Иманды пенде🤍
Открыть в Telegram
999
Подписчики
Нет данных24 часа
-87 дней
-3130 день
Архив постов
Күнде анасынан дін үйреніп жүрген үш жасар қызым бүгін кешкі аста:
"Әкетай, Алланың Құранында не бар" деп сұрақ қойғанда, сәл шок болдым)
Мутакаллима қыз өсіп келе жатыр ма?)
#машаАлла деп қояиқ)
🔵Салауат ерекшелігі.
Аллаһқа құлшылықтардың ішінде салауат оқу ерекше.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында Алла және Оның періштелері Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауат айтады.
Ей, мүміндер, сендер де оған салауат айтыңдар», – деді.
Бұл аятта салауат айтудың ұлылығын, маңыздылығын, ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Салават оқу неге соншалықты керемет?
Бұл үшін екі мүмкіндік бар.
1 – Алла Тағала бізге құлшылық етуді бұйырды, бірақ салауат оқудан басқа мұны өзі істемеді.
Алла Тағала бізге оны оқуды бұйырған жоқ, алдымен өзі оқып, кейін періштелерге, адамдарға және жындарға бұйырды.
Өзінің сүйікті пайғамбары Мұхаммедке (ﷺ) салауат айтуды осылай жоғарылатты.
Алланың әмірін орындап, сүйікті Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) мадақтап салауат оқиық, бұл біздің оған аз да болса сыйымыз болсын.
Сондай-ақ Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разылығы үшін және Алла Тағаланың разылығына, Оның мейіріміне ие болу үшін және Алла Тағала біздің күнәларымызды кешіруі үшін салауат арқылы.
2 – Ең қиыны – кәміл ибадатты бұзатын нәрседен қорғау.
Оны не бұзады?
Хадис бойынша мұндай ауруларға өзін-өзі көрсету, тоқмейілсу, көреалмаушылық, күпірлік, жала жабу жатады.
Жанның осындай және басқа да аурулары оттың құрғақ ағашты жейтіні сияқты, бізде онсыз да аз болған игі істерді жояды.
Салауатты оқуға келер болсақ, ол мұндай аурулардан қорықпайды, әрқашан оның пайдасын көреді.
Сондықтан біз сияқты әлсіз, күнәһар, рухани дертке шалдыққан жандар үшін салауат оқу ең қолайлы әрі пайдалы амал болып табылады.
•┈┈•✿❁✿•┈┈•
🌺
🌹"Аллаһумма саллиғлә' Мұхаммед, уә ғұлә'әли Мухаммад".
✅ Таңғы және ақшам намазынан кейін:
1. «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни минан-нар) деп 7- рет айтып жүргендерді, Алла тозақ отынан сақтайды.
2.Алланың Әл-Азизу есімін 40-рет қайталаса, Алла Тағала оның қаржы мәселесінде басқалардан тәуелсіз етеді.
3. Алланың Әл-Фаттаху есімін 70-рет қайталаса, жүрегі нұрланады, көңілі шаттанып жай табады.
4 " Кімде-кім таңғы намаздан кейін Ихлас сүресін 11-рет оқыса, ол күні оған бірде-бір күнә жақындамайды. Шайтан азғыруға тырысса да қорғанған болады"
5. Ей, Алла! Шын мәнінде мен Сенен пайдалы ғылым, адал ризық-несібе (Өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын.
6. Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Үкiм (шығару) Оған тән, және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. 10-рет
7.Алланың Әс-Сабуру есімін меңгеріп 100-рет айтып, Алланы еске алып, зікір етсе, сол күннің бәле-жаласынан аман жіреді.
Бесін намазы:
1. Бесін намазының төрт рәкағат сүннеті
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Бесін намазының парызынан бұрын және кейін тұрақты түрде 4 рәкағат сүннет оқыған адамға Алла Тозақ отын харам етеді» (Мишкат, Тирмизи, Әбу Дауд, Насаи мен Ибн Маджа).
Түсініктеме:
Мынадай тәртіппен оқыған абзал: 4 рәкағат сүннет намаз, 4 рәкағат парыз намаз, 2 рәкағат сүннет намаз, 2 рәкағат нәпіл намаз.
Екінті намазынан соң:
Алланың Әл-Ғаффару есімін екінті намазынан соң ; «Иә ғаффару иғфирли»-деп айтып жүрсе, Алла Тағала оны кешірім еткен құлдардың қатарына қосады.
Ақшам намазынан соң:
1. Тозақ отынан азат болу
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Ақшам намазын оқып болғанда: «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни мин әл-нар) деп 7- рет айтыңдар. Осыны айтып, сол күні түнде дүние салған адамға Тозақ отынан қорғаныш беріледі. Таң намазынан кейін осы сөзді айтып, сол күннің ішінде көз жұмған адамға тозақ отынан қорғаныш беріледі» (Әбу Дауд).
2. Ақшам намазынан кейін алты рәкағат.
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Кімде-кім төртінші намаз ақшамнан кейін бесінші намаз Құптанның уақыты кіргенге дейін артық сөз айтпай, 6 рәкағат намаз оқыса, 12 жыл ғибадат жасаған адамның сауабын алады» (Тирмизи).
Түсініктеме:
Бұл жерде «артық сөз» деп дүниеуи әңгіме жайында айтылып жатыр.
Бұл намазды екі рәкағат сүннет намаз бен намаздан соңғы зікірден кейін оқыңыз.
3.Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Үкәм (шығару) Оған тән, және барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Ол тірілтеді әрі өлтіреді. Сондай-ақ, Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. 10-рет.
Уақыттың қадірін білгің келсе, спортшылардан сұра. Соңғы секундтар нәтижені қалай өзгертіп жіберетінін олар жақсы біледі. Жеңіп бара жатқандар жеңіліп, жеңіліп жатқандар жеңіп кетеді бір-екі секундта.
Сол үшін бар уақытыңды қадірле!
Сақал қойсаң жақтырмайтын аға бар
Орамалды тақтырмайтын жеңге бар
Орамал таққан қызды даттамай
Кіндік ашқан өз қызыңды жөндеп ал!!
Дінге фанат болма, ақырында тастап кетеді. Дінге жеңіл болма, ақырында алыстап кетеді.
Шамаңа қарай, шынайы берік бол!
Ұйықтарда Аят әл-курси оқыңыз/тыңдаңыздар☺️
"Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум лә тә'хузуһу синәтуу уәлә нәум ллаһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд мән зәл ләзии йәшфәъу ъиндәһу иллә биизниһ йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда уәлә йәуудуһу хифзуһумә уәһууәл ъалиййул ъазиим"
﴿ اللّهُ لاَ إِلَـهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ﴾.
Алла, Одан басқа құдай жоқ. Ол – Хай (мәңгі тірі), Қайиум (еш нәрсеге арқа сүйемей күллі болмысты бір Өзі ұстап, меңгеріп тұрушы). Ол әсте қалғымайды, Оны (ғапылдық та,) ұйқы да баспайды. Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі барлық нәрсе бір Өзіне тиесілі. Оның дәргейінде рұқсатынсыз біреу үшін шапағат етіп, ара түсе алатын кім бар? Ол күллі жаратылыстың алдындағы болашағын да, артындағы өткенін де толық әрі жақсы біледі. Ал олар болса, Оның шексіз ілімінен еш нәрсені толық ұға да, меңгере де алмайды, тек Оның Өз қалауымен ұғындырып, үйреткен нәрсесі болса, оның жөні басқа. Оның (шексіз билігінің көрінісі болған) Күрсісі күллі аспан әлемі мен жерді толық қамтыған. Күллі аспан әлемі мен жерді қызғыштай қорып, сақтап тұру Ол үшін бұйым емес, Ол – Али (бәрінен биік, асқақ), Азим (бәрінен ұлы, бәрінен зор).☺️
Бақара сүресі, 255
Алла Елшісі ﷺ өзінің бір хадисінде былай дейді:
“Арзан ойын-күлкі мен тән ләззатына құмартпайтын жасқа (жасөспірімге) Алла дән риза болады”.
(Ахмад ибн Ханбәл, муснад)
Қызуы мен қызығы мол жалындаған жастық шағында нәпсіқұмарлыққа салынбай Аллаға бағынуға бекінген адам.☺️
(Жастарға арналған 30-хади)
Шайтанның әрекеттеріШайтан әртүрлі тәсілдермен әрекет етеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) дәрет алғанда дене мүшелерін үш реттен артық жууға тыйым салынғанын айтқан. Қол жуғыштың қасында тұрып алып, он реттен жуынатындар мынаны түсінуі керек, тіпті егер сіздер теңіздің жағасында болсаңыз да, дәрет алу кезінде үш реттен артық жуыну - мәкруһ болып табылады. Пайғамбарымыздың (ﷺ) осы ескертуінде біз сияқтыларға деген үлкен данышпандық пен қайырымдылық бар. Егер осы сөздер болмаса, шайтан бізге дәрет алу толық орындалмады деп сыбырлап, ал біз намаз уақыты өтіп кеткенше жуынып тұра бере едік. Имам Әбу Дәуд, оған Алланың рақымы болсын, бір күні Абдулла бин Мугаффал (р.а.) өз ұлының Аллаға былай жалбарынып жатқанын естігенін айтқан: – Иә, Алла, Жұмаққа кіргенде оның оң жағында болатын ақ сарайды Сенен сұраймын! Әкесі ұлына Алла Тағаладан тек Жұмақты сұрап, Тозақтан сақтауын өтін деп, Пайғамбарымыздың (ﷺ) мынандай келесі сөздерін естігенін айтып береді: «Менің үмбетімде тазару мен жалбарынуда шектен тыс кететін адамдар болады». Тазарудағы шектен тыс кетудің төркінінде дәрет алу мен ғұсыл құйынудағы дене мүшелердің Сүннетте көрсетілгендей үш реттен артық жуылуы, сондай-ақ, көп мөлшердегі суды пайдалану мен сыбырлаулар мен күмәндардың ықпалымен артық жуыну. Ал жалбарынудағы шектен тыс кету – бұл Алла Тағаладан тыйым салынған өтініштерді сұрау немесе жалбарынудың орындалу тәсілі тиісті әдепке қайшы келетіндер. Кейде шайтанның айла-әрекеттері адамның әжетханада ұзақ отыруына әкеліп соғады, ас дәреті лайықты түрде болмады деп санап, ол қайта-қайта жуына беретін болады. Ал кейде күмәндар тікелей намаз басталардың алдында пайда болады, шайтан былай сыбырлайды: – Сен ниет еткен жоқсың. Нәтижесінде имам рүкүғ жасап жатқанда, ал адам болса әлі «ниет етіп» тұрады. Сондай-ақ, киімдерін он реттен жуатын адамдар да бар, сонда да олар киімдерін кір деп ойлады. Мұндай күмәндар жас ерлі-зайыптылар жұбын да мазалайды, нәтижесінде олар міндетті ғұсыл құйынуды орындамай, сол себепті ұдайы лас күйлерінде қала береді. Сүннетте көрсетілгендей бәрін жуыңыз да, күмәндарға ешбір көңіл бөлмеңіз. Бір күні сахабалар (р.а.) орманнан өтіп келе жатады. Олардың жолында тоған кезігеді. Олардың біреуі суға жануарлар келіп, оны өздерінің нәжістерімен былғауы мүмкін деп айтады. Сонда Омар (р.а.): – Біреулерің жануарларды көрдіңдер ме? – деп сұрайды. – Жоқ, – деген жауап болады. – Онда дәрет ала беріңдер, – дейді ол. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: шайтанның сыбырлап айтатын күдіктеріне көңіл бөле бермеңдер.
Зікір – ең оңай ғибадат. Бар болғаны тіліңмен “Субханалла”, “әлхамдулилля”, Аллаһу Әкбар” десең болды
Бірақ бұны көбісі жасай алмайды. Себебі, “Тауфиқ” тек Алладан. Себебі, “Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ”
Яғни, күш та, қуат та бір Аллада ғана бар. Оның тауфиғісіз (қолдауысыз) біз ештеңе істей алмаймыз
