cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Ystyqnews

Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар

Больше
Рекламные посты
10 523
Подписчики
-6724 часа
-5207 дней
+25830 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

📣📣📣Үкімет экономиканың өсіміне салынған инвестиция көлемін 9,6 трлн теңгеге бағалайды ✔️Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикадағы өсімді қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге инвестициялау жоспарланып отырғанын айтты. Бұл сомаға бюджетте қарастырылған бюджеттік инвестициялар және бюджеттен тыс инвестиция көздері кіреді.
«Негізгі бөлігін 7 трлн теңге көлеміндегі бюджеттен тыс инвестиция көздері алады. Біріншіден, бұл біздің ұлттық холдингтеріміздің қаражаты. "Самұрық-Қазына" мен "Бәйтеректің" барлық еркін өтімділігі осы өсу бағдарламасына бағытталған. Екінші көзі — ішкі және сыртқы капитал нарығы. Біз қазір ішкі ресурстарды белсенді түрде тартып жатырмыз. Бұл екінші деңгейдегі банктер мен басқа да институционалдық ішкі инвесторлардың қаражаты», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.
  ✔️Халықаралық қаржы ұйымдарымен де маңызды жұмыс жүргізіліп жатыр, жобаларға ұзақ жеңілдікті қаржыландыру көздері тартылуда. Сондай-ақ отандық және шетелдік инвесторлардың жеке инвестициялары маңызды рөл атқарады.
Показать все...
🇰🇿✉️🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. 📍Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. 📌Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.
Показать все...
📣📣23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ Президент Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіле бастады.
Показать все...
📣📣📣Үкіметте азаматтар мен бизнеске арналған мемлекеттік сервистерге жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды   📌 Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтар мен бизнеске арналған мемлекеттік сервистерге жасанды интеллект (ЖИ) элементтерін енгізу талқыланды. ЖИ элементтерін енгізу бойынша жұмыс мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту және азаматтар мен бизнестің өмірін жеңілдетуге бағытталған цифрлық сервистерді енгізу бойынша Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
Показать все...
Жасанды интелект
Показать все...
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Полиция күнімен құттықтауы Құрметті полиция қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер. Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды. Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін. Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!
Показать все...
📣📣📣Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады
– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Показать все...
📣📣📣Айдос Садықовтың өміріне қауіп төндірген кім?
Киевте Айдос Садықовқа жасалған қастаңдық оқиғасы туралы бүгін тағы бір мәлімет пайда болды. Бүгін Қазақстан билігіне Жаканбаев есімді азамат берілгені туралы ақпарат пайда болды. Естеріңізге сала кетейік, оқиға орын алғанның ертесінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ресми органдары іске қосылатынын айта кетті. Және аса қажет кезде украиналық әріптестермен байланысу керектілігін тілге тиек етті.
🔍Садықовқа жасалған қастаңдықтан кейін ғаламторда “кім болуы мүмкін” деген сұрақ туды. Наталья Садықова бұл жағдайға билікті және президентті кінәлап әлек. Бірақ бұл ақылға сыймайтын айыптау екені даусыз. Себебі таяуда ғана Владимир Зеленскиймен сұхбаттасуға барған қос журналистке ештеңе болмады. Бірақ сұхбат барысында Тоқаевты кінәлау жағдайлары да орын алған еді… 🙌🏻Осыдан-ақ, Айдос Садықовқа жасалған қастаңдыққа қазақстандықтардың қатысы жоқ екенін аңғаруға болады. Бәлкім ол украиналық криминалитетті өзіне қарсы қойып алған шығар?! 📍Біздің мемлекетіміз бен реформамыз, өзгеріп, даму үстінде. Біз “Ашық Үкімет” позициясын ұстанамыз. Еліміз үшін “тәртіп пен татулық” аса маңызды. Қастаңдықтан кейін біздің мақсат: нағыз кінәлі адамды тауып, жазалау, істің таза өтуі. Мақсатымызға жетіп келе жатқандаймыз… Себебі кінәлі адамдар табылуда.
Показать все...
📣📣📣Президент Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли өз парақшасында жариялады.
Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын.
Показать все...
📣📣📣Парламент Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті ✔️Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін бекітті. ✔️Үкіметтің мәліметінше, республикалық бюджет кірістерінің жылдық жоспары 99,9 пайызға (19 трлн теңге) орындалған. Жылдық инфляция 2 есеге төмендеп, 9,8 пайызды құрады. Жыл қорытындысы бойынша нақты экономикалық өсім 5,1 пайыз болған. ✔️Бұл ретте республикалық бюджетке (1,4 трлн теңге) және Ұлттық қорға (1,6 трлн теңге) түсетін салықтардың тапшылығы байқалып отыр. Үкіметтің қарызы 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 25 трлн теңгені құрады. Оның 72 пайызы – бюджет тапшылығын қаржыландыруға пайдаланылатын ішкі қарыздар. ✔️2023 жылғы игерілмеген шығыстар 73 млрд теңге болды. Әкімшілік жұмыстың әлсіздігімен және орталық және жергілікті атқарушы органдардың келісілмеген әрекеттерімен қатар бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуы 489 млрд теңгені құраған. Бұл ретте игерілмеген және пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару көлемі 29 млрд теңгеге азайды. Ал квазисектор субъектілерінің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарында анықталған бұзушылықтар мен қалдықтар 2022 жылмен салыстырғанда 97 млрд теңгеге өсті. ✔️Қаржының тиімсіз пайдаланылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – жоспарлау кезеңінде мақсаттардың, индикаторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің нашар әзірленуі. Барлық макрокөрсеткіштің 50 пайызының өнімділік деректері жоқ, өйткені олар статистикалық деректерге негізделген және есепті кезеңнен әлдеқайда кеш қалыптасады. ✔️2022 жылы есеп бойынша Жоғары аудиторлық палатаның бірқатар ұсынымы орындалмаған әрі жаңа Бюджет және Салық кодекстері аясында әзірлеу сатысында тұр. Бұл салықтық жеңілдіктердің тиімділігін жүйелі бағалауға, стратегиялық жоспарлаудың бюджеттік жоспарлаудан басымдылығын қамтамасыз етуге, дивидендтік саясатты қайта қарауға қатысты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл тізбе дамуға бөлінетін шығыстардың көлемін бекіту, есепте бүкіл мемлекеттік басқару секторын, оның ішінде бюджеттен тыс қорларды қамтуды кеңейту, қарыздың тұрақтылығы көрсеткіштерін күшейту сияқты ұсыныстармен толықтырылды.
Показать все...
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.