cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

GRADUATE ²⁰²²UBT

Òzimnin materialdarymmen bòlisip otyramyn Реклама жайлы👇 @eroshm07

Больше
Страна не указанаЯзык не указанКатегория не указана
Рекламные посты
213
Подписчики
Нет данных24 часа
Нет данных7 дней
Нет данных30 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

​Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) мәлімдемесі бойынша: 🗓2022 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткізілуі жоспарланған ҰБТ 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілетінін хабарлаймыз. 📍Бұл ретте 11 қаңтар мен 24 қаңтар аралығындағы жоспарланған ҰБТ келесі күндерге: 11 қаңтарда өткізілетін ҰБТ 29 қаңтарға; 12 қаңтардағы ҰБТ - 5 ақпанға; 13 қаңтардағы ҰБТ - 11 ақпанға; 14 қаңтардағы ҰБТ - 12 ақпанға; 15 қаңтардағы ҰБТ - 21 ақпанға; 17 қаңтардағы ҰБТ - 14 ақпанға; 18 қаңтардағы ҰБТ - 15 ақпанға; 19 қаңтардағы ҰБТ - 16 ақпанға; 20 қаңтардағы ҰБТ - 17 ақпанға; 21 қаңтардағы ҰБТ - 18 ақпанға; 24 қаңтардағы ҰБТ - 19 ақпанға шегеріледі. Бұл ретте басқа мерзімге жоспарланған ҰБТ өз уақытымен өтеді. ❗Сонымен қатар ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылды. Тестіленушілер санының көптігіне байланысты 2022 жылғы 21 – 22 ақпан аралығында Ақтау, Алматы, Атырау, Шымкент, Жетісай, Тараз, Талдықорған мен Есік қалаларында, сондай-ақ Шамалған ауылында қосымша тестілеу күндері ашылады. 💻Тестіленуші өзінің өзгерген тестілеу күнімен жеке кабинетінен таныса алады. Баршаңызға амандық пен саулық тілейміз. Елімізден тыныштық пен береке кетпесін! #ҰБТ #қаңтар #қаңтарҰБТ #offline #online
Показать все...
1. Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы – Энеолит (мыс-тас дәуірі). 2. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы – Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру. 3. Б.з.б. І мыңжылдықтың басы – Темірді игеру басталды. 4. Б.з.б. I мыңжылдық ‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.  5. Б.з.б. І мыңжылдық – Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы. 6. Б.з.б. VІІІ ғ. ‒ Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары. 7. Б.з.б. ІІІ ғ. соңы ‒ Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі. 8. Б.з.б. 530 ж. ‒ Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы. 9. 552–603 жж. ‒ Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. 10. 603–704 жж. ‒ Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі. 11. 704–756 жж. ‒ Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі. 12. 751 ж. ‒ Атлах (Талас) шайқасы. 13. 756–940 жж. ‒ Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. 14. 870 ж. – Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы. 15. 942-1212 жж. ‒ Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. 16. ІX ғ. соңы‒XI ғ. басы (ІX ғ. соңы‒XI ғ. ортасы) ‒ Оғыз мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. 17. ХІ ғасыр. – Махмуд Қашғаридің өмір сүрген уақыты. 18. ХІ ғасыр. – Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі. 19. ХІІ ғасыр. – Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі. 20. 960 ж. ‒ Қарахан мемлекетінде ислам  дінін мемлекеттік дін деп жариялануы. 21. XI ғ. басы‒XIII ғ. басы ‒ Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі. 22. 1236/1237‒1242 жж. ‒ Батудың Руське және Шығыс Еуропаға жорығы. 23. XIV ғ. І жартысы ‒ Өзбек ханның Алтын Ордада билік етуі. 24. 1465 ж. ‒ Қазақ хандығының құрылуы. 25. XVI ғ. басы ‒ Қасым ханның билік еткен уақыты. 26. XVI ғ. басы – «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары шықты. 27. 1538‒1580 жж. ‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты. 28. 1582/1583‒1598 жж. ‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты. 29. XVI ғ. соңы–XVIІ ғ. басы – «Есім ханның ескі жолы» заңдары шықты. 30. 1628/1629–1652 жж. – Жәңгір ханның ел билеуі. 31. 1643 ж. ‒ Орбұлақ шайқасы. 32. 1680‒1715/1718 жж. ‒ Тәуке ханның билік еткен уақыты. 33. ХVII ғ. соңы. ‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы. 34. 1723 ж. ‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы. 35. 1726/1728 ж. ‒ Бұланты шайқасы. 36. 1729/1730 ж. ‒ Аңырақай шайқасы. 37. 1731 ж. – Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуі. 38. 1771‒1781 жж. ‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары. 39. 1783‒1797 жж. ‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 40. 1835–1865 жж. – Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары. 41. 1836‒1838 жж. ‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. 42. 1837‒1847 жж. ‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. 43. 1841 ж. ‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы. 44. 1841–1889 жж. – Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары. 45. 1845–1904 жж. – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары. 46. 1866–1937 жж. – Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты. 47. 1893 ж. – В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты. 48. 1913‒1918 жж. ‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы. 49. 1916 ж. – Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс. 50. 1917 ж., шілде ‒ «Алаш» партиясының құрылуы. 51. 1917 ж., желтоқсан ‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы. 52. 1918–1920 жж. – Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат соғысы. 53. 1920 ж. ‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы. 54. 1925 ж., сәуір ‒ Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді. 55. 1925 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға көшірілуі. 56. 1928 ж. – Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк педагогикалық институтының ашылуы. 57. 1929 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі. 58. 1931-1932/1933 жж. ‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық. 59. 1932 ж. ‒ Ашаршылыққа байланысты, апаттың көлемі туралы «Бесеудің хатын» жазған республика қайраткерлері: Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев. 60. 1936 ж. – Қазақ АКСР-iнің одақтық республика болып қайта құрылуы (ҚазКСР).
Показать все...
Барлығы күткен жаңа форматтағы кітапқа предоплата басталады ✅ + доставка тегін + 20% (жеңілдікпен) + предоплата ай соңына дейін + отправка февральдан басталады Инста : https://instagram.com/my.study.books?utm_medium=copy_link Whatsapp: wa.me/77479453502
Показать все...
📚 Қазақстан тарихы 📌 100-нұсқа ✅ Достарына жіберуді ұмытпа!
Показать все...
2_5377796957265725759.docx3.89 KB
Тарих
Показать все...
ҰБТ 2022 ҚАЛАЙ ӨТІЛЕДІ? • Қаңтар ҰБТ тапсыру құны - 5640 тг • Қаңтар ҰБТ тіркелу мерзімі - 24 желтоқсан-5 қаңтар • Қаңтар ҰБТ тапсыру мерзімі - 10 қаңтар-10 ақпан • Қаңтар ҰБТ қатысу, қатыспау ӨЗ ЕРКІҢІЗДЕ. Қаңтар ҰБТ баллымен университетке АҚЫЛЫ (платный) оқуға түсе аласыз. • Наурыз ҰБТ болады. • Грант ҰБТ 1-ақ рет мүмкіндік болады, алдыңғы жылдағыдай 2 рет тапсыру жоқ (шамамен осындай болуы мүмкін делуде, алдағы уақытта нақты ақпарат шығады) • Алдыңғы жылы аудиторияда тек камерамен бақылау болса, енді осы жылы дыбыстар мен дауыстар да жазылатын микрофон қосылды. Яғни аудиторияда отырып жаныңыздағылардан көмек сұрай алмайсыз. Сол үшін тек өз тестіңізге ынта қоясыз. • Сарапшылардың айтуынша, сұрақтар ҚАЙТАЛАНБАУ шансы көп дейді. Яғни бірінші адамға түскен сұрақтар келесі адамға түспеуі мүмкін (әй қайдам:) бірінші рет естіп тұрған жоқпыз😃)
Показать все...
❗️БИОЛОГИЯ❗️ 202. Пластидтер болады: Өсімдіктерде 205. Әсемдік үшін өсірілетін раушангүлділерге жататын өсімдік: Раушан 206. Тіс сауытының сыртын қаптайтын зат: Кіреуке 207. Негізгі тамырдың дамуы: Ұрық тамыршасынан 208. Жемісі жидек: Қарақат 209. Безгек ауруының қоздырушысы: Маса 210. Шаянның зәр шығару жүйесі орналасады: Бас бөлігінде 211. Кесірткенің мүйізді қабыршақ терісінің негізгі қызметі: Құрғап кетуден сақтайды 213. Ағза мен сыртқы орта байланысын, қорғану әрекеттерін жүзеге асырады: Жүйке жүйесі 214. Сіңір созылғанда көрсетілетін адғашқы көмек: Зақымдалған жерге суық шұберек басып, қатты орап тастау 215. Адамның қаны берілген қызметтің тек біреуін атқарады: Иммунды 216. Тамаққа тәбеті шаппай, тершіл болу ауруының белгісі: Туберкулез 218. Жер тарихының алғашқы кезеңінде тек химмиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы болжам жасаған: А.Опарин 220. Адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту үшін тамаққа қосатын балдыр: Ламинария 221. Тұқым бүршігінен түзіледі: Тұқым 222. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі: Нефрон 223. Глюкозаның оттекті және оттексіз ыдырауы кезінде түзілген энергия: 1520 кДж 224. Биологиялық объектілердің көмегімен адамға қажетті өнімдер өедіру: Биотехнология 225. Құрылысы мен шығу тегі бір атқаратын қызметі әртүрлі мүшелер: Гомологиялық 226. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид 227. Жасушасыз тіршілік иесі: Вирус 228. Қант, спирт, бояу, лакмус алуға қолданылады: Қыналар 229. Қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат: Шырша сүрегі 230. Себет гүлшоғырына жататын өсімдік: Күнбағыс 231. Жұқпалы ішек аурулары: Қантышқақ (дизентерия) 233. Өсімдіктің ұрықтануының жүруі: Тозаңданғаннан кейін 234. Өсімдік пен жануардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік: Жасыл эвглена 235. Сазанның миы: Бес бөлікті 236. Қанда еріген зиянды өнімдерді ағзадан бөліп шығаратын жасыл бездері бар буынаяқтылар: Бунақденелілер 237. Қызылшақа балапан шығаратын құстар: Торғайтәрізділер 239. Шеткі жүйке жүйесі тұрады: жүйкелер мен жүйке түйіндерінен 240. Қан айналым мүшесін құрайтындар: жүрек және барлық қантамырлар 241. Ана мен ұрық арасындағы дәнекер: Ұрықжолдас 242. Липидтердің қызметі: Энергетикалық 243. Тірі материя жаралымының ең төмен деңгейі: Молекулалық 244. Консументтерге жататын ағзалар: Гетеротрофтар 246. Көлденең жолақты бұлшықет: Жүрек 247. Паразит саңырауқұлақтар тарататын тері ауруы: Теміретка 249. Популяцияның генетикалық құрылымын зерттеген ғалым: В.Иогансен 251. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы: Ұлпа 252. Паразит саңырауқұлақтарға жататындар: Қаракүйе 253. Қына қабаттамасындағы (денесіндегі)жасыл балдырлардың рөлі: Фотосинтез нәтижесінде органикалық зат түзеді 254. Ғалым Н.И.Вавилов дәлелдеді: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталығын 255. Адам жүрегінің тыныштық күйде минутына жиырылуы: 70-75 рет 256. Тері ауруларын емдейтін дәрігер: Дерматолог 257. Қазақстанның Қызыл кітабының тұңғыш рет шыққан жылы: 1978 258. Тамырдың ең ұшын жауып тұрады: Тамыр оймақшасы 259. Орамжапырақ (қырыққабат) жемісі: Бұршаққын 260. Қоңыздардың тыныс алу мүшесі: Хитинді демтүтікшелер 261. Қыстап шығатын құс: Шымшық 263. Көлденең-жолақты ұлпадан тұратын бұлшықет: Жүрек 264. Мишықтың орналасуы: Сопақша ми мен көпірдің артқы жағында 265. Қантамырларының қабырғасы түзілетін ұлпа: Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы 266. Бауырдың ауруы: Цирроз 267. Жоғары дәрижелі жүйке қызметінің негізін қалаушы ғалым: И.П.Павлов 268. 1г. көмірсу ыдырағанда бөлінетін энергия: 17,6 кДж 269. Агроценоздар: Жасанды биогеоценоздар 271. Орамжапырақ тұқымдастарында тостағанша саны: 4 272. Цитоплазманың түп негізі: Гиаплазмалар 273. Ата тектер мен өзге де қандас туыстар туралы деректерді жинақтау: Генеалогиялық 274. Көпжасушалы балдырлар болды: Протерозой
Показать все...
ТАРИХ маусым СЛИВ 1.Ру ішінді некелесуге тыйым салатын ғұрып: экзогамия 2.Янгикент қаласы қай мемлекеттің орталығы: Оғыз. 3.КОКП ХХ сьезінен кейін ақталған зиялы: С.Сейфуллин. 4.Қаңлыларда су қоймалары , арық пен каналдардын болуы неге әсер етті: егіншілік 5.Тасмола мәдениетін кім қалдырды: Исседондар. 6.Орал облысына кіретін уезд: Гурьев. 7.1886ж уақытша ереже бойынша Түркістан генерал губернаторлығынын орталығы: Ташкент. 8.Лермонтов пен Пушкинмен дос болып , олардын шыгармаларын аударған тұлға: А.Құнанбаев. 9.Кавказ бен Қырым жане Қытай елін байланыстыратын қала: Сарайшық. 10.19ғ 70ж Ішкі Орда кірген губерния: Астрахань 11. 1947ж Қазан төнкерісін зерттеуге тыйым салган жарлық: Қазақ КСР ҒА тіл және әдебиет. 12. 8ғ ШҚО-да орналасқан ең көне патша қорғандары: Шілікті. 13. Партизан әрі жазушы: Қ.Қайсенов. 14. Қазақтарды "Ұлы дала брденелер" деп кім айтты: Орыстар. 15. Потаниннің сипаттаған Қараөткел деген жер орналасты: Астана ( Нұр- Сұлтан) ✅ Достарына жіберуді ұмытпа!
Показать все...
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.