ru
Feedback

Не попадитесь на канал ботавода! Telemetrio находит и помечает такие каналы 👉 Хотите видеть метку — оформите подписку

Qalan.kz

Qalan.kz

Открыть в Telegram

Ата-аналарға арналған пайдалы ақпараттар! 🚀

Больше

📈 Аналитический обзор Telegram-канала Qalan.kz

Канал Qalan.kz (@qalanmath) языкового сегмента Казахский является активным участником. Сейчас сообщество объединяет 10 857 подписчиков, занимая 1 468 место в категории Семья и дети и 827 место в регионе Казахстан.

📊 Показатели аудитории и динамика

С момента создания невідомо проект демонстрирует стремительный рост, собрав аудиторию из 10 857 подписчиков.

Согласно последним данным от 19 ноября, 2026, канал показывает стабильную активность. За последние 30 дней изменение числа участников составило -88, а за последние 24 часа — 16, при этом общий охват остаётся высоким.

  • Статус верификации: Не верифицирован
  • Уровень вовлечённости (ER): Средний показатель вовлечённости аудитории составляет 10.85%. В первые 24 часа после публикации контент обычно набирает 3.37% реакций от общего числа подписчиков.
  • Охват публикаций: В среднем каждый пост получает 1 180 просмотров. В течение первых суток публикация набирает 367 просмотров.
  • Реакции и взаимодействия: Аудитория активно поддерживает контент: среднее количество реакций на один пост — 4.

📝 Описание и контентная политика

Автор описывает ресурс как площадку для выражения субъективного мнения:
“Ата-аналарға арналған пайдалы ақпараттар! 🚀”

Благодаря высокой частоте обновлений (последние данные получены 21 ноября, 2026) канал поддерживает актуальность и высокий уровень охвата публикаций. Аналитика показывает, что аудитория активно взаимодействует с контентом, что делает его важной точкой влияния в категории Семья и дети.

10 857
Подписчики
+1624 часа
+57 дней
-8830 дней
Архив постов
Qalan.kz
10 868
Күн суық болса да, білім алуды тоқтатудың қажеті жоқ ❄️ Qalan-да балаңыз үйден шықпай, жылы бөлмеде оқи алады. Қосымша сабаққ
Күн суық болса да, білім алуды тоқтатудың қажеті жоқ ❄️ Qalan-да балаңыз үйден шықпай, жылы бөлмеде оқи алады. Қосымша сабаққа бару үшін суықта жол жүрмейді, уақытын да үнемдейді. Өзіне ыңғайлы уақытта есеп шығарып, түсінбегенін ментордан сұрай алады. 👉 ТІРКЕЛІП, ЖЕҢІЛДІКТІ ПАЙДАЛАНУ 👈
20 нояб., 06:58

Qalan.kz
10 868
Мақсат қою оңай, ал сол мақсатқа жету үшін тұрақты әрекет ету қиын. Жандос 6 жасында есептерді саусақпен санап шығаратын. Ал 3 айдан кейін көп жағдайда саусақпен санамай-ақ, есептерді сенімді түрде шығара бастады. 🚀 Сіздің ойыңызша, мұндай нәтижеге не көбірек көмектеседі: жүйелі дайындық па, ұстаз ба, әлде баланың қызығушылығы ма?
13 нояб., 04:35

Qalan.kz
10 868
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! 😊 Балаңызға жыл соңына дейін қандай мақсат қойдыңыз? Бағасын жақсарту, көбейту кестесін жаттау немесе олимпиадаға дайындау ма? Пікірге жазып кетіңіз 👇
13 нояб., 04:35

Qalan.kz
10 868
💙 Құрметті ата-аналар! Балаңыз есепті қате шығарса, бірден дұрыс жауабын айтып беруге асықпаңыз. Оның орнына:
— «Есепте не белгілі?» — «Нені табуымыз керек?» — «Қай амалдан бастаймыз?»
деген сұрақтар қойып көріңіз. Өйткені математикада ең маңыздысы — дұрыс жауапты табу ғана емес, сол жауапқа қалай келгенін түсіну! Ал сіздің балаңыз 3 есептің нешеуін дұрыс шығарды? Пікірге жазыңыз! 👇
08 нояб., 06:56

Qalan.kz
10 868
3-есеп: Қанша ағаш қалды? 🌳 Саябақта 5 қатар ағаш бар. Әр қатарда 9 ағаштан өсіп тұр. Оның 17-сі алма ағашы. Қалғаны неше ағаш? Шешуі: Алдымен саябақтағы барлық ағашты есептейміз: 5 × 9 = 45 ағаш. Енді алма ағаштарының санын азайтамыз: 45 − 17 = 28 ағаш. ✅ Дұрыс жауап: C) 28 Дұрыс таптыңыз ба? 🧠
08 нояб., 06:55

Qalan.kz
10 868
2-есеп: Жасырын санды табыңыз! Бір санды 4-ке көбейтіп, оған 18 қоссақ, 50 шығады. Шешуі: Белгісіз санды табу үшін амалдарды кері орындаймыз. Алдымен 50-ден 18-ді азайтамыз: 50 − 18 = 32 Содан кейін 32-ні 4-ке бөлеміз: 32 ÷ 4 = 8 Тексеріп көрейік: 8 × 4 + 18 = 50 ✅ ✅ Дұрыс жауап: C) 8 Дұрыс таптыңыз ба? 🧠
08 нояб., 06:55

Qalan.kz
10 868
1-есеп: Айшада қанша қарындаш қалды? Айша 6 қорап қарындаш сатып алды. Әр қорапта 8 қарындаш бар. Ол досына 15 қарындаш берді. Шешуі: Алдымен барлық қарындаштың санын табамыз: 6 × 8 = 48 қарындаш. Енді досына берген 15 қарындашты азайтамыз: 48 − 15 = 33 қарындаш. ✅ Дұрыс жауап: A) 33 Дұрыс таптыңыз ба?🧠
08 нояб., 06:54

Qalan.kz
10 868
🧠 Математикалық викторинаның дұрыс жауаптарын бірге талдайық! Кеше 3-сынып оқушыларына арналған 3 есеп ұсынған едік. Ал бүгін олардың қалай шығарылатынын түсіндіреміз. 👇
08 нояб., 06:53

Qalan.kz
10 868
Жауаптардың түсіндірмесін ертең айтамыз. Әзірге шығарып көруге тырысайық💙
07 нояб., 07:37

Qalan.kz
10 868
Саябақта 5 қатар ағаш бар. Әр қатарда 9 ағаштан өсіп тұр. Оның 17-сі алма ағашы. Қалғаны неше ағаш?
Anonymous voting
07 нояб., 07:36

Qalan.kz
10 868
Бір санды 4-ке көбейтіп, нәтижесіне 18 қоссақ, 50 шығады. Бұл қандай сан?
Anonymous voting
07 нояб., 07:36

Qalan.kz
10 868
Айша 6 қорап қарындаш сатып алды. Әр қорапта 8 қарындаш бар. Ол досына 15 қарындаш берді. Айшада қанша қарындаш қалды?
Anonymous voting
07 нояб., 07:35

Qalan.kz
10 868
Бүгін өз балаңызбен 3-сыныптың есебін шығарып көріңіздер👇
07 нояб., 07:31

Qalan.kz
10 868
Жауабын балаңызбен бірге тауып көріңіз. Тапқан ата-аналар өз реакцияларыңызды қойып отырыңыздар💪
07 нояб., 07:31

Qalan.kz
10 868
Баланың бойын тауып көріңіз🤗
Баланың бойын тауып көріңіз🤗
07 нояб., 07:30

Qalan.kz
10 868
Ақпарат пайдалы болды ма?🤍
Anonymous voting
06 нояб., 06:38

Qalan.kz
10 868
Балаңыз каникулда математикадан өткен тақырыптарды ұмытып қалған сияқты ма? 🤔 Уайымдауға асықпаңыз. Кейде балаға бар болғаны бұрынғы тақырыптарды қайталап, біліміндегі олқылықтарды толықтыру керек. Ал неден бастау керегін білмесеңіз, Qalan көмектеседі. 💙
✅ Алдымен баланың білім деңгейін анықтаймыз. ✅ Нәтижесіне қарай жеке оқу бағдарламасын құрамыз. ✅ Бала күн сайын 15–30 минут өзіне ыңғайлы уақытта жаттыға алады. ✅ Қиындық туындаса, видео сабақтар мен онлайн менторлар көмектеседі.
Балаңыздың математикалық білімін бірге нығайтайық!
06 нояб., 06:31

Qalan.kz
10 868
Оқу режиміне оралуға көмектесетін тағы 2 кеңес 👇
4. Баланың күш-жігерін бағалаңыз. ❤️ «Неге мұны ұмытып қалдың?» дегеннің орнына «Жарайсың, қайтадан тырысып жатырсың!» деп қолдау көрсетіңіз.
Баланың тек бағасына емес, талпынысына да назар аударыңыз.
5. Күнделікті шағын әдет қалыптастырыңыз. ⏰ Бір күнде 2 сағат оқып, келесі күні мүлде сабақ қарамағаннан гөрі, күн сайын 15–20 минут қайталау әлдеқайда ыңғайлы.
Ең бастысы — баланың оқуын тұрақты әдетке айналдыру. Себебі оқу режиміне оралу бір күнде емес, күнделікті кішкентай қадамдар арқылы жүзеге асады.
06 нояб., 06:30

Qalan.kz
10 868
Каникулдан кейін оқу режиміне қайтуға көмектесетін 5 кеңес 📚 1. Ұйқы режимін реттеңіз. 💤
Бала күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуға үйренсін. Ұйқысы қанған балаға сабаққа көңіл бөлу де жеңілірек болады.
2. Бірден көп тапсырма бермеңіз. 📖
Демалыстан кейін баланы бірден бірнеше сағат сабақ оқуға мәжбүрлемеңіз. Алғашқы күндері қысқа тапсырмалардан бастап, оқу уақытын біртіндеп көбейтіңіз.
3. Бұрынғы тақырыптарды қайталаңыз. ✏️
Жаңа тақырыптарға кіріспес бұрын өткен материалды еске түсірген пайдалы. Әсіресе математикада алдыңғы тақырыптарды түсіну келесі сабақтарға негіз болады.
06 нояб., 06:29

Qalan.kz
10 868
Неге каникулдан кейін сабақ оқу қиындайды? 🤔 Каникул кезінде баланың күн тәртібі өзгереді. Кеш ұйықтайды, кеш оянады. Сабақтың орнына ойын мен демалысқа көбірек уақыт бөледі. Ал мектеп басталғанда бәрі бірден өзгереді. Ерте тұру керек. Сабақ тыңдау керек. Үй тапсырмасын орындау керек. Осындай өзгерістерге бейімделу бала үшін оңай емес.
Сондықтан алғашқы күндері оны ұрысып, сабаққа мәжбүрлеудің орнына, біртіндеп көмектескен дұрыс.
Төменде 5 қарапайым кеңес бөлісеміз. 👇
06 нояб., 06:27