ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ
Открыть в Telegram
8 749
Подписчики
-624 часа
-297 дней
-12130 день
Архив постов
8 747
8 747
Көкейдегіні айтқан бір адам болды ғой. Мұғалімнің еңбегін жоққа шығармау керек.
8 747
📌 НЕБАРЫ 5000 ТЕҢГЕ!!!
🎓 АТТЕСТАЦИЯҒА ҚАЖЕТТІ РЕСМИ ҚҰЖАТТАР
✨ 3.2 тармақ бойынша:
📢 Республикалық конференцияда
«СӨЗ СӨЙЛЕУ»
🏅 +3–5 балл
📄 Қажетті құжаттар:
✔️ Сертификат
✔️ Хаттама
✔️ Бұйрық
✔️ Жинақ
✨ 3.4 тармақ бойынша:
⚖️ Шығармашылық топта
«ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ» мүшесі болу
🏅 +4 балл
📄 Қажетті құжаттар:
✔️ Сертификат
✔️ Хаттама
✔️ Бұйрық
✔️ Анықтама
🏛️ “MARTEBELI USTAZ”
Педагогикалық шеберлік орталығы
https://wa.me/message/JDE5Q4QLSESBL1
8 747
📚 *ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!*
✨ Тек *тарих пәні мұғалімдеріне арналған «KULTEGIN» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының* алғашқы санына
материалдар қабылдау басталды!
📌 Алғашқы шығарылымға *ТЕГІН* жарияланым мүмкіндігі қарастырылған.
📩 Материалдарды төмендегі электронды поштаға жолдай аласыз:
*_kuanysh63310@mail.ru_*
📖 *Қабылданатын материалдар:*
☑️Өзекті тақырыптағы ғылыми мақалалар
☑️Озық тәжірибелі тарих мұғалімдерінің іс-тәжірибесі
☑️Оқушылардың жетістіктері
Танымдық, ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстары
🖼 *Маңызды талап:*
Материалдар міндетті түрде сапалы фото/суреттермен бірге жіберілуі қажет.
🔍 *Барлық жұмыстар:*
☑️Антиплагиат тексерісінен өтеді
☑️Сарапшылардың рецензиясынан қаралады
✅ Тек таңдаулы, сапалы материалдар ғана журналда жарияланады!
🏛 Журналдың бұл саны
*Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “ақ тізіміне”* енгізу үшін
ресми мақұлдауға ұсынылады.
📣 Өз тәжірибеңізбен бөлісіп, кәсіби дамуыңызға жаңа мүмкіндік жасаңыз!
8 747
📚 *ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!*
✨ Тек *тарих пәні мұғалімдеріне арналған «KULTEGIN» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының* алғашқы санына
материалдар қабылдау басталды!
📌 Алғашқы шығарылымға *ТЕГІН* жарияланым мүмкіндігі қарастырылған.
📩 Материалдарды төмендегі электронды поштаға жолдай аласыз:
*_kuanysh63310@mail.ru_*
📖 *Қабылданатын материалдар:*
☑️Өзекті тақырыптағы ғылыми мақалалар
☑️Озық тәжірибелі тарих мұғалімдерінің іс-тәжірибесі
☑️Оқушылардың жетістіктері
Танымдық, ғылыми бағыттағы зерттеу жұмыстары
🖼 *Маңызды талап:*
Материалдар міндетті түрде сапалы фото/суреттермен бірге жіберілуі қажет.
🔍 *Барлық жұмыстар:*
☑️Антиплагиат тексерісінен өтеді
☑️Сарапшылардың рецензиясынан қаралады
✅ Тек таңдаулы, сапалы материалдар ғана журналда жарияланады!
🏛 Журналдың бұл саны
*Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “ақ тізіміне”* енгізу үшін
ресми мақұлдауға ұсынылады.
📣 Өз тәжірибеңізбен бөлісіп, кәсіби дамуыңызға жаңа мүмкіндік жасаңыз!
8 747
📚 Тарихтан біліміңді сынап, ерекше экспедицияға жолдама ұтып ал! 🏆
Қазақстан мектептерінде оқитын 5–10 сынып оқушыларын республикалық «KULTEGIN LEAGUE» командалық олимпиадасына шақырамыз!
👥 Әр мектептен — 1 команда
«KULTEGIN LEAGUE» — бұл жай ғана білім сайысы емес!
Бұл — мыңдаған тарихшыларды біріктіретін, өз журналы мен YouTube арнасы бар, оқушылар мен мұғалімдерге үлкен мүмкіндік сыйлайтын ауқымды жоба.
✨ Олимпиада барысында:
🔹 Тарихи білімдеріңді сынайсың
🔹 Командалық рухты дамытасың
🔹 Жаңа тәжірибе жинайсың
🔹 Еліміздің үздік жас тарихшыларымен танысасың
🔹 Ең бастысы — экспедицияға жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие боласың!
📌 Толық ақпарат пен қатысу шарттары төменде берілген ЕРЕЖЕде көрсетілген.
Өзіңді дәлелде, командаңды жина, тарих әлеміне қадам жаса!
🔥 «KULTEGIN LEAGUE» — білімділердің үлкен додасы!
https://chat.whatsapp.com/BUdmWEh0WVgD4BsZcGHZva
8 747
8 747
Жұмыстан кеш шығып, қараңғыда үйіне қайтып бара жатқан мұғалімді ұры ұстап алып: «Тез сағатыңды бер!" деп қорқытыпты.
Үрейі ұшқан мұғалім дірілдеп: «Класс жетекшілігімді алсаң, ал. Сағаттарыма тиіспеші!" деп жылап жіберіпті. )
Күлкілі ме? Иә! Ал, шынтуайтында нағыз трагедия. Ұры «сағатын» қолды қылса, енді кейбір депутаттар мұғалімнің «уақытымен» қоса, «құқығын» да тартып алмақшы.
Мәжілісмендер Ерлан Сайыров пен Мұрат Әбенов «жергілікті әкімдердің балансына «қолбаласы мұғалімдерді» қайтарайық» деген сыңайда пікір айтыпты. Түгел тыңдадым. Мұндайда мақалдың мәнін майыстырып «Жұмсақ ағаш құртқа жем, «жұмсақ мұғалім» жүндеген депутаттарға жем» дейміз бе? Біз бір қадам алға жылжыдық па десек, тағы он жыл артқа шегінетіндей басымызға не күн туды?!
Онсызда отыз жыл бойы мұғалім концерттің массовкасы, сенбіліктің «тегін күші», әкімдікке керек кезде «әмірге дайын ресурс» болған жоқ па?! Министр не облыс әкімі келеді. Аула тазалап, көше сыпырған мұғалімдер. Әнші, биші, ақын-жазушы кеш өткізсе, залды толтыратын тағы солар. Ау, депутаттар, екі жыл бұрын Семейде шырша безендіремін деп жүріп құлап, басын жарған мұғалімнің тағдырын ұмыттық па?
Кезінде сала министрі болған, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетов шыр-пыр болып мұғалімді қорғап, педагогтардың тікелей ісімен айналысып, сабағын беріп, тек бала оқытсын деп жағдай жасау үшін барын салды. Артынша «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды.
Былтыр Тамыз конференциясында Президент Тоқаев: «Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз басында ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айттым. Бірақ, кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады. Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек» деген еді. Ал біз не істегелі отырмыз? Қайтадан мұғалімді «әмбебап жұмысшыға» айналдырамыз деп аттандап жатырмыз. 🤦♂️
Анау-мынау деп алысқа бармай-ақ, көрші Өзбекстан елі мұғалімді әкімшілік жұмыстарға жегуді ресми түрде шектеді. Себебі, олар да отыз жыл бойы пахта теріп, көше тазалап келген еді. Енді Батыс десеңіз, Финляндия, Германияда мұғалім ең құрметті әрі тәуелсіз кәсіби топтың бірі. Оларды ешкім сенбілікке сүйремейді. Оларды ешкім зал толтыруға мәжбүрлемейді. Өйткені, олар адам капиталын дамытатын негізгі күш.
Әкімдерге халық керек пе? Ел бар ғой. Қоғам бар. Еріктілер бар. Солардың басын қосып, еңбек етіп, жұмыла жұмыс істеуге шақырса, кім кедергі? Қит етсе, мұғалімді ресурс көріп, желкелей беруді қойған жөн. Көзқарасты өзгертпей, білім сапасы туралы әңгіме айту бос сөз, бекер. Технологиясы дамыған ел боламыз дейміз, онда балаларымызды оқытатын педагогтарды мазаламайық, тікелей ісімен шұғылдансын. Білім беру саласын децентрализациялау дұрыс емес.
Өмір Шыныбекұлы аға да, мұны айтуындай-ақ айтып жатыр.
Жұлдыз Сүлейменова ханым, мұндайға жол бермейді деп сенеміз.✍️
Уже доступно! Исследование Telegram 2025 — ключевые инсайты года 
