ru
Feedback
Посольство Казахстана в России

Посольство Казахстана в России

Открыть в Telegram
3 764
Подписчики
-124 часа
-57 дней
+2930 дней
Архив постов
Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді 🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев: – Құрметті Владимир Владим
🇰🇿🇷🇺Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді 🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Құрметті Владимир Владимирович, елордаға қош келдіңіз! Мемлекеттік сапармен келгеніңізге қуаныштымын. Бұл сапардың елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамыту тұрғысынан мәні зор. Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде де айрықша мәнге ие деп ойлаймын. Өйткені біздің елдеріміз алып Еуразия кеңістігінің өзегі саналады. Осы орайда екі мәселені ерекше атап өткім келеді. Біріншісі, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың жеті негізі туралы бірлескен мәлімдеме. Жеті – қасиетті сан. Құжат өте мазмұнды. Бұл жөнінде баспасөз конференциясында толығырақ айтамын. Оны өзім қарап, түзетулер енгіздім. Аталған мәлімдеме екі ел жылнамасына маңызды оқиға ретінде енеді деп сенемін. Екіншісі, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты келісімге қол қою. Осы жобаға қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. АЭС құрылысы туралы келісімнің стратегиялық мәні жөнінде айта беру артық. Бұл бәріне түсінікті. Біз – достас, бауырлас елдерміз. Ортақ бай тарихымыз бар, мәдени дәстүрлеріміз бен халықтарымыздың менталитеті бір біріне ұқсас. Кешегі бейресми кездесуде ол жөнінде егжей-тегжейлі айтып, өткенді еске алдық. Ресей үшін де мұның мәні ерекше деп ойлаймын. Біз халықтарымыздың түпкілікті мүддесіне сай жұмыс істейміз. Азаматтарымыз мемлекеттеріміздің достығы мен ынтымағы сақталғанын қалайды. Одан әрі өркендеу үшін баршамызға бейбітшілік қажет.
🇷🇺Владимир Путин:
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Ең әуелі шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Былтыр бізге мемлекеттік сапармен келгеніңізге қуандық. Сол кезде ғасырлар бойы, соның ішінде бір мемлекет аясында қалыптасқан халықтарымыз арасындағы берік достық пен өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестігімізді кеңейту бағытында тағы да алға қарай қадам жасадық. Бүгін де жемісті жұмыс атқарамыз деп ойлаймын. Бейресми сипатта өткен кешегі кездесу үшін ризашылығымды білдіремін. Өзара ықпалдастығымыздың көптеген маңызды әрі перспективті бағыты бойынша пікір алмастық. Делегациямыз еліңізге мереке қарсаңында келіп отыр. Ресей мұсылмандары Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Қазақстанда да бұл мейрам кеңінен тойланатынын білемін.
t.me/aqorda_resmi

Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Қазақстан мен Ресей президенттерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөзі басталды ***** 🇰🇿🇷🇺Начались переговоры Касым-Жомарта Токаева и Владимира Путина в расширенном составе

Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамдағы келіссөз жүргізді **** 🇰🇿🇷🇺Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин провели переговоры в узком составе 🎦 t.me/aqorda_resmi

Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Во Дворце Независимости состоялась торжественная церемония встречи Президента Российской Федерации Владимира Путина,
+3
🇰🇿🇷🇺Во Дворце Независимости состоялась торжественная церемония встречи Президента Российской Федерации Владимира Путина, прибывшего в Казахстан с государственным визитом Президент Касым-Жомарт Токаев лично встретил российского лидера. В честь высокого гостя перед Дворцом Независимости звено истребителей Сил воздушной обороны Республики Казахстан выполнило демонстрационный полет, оставив за собой бело-сине-красный дымовой шлейф, окрасивший небо в цвета российского флага. Затем Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин представили друг другу членов официальных делегаций. Начальник роты почетного караула отдал приветственный рапорт, прозвучали государственные гимны двух стран. t.me/aqorda_resmi

Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты.   Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. t.me/aqorda_resmi

Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді ресми қарсы алу рәсімі 📍Астана, Тәуелсіздік сарайы **** 🇰🇿🇷🇺Церемония официальной встречи Президента Российской Федерации Владимира Путина 📍Дворец Независимости, Астана

Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды   Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екіжақты құжаттарға қол қойылады. ****   🇰🇿🇷🇺Начался государственный визит Президента Российской Федерации Владимира Путина в Казахстан   Завтра состоятся переговоры на высшем уровне и будет подписан ряд двусторонних документов.   🎦 t.me/aqorda_resmi

Repost from Aqorda 🇰🇿
В терминале аэропорта сводный ансамбль домбристов Дворца школьников имени аль-Фараби и баянист, лауреат международных конкурс
В терминале аэропорта сводный ансамбль домбристов Дворца школьников имени аль-Фараби и баянист, лауреат международных конкурсов Радмир Хайбуллин сыграли для российского лидера попурри из кюев Курмангазы и русских музыкальных произведений t.me/aqorda_resmi

Repost from Aqorda 🇰🇿
Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі және сырнайшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Радмир Хайбуллин Ресей мемлекеті басшысының құрметіне Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен попурри орындады t.me/aqorda_resmi

Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺В столичном аэропорту высокого гостя встретил Глава государства Касым-Жомарт Токаев С момента пересечения государстве
+3
🇰🇿🇷🇺В столичном аэропорту высокого гостя встретил Глава государства Касым-Жомарт Токаев   С момента пересечения государственной границы Казахстана до посадки в аэропорту Астаны борт Президента России сопровождали истребители Сил воздушной обороны Республики Казахстан.   У трапа президентского самолета была выстроена рота почетного караула.   Владимира Путина и членов официальной делегации приветствовали дети с флажками двух стран и барабанщицы Дворца школьников имени Махамбета Утемисова.   Затем над взлетной полосой пролетели вертолеты с флагами Казахстана и России.   t.me/aqorda_resmi

Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды   Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.   Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.   Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары қошемет көрсетті.   Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.   t.me/aqorda_resmi