ru
Feedback
ТРК Президента

ТРК Президента

Открыть в Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс web-cайт: https://ptrk.kz/ Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/ YouTube: https://youtube.com/@trkpresident TikTok: @ptrkkz

Больше

📈 Аналитический обзор Telegram-канала ТРК Президента

Канал ТРК Президента (@ptrkkz) языкового сегмента Казахский является активным участником. Сейчас сообщество объединяет 28 205 подписчиков, занимая 2 186 место в категории Политика и 273 место в регионе Казахстан.

📊 Показатели аудитории и динамика

С момента создания невідомо проект демонстрирует стремительный рост, собрав аудиторию из 28 205 подписчиков.

Согласно последним данным от 17 июня, 2026, канал показывает стабильную активность. За последние 30 дней изменение числа участников составило 3 130, а за последние 24 часа — 279, при этом общий охват остаётся высоким.

  • Статус верификации: Верифицирован (официально подтверждён Telegram)
  • Уровень вовлечённости (ER): Средний показатель вовлечённости аудитории составляет 4.85%. В первые 24 часа после публикации контент обычно набирает 3.69% реакций от общего числа подписчиков.
  • Охват публикаций: В среднем каждый пост получает 1 351 просмотров. В течение первых суток публикация набирает 1 027 просмотров.
  • Реакции и взаимодействия: Аудитория активно поддерживает контент: среднее количество реакций на один пост — 0.

📝 Описание и контентная политика

Автор описывает ресурс как площадку для выражения субъективного мнения:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс web-cайт: https://ptrk.kz/ Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/ YouTube: https://youtube.com/@trkpresident TikTok: @ptrkkz

Благодаря высокой частоте обновлений (последние данные получены 18 июня, 2026) канал поддерживает актуальность и высокий уровень охвата публикаций. Аналитика показывает, что аудитория активно взаимодействует с контентом, что делает его важной точкой влияния в категории Политика.

28 205
Подписчики
+27924 часа
+697 дней
+3 13030 день
Архив постов
🈂️ «Таза қала» – туристік Шымкентте Шымкенттің көрікті орындары, тазалығы мен қонақжайлығы – біздің назарда. ▫️Қала туристерді немен таңғалдырады? ▫️Демалыс орындарының тазалығы қандай? ▫️Шымкентті таза әрі тартымды етуге кімдер үлес қосып жүр? 📺 Бүгін, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz

📌 Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді Мемлекет басшысына ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асыры
📌 Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді Мемлекет басшысына ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндалды. ▫️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді. ▫️Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді. @ptrkkz

🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына салтанатты түрде енгізілуімен құттықтады Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді. @ptrkkz

🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады – Халықаралық ахуа
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады
– Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор. Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады, – деп жазды Мемлекет басшысы X парақшасында.
@ptrkkz

🤝 Мемлекет басшысы АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директорын қабылдады – Біз АҚШ Президентіні
🤝 Мемлекет басшысы АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директорын қабылдады
– Біз АҚШ Президентінің дипломатияға деген батыл көзқарасын және прагматикалық ұстанымын толық қолдаймыз. Қазақстан Американың Ибраһим келісімдері, Бейбітшілік кеңесі, TRIPP бастамасы және басқа да негізгі жобаларын ілгерілетуге белсенді атсалысуда. Бірлескен күш-жігеріміз бүгінде бұрынғыдан да беки түскен кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізге тың серпін берді. Сіздің сапарыңыз Қазақстандағы ауқымды саяси және экономикалық өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл реформалар елімізді ресурстарға тәуелді модельден білімге бағдарланған әртарапты экономикаға көшіруге бағытталған. Корпорацияңыздың инвестициялық басымдықтары Қазақстанның даму күн тәртібіне сай келеді. Біз нақты әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз, – деді Президент.
🇺🇸 Бен Блэк қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Алматыда Қазақстанның іскерлік қауымдастығымен өте нәтижелі әрі мазмұнды кездесу өткенін мәлімдеді. @ptrkkz

🐎 Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көрді Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап,
+4
🐎 Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын көрді Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген есім берді. «Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген қазақы тәмсілді келтірген Президент жас арғымақтарға желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі. @ptrkkz

📌 Kazinform запустил спортивный портал Informsport.kz ⚽️ Новый ресурс будет освещать главные спортивные события Казахстана и мира. Особое внимание уделят развитию массового и детско-юношеского спорта, работе федераций и поддержке олимпийского резерва. 📌 Что ждет читателей на Informsport.kz: ▫️Спортивные новости, интервью и обзоры ▫️Экспертные мнения и комментарии специалистов ▫️Материалы о региональных инициативах и подготовке молодых атлетов @ptrkkz

🤝 Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасын қабылдады – Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сап
🤝 Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасын қабылдады
– Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдадым, – деді Президент.
🇰🇬 Марлен Маматалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Президент Садыр Жапаровтың ыстық ықыласын жеткізді.
– Қырғыз тарапы Сіздің басшылығыңызбен іске асырылған ауқымды конституциялық өзгерістерді қолдайды. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Бұл әділетті әрі озық Қазақстанды құруға берік негіз қалайды. Сізге және бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке тілеймін. Қолға алған реформаларды табысты жүзеге асыруларыңызға тілектеспін, – деді Жогорку Кенеш Төрағасы.
@ptrkkz

📎 Гимн международного проекта Silk Way Star прозвучал в Китае 🇰🇿🇨🇳 Казахстанская певица Рухия Байдукенова и китайский исполнитель Чжан Хэ Сунань представили гимн музыкального проекта Silk Way Star, автором которого является казахстанский композитор Хамит Шангалиев. 🎶 Исполнение гимна подчеркивает роль Казахстана в развитии международного гуманитарного и медийного сотрудничества на пространстве Шелкового пути. ✔️ Проект Silk Way Star реализуется в рамках сотрудничества Телерадиокомплекса Президента РК и China Media Group. @ptrkkz

🧷Президент: «Всякий труд достоин. Вот к этому надо нам приучать людей» @ptrkkz

🧷Президент: «Всякий труд достоин. Вот к этому надо нам приучать людей» @ptrkkz

✔️ От пресс-службы до медиахолдинга: как изменился Телерадиокомплекс Президента РК за 30 лет? 🎥 За эти годы организация прош
+8
✔️ От пресс-службы до медиахолдинга: как изменился Телерадиокомплекс Президента РК за 30 лет? 🎥 За эти годы организация прошла путь от небольшой технической службы при пресс-службе Главы государства до крупнейшей медиаструктуры страны, формирующей визуальную летопись независимого Казахстана. @ptrkkz

#СЛОВОТОКАЕВА 🧷 Касым-Жомарт Токаев: «Нам даровано судьбой великое счастье - создать свое государство» @ptrkkz
#СЛОВОТОКАЕВА 🧷 Касым-Жомарт Токаев: «Нам даровано судьбой великое счастье - создать свое государство» @ptrkkz

🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады – Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүм
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
– Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ Сіздің екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді атап өткім келеді. Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы АҚШ Президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Жыл соңына қарай біз кездесеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
🇺🇸Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Президент Дональд Трамптың сәлемін жеткізді
– Сіздің Ақ үйде досыңыз бар деп сеніммен айта аламын. Президент Трамп қызметіңізді айрықша бағалайды. Біз елдеріміздің мүддесі үшін өзара тиімді шешімдер іздеуге ұмтыламыз. Мұны АҚШ пен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастың қарқыны дәлелдейді. Кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалды. Бұл әлі бастауы ғана екеніне сенімдімін. Сіздің жыл соңында өтетін G20 саммитіне қатысатыныңызға өте қуаныштымыз, – деді Арнайы өкіл.
@ptrkkz

🈂️ «Таза қала» Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб, көне Отырар және «Қазақстандық Венеция» атанған «Керуен Сарай» – өңірдің туристік нысандары бүгін қандай күйде? ▫️Тарихи орындардың тазалығы қандай? ▫️Туристер үшін қандай жағдай жасалған? ▫️Экотуризм қалай дамып жатыр? 📺 Бүгін, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz

🈂️ «Таза қала» Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб, көне Отырар және «Қазақстандық Венеция» атанған «Керуен Сарай» – өңірдің туристік нысандары бүгін қандай күйде? ▫️Тарихи орындардың тазалығы қандай? ▫️Туристер үшін қандай жағдай жасалған? ▫️Экотуризм қалай дамып жатыр? 📺 Бүгін, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында! @ptrkkz

🖊️ Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digi
🖊️ Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды @ptrkkz

#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн» @
#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн» @ptrkkz

#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негі
#ТОҚАЕВСӨЗІ 🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негізі» @ptrkkz

📌В новую Конституцию были добавлены конкретные нормы, направленные на укрепление инвестиционного потенциала государства – Глава государства @ptrkkz