?
Анон 1 жылдай ҰБТ-ға тоқтаусыз дайындалдым. Бірінші ҰБТ-дан 70 балл жинадым, бірақ мен күткен балл 90+еді. Екінші ұбт-дан 90 балл жинап, мс 2 балл болып қалды. 70 баллмен шанс бар дейді (биогео), бірақ грантқа түсе алмай қалатын сияқтымын. Әлі документ жинаған жоқпын,19 күні өткіземін деп отырмын. Био-гео 70 баллмен шанс бар ма?
Сәлеметсіз бе, анонимно қалдырайын деп едім. Гео-мат комбинациясын таңдап 108 балл жинадым е құдай болмаса менеджментке жетсе екен десем тура менде 2000+ абитуриент, жүрегім ауырады ,платкаға түсейінші десем үйдегілер қарсы бір жағы артымнан келе жатқан сіңілім бар 2 жылдан кейін мектеп бітіретін оның алдында ұяламын қатты .Өзімді жаман нашар сезінемін, қатарымнан қалып қойғандаймын, басқа мамандықтар қатты қызықтырмайды логистикаға ҚАЗҰУ-ға шекті балл жетпейді, ал ЕНУ-ға әкем қарсы басқа қала болған соң. Басқалар жұбатып қоялы көп-балалы квотамен ауыл бар ғой сенде деп бірақ оның барлығы жәй жұбату ғой, іштей өзім Ұбт біткелі үреймен ғана жүрмін шынымды айтсам ,өйткені тек 1-таңдауыма ғана өзім қалаған ЖОО жаза алдым қалған 3-де Сатбаев болды, енді не істесем болады деп отырмын.
Анон Үлкен қалаға барғанда қайда тұрған дұрыс өзі? Жатақхана ма, туыстардың үйі ме, әлде бірнеше бала қосылып пәтер жалдаған ыңғайлы ма? Пәтер жағы қалтаны қағады, туыстардың үйі де сәл қысылыс сияқты, жатақхананы білмедім. Кім қайда тұруды жоспарлап отыр?
Сәлеметсіз бе, анонимно. Құжатты өткізіп, мамандықты таңдап қойдым. Бірақ қазір, грант тізімін күтіп отырып, кенеттен қатты күмәндана бастадым. Мүлдем басқа салаға жүрегім бұрып тұрған сияқты. Бірақ бәрі кеш, құжат кетті. Енді не істерімді білмей отырмын. Араларыңда құжат тапсырып қойып, қазір қайта ойланып, таңдауына өкініп отырғандар бар ма? Мұндай кезде не істеуге болады? 🥺
Сәлем, админ! Анонимно. Қысқасы, грант тізімі әлі шықпайды, ал үйде бос отырған мені көрген үйдегілер жұмсап әуре. 112 балл жинадым, джт-англға жетіңкіремей ме деп қорқамын. ҰБТ біткеннен бері үйдегі бүкіл шаруа маған көшті: үй жинау, ыдыс жуу, сиыр сауу (ауылдағылар түсінеді), тамақ пісіру... Қазір тіпті туыстардың балаларына қарайтын "нянька" болып кеттім. Маған грант керек емес, тек үйдегі осы "жұмыстан" құтылу үшін тезірек тізім шығып, оқуға кетсем екен деп армандап жүрмін. Тізімде шықпасам, үйдегілер мені тұрмысқа беріп жіберетін сияқты. Сендер де үйде солай "құлдыққа" жегіліп жүрсіңдер ме, әлде тек мен осындаймын ба? Күту режимін қалай өткізіп жатырсыңдар, немен айналысып жүрсіңдер жазыңдаршы🥲➡️ Өз оқиғаңызбен бөлісу үшін админге жаза аласыз, барлығы анонимно шығады
