cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

Рекламные посты
5 432
Подписчики
-624 часа
-277 дней
-13330 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

“Осыны анық түсініп алайықшы: адам өзгені пайдалы болғаны үшін, біреуден артық болғаны үшін, жақсы болғаны үшін сүймейді. Жүрек таңдаған адамды сүйеді. Бір қылығы үшін, не болмаса жайдан жай сүйеді. Жүректі дір еткізгені үшін сүйеді. Сыртқы сымбаттың, асқақ жетістіктің, ешбір зұлым күштің, ғажап сұлулықтың, асқан ақылдың махаббатқа еш қатысы жоқ. Сезімнің разылыққа да түк қатысы жоқ. Махаббатты сезіну үшін лайықты болу шарт емес. Махаббатты тек сыйлай аласың — ол сезіміңді қабылдайды не қабылдамайды.”
Показать все...
19👏 10🕊 1
«Саған еш жақсылығы өтпесе де, сен үшін ниеті таза адамдар бағалы...»
Показать все...
24🕊 4
Тәңірім, бейтаныс біреудің сөзі боп, ең сұлу арудың көзі боп, айтасың әрдайым нені сен?! адасып жүргенім – қателік, онымен келісем. Бірақ та, сөз таппай айтатын өзіме, өзіңнің қолыңды сезіне, сәттерді сүйемін жоғалған. мен саған "шүкір" деп айтушы ем, бұл күні доғарғам. Ұлыңа ең ауыр дарынды сыйлаған, төрт шумақ өлеңге сыймаған, жүректі бергенін дұрыс па?! сондықтан, ашумен жыр жазсам, сен маған ұрыспа. Білемін, сен мені сүйгеннен сынайсың, дедің бе тағы да мұңайсың, ...біздегі қатынас – үлгілі. жұмаққа ұмтылу бос әуре – ақынның тағдыры белгілі. Құдайым, өзіңді жырлаймын ұдайы, келгенде біз жаққа күз айы, сезетін шығарсың себебін. Өтінем, таңдаудың асылын бер маған, алып қап өзіне керегін. https://t.me/essizdick
Показать все...
4🕊 2💔 2
“Сүю — тірі жан екеніңді сездіретін нағыз шынайы сезім, мүмкіндік болса, дәмін көру керек)”
Показать все...
23👏 4🕊 4
“Рас, өмір кейде езіп жібереді, сындырып жібереді. Жаның шырқырап ауырғанда он екі мүшең сау екенін де ұмытасың, безіп кеткің келеді. Бірақ сен өзіңде өзің ғана барсың ғой. Жаныңның қаншалықты ауырып жатқанын өмірге әкелген ата-анаң да, бірге туған бауырың да сезбейді. Себебі, ауырып жатқан сенің жаның, демек, оны құтқаратын сен ғана! Түсінгенім: Құдаймен гармонияда өмір сүргенде ғана адамның жаны тыныштық табады. “
Показать все...
48
Repost from N/a
Егер біз "махаббатқа дейін" және "махаббаттан кейін" бірдей адам болсақ, демек біз жеткілікті түрде жақсы көре алмадық.
 📚 Махаббаттың қырық ережесі
Показать все...
14🕊 5
Repost from Belgisiz ūly
Тұсаукесер Маусымның , яғни, осы айдың 29-ы болады. Афишада қате кетіпті.
Показать все...
5
Repost from Belgisiz ūly
Фото недоступноПоказать в Telegram
Сүйінші! Егізді болдым. Көптен күткен жаңалықтарыңыз міне осы. “Белгісіз” & “ұлы” егіз-кітабының (twinbook) жарыққа шыққанын сіздерге қуана хабарлаймын. Алла қаласа, Маусымның 29-ы күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында, сағат 15:00-де тұсаукесер болады. Бәріңізді күтем. p.s. Кітап тұсаукесерден соң сатылымға шығады, бұйырса. #бақыт
Показать все...
👏 5 1🕊 1
Repost from N/a
Жігіттер, соңғы жылдары қыздар арасында біздің стилімізді (стиль деген сөзді қолдануға ұялмаймын) кемсітетін әңгімелер көбейіп кетті. Олардың айтуынша, біз бір киімді бес жыл киеміз, 1000 теңгеге шаш қырқамыз, ал шұлықпен сандалий киген жігітті көрсе қыздардың тіпті құсқысы келеді екен. Ал кинодан көріп алған әлгі француз және италиялық ерлер бізден әлде қайда сымбатты-мыс. Бірақ біз үшін қорқатын ештеңе жоқ, негізі. Барлық қазақ қызы Италияға қашып кете алмайды. Түріктердің бәрі Бурак Озчевит емес, қытайлықтардың бойы бізге қарағанда екі есе аласа. Ал француз жігіттерінің саны азайып кеткені сонша, қызыл кітапқа еніп жатыр екен. Одан қалса, Бенедикт Камбербэтчтің әйелі бар, Джонни Депп Эмбер Хердтен кейін екінші қайтып үйленбеймін деді, Джуд Лоудың шашы түсе бастаған, тек Тимоти Шаламеден ғана қорқуға болады. Осы бала біздің басты конкурентіміз. Яғни, идеал адам болу қолыңнан келмесе, оған бола қатты уайымдаудың қажеті жоқ. Бастағы қайызғақты бір сілкіп таста да, кеудеңді тіктеп алып, алға қарай жылжи бер. «Әдемі киінген сөзінде тұрмайтын жігіт» қыздар үшін бірінші кезекте «сөзінде тұрмайтын жігіт» болып қала беретінін ұмытпа. Сондықтан, ең бастысы антыңа берік болсаң қыздар арасында абыройың артады.. Құдай бізді жұп қылып жаратқан. Саған да әлі жақсы қыз жолығады, бауырым!
Показать все...
😁 16 6💔 2
Өмірде аз қателесетін адамдар болады. Ақылды, интеллектісі жоғары болғасын емес, тағдыры солай, өмірде жолы жеңілдеу, болмаса, момындау, өздігінен ешкімге тиіспейді, ерекшеленіп көзге түспегесін, онымен де ешкім алыспайды. (Үлкендер «Момынның жары – Құдай» дейді). Керісінше өмірде «көп қателесетін» адамдар бар. Жоқ, ақылсыз, білімсіз, интеллектісі төмен болғаннан кейін емес. Керісінше IQ жоғары, өз ортасында харизмасымен ерекшеленіп тұрады. Шынайы, еркін, тәуелсіз. Бірақ жолы ауырлау, тағдыры солай, бәлкім. («Горе от ума»). Өзіне, өзінің біліміне, талантына сенгесін ойын еркін, ашық айтады. Ондай адамдарда біреуге тәуелділік деген, құлдық сана деген болмайды. Өздері құлдық санадан арылмағандар оларды өздерінің сана түкпіріндегі «құлдық сананың шеңберіне» тыққысы келеді. Демократияны қатты армандайтын біз әлі өзіміздің демократиялық көзқарасымызды қалыптастыра алмай жатырмыз. Ең арысы көпшілігіміз біреудің жеке көзқарасына құрметпен қарай алмаймыз. Аягүл Мантай
Показать все...
25👏 4
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.