cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️

📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер. ✍️ @iamsyrym

Больше
Рекламные посты
6 341
Подписчики
-124 часа
+37 дней
-10430 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Егер қайбір өнер жұлдызының діни эволюциясын қарасаң, намазға келгесін иегіне сақал біте бастайды. Біраздан кейін умрада жүреді. Кейін төрт әйел жайлы айта бастайды. Соңында жыныстық белсенділікті көтеретін витаминдер мен массажер жарнамалап кетеді екен..😂
Показать все...
😁 206👍 15 15👎 4🤔 4🔥 1
"Әмин" жайлы бір оқиға Өзге өңірді білмедім, біздің Атырауда ахижандар өте көп-тұғын. Осыдан он жыл бұрын қалада бірде-бір ханафиі жоқ мешіттер болды (қазір, шүкір). Намазда жамағат "амиин" деген де, мешіт Меккедегідей жаңғырып, күмбездің өзі бір селк ете қалатын. Бізде "әмин"-ге қатысты разборкалар мешіт ішінде де, сыртында да бола беретін. Шүкір, ешкім төбелеспеді әйтеуір. Әлі де кей мешітте боп тұрады. Ахижандарға намазда "әмин"-ді сырттай айтқызбаудың түрлі методын көрдім. Бірақ мынау мен көргендердің патологі болды. Біздің мешітте қызметкер ағамыз бар, жезде деп әзілдесеміз. Аздап әпенділігі бар. Бір күні кешке құптанға келіп, артқы сапқа қосылдым. Қарасам, жездем әлі намазға кірмепті. Сірә, кім әминді сырттай айтар екен деп бақылап жүрсе керек деп топшыладым. Имам Фатиха оқып жатыр. "... Сиратал-ләзиинә әнғәмтә ғәләйһим Ғайрил-мағдууби... - дей бергенде, желкемнен: - Іштен айт, іштен айт! - деп айқайлаған жездемнің даусы шықты😅 Намазым бұзылуға сәл қалды)
Показать все...
😁 155👍 16 11😢 5🔥 2🤩 1
Маған, бір кісілер "сіз фитнашысыз немесе бүлік тудырасың" деп пікір жазады. Бірақ, салыстырмалы түрде қарасақ, дін туралы еркін ой қозғап, ашық пікір жазатын канал жоқтың қасы екен. Әрісі мен пікір өшірмеймін. Өз ойыма қарсы ой айтуға мүмкіндік беремін. Так что мені бағалаңыздар😅. Әйтпесе, пікір алаңын жауып, тек позитивті реакция қалдыратын канал жасап алу түк қиын емес)
Показать все...
👍 146😁 41 22👏 10👎 8🔥 5👌 3
Кешегі мешіт видеосына қатысты бес теңгемді тағы бір қыстыра кетейін. Ең бірінші мәселе, бұл видео әлеуметтік желіде тарамауы тиіс еді. "Қол сынса жең ішінде, бас сынса бөрік ішінде" демекші, айдаладағы бір ауылдың мешітіндегі оқиға дүйім елге тарап, дін мен имамдар сынның астында қалмауы керек-ті. Алайда, жергілікті мешіт қызметкерлері мұны дер кезінде бағамдап үлгермесе керек. Екінші мәселе, ахилардың үлкенді сыйлау, жасы үлкенге құрмет қылу деген адами һәм қазақы болмыстан ажырап бара жатқандығы. Видеоға қарасаң, имам ана кеудесіне қолын қойып, керіле намаз оқып тұрған жігіттің әкесі болмаса да ағасымен жасты екені анық. Бірақ, жасы үлкен ғой деп қыстырып тұрған ахи жоқ. Үшіншіден, әминді сырттай айтқаннан құлшылығың кеміп қалмасы анық. Әйтсе де, мешіт пен жергілікті жамағаттың ханафи мәзһабымен оқитындығын біле тұра, имамның ескертпесіне қарамастан, ана ахидыі әминді сырттай айтуы - сол мешіт пен жамағатқа деген үлкен құрметсіздігін көрсетті. Түйіні, мемлекет сәләфизмге заңмен тыйым салмаса, жамағат оларға осылай қолмен тыйым салуы бола бермек...
Показать все...
122👍 57🔥 11😢 4👎 2
Аюға таяқ үйреткен намаз дейтін тәмсіл бекер емес. Кейде сөз ұқпайтындарға бір-екі шапалақ он уағыз бен бес насихаттан анағұрлым тиімді әсер етеді. Біздің ауылда да сондай бір сырттан келіп бизнес жасап жүрген приезжий ахилар болатын. Әлгі ахижандар мешіт имамы мен жергілікті жамағат талабына көнбей қиғылық танытып жүрген-ді. Бізде де мінезді жігіттер жетерлік қой, ақыры қоймағасын, бір күні кешке намаздан кейін шапалақтарын беріп жіберіпті. Келесі күні әлгілер сап тиылды. Так что, кейде "мужской диалог" қажет кездер болады)
Показать все...
97👍 30😁 29👏 7👎 4🤔 4🔥 2
Біз, мұсылмандар ілім мен ғылымның амбассодоры болуға тиісті едік, өкінішке қарай, деңгейіміз төрт әйелдің амбассодоры болудан әрі аспай тұр...
Показать все...
😢 145👍 28 25🔥 8👏 4👎 3
7 мамырды - Отан қорғаушылар күні емес, еркектердің құқығын қорғау күні деп өзгертсе әлдеқайда әділірек болушы еді...) Әйтпесе, Отанды кім қорғамайды, қымызды кім ішпейді дейсің... #әпендішілік
Показать все...
86😁 38👍 17👎 1
Әшейін де, таңертең сабаққа оянып болмайтын Әмин бүгін өзі-ақ атып тұрды. Оған себеп, бүгін сыныптас қыздардан 7 мамырға орай сыйлық алады екен (по идеи ақшасын өзіміз жинадық 😁) Қандай сыйлық екенін бірақ білмейді. Содан жаңа ұлымды сабақтан алып кетуге бардым. Шо ты, ұлым біртүрлі көңілсіз шықты. Сүйтсем, қыздар ұлдарға доп сыйлапты. Ал, Әмин басқаша сыйлық күткен. "Ожидание и реалность" болған ғой бір сөзбен😁 Содан ұлымды жұбатуға кірістім: "Әмин сыйлық ұнамады деп айтуға болмайды. Мүлдем сыйламағанда қайтер едің? Вообще-то, 7 мамыр әскерге барып, шекара күзеткіндердің мейрамы. Сен түгіл, мен әкең, служить етпегенмін. Почти бізге түк қатысы жоқ мейрам ғой... Біздің мейрам негізі 19 қараша, бірақ мұны даже еркектердің өзі білмейді. Біз сол күні сыйлық алып, демалуымыз керек. Амал нешік... Баламды жұбатам деп мұңымды айтып кеткенімді байқамаппын😂
Показать все...
😁 175 18👍 16😢 2
AC⬆️ В⬆️ ВА⬇️ Егер мына жазу сізге таныс болса, онда сіз біздің дәуірденсіз😂 #әпендішілік
Показать все...
😁 46👍 9 1
Қазір шүкір елімізде мешіт саны көбейіп келеді ғой. Егер салыстырмалы түрде қарасақ, бейресми есеп бойынша елімізде 1 млн көлемінде намазхан бар екен. Орташа есеппен, үш жүз жамағатқа бір мешіттен келеді екен. Негізі айтпағым бұл емес. Кейде ұстаздардан естимін, ислам елдерінде ерекше мешіттер бар: Мысалы, бір мешіттерде бес уақыт намазда Құран хатым түсіріледі екен. Яғни, тек Рамазан тарауихында ғана емес, жайшылық бес уақыт намазда Құран толық хатым етіліп, жыл бойы үздіксіз жалғасып отырады екен. Ал кейбір мешіттер, тарауихта ең кемі үш-төрт пара оқып, Рамазанда бірнеше хатым түсіреді екен. Ол мешітке ешкім 8 рәкәтқа бармайтын шығар (деп ойлап қоямын😁) Елімізде де, әсіресе, біздің өлкеде сондай бір мешіттер, сондай бір хатым жүйесі енсе ғой деп қиялдап қоямын. Әгәрәки,имам қуаты қолымда боп, қарилық нығметі бұйырып жатса, осы жүйені енгуші едім...)
Показать все...
121👍 44😁 29🔥 2🥰 1