ru
Feedback
Erbolat.Qynabay

Erbolat.Qynabay

Открыть в Telegram
345
Подписчики
Нет данных24 часа
Нет данных7 дней
Нет данных30 дней

Загрузка данных...

Облако тегов
Нет данных
Возникли проблемы? Пожалуйста, обновите страницу или обратитесь к нашему support-менеджеру .
Входящие и исходящие упоминания
---
---
---
---
---
---
Привлечение подписчиков
февраль '24
февраль '24
+12
в 1 каналах
январь '24
+42
в 2 каналах
Get PRO
декабрь '23
+317
в 0 каналах
Дата
Привлечение подписчиков
Упоминания
Каналы
21 февраля+1
20 февраля+1
19 февраля0
18 февраля0
17 февраля0
16 февраля0
15 февраля0
14 февраля0
13 февраля0
12 февраля0
11 февраля0
10 февраля0
09 февраля0
08 февраля+1
07 февраля0
06 февраля0
05 февраля+4
04 февраля+2
03 февраля+1
02 февраля+1
01 февраля+1
Посты канала
Мүмкін ұзақ уақыт тыныштықта өткен түндердің қадірін білмей қалған шығармыз… “түн тыныштығын нәсіп етсін” деген дұғамыздың сөздерінде жан болмай қалған шығар, құр ауызбен айтып жүрген шығармыз…нығметтің дәмі кете бастаған шығар… “түн тыныш болмай қалуы да мүмкін ғой” деген ойларды мүлдем ойланбай кеттік пе екен? түннің тыныштығы қандай керемет нығмет екенін, тыныш болмаса қандай қиын болып кететінін сезінбей кеттік пе екен? Тек Жаратқанның әмірімен ғана тынышталып тұратын түн үшін шүкіріміз, рахметіміз азайып қалды ма екен? әлде мүлдем рахметсіз болып кеттік пе?

2
Біз бір - бірімізге қарыздармыз…көп мәселеде қарыздармыз… Сол қарыздардың ең ауыры - сезім қарызы. Қарызымыз болған нәрсе сезім екенін білмегендіктен - неше түрлі нәрселермен өтегіміз келеді. Бірақ, қарыз болған сезімді апарып бермей кінәлі сезіну ешқашан кетпейді. Үнемі кінәлі сезіну… Үнемі қарыздар сезіну…
0
3
Сұрақ қою - құтқаратын арқан жіп сияқты. Кез - келген жағдайда көмекке келеді. Кез - келген жағдайдан алып шығады.
0
4
Бұл заман ұстаздардың заманы емес, бұл заман пірлердің заманы емес. Бұл заман достардың, аға мен інінің, дерттестердің заманы, жамағаттың заманы. Дерттестер бірге жиналып дерттеріне шипа іздейтін… Ой бөлісіп, тәжірбие алмасып бір-бірінің кем тұстарын толықтыратын… Үнемі ізденісте жүретін, ақиқатқа жаны құмар жандардың бірігіп шешім іздейтін… дұрыс емес ойда болған болса, қатесін бір-біріне мойындай алатын…шартсыз қабылдай алатын… қалайша бұндай әрекетке барады деп сынайтын емес, неге олай болып қалды екен, не себеп болды екен деп, түсінуге тырысатын… бір-бірін құтқаруға асығатын… Мен осылай жасап көрдім, жақсы болып қалды. Сен де солай жасап көрші дейтін… мен әлі шипа таппадым, сенде қалай болып жатыр дейтін…
0
5
Айтқанымды істе деп айтпа, менің дегеніммен жүр деме. Жәй ғана махаббатыңды арна, тоқтатпай… күттірмей… күтпеген сәттерде… және түрлі-түсті тәсілдермен Шынайылығыңды көрсет, шын бол. Әр қимылың шын екеніңді көрсетіп тұрсын. Әрбір сөзің… Әрбір қозғалысың… Әрбір жымиуың… Әрбір күрсінуің… Жайнап тұрған сәттерде де…шындықпен жайна… Қабақтар түйілген сәттерде де шындықпен түйілсін… мынау шын екен десін, мынаның жүзінде өтірік жоқ қой десін… Қабылда… шартсыз қабылда… қалай бар болса дәл солай қабылда… Сол кезде есіктер ашылып төрден орындар беріледі… Сол кезде жүректер ашылып жылулық сезіледі… Сол кезде перделер ашылып дауыстар жетеді, дауыстар естіледі бастайды, сені тыңдай бастайды… бірақ, сен ол кезде де бұйрық берме жәй ғана үлгі көрсет… одан кейін не болатынын мен білмеймін… бірақ, бір білетінім, ең жақсысы болады, сен разы болған түрде болады, ең керек уақытта болады… тапсыр… беруші бол… күтпей бер… күттірмей бер… күтпеген сәттерде бер… сосын, терең - терең бір рахаттанып демал да ШҮКІР де…!
0
6
Сезімсіз сөйленген сөз ұжданды қинайды, екіжүзділіктің есігі ашыла бастайды. Және, керісінше, сезінген сезімді дұрыс жеткізбесе бүкіл ағзаға жүк бола бастайды. Сезінсең дұрыс жеткіз. Сезінбесең айтпа.
0
7
Бізге “шүкір ет” “қадірін біл” “шүкір етсең арттырады” деген насихаттар керек емес. Бізге мына сұрақтардың жауабын беретін тұлғалар керек: •“шүкір етсеңдер арттырамын”деген сөздің ақиқатын қалай түсінеміз? •шүкір еткенде нығметтің арту процесін қалай сезіне аламыз? [себебі, сезіну жоқ жерде тұрақтылық болмайды] •үнемі шүкір хәлінде қалай жүруге болады? •адам қай кездерде шүкірсіздікке түсіп кетеді? және оның алдын алу үшін не істеу керек?
0
8
Тәжірбиесіздіктің салдарынан қанша қате жасау керек болса, соның барлығын жасайсың. 100 қателік болса, 100 дің барлығын жасайсың. Бірақ, сұрақ мынада: қателіктерді қаншалықты тез - тез жасап көріп, дұрыс жолды табасың? Қаншалықты тез-тез жасап үлгересің? Әлде қателесуден қорқып, сол күйі дұрыс тәсілді таппай кетесің ба? қаншалықты қателіктерге талдау жасап, сабақ шығарасың? қате шешімге не әсер еткенін анықтап, қаншалықты сол нәрсені бақылауда ұстап отырасың? және ең маңыздысы: қателектеріңнің шығынын қаншалықты төмендете аласың? Бір метрден секіріп, құлап үйренесің ба? Әлде, бірден он метрден секіріп жарақат аласың ба?, өтпейтін зат екенін он мың теңгемен тексеріп көресің ба? Әлде милионыңды жоғалтасың ба?
0
9
Діннің жемісі - білу емес, діннің жемісі - сезу.
0
10
Мен бақытсыз емеспін, мен жәй ғана спортпен айналыспаймын:) Спорт - әрекеттеріміздің жүрегі. Спорт - тұрақты көңіл күйдің кепілі.
0
11
“Жақсы істеп жүрмін” деген істерді одан да жақсырақ істеуге болады. “әдемі сөйлеп жүрмін” деген сөздерді одан да әдемірек жеткізуге болады. “шаршадым, талдым” дегеннен кейін де адам көп нәрсені істей алады кемелдікте шек жоқ маңыздысы: тәсіл іздеу…тоқтап қалмау…сұрақ қою… ең дұрыс болғанына ұмтылу… ең жақсысын таңдау… ең әдемісіне қарай бару… ҚАТЕЛЕСУДЕН ҚОРЫҚПАУ
0
12
“Алланы еске алумен ғана жүректер тынышталады” - деді ол. Бірақ оның жүрегінде Алла да жоқ еді. Тыныштық та жоқ еді. Жүрегінде болмаған сөзді неге айтты? Сезінбеген сезімді неге сезінгендей айтты? Оған не керек болды екен? Кім керек болды екен?
0
13
Қадірімді білгізем десең қадірсіз боласың. Қадіріңді білгізбе. Тырыспа. Күтпе. Жәй ғана қадірле. Өзгені қадірле. Өзіңді қадірле. Сол кезде қадірлі боласың.
0
14
Гэллап тестте 34 түрлі талант бар дейді. Ал, Құдай: мен сенің ішіңе бүкіл әлемді сыйдырдым дейді. Әлемде не бар болса, соның барлығы сенің ішіңде дән күйінде тұр, қабілет күйінде тұр. Қалағаныңды жетілдір дейді. Қаласаң күн бол. Жан-жағыңды жылыт, жарық бер. Сенің ішіңе күнді де салдым. Қаласаң теңіз бол. Терең бол. Шөлдегеннің үміті бол. Адамдарға тыныштық сыйла. Саған қарап адамдар тыныштық тапсын. Теңізді де саған сыйдырдым. Қаласаң тау бол. Тірек бол. Адамдар оп-оңай келіп, саған арқа сүйесін. Қаласаң арыстан бол, қыран бол, барлығы сенің қабілеттерің. Қаласаң гүл бол, жеміс бер. Айналаң сенімен гүлденсін. Азықтансын. Түнгі шабыт:)
0
15
Өміріміздің қай саласы ақсап, төменге қарай кетіп жатса, демек, сол жерде біз жауапкершілік алмай жатырмыз. (ақша, қарым - қатынас, денсаулық, энергия т.б) Бар күшті әсер ете алатын нүктеге емес, әсер ете алмайтын нәрселерге жұмсап жатырмыз. Сылтауымыз көп. Біз үшін барлық нәрсе кінәлі. Жауапкершілік алған адамның сұрақтары: “Не істей аламын?” “Әсерім қай жерде?” “Бірінші қадамды неден бастаймын?” “Тағы қандай тәсіл қолдансам болады?” “Қай жерден қате кетіп жатыр?”т.б. Өзінен ғана есеп сұрайды. Өзіне ғана жауап береді. Сылтау іздемейді. Ешкімді кінәламайды.
0
16
Жауапкершілік - қысым емес, еркіндік. Керісінше, жауапкершіліктен қашу адамға қысым береді, шатастырады. Нақтылық болмайды. Жауапкершілік - жауап беру деген сөз. Яғни, өзіңе жауап беру, басқа біреуге емес. Өзіңнің істеріңе, сөздеріңе жауап беру. Әсер ете алатын алаңыңа ғана жауап беру. Әсер ете алатын нүктеге ғана күш салу. Әсер ете алмайтын нәрсеге араласпау. Бас қатырмау. Мысалы: “оқушы неге түсінбей жатыр?” - деп сұрақ қою қате. Бұл жерде жауапкершілік алу жоқ. Керісінше, жауапкершіліктен қашу бар. Жауапкершілік алған адам: “мен неге түсіндіре алмай жатырмын?” - деп сұрақ қояды. Тәсіл іздейді. Жол табады. Кілт іздейді. Құлыпты ашады.
0
17
Тек жақсылықты көремін деп ниет етіңіз… Тек сапалыны көремін деп шешім қабылдаңыз… Тек жарық пен нұрды, мейірімділікпен жанашырлықты байқаймын деп таңдау жасаңыз… Сол кезде өміріңіздің түбегейлі жақсылыққа қарай бағыт алғанын байқайсыз. Ниет - үлкен күш. Адам жақсылықты ғана көремін деп ниет етсе, Алла ниетіне қарай оған береке есіктерін айқара ашып тастайды.
0
18
Су бергені үшін шүкір. Шөлдеткені үшін де шүкір. Негізінде, нығметтен айыру үшін емес, керісінше, дәмін арттыру үшін шөлдетті. Қадірін білдіргісі келді. Түсінсін деді. Ойланып, танысын деді. Сезінсін, жалығып кетпесін деді. Шөлдегенде ғана судың қадірін білеміз. Рахатын аламыз. Ойланамыз. Бағалаймыз. Шөлдегенім үшін де сансыз шүкір. (Басқа нығметтер де дәл солай)
0
19
Кімнің нені не үшін істеп жатқанын жүз пайыз білмейміз. Біле алмаймыз. Белгілі бір әрекетті жасап жатқан адамның ішкі ниеті қалай болғанын Алладан басқа ешкім білмейді. Сол себепті кейде “неге олай жасады?” деген сұрақтың жауабын іздемеген дұрыс. Өйткені, біз ешқашан біле алмайтын, жасаған адамның өзі ғана түсінетін бір ішкі себебі бар. Неге? деп жауап іздеп кетпейміз. Тек қана қабылдаймыз. Болды. Түсіністікпен қарау әлемді құтқарады!
0
20
Жарық қараңғылықпен күреспейді. Қараңғыны кетіру үшін онымен таласпайды. Ол жәй ғана жанады. Жарық болады. Сол кезде, қараңғылық орын таппай өздігінен жоқ болып кетеді. Махаббат пен зұлымдық та дәл солай…
0