ru
Feedback
Рисалей-Нұр

Рисалей-Нұр

Открыть в Telegram

[Құран тәпсірінің каналы.Авторы:Бәдүззаман Саид Нұрси. ] Ұсыныстар бойынша @risalekz_bot 👈 ✍️. 💳📕Кітап сатып алу https://wa.me/c/77076894415

Больше
Казахстан20 151Категория не указана
207
Подписчики
Нет данных24 часа
+57 дней
+1830 дней
Архив постов
​​بِيَدِهِ الْخَيْرُ тоғызыншы кәлима: яғни, бүкiл жақсылық оның қолында. Жасалған әрбір жақсылық Оның дәптеріне жазылады. Атқарылған әрбір игі іс жадында сақтаулы. Міне, бұл кәлима жындар мен адамзатты өзіне қаратып, қуанышты хабарын былай жеткізеді: Ей, бейшаралар! Қабірге тура көшкенде, "қап, әттеген-ай! Мал-жанымыз таланып, еңбегіміз еш болды. Мына жарық, кең дүниеден кетiп қараңғы, тар қабірге кірдік-ау" деп, жылап-сықтап қайғырмаңдар. өйткені, сендердің бүкiл нәрселерің сақтаулы, атқарған істерің жазулы, жасаған қызметтерің тіркеулі. Еңбектеріңнің ақысын беретін және жақсылық атаулы қолында, қандай игілік болсын қолынан келетін Зат-ы Зүлджәмал, сендерді өзіне тартып, жер астына уақытша қояды да, сосын құзырына алдырады. Неткен бақытты жан едіңдер. өйткені, сендер қызмет пен міндеттеріңді атқарып болдыңдар. Қиын күндер артта қалды, енді рахатқа батуға, мейірімге бөленуге бара жатырсыңдар. Қызмет, машақат дегендер осымен бітті. Енді сол еңбек ақыларыңды алуға барасыңдар. Иә, өткен көктемнің амал дәптерінің парақтары мен атқарған қызметтерінің сандықшасы тәріздес дән, тұқымдарды сақтап отырған... келесі көктемде тым керемет, тіпті, бұрынғысынан жүз есе берекелі түрде сақтап, қайта өсiрiп отырған Қадир-ы Зүлджәләл, әлбетте, сендердің өмірдегі нәтижелерiңдi сақтап, қызметтеріңе қарай мол сыйлық береді.

Құрметті оқырмандар,апта соңдары оқуға уақыт көп болғандықтан енді "Лонг-Рид" бағдарламасын бастаймыз.Яғни үлкен тақырыптардан үлкен үзінділер жіберіп тұрамыз.АЛЛА Разы болсын!

Осы Ережеп айы өте берекелі және нығметтерге толы болған үшін Алланың айы делінген. Бұл айда дұға, зікір мен салих амал жасап
Осы Ережеп айы өте берекелі және нығметтерге толы болған үшін Алланың айы делінген. Бұл айда дұға, зікір мен салих амал жасап бірақ харамдардан ұзақ тұрған абзал. Әсіресе көбірек тәубә-истиғфар еткен дұрыс. Хадистерде пайғамбарымыз Рамазан айларынан кейін оразаны ең жиі Ережеп айларында ұстаған және сауаптар 100 есе көбірек жазылады делінген. Сендерге осы айды о дүние үшін өте пайдалы өтуін қалаймын. Саид Нурси

#аят
#аят

وَيُمِيتُ Жетінші кәлима: Өлімді берген – Ол. яғни, өмірдегі атқарар міндеттен демалысқа шығарады. Фәни дүниеден көшіредi. Машақаты көп қызметтен азат етiп, фәни өмірден бақи өмірге апарады. Міне, бұл кәлима, фәни адамзат пен жын атаулыға былай дейді: "Сендерге сүйінші! өлім – жоқ болу емес, жойылу емес, тым жағымсыз нәрсе емес, өшу емес, сөну емес, келмеске кету емес, кездейсоқ емес, босқа жоғалу емес... Ол деген, Файл-ы Хаким-ы Рахим тарапынан демалысқа шығару, қоныс аудару, мәңгі бақыт әлемі, нағыз отанға, атамекенге оралу, жақын әрi сүйікті жандардың жүзде тоқсан тоғызы жиналған Берзах әлеміне апаратын қауышу сәтi.

photo content

​​وَ هُوَ حَىٌّ لَا يَمُوتُ Сегізінші кәлима: Яғни, бүкіл әлемдегі еріксіз көзтартатын сұлулықтар, әсемдіктер, игіліктерден де асқан сұлу, әсем әрі игілік иесі және барлық сүйіктілер оның қасында құнсыз қалатын, Оның сұлулығының бір ғана көлеңкесі әлемге жетіп артылатын Мағбуд-ы Ләмязәл, Махбуб-ы Ләязәл мәңгi тiрi, оның бастауы мен соңы жоқ. Ол сондай тiрi, аяқталу дегенді білмейді, біту мен өшуден ада, ақаулық пен нұқсандықтан таза, кемшілік атымен жоқ. Міне, мына кәлима жын атаулыға, адамзатқа және барлық саналы жандарға әрi оған махаббат қылып ғашық болған ариф-әулиелерге мынаны хабарлайды: "Сүйінші! Сүйікті жаннан көз жазып, қоштасудан пайда болған сансыз жараларды емдеп тәуір қылатын Махбуб-ы Бақиыңыз бар. Демек, Ол бар, әрі мәңгі. Олай болса, басқаларға не болды деп қам жемеңдер. Сүйіктiлердiң бойындағы сұлулық, әсемдік, мейірбандық пен қамқорлық сияқты қасиеттер, әлгі Махбуб-ы Бақидың мәңгілік жамалынан тараған әсемдiктердің қабатқабат пердеден өтіп келген сәулесінің өте көмескі іздерінің нышандары. Олардың көзден таса болуы көңілге кірбің түсірмесін. Себебі, олар айна тәрізді. Айналардың өзгеруі қалайша сұлудың әсем көріністерін жаңартып, бұрынғыдан бетер әдемі көрінiстерге себеп болады, сол сияқты. Демек, Ол болса бәрі де болады.

​​يُحْيِى Алтыншы кәлима: яғни, өмірді берген – Ол. Азықпен қамтамасыз ететін де – Сол. өмірді жалғастырып, қажеттіліктерін беретін де – Сол. өмір сүрудегi басты мақсаттар Оған тиесілі, әрі маңызды нәтижелер Оның қолында, пайданың жүзде тоқсан тоғызы – Оныкі. Міне, бұл кәлима фәни, бейшара адамзатты былай деп сүйсіндіреді: "Ей, адам! өмірдің ауыр жүгін бүгілген беліңе артып әуре болма. өмірдің қиыншылықтарын ойлап, түңілме. тек дүниеуи, түкке тұрғысыз пайдаларына қарап, өмiрге келгеніңе өкінбе. Сенің кемеге ұқсас болмысыңның тұрмыс тiршiлiгi Хаий-ы Қаюмның қолында. шығындарын өзі өтеп, қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. өмірдің шексiз мақсаттары мен нәтижелері оған тиесілі. Сен болсаң, ол кемегенің бағытына жауапты жауынгерсің. Міндетіңді адал атқар да ақысын ал, алаңдама, көңіліңді еңсеңді көтер! "өмір" дейтін кеменің қаншалықты қымбат, мол табыс көзі екенін әрі ол кеменің иесі қаншалықты Кәрім (Жомарт), Рахим (Аса мейрімді) екенін ойла, қуан, шүкір ет. әрі білген жөн! Міндетіңді адал атқарсаң әлгі кемеден түскен күллі пайда мен нәтиже, бір жағынан сенің есебіңе яғни, амал дәптеріңе жазылады. Саған бақи өмір ұтқызып, мәңгі жасатады.

#салауат #делайүлнұр #делайулхайрат
#салауат #делайүлнұр #делайулхайрат

#жұма
#жұма

Салам алейкум,Кеш жарық.Бұдан кейін лұғатты толықтай түсіну үшін посттың астына Рисалей Нұрдан мысал келтіретін боламыз. Ал ФБ,Инста,ВК-да комменттерде жазылады.

Мысалы:Сондай-­ақ, өлім мен ажал – берзах әлеміне бастайтын мәңгілік әлемдегі сүйіктілерге қауышу, кездесудің жолы екендігін көрсетеді.

#лұғат
#лұғат

photo content

​​Бесінші кәлима: لَهُ الْحَمْدُ яғни, мадақтау мен дәріптеу, марапаттау мен шүкiр тек оған лайық. демек, нығметтер оның қазынасынан келіп жатыр. Қазынасы сарқылмас. Міне, бұл кәлима былайша сүйінішті хабар береді: Ей, адам! ырысым таусылды, нығмет бiттi деп уайымдама! өйткені, мейірімділік қазынасы сарқылмайды. ләззат аяқталды деп қайғырма. Себебі, олар соңсыз мейірімділік қазынасынан келіп жатыр. Ағашы аман болса жемісі таусылса да оқасы жоқ, қайтадан жеміс береді емес пе? Берілген нығметтердің ләззатынан мың есе тәтті Иләһи мейірімнің ілтипатын, оның арнайы сыйы екенін шүкір ете ойлап бiр ләззатты жүз есе арттыруға болады. Мәселен, аты әлемге әйгілі патша ағзам саған алма сыйласа, ол алманың ләззаты басқа алмалардан жүз, бәлкім мың есе тәтті болады. Өйткені, ол алма саған деген патшаның сый-ілтипатының белгісі. Сол сияқты لَهُ الْحَمْدُ кәлимасы арқылы, яғни, мадақтау мен шүкір ету арқылы яғни, нығметке қарап оның берілгенін, жарылқау екенін сезiну арқылы яғни, Мүним Аллаһты яғни, нығмет берушiні ойлау арқылы, яғни, оның рақымын, ілтипатын, әрi жарылқауы тағы да жалғасатынын ойлау арқылы берілген нығметті мың есе тәттi рухани ләззатқа айналдыруға болады.

БАУЫРЛАСТЫҚТЫҢ СЫРЫ Мұсылмандар арасында іріткіге, өштесуге, араздасып, бір-біріне дұшпан болуға себеп болатын бір жаққа жақтасу, жік-жікке бөлініп топтасу, қырсығып ерегісу және қызғаныш, көре алмаушылық сияқты жайттар ақиқатқа, хикметке, яғни, даналыққа және адамгершіліктің ең жоғары сатысы дін Исламға оғаш қылық. Бұл адамның жеке өмірі мен қоғам өмiріне, сондай-ақ, рухани өмiріне қауіпті кесел, ешбір тұрғыдан құпталып қабылданбауы тиіс жат нәрсе, оны зұлымдық десе болады. Ол қоғамды құлататын апат. Осы ақиқаттың көптеген қырларының алтауын баяндаймыз. https://telegra.ph/BAUYRLASTYҚTYҢ-SYRY-02-27

#НақылСөз #АлтыншыМәселе #АсайМұса
#НақылСөз #АлтыншыМәселе #АсайМұса

​​📌 С 1 по 3 марта ПРИГЛАШАЕМ на Латвийскую Книжную выставку в Риге! 📚На стенде издательства «Envar Neşriyat» Вы сможете: ✅ Приобрести подарочные издания Корана ✅ Ознакомиться с толкованием Священного Корана – на разных языках - в том числе на рууском, английском, немецком, французском, турецком и др. и ВПЕРВЫЕ на латышском ✅ Задать вопросы и узнать ответы, побщаться и интересно провести время Обязательно приходите! 🔻👉 Рига, Международный выставочный центр на Кипсале. 👇 СТЕНД - ИЗДАТЕЛЬСТВО «ENVAR Neşriyat» - ищите турецкий флаг! 🇹🇷 1 - 2 марта - 10.00–18.00 ; 3 марта - 10.00–17.00 #выставка

#ЖетіншіМәселе
#ЖетіншіМәселе