cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

𝐃𝐈𝐃𝐀𝐑-дан жаңа хат…✉️

Өзіңе емес الله - ға сен! Instagram: https://www.instagram.com/yes.didar/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Больше
Рекламные посты
716
Подписчики
Нет данных24 часа
+177 дней
+23330 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

УАҚЫТ_ҚАДІРІ__Абдуғаппар_Сманов.mp311.20 MB
8😭 1
«Жақсы көретініңді айту - бұл сүннет» деп талай жастарды зинақор қылған ақылшылар- ай… (сөз иесін табады әрине). Бұл Пайғамбарымыздың ﷺ сахабаларына айтқан сөзі ғой. «Бауырыңды жақсы көрсең, бос отырма. Оған тездетіп жақсы көретініңді айт» дегені. Яғни, сахабалардың арасындағы бауырмалдылықты нығайту ниетінде. Ал бізде жігіттермен қыздар бұл сүннетті қалай пайдаланып жүр деймін. Дұрыс пайдаланбауымыздың себебі білімсіздіктен. Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті дегенді біреуден естіп, көріп мәнін түсінбей қолданамыз. Мұның барлығы білімсіздікке тікелей байланысты. Мен сені жақсы көремін деген сөзден бұрын бөтен қыз бен бөтен жігіттің сөйлесулері харам екенін білуіміз қажет.
Показать все...
23👏 4💔 4😢 3 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
“Дүниеден өткен марқұмдарды еске алғанда, олардың қатарына өзіңді де қос.” Сахаба Әбу Дарда (Алла оған разы болсын)
Показать все...
😢 18💔 7 4🍓 1
Қазақта: «Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін» деген мақал бар🔥 Бұл мақал әсіресе қазіргі кезеңге сай айтылып, етек-жеңін жия алмай жүргендерге қамшы боп тисе игі еді деймін. Нағыз ерліктің өзегі – тәуекелғой. Адамзаттың асылы саналатын пайғамбарлардың бәрі де маңдай терімен нәқапасын тапқан. Нұх пайғамбар – балташы, Жүсіп – егінші, Мұса – шопан, Дәуіт темірші болды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бала күнінен қой баққан. Ер жеткен соң сауда-саттықпен айналысқан. Алла елшісі кәсібі арқылы абыройын асқақтатып, ел алдында танымалдығын арттырды.🌱
Хәкім Абай: «Адам еңбегімен ардақты, мінезімен қадірлі», – деген. Ибн Масғұд (Алла оған разы болсын): «Не дүние ісімен, не ақырет амалымен айналыспай бос жүрген кісіні жек көремін», – деген екен. Тіршілігіне де, құлшылығына да тең қарайтын адам – нағыз мұсылман.
Показать все...
9🔥 2
Қиындықпен сыналған кезде, мына бір керемет дұғаны есіме аламын:🌱
«Жаратушы ием, маған мен өзгерте алатын нәрселерді өзгертуге күш бер. Ал, өзгерте алмайтын нәрселерді қабылдауға кішіпейілдік бер. Және бірін екіншісінен ажырата алатындай даналық бер»🤲🏻
Показать все...
29🔥 4 4👏 1🍓 1
Удалил (-а) Вас из канала
Показать все...
🤣 66😭 19 16💔 9😢 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
13🔥 5👏 2😍 1
НАҒЫЗ ЖІГІТТІК НЕДЕ? Нағыз жігіттік жігіттің жасында емес, біз көптеген үлкен жастағы жігіттерді көріп жатамыз, ой-өрісі жеті жасар баланікіндей, болмашы нəрсеге күле беретін, əркімге бір сене беретін... Бұл жай сақал-мұртты бала ғана. Бірақ Алланың рақымымен жап-жас болса да, өзінің тəрбиесімен, сөзімен, көркем істерімен таныла алатын нағыз жігіттер бар. Бір күні Омар (Алла оған разы болсын) көшеде келе жатқанда бір топ бозбалалардың ойнап жүргенін көреді. Балалардың бəрі жан-жақа тарап, жолды Омар үшін босатып берді. Бірақ Абдулла ибн əз-Зубəйр ғана өз жолында жалғыз қалған еді. Омар сұрады: «Ал сен неге достарыңмен бірге кетпедің?» Абдулла жауап берді: «Мүминдердің əміршісі, мен ешқандай күнə істеген жоқпын жəне сенен мүлде қорықпаймын. Жол тар емес, сіз де мен де сыямыз». Нағыз жігіттік - дененің үлкендігінде, мықты салмақ пен фигурада емес. Тіпті Аллаға ең сүйкімсіз болған дін дұшпандарының небір батырсымақтарының мықты денесі болды. Əйгілі сахаба Абдуллаһ ибн Мəс'уд өте арық кісі еді. Бір күні жиналыста оның сирағы ашылып қалады, ол өте жіңішке еді. Оны көрген басқа сахабалар күліп жіберді. Алла елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) айтты: ➖ «Сендер оның арықтығына күліп отырсыңдар ма? Жаным иелігінде болған Алламен ант етейін, оның бұл сирақтары Алла алдында Ухуд тауынан ауыр». Жігіттік - жаста емес, ақша-байлықта емес, денеде емес, қоғамындағы мəртебесінде де емeс. Жігіттік - бұл алға қойған нақты мақсатқа жете алу, қиындықтан қорықпау, Алладан өзгеге тəуелсіз болу. Бұл күш - əлсізді мықты ететін күш, кедейді бай ететін күш. Нағыз жігіт - өзінің Жаратушысының алдындағы, отбасының алдындағы, көршісінің басқа да мұсылмандардың алдындағы ақысын толық беретін жігіт. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) басшылығымен мынау үмметтен ең мықты, бүкіл адамзат тарихындағы ең үлгілі жігіттік тұлғалар шықты. Пайғамбарымыз ешқашан шықпаған нағыз батырларды тəрбиелей алды. Бұлар - нағыз жігіттер еді. Уəделерінде берік, қиындық пен қауіптен қорықпайтын. Жеңіске босамайтын, жеңілістен қажымайтын. Арадан талай уақыт өтті, адамдар өзгерді, жүректер əлсіреді, Батыстың ауру идеологиялары сананы улады. Шайтанның қолынан бұл келді! Көптеген "мен мұсылманмын" деп көкірегін керетін жігіттер жігіттігінен айырылып бара жатыр! Мұсылмандар! Санасын мына дүниенің буы улаған жігіт Исламға қандай пайда əкеле алсын.
Показать все...
10👏 1 1
"Шынайы тәубе етушілермен бірге жүріңіздер! Себебі олардың жүректері өте жұмсақ." 🤍 Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын)
Показать все...
32 3🥰 1
• Аспандағы құстардың да жолын белгілейтін Алла адамдарды жерде адастырмайды...🕊️
Показать все...
23😍 9💔 3🔥 1
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.