cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Руслан Меделбек

Саяхат, журналистика, тіл меңгеру және спорт жайлы жазбаларымның бәрін осы жерден таба аласыз. Әлеміме қош келдіңіз. Прага 🇨🇿 тұрғыны

Больше
Рекламные посты
756
Подписчики
-224 часа
-37 дней
-2130 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Jusan analytics зерттеуінше, Қазақстанда орта тап өкілі деп айына 700 мың теңгеден 1,2 млн теңге табатындарды айтады екенбіз. Қандай қорқынышты... Бір отбасы болып 700 мың теңге таба алмай отырғандар көп қой. Демек елде қаншама адамға орта тап болу арман. Орта тап деп айлығынан сәл де болса ақша жинай алатын, жылына кемі бір рет шетелде демала алатын, ел ішінде ұшақтармен ұшуға мүмкіндігі бар, бос уақытында мәдени-рухани шараларға ақша жұмсауға мүмкіндігі бар, қолма-қол ақшаға баспана алуға мүмкіндігі бар не ипотекаға алған үйін уайымсыз төлей алатын топты айтса керек...
Показать все...
😢 22 3
00:22
Видео недоступноПоказать в Telegram
Бұлар - Астанада Тәжікстан делегациясы әкелген жемістерді аттап-бұттап алып жатқандар. Бұл - біздің сана. Санамыз әлі аштықта. Тегінге жүгіреміз, сапалыны арзанға алсақ дейміз. Ақша үшін алдауға бармыз. Тегін болса палауға да, самсаға да, қарбызға да таласуға дайынбыз. Дамығымыз келмейді, еңбектенгіміз, бір жерімізді қинағымыз келмейді. Жетістікке жетіп, көз майын, энергиясын тауысып, еңбегімен ақша тауып жүргендерге "әй, осы ақшаны қайдан табады?" екен деп күмәнмен қараймыз. Сөйтіп сұрайтындардың көбі бір мамандықты дұрыс меңгермеген я өзі қаламаған мамандықты оқып шығып, қазір не ары емес не бері емес өмір кешіп жатқандар. Аяйсың. Айналама көз тастасам өзін дамытып жүрген жанның бәрі ақшадан кенде емес. Бай емес шығар, бірақ тапқанын білімге, өзінің дамуына, жанының тыныштығына жұмсайды. Бір айда миллион табасың дегендердің курсына жүгіреміз. Жеңіл жолмен пайда тапқымыз келеді. Ал пайда біліммен, еңбекпен, маңдай термен келетінін білсек те санамыз қабылдамайды ғой, қабылдамайды.
Показать все...
😢 20👍 8 4
Әр жұма сайын playlist тізімімді қағып, жақсы/жылы әндерді ұсынып отырайын. 🎶Мархаба Сәби - Mahabbatym-ai 🎶Jonas Brothers - Waffle House 🎶Carly Rae Jepsen - Kamikaze 🎶Herve - Tresor 🎶RAY - Zhanbyr 🎶Sunflower Bean - Moment in the Sun 🎶Rita Ora - Shape of Me 🎶Бағым Мухитдинова - Janym-au Sen (Cover) 🎶Jax (02.14) - Кока Lova 🎶Sigrid - Hype ⭐Bonus: Kalifarniya - Oi barekeldi Идея ұнаса лүпіл ☺️
Показать все...
Ұзақ уақыттан соң телеграм каналыма қайта оралдым. Бұл жолы бір ауыр тақырыпты қозғағым кеп тұр. Өткенде «Жаншипа» психологиялық подкасымда психолог Гүлзат Қанатпен «әкесі я анасы (кейде екеуі де) ішкен балалар қандай қиындыққа тап болады?» деген тақырыпта сөйлескен едік. Маманның мына сөздеріне назар аударайықшы ❤️‍🩹Бала ата-анасының бірінің я екеуінің де ішкенін, олардың ұрсысын, тіпті төбелесін көреді. Оларға араша түсуі де мүмкін. Ата-анасы ішкен балалар есейгенде стрессте болады. Ұят сезімі көлеңке болып жанынан қалмай жүреді. Себебі ол әкесі я анасы ішкенде көшеден сүйреп үйге әкелуі мүмкін. Оны ауладағылар, сыныптастары көреді, бұл балаға қатты ұят қой. ❤️‍🩹Бала қанша талантты, ақылды болса да, ол өз мүмкіндігіне сенбейді. Себебі бала өзін құнсыздандырғанға, абыройының төгілуіне үйреніп қалғандықтан өзіне сенуі қиын болады. Бір істі аяғына жеткізе алмайды. Себебі бала кезде бүгін әкем ішіп келе ме, дұрыс ұйықтай аламыз ба, сыртта ұйықтаймыз ба, ішіп келіп үйден қуып шыға ма деп алаңдап жүреді. Мұндай алаңдаған балада тұрақтылық болмайды. ❤️‍🩹Ата-анасы ішкен балалар тілалғыш болуы мүмкін. Әкесі я анасы «сен тілімді алмадың, содан соң ішіп келдім» деп ішкеніне баланы айыптауы мүмкін. Осылайша өз әрекеті үшін жауапкершілікті балаға артады. Бала ата-анасы өзінің қай әрекеті үшін ішіп келетінін білмей қиналады. Одан кейін бала барлығына өзін кінәлі сезініп, кінәлі болмас үшін бар нәрсені жасауға дайын тұрады. ❤️‍🩹Бала кезден стресс, құнсыздандыруды көріп келген, басқалар үшін жауапкершілікті көп алған адамда бұл әрекеттер үйреншікті дағдыға айналып кетеді. Адам мәселесін шешем десе осы дағдыны өзгертуі керек. Бұл дағдыны 6 айдан 1 жылға дейін психолог маманның терапеясымен өзгертуге болады. Психологпен терапеяда өмірде көрген мәселелерді өн бойыңыздан өткізіп, жылап, ашуланып, қуанып, қызғанып, жек көріп, барлық сезімді араластырып, ара-жігін ажырата аласыз. Подкасты Apple Podcast не Google podcast платформаларынан тыңдай аласыз.
Показать все...
Батыс елдері туралы рилстарымның астына "бұл елде айлық көп шығар, бірақ салық 30-40 пайыз, тапқан табыстың бәрі салық пен тамағынан аспайды" деп кекеткен пікірлер түседі. Бұл - осылай ойлайтын әр қазақтың өзінің ішкі жағдайы. Демек "қанша тапсаң да, жетпейді ғой" деген өзінің ішкі жанайқайы. Біз өз ауруымызды, ішкі айқаймызды жасыру үшін өзгенің жетістігін түсіруге, жоққа шығаруға әуес қоғамбыз. Себебі қанымызға сіңіп кеткен. Бай деген сөз негативпен ассоцация. Ертегімізде байды жеккөрінішті етіп көрсетеміз, кедейге аяушылықпен қараймыз. Мұны психологияда проекция дейді. Өзімізге ауырды, қол жетпегенді өзгеден көрсек қабылдай алмаймыз, ашуланамыз. Жалақысы жоғары он елдің тізіміне көз жүгіртіңізші. Табысы жетпей, көңілі түсіп жүрген әр қазаққа осы елдің бірі арман. Себебі өзімізде бұл жоқ. Иә, бұл елдерде салық көп шығар, бірақ бұл елде тұратын адамның басым бөлігі басқа елге кеткісі келмейді. Бұл елдерде білімді болсаң жерде қалмайсың. Бірнеше күн бойы Оңтүстік Корея шулап жатыр. Осы елге барған екі қазақстандықты әуежайдан кіргізбей қояды да, оларды депортацияламақ болады. Екеу әуежайдан қашып кетеді, бірі ұсталған, екіншісі іздеуде. Осындай тірліктерден соң Қазақстанның визалық репутациясы бүлінеді. Өткенде Шенген аймағы қазақстандықтарға қосымша тексеру енгізді дегенде шулап қалғанбыз. АҚШ-қа виза алу жылда қиындап барады. Мексика арқылы барсам қалай болады деп бас қатырып жүргендер де көп. Арқа жылы болса арқар ауып несі бар? Біз өмір сценарийін өзгертпей, жалақысы жоғары елге айналуымыз қиын. Өміріміз 30 жастан кейін аяқталып қалғандай. 30 жастан кейін бәрі кеш деп қол сілтеуге әуес замандастарым бар. Білгенге отыздан соң өмір басталады. Орда бұзатын жас деп бекер айтпаған ғой. Оқу мен білім ғана елді, халықты ұшпаққа шығармақ. Білімсіздік елді артқа тартпақ. Энергияны біреудің өміріне араласуға емес өзіңізді дамуыңызға, жан-дүниеңізді дамытуға, білім алуға жұмсаңыз. Әлем білімдіге, ізденгенге есігін ашпақ.
Показать все...
00:44
Видео недоступноПоказать в Telegram
43-еліме жеттім☺️
Показать все...
00:23
Видео недоступноПоказать в Telegram
Барселона жағалауы
Показать все...
00:20
Видео недоступноПоказать в Telegram
Канар аралдарындағы күн батқан сәт. Ұзақ қарап отырдым. Ғажап
Показать все...
00:23
Видео недоступноПоказать в Telegram
Киттің тыныстағанын тыңдаңызшы🥰Атлант мұхитында түсіргенім
Показать все...
00:22
Видео недоступноПоказать в Telegram
Канар аралдары. Санта Круз қаласы
Показать все...