cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ

📕ҚАСИЕТТІ ҚҰРАН МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ. ✍️ Құранды араб тілінен аударған -Исламтанушы, PhD доктор Ершат Оңғаров.

Больше
Рекламные посты
693
Подписчики
+124 часа
-67 дней
-2930 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

118. Жөн білмейтіндер: «Алла бізбен Өзі тікелей сөйлессе ғой немесе бізге бір мұғжиза жіберсе болар еді», - дейді. Бұған дейінгілер де дәл осындай сөз айтып еді. Тіпті олардың жүректері де бір-біріне ұқсайды. Ақиқи белгілерді Біз шынайы сенімге ие болған қауымға жеткізіп қойғанбыз. 2:118 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
8👍 4🔥 1
117. Ғарыштар мен жердің (жалғыз) жаратушысы - (бір Өзі). Егерде әлденені қаласа, «Бол!» десе, жеткілікті, бірден орындала қалады. Тәпсірі: Аяттағы «бадиғ» сөзі "теңдесі жоқ етіп жарату" деген мағынаны береді. Яғни, Алла ғарыштар мен жерді теңдессіз, кемшіліксіз етіп жаратты. Егерде Алла Тағала әлдебір шешім қабылдап, «бол» деген үкім етсе болды, барлығы орындала қалады (Матруди тәпсірі, 1-том, 221-бет). 2:117 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
7👍 3🔥 1
116. «Алланың ұлы бар», - дейді олар. (Алла) бәрінен де ұлық! Шын мәнінде, ғарыштар мен жердегінің барлығы Оның иелігінде. Барлығы да Оған бағынышты. Тәпсірі: Бұл аятта Алла Тағала өзінің аса жоғары болмысына ешқандай да лайық болмайтын жаратылыстық сипаттарды, білместіктен таңған пенделерге жауап қайтарып, Өзін пәктейді. Яhудилер Узайрды Алланың ұлы десе, насаралар Мәриямұлы Исаны Алланың ұлы деген. Ал мүшіріктер болса, періштелер Алланың қыздары деген теріс пікірде болған. Бұндай пайымдаулардың барлығының кемшілік екенін, Ұлы Жаратушының ешқандай да балаға, қызға мұқтаж емес екені осы аятта ашық айтылады (Насафи, әс-Сабуни тәпсірлері). 2:116 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
👍 6 3🔥 1
115. Күннің шығысы да, батысы да Алланың иелігінде. Жүздеріңді қай тарапқа бұрсаңдар да, сол тараптан Алланы табасыңдар. Ақиқатында, Алла барлығын Меңгеруші, Білуші. Тәпсірі: Яғни, жер-жаhанның барлығы да бір Алланың иелігінде. Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте, сапарда жүрген адамның көлігі бет алған тарап құбыла болып саналатыны баяндалады. Дұға мен зікірлеріңізді қай тарапқа қарап отырып бағыштасаңыз да, Алланың ризалығына кенелесіз. Пенделеріне осындай жеңілдіктер жасаған Алла Тағала аса Жомарт (Насафи тәпсірі, 1-том, 70-бет). 2:115 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
10🥰 1👏 1💯 1
114. (Жаратқанның) есімін, Алланың мешіттерінде ұлықтап, зікір айтқанға қарсылық білдіргеннен және ғибадатхананы қиратпақ болғаннан өткен азғын адам бар ма екен? Мешітке кірген кезде ондайлардың жүректерін үрей билесе игі еді. Ондай пенделерді бұл дүниенің қорлығы мен мазағы және Қияметтің жалындаған тозағы шарпысын. 2:114 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
7👍 3💯 1
113. «Насаралардың айтқан сөздерінде негіз жоқ»,- дейді яhудилер. Ал насаралар болса: «Яhудилер тура жолда емес»,- дейді. Барлығының оқитыны - бір Кітап. Ақиқаттан хабары жоқ (надандар да) олардың сөзін қайталайды. Қиямет-қайым болған кезде, олардың теріс пікірлеріне әділ үкімді Алланың Өзі айтады. 2:113 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
👍 8 3🔥 1
📌Құранға қызмет еткен сахабалар 🔶Кіріспе ✨ Ұстаз Еркінбек Шоқай @Azankz_1
Показать все...
() - ( ) mOk-qg_L0uk.m4a38.15 MB
112. Жо-жоқ! Жүзін Аллаға бұрып, ізгілік амал жасағандардың ғана зор сауабы Раббысының иелігінде. Оларға ешқандай қауіп те төнбейді, жүректері де қайғыдан қамықпайды. Тәпсірі: Аяттағы «Аслама уажhаhу Лиллаhи» - «жүзін Аллаға бұрып» деген сөз төңірегінде бірнеше пікір айтылған. Оның мағынасын бір ғалымдар «дінін және іс-әрекеттерін ықыласпен орындап, Алла үшін арнау» десе, екіншілері, «өзін Алла үшін арнау» деп түсіндірген. Бұл жердегі «уажhаhу» - «жүзі» деп адамның өзін айтып отыр десек болады. Өйткені Алла Тағала «Қасас» сүресінің 88-аятында: «Алланың Өзінен өзгенің барлығы жойылады»,- деп, «уажhаhу» сөзін Өзі жайлы ақиқатты баян ету үшін қолданған (әл-Матуриди тәпсірі, 1-том, 211-бет). 2:112 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
👍 6 3🔥 1
111. Олар: «Яhудилер мен насаралардан өзге ешкім де, ешқашан да Жаннатқа кірмейді». Олардың сенімдері осындай. «Осы айтқандарың рас болса, дәлелдеріңді келтіріңдер», - деп айтқын оларға (уа, Мұхаммед). Тәпсірі: Әрбір адам өз іс-әрекетінің себебін растайтын дәлелдер келтіруге міндетті. Егерде ондай дәлелдері болмаса, онда оның ешқандай да негізі жоқ пікірлерінің де, оған қарсы айтылған басқа да негізсіз пікірлердің де ешқандай айырмашылығы болмайды. Айтылған әртүрлі пікірлерге илануға немесе оларды қабылдамауға тек бұлтартпас дәлелдер ғана негіз бола алады. Ал кітап түскендердің өз сөздерін растайтын ешқандай айқын дәлелдері жоқ. Ендеше, айтқан сөздерінің жалған екені де айдан-анық. 2:111 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
👍 6 2🔥 1
110. Намаздарыңды ыждағаттылықпен өтеңдер, зекеттеріңді беріңдер. Жасаған жақсылықтарыңның барлығы да өздерің үшін. Олардың сауаптарын кейін, Алланың құзырынан табасыңдар. Алла істеген істеріңді көріп тұр. 2:110 https://t.me/kuran_kariim
Показать все...
👍 7 3🔥 1
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.