cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

ABAIBOL🇰🇿

Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша: [email protected] 📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol 📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz www.shyngys.kz www.abaibol.kz

Больше
Рекламные посты
31 672
Подписчики
+2124 часа
+4807 дней
+2 69430 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

01:31
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔞ДҮКЕНДЕ КЕЛІНШЕКТІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ Астана. Аталмыш оқиға 7 шілде күні, жергілікті азық-түлік дүкендерінің бірінде болыпты. Жәбірленушінің айтуынша, дүкенде жүгіріп жүрген бүлдіршін оған соқтығысып, еденге құлаған екен. Алайда, баланың әкесі келіншекті айыптап, балағаттай жөнеліпті. Нәтижесінде, жанжал ушығып, келіншекке қол жұмсайды. Яғни, итеріп құлатады, бетінен ұрады. Абырой болғанда, дүкендегі басқа сатып алушылар оларды ажыратып жіберген. Анықталғандай, әлгі «әйелдермен төбелескіш Хабиб» құрықталып, 5 тәулікке қамалды. Қазіргі таңда, тиісті сараптамалар тағайындалып, әйелге тиген залалдың салдары анықталуда. ❗️5 күннен соң моральдік өтемақы төлейін деп тұр ғой. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
ОБЛОЖКА ТЕЛЕГРАМ.mp417.51 MB
😱 44🤣 31👍 21🤬 10🗿 4 2🤡 2😍 2😁 1😭 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔞4 ЖАСАР БАЛА ӘЖЕТҚҰДЫҚҚА ҚҰЛАП МЕРТ БОЛДЫ Атырау. 10 шілде күні, «Құрсай» ықшамауданында орналасқан «Чебурашка» балабақшасында сұмдық оқиға орын алды. Аталмыш мекеменің ауласында ойнап жүрген 4 жасар бала әжетқұдыққа құлап, батып кеткен. Мәйітті балабақша қызметкерлері шығарып алыпты. Қазіргі таңда құзырлы органдар оқиғаның себеп-салдарын тексеріп жатыр. ❗️Тәрбиешілер ай қарап жүрген бе? 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
🤯 34😱 15😢 7🕊 6😭 4 3👍 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔞ПЛАСТИКАЛЫҚ ОТА ЖАСАТЫП КӨЗ ЖҰМДЫ Алматы. 5 шілде күні липоксация жасатқан 47 жастағы әйел кенеттен қайтыс болған. Анықталғандай, марқұм «Амира» жеке клиникасында ота жасатып, денесіндегі артық майларын алдыртқан екен. Ота құны 2 млн. теңге. Марқұм бұл соманы несиеге алыпты. Ота жасаған маманның айтуынша, марқұмның барлық медициналық талдаулары жақсы болған. Яғни, отаға толық дайын болыпты. Алайда, отадан соң үйіне келген әйелдің жағдайы кенеттен нашарлап, қайтыс болды. Клиника басшылығы 2 млн. теңгені марқұмның жанұясына қайтарып берді. Ал, мәйітке жасалған сараптама, марқұмның ауыр жүрек инфарктінен көз жұмғанын анықтап отыр. Ал, инфаркттің себебі әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жалғасуда. ❗️Отаның қауіпсізі жоқ… 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
😱 61👍 7 7🤯 5😡 4🤡 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔞12 ЖАСАР БАЛА СУҒАРУ СОРҒЫШЫНА ТҮСІП МЕРТ БОЛДЫ БҚО, Деркөл ауылы. 4 шілде күні, көлде шомылып жүрген 12 жасар бала суғару сорғысына тап болып, құбыры тартып әкеткен. Оқиға еріксіз куәгер болған басқа балалар оны шығарып алуға тырысқанымен, шамалары жетпепті. Себебі, бақшаларды суғаруға арналған аталмыш суғару сорғысы өте қуатты. Құрылғыны сөндіргенімен, байғұс баланың аяқтары құбырға кіріп кеткен. Сондықтан, шығарып алуға құтқарушылардың көмегі қажет болды. Алайда, тым кеш. Бала суға қақалып көз жұмды. Анықталғандай, әлгі суғару сорғышының құбырында қорғаныс сүзгісі болмаған. Ал, ереже бойынша, болуы тиіс. Сондай-ақ, марқұмның тыйым салынған аймақта шомылғаны анықталып отыр. ❗️Сорғының қасақана қойылмағаны түсінікті. Ал, баланың аты бала. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
😱 56👍 8 6🥴 6🗿 4
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔞ҚАЙТЫС БОЛҒАН ӘЖЕСІНІҢ ЗЕЙНЕТАҚЫСЫН 3 ЖЫЛ БОЙЫ АЛҒАН Ақмола облысы. Облыстық сот шешімімен, ер адам сотталды. Анықталғандай, ол 2021 жылы қайтыс болып кеткен әжесінің зейнетақысын алып келген. Яғни, марқұмның банк картасы арқылы 3 жылда 4 млн. теңгеге жуық ақша иемденген екен. Нәтижесінде, 3 жыл арқалап кетті. ❗️3 жыл ұрлап, 3 жылға қамалды. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
😱 74😁 17👍 16🤣 15🤬 11🥴 9 5🍓 2
00:34
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔞АВТОБУСТЫҢ ЖОЛЫП КЕСІП, ЖҮРГІЗУШІСІНЕ БҰРЫШТЫ БАЛЛОН ҚОЛДАНДЫ Астана. 9 шілде күні Елордалық сақшылар 37 жастағы ер адамды құрықтады. Аталмыш күні ол автобус жүргізушісіне бұрышты баллон қолданып, оқиға орнынан ізін жасырған екен. Жанжалға себеп – әдеттегі жолға талас. «Киа» көлігін тізгіндеген ер адам автобустың жолын кесіп, оны тоқтауға мәжбүрлейді. Сөйтіп, автобус жүргізушісінің бетіне бұрыш баллонын шашып, қашып кетіпті. «Бұрыш шашқыш қашқынның» көлігі айыппұл тұрағына тоғытылып, өзі 10 тәулікке қамалды. ❗️Соңғы кездері, бұрыш шашқыштар мен 10-15 тәулікке қамалатындар көбейіп кетті ғой. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
ОБЛОЖКА ТЕЛЕГРАМ.mp45.59 MB
👍 57😁 18😱 17 8🤔 5
00:37
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔞ЖАЛАҚЫСЫН АЛА АЛМАҒАН ЖҰМЫСШЫЛАР?! Түркістан қаласы. Бірнеше күн бұрын әлжеліде пайда болған бұл видео неше түрлі қауесеттің тарауына себепші болғаны. Кадрға үңілсек, әлдебір ер адамдар салынып жатқан көпқабатты үйдің қабырғаларын бұзып жатыр. Аталмыш көрініс ел аузында «құрылыс компаниясы жұмысшылардың еңбекақысын бермеді. Жұмысшыларды лақтырды» деген секілді тұжырымдар пайда болған. Ал, ер адамдардың әрекетін «басшылыққа кек» деп пайымдағандары бар. Алайда, 9 шілде күні бұл көріністің астары ашылды. Полицияның мәлімдеуінше, тарап жатқан қауесеттер – қисынсыз. Анықталғандай, құрылыс барысында олқылықтар анықталып, жұмысшылар қайта жөндеу жұмыстарын жасап жатқан екен. ❗️Жұрт деген осы, көргісі келген дүниені көреді… 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
ОБЛОЖКА ТЕЛЕГРАМ1.mp47.19 MB
👍 71🤣 11🥰 8 3👏 3🏆 2😢 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
▪️ ТАРАЗДЫҚ ҚАНДЫ ҚАРАҚШЫЛАР | №153 Тараз - 90-шы жылдары қылмыс саны бойынша еліміздегі көшті бастаған қалалардың бірі болғанын замандастарым білуі тиіс. Қылмыстық топтардың бақталасып өзара қырылысулары, атыс-шабыс, рэкет, бопсалау – сол кездегі Тараз үшін қалыпты құбылыс болатын. Абырой болғанда, ол заман келмеске кетті. Десекте, бүгінгі баяндалатын оқиға сол қилы заманның жаңғырығы десе болады. 9 ай бойы қаланың ауқатты кәсіпкерлерін әлдебір қарақшылар қан қақсатып келеді. Яғни, мылтық және тапаншамен қаруланған бір топ қарақшы, үй қожайындарын аяусыз соққыға жығады. Атады, сондай-ақ, үтік басып азаптайды. Яғни, 90-шы жылдардағы рэкеттердің дәстүрлі әдістерін қолданатын болған. Алайда, оқиға орындарынан ешқандай дәйек табылған жоқ. Сақшылар бүкіл қаланы төңкеріп іздегенімен, ешқандай нәтиже болмай тұр. Бірақ, оларды сақшылар ғана емес, жергілікті криминалды топтар да іздеуге кіріскен. Себебі, олардың нысаналарының бірі беделді авторитеттің туысы болып шықты. Бұл 153-ші қылмыстық іс. Тараз. 📹 Сілтеме: https://youtu.be/aERHC2PUQdQ
Показать все...
😱 35 20👍 11🔥 5👎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔞5 ЖАСАР БАЛА БЕСІНШІ ҚАБАТТАН ҚҰЛАП МЕРТ БОЛДЫ Орал қаласы. 7 шілде, сағат 22:50 шамасында 5 жасар бала бесінші қабаттан құлап көз жұмды. Деректерге сүйенсек, бүлдіршін ашық тұрған терезеден құлап кетіп, дәл сол жерде тіл тартпай кеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне бүлдіршіннің мерт болғанын растау ғана қалды. Сорақысы, аталмыш күні Оралда тағы бір 5 жасар бала терезеден құлап кетіпті. Бірақ, үшінші қабаттан. Абырой болғанда, бұл бүлдіршін тірі қалған. Алайда, ауруханада ауыр хәлде жатыр. ❗️Үйде ойын баласы болса, терезені жауып жүріңіздер! 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
😱 73😭 38👍 9 5🫡 3🥱 2🔥 1
00:31
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔞БҮЛДІРШІНДЕРГЕ БҰРЫШТЫ БАЛЛОН ШАШҚАН БАЛА ҚАМАЛДЫ Ақтөбе. Кішкентай балаларға бұрышты баллон қолданған жасөспірім уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Бұған дейін, үстінен «бұзақылық» бабы ғана қозғалғаны хабарланған болатын. Қамаққа алынғанына қарағанда, бабы ауырлады-ау… ❗️Бұрынғыдай үнсіз отырғанымызда, бұл бала Ресейіне кетіп қалар еді. Десекте, қамалуы екіталай. 👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Показать все...
ОБЛОЖКА ТЕЛЕГРАМ.mp46.38 MB
👍 90🤬 14 10😱 6🤯 3👏 1
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.