cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

MAUARA-NAHR ما وراء النهر

Ілім талап етушілерге арналған фиқһ және усуль фиқһ каналы Каналды жүргізуші: Данияр Кенжеұлы 2015-2018 Сарыағаш медресесі 2018-2022 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Бакалавр) 2022-2024 Ханафи фиқһ және усуль факультеті (Магистратура)

Больше
Рекламные посты
6 104
Подписчики
+324 часа
+687 дней
+17530 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Жеңілдіктің аяқталуына 5 сағат қалды
Показать все...
👍 6
Бауырлар! Шұғыл қаражат қажет болғандықтан өткендегі жеңілдікті тағы ертең түске дейін ашамын. Бұл жеңілдікке өзімнің барлық 10 кітабым және барлық фиқһ, усуль фиқһ сабақтары кіреді. Осының барлығы бар болғаны 5000 тнг. Жеңілдікке үлгеру үшін осы жерді басып, уатсабтан жазыңыз Алдыңғы жеңілдікке 100 шақты адам үлгерген тұғын. Жекеге жазып өтінген бауырларға тағы мүмкіндік. Кітаптар және дәрістердің тізімі комментте👇
Показать все...
👍 28🤩 3🫡 3
Ілім талап ету әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. “Әл-Хуласа” кітабында имам Әбу Мутиғтан мына сөз риуаят етіледі: “Ғалымдарымыздың кітаптарына жәй қараудың өзі түнгі намаздан хайырлы” “Фатауа бәззазия” кітабында: “егер адамның ниеті дұрыс болса, фиқһ ілімін үйрену - барлық жақсылық атауынан абзал. Сол секілді ілімді арттыру да - ең абзал амал”, - делінген. (Мәжмағ әл-әнһур 2/527) “Раддуь-мухтар” кітабында имам ибн Абидин: “Құранның кейбір бөлігін үйреніп, жаттағаннан соң, фиқһ ілімін үйренгені абзал. Себебі құранды жаттау - парыз кифая. Ал фиқһтан ғылым-хал болған амалдарды оқып үйрену - парыз”, - дейді. (6/408) Құранды толық жаттаған бауырларымыз, тек құранмен шектелмей ілім алса нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ көбі құранмен шектеліп жатады…
Показать все...
👍 48🔥 11❤‍🔥 9💯 3👏 1
Шариғат бойынша, дүние-мүлкі жоқ ата-ананың нәпақасы - баласына міндет. Бұл жерде ата-ананығ мұсылман немесе кәпір болуы қаралмайды. Тіпті ата-анасы кәпір болса да - оның нәпақасы баласына міндет. Оған дәлел ретінде ғалымдар мына аятты негізге алған: “Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол” (Лұқман сүресі 15-аят) Яғни, егер әке-шеше Аллаға серік қосып, әрі осы ісіне баласын шақырса да, қарсыласпай жақсылық жасап, қарайласуға міндетті. Ата-ананың нәпақсы ұлға, қызға деп бөлінбейді. Екеуіне бірдей ләзім. Яғни екеуі қатар қаражат шығарып, асырауға міндетті. Себебі екеуі де перзенті. Егер бала-шағасы болмаса, туған бауырларына міндет болады. [Бәдәәиғ сәнәәиғ 4/32-34]
Показать все...
👍 61🔥 9
Сәләфилер және фиқһта сәләфилік бағытты ұстанатындар, имам Әбу Ханифаға кейбір хадистер жетпеген деп сенеді. Бұл сенімдеріне имам Әбу Юсуф және Мұхаммедтің сөздерін негізге алатындары да бар. Мысалы, осы жақында бір жігіт имам Кәусаридің “Мәқоләтынан” мына сөзді өзіне дәлел етіп жатқанын байқадым. Бұл кітапта имам Кәусари ең алдымен имам Әбу Юсуфтың сөзін келтіріп: “Егер Әбу Ханифаға осы уақфтың ләзім болмау мәселесінде хадис жеткенде, айтқан сөзінен қайтқан болатын еді” Ары қарай имам Кәусари: “бұдан келіп шығатын қорытынды: имам Әбу Ханифа уақфтың осы мәселесінде Шурайх әл-Қадыйға ілескен”, деп, Әбу Ханифаға хадис жетпегеніне ишара етеді. (156-бет) Имам Әбу Юсуфтың және басқада ғалымдардың осы мағыналас сөздеріне негізделетіндер баршылық. Біріншіден: жоғарыдағы Әбу Юсуфтың сөзі - тарихи хабар. Яғни нақты факт емес. Тарихи хабарға негізделіп, кескінді (қатғи) үкімді тастай алмаймыз. Бұл ғылыми қателік. Оқырман! Имам Әбу Юсуф айтып тұрған уақф мәселесі түсінікті болу үшін төменде оны аша түсемін. Имам Әбу Ханифа осы көзқарасында, егер бір адам мешітті яки кез келген пайдасы тиетін затты адамдар пайдалансын деген мақсатта уақфқа қалдырса, бұл ісі міндетті болмайды. Ол адам кейін сөзінен қайтуына рұқсат. Себебі “уақфқа бердім” деген сөзбен уақф ләзім (міндетті) болмайды. (Фатхул қадир 5/40) Әбу Ханифа бұл үкімді сахаба, табиғиндерден жеткен хабарларға негізделіп айтқан. Себебі олардың кезеңінде уақфпен мәміле осылай жасалатын. Ал уақф - тікелей ғұрыпқа және адамдардың өз-ара мәмілесіне байланысты. Ендігі кезекте біз әлгі тарихи хабарларға негізлеліп, Әбу Ханифаға хадис жетпеген деп айта алмаймыз. Бұл - ғылыми сауатсыздық, қараңдық. Себебі Әбу Ханифаның үкімі мүжтахидтің хақында кескінді (қатғи). Қалай біз, тарихи хабарлармен үкімді жоққа шығарамыз?! Екіншіден: ғалымның ісі - фиқһ кітаптарындағы бір-біріне қарама-қайшы сөздерді біріктіріп, дұрыс қорытынды жасау. Оларды кесіп алып, қарсы тарапқа дәлел ету емес. Ғалым, маман - сонысымен ғалым. Себебі кітаптарда ондай пікірлер өте көп. Соның бірі жоғарыдағы Әбу Юсуфтың сөзі. Мүжтахид ғалым бір-біріне қарама-қайшы аяттарды қалай біріктірсе, нағыз маман осындай сөздерден дұрыс қорытынды жасап, өз мәнһажына сай етуі тиіс. Қорыта келе, имам Әбу Ханифаға үкім хадистер толық жеткен деп сенеміз. Және бұған бізде нақты факттер жетерлік. Ал бұған әлгіндей тарихи хабарлар қарсы дәлел бола алмайды.
Показать все...
🔥 36👍 23 4
Әлхамдулилла! Еркінбек Шоқай ұстазымыз “Төлеби” мешітінің бас имамы болып тағайындалыпты. Өте керемет, қуаныштымын. Пс: кезінде амандасудан қорқып, қашып жүргендер, енді қорықпай ЖАҒЫМПАЗДАНА берсеңіздер болады.
Показать все...
🔥 70👍 40😁 34💯 1
Аң аулауға қатысты үкімдер 1. Аңға салатын ит үйретілген болуы шарт. Иттен басқа қасқыр, жолбарыс сынды азу тісі және өткір тырнақтары бар жыртқыштарды да – аңға үйретуге болады. Иттің аңға үйретілгенін білудің жолы: итті аңға салған кезде аулаған аңды жеместен, алып қашпастан егесін күтуі шарт. (Бұл тек иттерге қатысты. Бүркіт, Лашын секілді аңшы құстар аулаған аң етін жесе, ет арам болмайды). Осылай үш рет қайталағаннан кейін барып, итті аң аулауға үйренді деп айта аламыз. «Егер ит үш рет ұстаған аңын жемей егесін күтсе, бірақ келесіде (төртінші ретте) аулаған аңының етін жеп қойса, бұдан алдыңғы ауланған аң еттері аңшыға адал болады ма», деген мәселеде имамдарымыздың арасында талас бар. Имам Әбу Ханифа бойынша, алдыңғы ауланған аңның еттері желінбейді. Себебі ит әлі толық аңға үйренбеген. Ал имам Әбу Юсуф және Мұхаммедтің пікірі бойынша, бұдан алдыңғы ауланған аң еті — аңшыға адал болады. Себебі бұл жағдайда иттің ауланған аңның етіннг жеуі – әлі үйренбегеннінен емес, ұмытуынан болып тұр. Пәтуа осы көзқараспен берілген. 2. Бүркіт, лашын секілді аң аулайтын құстар шақырған кезде егесіне қайтып келсе, аң аулауға үйренген құс болып саналады. 3. ⁠ Үйретілген итті жіберген кезде аңды жарақаттауы шарт. Егер жарақаттамай тұншықтырып, қысып өлтірсе, ауланған аңның еті — арам болады. 4. Аң аулайтын итті, құсты аңға қойған кезде «тәсмия» айту шарт. Тәсмия – Алланы ұлықтайтын кез келген зікір сөз. Мысалы, Аллаһу Рахман, Аллаһу Азим деген секілді. Егер әдейі айтпай, итті аңға қойып жіберсе, ауланған аң еті адал болмайды. Айтуды ұмытып кетсе ауланған аң еті адал болады. Мылтықпен аң аулайтын кезде алдын ала айтып қойса жеткілікті. 5. Аңшы мұсылман, яһуди немсе християн болуы шарт. Пұтқа, отқа табынушылардың аулаған аңы адал болмайды. 6. Аңды тек үйренілген ит аулауы шарт. Егер үйренілмеген ит, үйренілген итпен қосылып аңды ұстап жарақаттап өлтірсе, ауланған аң еті адал болмайды. Тіпті, аңшы ит аңға жалғыз өзі шабуыл жасап, егесі аңның жанына келген кезде аңшы иттің жанында басқа ит тұрғанын көрсе – аң еті адал болмайды. Себебі үйренілмеген ит ауланылған аң етін жеген болуы мүмкін. 7. Итті яки бүркітті аңға жібергеннен кейін кідірмесетен, ізбе-із артынан бару керек. Егер араға біраз уақыт салып иттің яки бүркіттің жанына барса, ауланылған аң етін жеуге болмайды. Себебі аң басқа себеппен өлген болуы мүмкін. 8. Аңшы ауланылған аңнын жанына барған кезде аң әлі тірі болса, оны дереу бауыздауы шарт. Егер бауыздамай тастап қойып, нәтижесінде аң өлсе – еті арам болады. 9. Тауда тұрған аңды садақ яки мылтықпен атқан кезде аң бірден жерге құлауы шарт. Егер тауға соғылып барып, жерге түссе немесе суға құласа – аңның еті арам болады. Себебі бұл жағдайда аң соққы себепті, тұншығу себепті өлген болуы мүмкін. 10. Аңды ауыр затпен ұрып өлтірсе – еті арам болады.
Показать все...
👍 50🔥 10

👍 6🔥 3
Құран оқып отырған адам Алла елшісінің атын естісе, оған салауат айтуы уәжіп емес. Қырағатын тоқтатпай жалғастыра бергені абзал. Себебі салауат айтудан, қарғатын бұзбай жалғастыру абзал. Құран оқып болған соң қаласа, салауат айтады. Егер айтпаса күнә емес. Өйткені пайғамбарымыздың атын естіген кезде салауат айту - мустахаб. Имам Тахауи хадиске негізделіп , Алла елшісінің аты аталғанда салауат айту - уәжіп деген.
Имам Сарахсидың айтуы бойынша, бұл пікір имам Тахауидың өз ижтихады ғана, пәтуаға алынбайды.
[Бәхр райқ 1/346, Әл-бинәя, Мухит әл-Бурһани 5/312]
Показать все...
👍 81❤‍🔥 9👏 4🔥 3
Пайғамбар насихаттамаған көп әйелділікке біздің насихаттағанымыз дұрыс емес.
Показать все...
👍 90❤‍🔥 33👎 10🔥 3