cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Massaget NEWS

Танымдық материалдар: @massaget_kz

Больше
Рекламные посты
27 825
Подписчики
+1224 часа
-2237 дней
+1 28030 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

00:19
Видео недоступноПоказать в Telegram
Астана, Шымкент, Атырау және Жамбыл облыстарында діни радикалдар ұсталды. Террорлық әрекеттерге қатысты, терроризмді насихаттады және адамдарды жалдады деген күдікпен 4 Қазақстан азаматы мен 1 шетел азаматы қамауға алынды. Олардың бірі бұрын өзге мемлекет аумағындағы соғысқа қатысып, осы әрекеті үшін Қазақстанда сотталған. Тағы екеуі күшті есірткі қолданған деген болжам бар. massaget.kz
Показать все...
IMG_4865.MP41.67 MB
👍 3🤔 1
Мектеп директоры ұлын жұмысқа заңсыз орналастырғаны үшін сотталды Оның әрекеті нәтижесінде мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 902 мың теңге материалдық шығын келтірілген. Ол Балқаш ауданындағы мектептердің бірінің директоры. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Сот істің барлық мән-жайын зерделей келе, сотталушыны өзіне айыпталған әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танып, ұрланған мүліктің 10 еселенген сомасында, яғни 9 миллион теңге айыппұл салды, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару немесе белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы шешім қабылдады.  massaget.kz
Показать все...
👍 15👏 4🆒 3🔥 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Алматыда жаңа метро бекеті қашан ашылады? Алматыдағы "Қалқаман" метро бекеті 2026 жылы қолданысқа беріледі. Бұл туралы Парламенті Мәжілісі депутаттарының метрополитенге жасаған жұмыс сапарында белгілі болды. Қазіргі таңда стансаның 2 шақырым құрылыс аймағында жұмыс жүргізіліп жатыр. massaget.kz
Показать все...
🔥 6👍 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
Ақтауда 79 келіден аса марихуана тәркіленді Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары екі ер адамды ұстады. Олардың көлігін тінту барысында салмағы 79 келі 138 грамнан асатын марихуана салынған 27 полиэтилен пакеті және есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ, салмағы 59 грамм гашиш табылды. Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. massaget.kz
Показать все...
👍 5
00:06
Видео недоступноПоказать в Telegram
"Бойжеткенді зорламақ болған": Грузиядан қазақстандық экстрадицияланды Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.
"2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан, ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған", - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.
Сот ер адамды кінәлі деп таныған, алайда сотталған адам үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. massaget.kz
Показать все...
image-31.mp43.62 KB
👍 7😨 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Тағы да бала өлімі Атырауда бүлдіршін кәріз шұңқырына түсіп көз жұмды Қайғылы жағдай Құрсай ауылдық округіндегі "Чебурашка»" жекеменшік балабақшаларының бірінде болған. Түскі үзіліс кезінде бөбекжай ауласында серуендеп жүрген бала құдыққа түсіп кеткен. Қазір полиция бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Оқиға орнындағы жағдай туралы біз тәрбиешілерден де, құрылтайшылардан да толық ақпарат ала алмай тұрмыз. Қазір тергеп-тексеруге байланысты құзырлы органдардан нақты әрі толық ақпарат алған соң хабарлаймыз. Қайғылы жағдай балабақша ауласында болған. Тексерісті біз өз тарапымыздан тағайындаймыз. Мекеме жекеменшік болған соң, арнайы рұқсатсыз кіре алмаймыз. Тергеп-тексеру біткенге дейін балабақша жұмысын тоқтатады, - дейді Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.
massaget.kz
Показать все...
😢 9💔 1
Атырау облысында жасөспірім кісі қолынан қаза тапқан Қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында мектеп бітірген. "Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған", - деп жазылған хабарламада. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. massaget.kz
Показать все...
😢 10🤔 4👍 1💔 1
Repost from MSPORTS.KZ
🇰🇿 Мемлекет басшысы Олимпиадаға баратын спортшыларға Туды табыстады ✅Қасым-Жомарт Тоқаев ел намысын абыроймен қорғауда спортшыларға жауапты миссия жүктелгенін айтып, оларға сәттілік тіледі.
– Бәріңіз Олимпиада жолдамасын иелену үшін көп күш жұмсадыңыздар. Өздеріңіздің асқан шеберліктеріңізді көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізетіндеріңізге сенімдімін. Сіздерге барша Қазақстан халқы қолдау көрсетеді. Әрине, чемпион болу оңай емес. Қазақта «Намысқа шапсаң – алысқа шабасың» деген сөз бар. Сондықтан жеңімпаз боласыздар деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
✅Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергеновке табыстады. ✅Қазақстан құрама командасының негізгі бөлігі кездесуге Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығынан телекөпір арқылы қатысты. Онда спортшылар Париж Олимпиадасы алдындағы соңғы жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. msports.kz
Показать все...
👏 11👍 7
00:11
Видео недоступноПоказать в Telegram
🌨 Алматыда жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып кетті Алматы әкімдігі мәліметінше, 1-10 шілде аралығында қалада 46,6 миллиметр жауын-шашын түскен, бұл ретте норма - 43 миллиметр. Сейсенбі, 9 шілдеде қалада тек кешкі уақытта 16 миллиметр жаңбыр жауған. 🎥: TG/kris_p_almaty_official
Показать все...
IMG_6564.mp49.54 KB
👍 5
00:10
Видео недоступноПоказать в Telegram
Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті Бұл туралы Tengri Travel редакциясына оқырмандардың бірі хабарлап, видео да жолдаған. Оның айтуынша, 9 шілде күні Астана уақытымен сағат 11:30 шамасында Астана (Нұрлы-Жол) - Алматы-2 бағытымен келе жатқан №4 жолаушылар пойызы оқыс оқиғаға тап болған. Оқырманның сөзінше, пойыз Отар станциясынан 20 шақырым жерде орналасқан Шиелі стансасының қиылысында рельстен шығып кеткен.
"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Біз күтпейік деп шешіп, бағыттас көлікпен кетіп қалдық. Пойызға және онда қалған жолаушылардың қазіргі жағдайы бізге белгісіз", - деп жазды оқырман.
massaget.kz
Показать все...
IMG_3676.mp43.51 MB
😨 5👍 3😱 2🏆 2🤔 1
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.