cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

KzNews

Ең соңғы жаңалықтар

Больше
Рекламные сообщения
572Подписчики
Нет данных24 часа
-37 дней
-330 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Бишімбаевтың сотына қатысқан Собчак пен Грейске аккредитация берілмеген Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейс аккредитацияға өтініш бермеген. Олардың сот отырысына қандай жағдайда қатысып жатқанын сот өкілдерінен білуге ​​болады дейді.
Показать все...
Әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уалихан Бишімбаев пен анасы Альмира Нұрлыбекова ұлының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың не екенін білмей өскенін айтады. Сотталушының ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске берген сұхбатында баласының қандай қамқор екенін және онымен мақтанатынын жеткізді. Қуандық Бишімбаевтың анасы ұлын жауыз көретін адамдардан бөлек өзін, отбасын қолдайтын жақсы жандардың барын айтты.
“Бұл үлкен трагедия. Мен Салтанаттың ата-анасын өте жақсы түсінемін. Біздің отбасыда да қайғырып отыр. Баламыз қамауда отыр. Әлеуметтік желіде негативті материалдар өте көп. Десе де жақсы адамдар да жоқ емес. Жағалау жатқан өтіп бара жатқанда менің жаныма 40 жас шамасындағы әйел келді. Мен бастапқыда “тағы да жағымсыз дүниелер еститін болдым” деп ойлаған едім. Бірақ керісінше, “Апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасы екенсіз. Мықты болыңыз. Біз сізді түсінеміз және қолдаймыз” деп демеу берді. Сол кезде жеңілдеп қалдым. Жалғасы
Показать все...
Ол түнде қыз ұзататындарды қатаң сынаған.
«Түн деген — сайтанның қозатын шағы, жағымсыз энергетиканың қозатын шағы. Оны біздің ата-бабамыз әуелден біліп, бәрін күндіз істеген. Түнгі 12-де қызды ұзатып, өліп-талып алып қашып жатады. Сен неге қызыңды түнде ұзатасың? Алдын неге түнге саласың? Алдын таңға, өрлеп жатқан күнге салу керек. Күнмен бірге өрлеу керек. Қазақ қызды солай ұзатқан», —
дейді ол. 800 мыңға жуық қаралым жинаған бұл видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.
«Негізі қазақ әу бастан қызын қондырып, ертесі ұзататын. Түнде ұзату дегенді Шымкент шығарды. Содан кейін бәрі соған еліктеп кетті», «Ия, қыздың күндіз өз үйінен шыққаны дұрыс. Қазір үйі жоқ адам ұқсап рестораннан ұзатылады», «Ұзату ғана емес, барлық той-жиын күндіз болу керек», «Қазақ тек күндіз ұзатқан деп қай жерде жазылған? Қазір бәрі аузына келгенін айта беретін болды»,
— деп жазды олар.
Показать все...
Ақтөбедегі жаңа қоқыс полигонында өрт шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Сенбіліктерден кейін полигонға шығарылған құрғақ өрт шыққаны анықталды. 
«Қазіргі уақытта қоқыс жанып жатыр. Жануды жоюға 20 қызметкер мен өртке қарсы бөлімнің төрт техникасы, ATK QYZMET компаниясының 12 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды»,
– деді ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы Болат Серіков. Сөндіруге қаланың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары да қосылды. ҚР ТЖМ мәліметінше, Атырау облысында тағы бір өрт шықты. 28 сәуірде Құрманғазы ауданы Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық қойма шөп өртенді.
Показать все...
Қызылордалық Ғазиза Мәмбетова да осы келінге алданғандарды бірі. 5-6 млн теңгеге той жасап, қалың малына 1 млн теңге берген ол бүгін де берген ақшасының өтемін талап етіп отыр. 21 жастағы қыз екі жыл ішінде бес отбасына келін болып түскен. Тұрмысқа шыққаннан кейін 1,5 айдан соң қашып кетіп отырған. Бұл туралы келіннің экс-енелері «Көреміз» бағдарламасына келіп айтты, – деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Жиен келініне алданған Райхан Жұманова мән-жайды басынан бастап баяндап берді. «Жиенім үйленіп, туған әпкем келін түсірді. Қыз бен жігіт болып 1,5 ай сөйлескен. Бұдан бұрын некесі барын білмедік. Алып қашып келген соң үлкен тойды 1,5 айдан соң жасайтын болдық. Түскен кезде ауқымды етіп беташар жасадық. Үлкен тойға бір күн қалғанда бізден алдын келін боп түскен адам хабарласты. «Сендерге түскен келін бәрін сан соқтырып жүр, сендерді де сол жағдайға жеткізбей тұрғанда ертерек қолға алыңдар» деді. Бірден секем алып, шок болдық. Жалғасы
Показать все...
Қуандық Бишімбаев діндар адам болғанын, оның бес рет қажылыққа барғанын айтты. Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оның діни көзқарасы жайлы айтты. Назым Қаһарман Instagram парақшасында оқырмандарының Бишімбаевқа қатысты жолдаған сұрақтарына жауап берді. Экс-министрдің бұрынғы әйелі оның бес рет қажылыққа барып келгенін айтты. «Бишімбаевтың дінге көзқарасы қандай болған?», — деген сауал жолдады желі қолданушысы. «Ол ата-анасы сияқты әрқашан дінге жақын болатын. Мен білуімше, ол бес рет кіші қажылыққа барған. Бірақ оның арқасында дін мен рухани дүние деген екі түрлі нәрсе екенін түсіндім», — деп жауап берді Назым Қаһарман.
Показать все...
Алматыда автобуспен болған ЖКО туралы резонанстық іс бойынша сжалғасуда. 2024 жылғы 26 сәуірде СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ Дархан Ахметжанов соңғы сөзін сөйледі. Алдымен судья сотталушының анасына сөз берді. Ол оның үлгілі және жанжалсыз адам екенін мәлімдеді.
«Ұлы мектепті жақсы бітірді. Барлығы оны бәріне көмектесуге тырысқан мейірімді, лайықты адам ретінде біледі. Ол жұмыс істеді, үш баласын тамақтандырды. Мен бұл туралы білгенде шошып кеттім. Бұған дейін ол ешқашан ешкіммен жанжалдасқан емес. Сол күні ол үш айлық баласына асықты. Оның әйелі қоңырау шалып, балаға тамақ әкелуді айтқан. Жүргізуші 100 теңге үшін оны автобустан шығармай, қорлаған екен. Жүргізуші әлі де жанжал тудырғанын мойындамайды. Егер ол оны әкелмесе, онда ол өз аялдамасында тыныш шығып, жолымен жүрер еді. Мен әділ сотқа үміттенемін»,
— деді судьяға сотталушының анасы Ахметжанова. Сотталушы Дархан Ахметжанов өзінің соңғы сөзінде жәбірленушілерден кешірім сұрады. Ол бұзақылықты мойындады және «абайсызда өлім» бабы бойынша соттан оны ақтауды сұрады
Показать все...
Салтанат Нүкенова көз жұмған күні Бишімбаевқа “сенен раушанның иісі шығады” деп жазған блогер Гүлнәр Насырбекованың сөзінен жұрт астыртын мағына тапты. Ағылшын тілінде come up smelling like roses деген тұрақты тіркес бар. Ол тура мағынасында “раушанның иісі шығып тұр” деп аударылғанымен, тұрақты тіркес “жағдайдан сүттен ақ, судан таза боп шығу” дегенді білдіреді. Кембридж сөздігінде ол тіркес былай деп түсіндірілген: "Өте қиын және адамды жаман жағдайға қалдыратын сәттен де жақсы болып шығу, құтылып кету"
Показать все...
Қазіргі таңда желіде әйелдер құқығы мәселесі кеңінен көтеріліп жүр. Елімізде гендерлік теңдік үшін шаралар жасалғанымен, әлі күнге дейін кей әндер зорлық-зомбылықты ақтап, алып қашуды насихаттайды. Сондай-ақ сексистік сипаттағы туындылар кездеседі. Kznews.kz тілшісі гендерлік стереотиптерді қалыптастыратын және жәбірленушіге виктимблейминг жасайтын әндердің тізімін дайындады. Заңгер, гендерлік экономиканы зерттеуші Айгерім Құсайынқызы осы әндердің қоғамға әсері туралы айтып берді. “Алып қашудың қылмыс емес екенін көрсетеді” Алып қашу – қылмыс. Қылмыстық кодекстің 125-бабы “Адам ұрлау” бойынша саналады. Қыз алып қашқандарға 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бірақ қазақ эстрадасында алып қашуды насихаттап, оны махаббатқа балайтын әндер жетерлік. Ұланғасыр Қамидің орындауындағы “Алып қашамын” әнінде қызды қалауынан тыс мәжбүрлеп алып қашып, келін етіп әкелгісі келетіні айтылады. Әннің сөзін кім жазғаны белгісіз. Толығырақ
Показать все...
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар отандастарымыз марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн: толығырақ
Показать все...