ru
Feedback
ой таспа

ой таспа

Открыть в Telegram

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍

Больше
Казахстан5 297Категория не указана
564
Подписчики
Нет данных24 часа
-37 дней
-1530 дней
Архив постов
желаю тебе из тысячи встреч одну, самую счастливую.

Оның беруі де, бермеуі де - беру

Не оценивать чужие судьбы. Не жалеть. Не вмешиваться. Не думать, что человек беден, несчастлив, сломлен. Сразу же ломайте гордыню, которая считает свою судьбу лучше чужой. Единственное лучшее благое дело, которое вы можете сделать - дуа. В остальном вы уйдете только в минус. #UN_notes

Бақытымның сезінші ұйытқысын, Сені көрер ғажайып, жүйрік түсім. Біз жүретін жолдарды түйістіріп, Өмір өзі өткерсін бұйрықты ісін. Әлемімді көр менің күннен жарық, Айды сосын ұрлайық түннен-ғаріп. Бұл менің бұлыңғырлау қиялым ғой, Анығын ше сұрайын кімнен барып? Күзде бұл мен жағатын алау бәсең, Алауға бәсеңсіген қарау да әсем. Көңілім жапырақтай ілініп тұр, Сөнбеген үміттерім бар-ау десем… (c) Ұлпан Нұржанова 24.10.23 #UN_poetry

Иногда хочется быть написанным, а не писателем. Хочется быть стихом, а не поэтом. Лишь раз… Хочется быть любимой, вместо того
Иногда хочется быть написанным, а не писателем. Хочется быть стихом, а не поэтом. Лишь раз… Хочется быть любимой, вместо того, чтобы любить…

Тәубеме түсіп, енді өз-өзіме келген сияқтымын. Бұйырса бәрі жақсы болады, жарай ма? #UN_notes

Әр нәрсенің өз орны бар. Бірақ біз талпынамыз деп кейде сол нәрселердің орнын шатастырып алып жатамыз. Содан анамызға шеше, әкемізге әке болып кетеміз. Ал өзіміздің о бастағы орнымыз қаңырап қалады… Бірақ осы жолда сені жоқтан бар етіп жаратқан Жаратушыңды бірінші орынға қойсаң, қалғаны өз орнына келеді. #UN_notes

шабыт жоқ, біразға дейін өлең жазбайтын сияқтымын. немесе шабыт сататындарың бар ма?

“сезімталсың” дегенді ести беріп шаршадым. достарымнан бастап дәрігерлеріме дейін айтып шықты. тағы айтатындарың бар ма?

Адамның қалауы да, сұрауы да бітпейді екен. Туғанынан “бір кем дүние” деп күрсініп өтетіндер қаншама десеңші. Пендешіліктің қабын толтыру оңай ма? Пендешіл көңілге жағу ше? Барлығын ертеңнің керуеніне артып аламыз да, ботадай көздерімізбен үздіккен үмітке телміреміз. Ертеңіміз бола ма, болмай ма онда еш шаруамыз жоқ. Бала кезден анам “Кедей бай болсам дейді, бай құдай болсам дейді”- деп отыратын. Расында солай, иә? Тек сол пендешіл нәпсіні тәрбиеге салып, қолыңда бар нәрселерді шұқып, кейде нұқып көрсетіп отыру керек екен. Әйтпесе шүкіріңді ұмытасың, күпіріңді көбейтіп, онсыз да тойымсыз нәпсінің аранын ашқызып алуың да әп-сәттік шаруа. Қазақта “Тұқиянында түк көрмеген” деген ауыр сөз бар. Әбден күйінгендер бұл сөзді түк көрмеген адамға айтады екен. Себебі түк көрмей өскен адам қанағаттың не екенін білмейді. Оны тіпті Құдайдың өзі тоқшылықтың ортасына алып келсе де, ол соны азсынып “тағы, тағы” деп күпірлік қыла бастайды. Өйткені оның о бастағы қарысы тесік, кеудесі қуыс… Сондықтан “шүкір етсең маған, тағы берем саған” деумен әр нығметтің Иесін ұмытпайықшы. Құдайдың ниетімізге сай берудегі есебі түзу… #UN_notes

✨

Даланың алуан-түрлі гүлдері күнді аңсайды. Аралар сол гүлдердің нәрін іздейді. Балықтар ауаны қажет етсе, қайықтарға теңіз керек. Сонда әлемге осы бір тепе-теңдік қажет сыңайлы. Қалаушыққа ұмтылу заңдылығы. Бұл заңдылыққа бағыну ретінде менің де жүрегім ара-тұра бірдеңе іздейтіндей көрінеді. Тынымсыз жүрегімнің әр дүрсілінде басқа бір жүрекпен тыңдалсам, құрметтелсем деген ұмтылыс бар-ау осы… Бірақ сол бір нәзік ұмтылысты күйбең тіршіліктің қамымен жүріп тұншықтырып, тығып, тыққан жерімді ұмытардаймын. #UN_notes

Өзімізді бақытсызбыз деп түңеріп жүргенде маңдай бағымыз бес елі екенін білмеппіз де…

мендегі жүрек пен ақыл шайқасында зардап шегетін сол баяғы мен байғұс. үнсіз жүрсем, әлсіздігім деп түсінерсің. ал сенің үнсіздігіңді қалай ұғынуға болады, м?

бір апта болды Жаратқан кішкентай қалауларымды бірден орындап жүрді әрі мен байқайтындай етіп қоятын болды… бір адам жайлы ойласам, өзі тілегін білдіріп жазатын болды телефоным отырса, қуаттағыштың қасынан орын табыла қалатын болды шоколад жегім келсе, кенеттен жанымдағылар ауыз тигізетін болды көргім келген зерттеушіні алдыма алып келді осындай ұсақ-түйек қаншама🥺 ал оның алдында бір үлкен жоспарлаған дүнием болмай қалып, көңілім болмай жүрген еді. сосын осындай ғажайыптар бола қалды ✨

Не могу дождаться прожить хорошую жизнь с тобой✨
Не могу дождаться прожить хорошую жизнь с тобой✨

осы арнаға не үшін жазылдыңыздар? ары қарай дамытқым-ақ келеді, біраз шабыт пен ой қоссаңыздар🌈✨

өмірімдегі әр шешімнің, әр бұрылыстың, әр жеңіс пен әр жеңілістің артында мен көрмейтін бір қайыр барын естен шығармайтын жүрек болса…

«человеку, который медлит с выбором, достанется выбор, сделанный обстоятельствами»

Досыңа жақсы жолдас шығарсың, ата-анаңа жақсы бала, бастығыңа жақсы жұмыскер, бауырларыңа үлгілі бауыр болуың да мүмкін. Бірақ өзіңе кімсің…? Елдің көңілінен аса алмай, өзіңнің көңіліңді қанша рет қалдырдың? Өзгенің көзіне жақсы көрінемін деп, өзіңе өзің қанша рет қастандық жасадың? Өзгені бақытты қыламын деп, өзіңді қанша рет жылаттың? Өзіңе өзің уақыт бөлдің бе? Жылы сөз айттың ба? Еркелеттің бе? #UN_notes