cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

ADYRNA.KZ

Рекламные посты
3 232
Подписчики
+924 часа
+287 дней
+12730 дней
Время активного постинга

Загрузка данных...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Анализ публикаций
ПостыПросмотры
Поделились
Динамика просмотров
01
Жуырда Астанада ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бір топ журналистермен кездесіп, Атыраудағы III Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің іске асу барысын баяндады.«Ұлттық құрылтай елдік мәселелерді талқылайтын алаңға айналып келеді» деді сөз басында Ерлан Тынымбайұлы. Орталық Азияда, туыстас елдердің ішінде Ұлттыққұрылтай іс-шарасы қырғыз елінде де жолға қойылған екен. Алайда оларда атаулы ауқымды іс-шарадан соң нақты атқарылатын жұмыстар механизмі жолға қойылмағанға ұқсайды. Ол жағынан алғанда Қазақстан тәжірибесі әлдеқайда ұтымды екені аңғарылады. Мысалы, Ұлттық құрылтай мүшелері іс-шарадан бірнеше ай бұрын министрлермен, басқа да лауазымды тұлғалармен кездесіп мәселелерді алдын ала айтады. Өз кезегінде мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды пысықтап, өз позицияларын айқындайды. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199216
560Loading...
02
Қазақстан тағамтану академиясының президенті, белгілі диетолог Төрегелді Шарманов 95 жасында дүниеден өтті. Академикпен қоштасу суреті бар жазбаны ғалымның ұлы Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Асфендияров атындағы медицина университетіндегі әріптестері де академиктің қайтыс болғанын хабарлады. «Алматы декларациясының Алғашқы медициналық-санитарлық көмегінің әкесі, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы, қазақ медицинасының мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», - делінген хабарламада. Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижеде бітірген.
1260Loading...
03
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қазақстандықтың Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне заңсыз қол сұққаны үшін бас бостандығынан айырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан 2021-2022 оқу жылында заңмен қорғалатын ақпаратқа заңсыз кіріп, көшіріп алған. Сәуір айында сот шешімімен қазақстандықтардың әрқайсысы Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Сондай-ақ олар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім шығаруға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің процессуалдық материалдары негіз болды. Үкім заңды күшіне енді.
2700Loading...
04
Владимир Зеленский Украинаға Орталық Азиядан екі журналист, Қазақстаннан үш, Қырғызстаннан үш және Өзбекстаннан бір журналист шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Украина билігі өздері тәуелсіз деп санайтын бұқаралық ақпарат құралдарын ғана шақырғанын айтты. Сондай-ақ, Зеленский журналистердің сұхбатына орыс тілінде жауап берді. Тілшілер орыс тілінде жауап беруін өтінгеннен кейін, Украина президенті орысша сөйлеуге мәжбүр екенін атады. Владимир Зеленскийдің толық сұхбаты алдағы уақытта жарияланады.
2700Loading...
05

2101Loading...
06
24 мамыр күні Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты “ұлт араздығын қоздырды” деп айыпталған зейнеткер Қалима Жапарованы кінәлі деп танып, бас бостандығын екі жылға шектеді. толығырақ: https://adyrna.kz/post/199170
5091Loading...
07
Бүгін, 24 мамырда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымды алып тастау талап етілген петиция туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. https://adyrna.kz/post/199167
4990Loading...
08
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық блогер Анастасия Ахметованың мәлімдемесіне байланысты видео үндеу жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199160
4850Loading...
09
«Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан туралы толықметражды көркем фильм түсіріледі. Бұл туралы қазақстандық  кинорежиссёр Мұрат Бидосов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199154
4971Loading...
10
Бас прокурордың міндетін атқарушы Тимур Тәшімбаев Болат Назарбаевтың қызы Ақбота Назарбаевамен байланысты Алматы тауларындағы сел бөгетіне қатысты істің қандай баппен тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199120
5551Loading...
11
Бүгін, 24 мамырда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық оқушыларды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. https://adyrna.kz/post/199151
5561Loading...
12
Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың Құранды қолымен жазып шыққан каллиграф шейх Осман Тоһаның қолын сүйіп жатқан видеосы тарады. Ол 23 мамырда Шымкенттегі жаңа мешіттің ашылуына келген болатын. https://t.me/adyrnaportal
6061Loading...
13
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199110
5780Loading...
14
23 мамырда тағы бір қазақстандық ару Жәмилә Баширова Эверест шыңын бағындырды. Бұл туралы 14 PEAKS EXPEDITION альпинизм бойынша логистикалық компаниясы айтты. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199116
5720Loading...
15
Петропавлда 95 жастағы қария әйелімен жанжалдасқаннан соң өзін газ баллонымен жарып жібермек болған. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199098
5750Loading...
16
Ташкент облысы Алмалық қаласының 28 жастағы тұрғыны Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті балағаттады деп айыпталды. Сотталушы — фармацевтикалық компанияның негізін қалаушы.  Ол 2023 жылдың 2 мамыры мен 31 тамызы аралығында Instagram желісінде президентке тіл тигізетін пікірлер қалдырған. Ер адам кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. https://adyrna.kz/post/199103
5360Loading...
17
Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні. Белгілі әнші биыл 30 жасқа толып жатыр. Қазақстандық өнер иесі туған күнінде Түркияның Ыстамбұл қаласында жеке концертін өткізуде. Әнші Instagram желісіндегі парақшасында үш ай бұрын сүйікті тыңдармандарына қуанышты жаңалықты хабарлады. https://adyrna.kz/post/199095
5610Loading...
18
Қазақстандық әйел Қырғызстаннан қуылып, төрт кішкентай баласы Бішкектегі балалар үйіне жіберілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kaktus Media-ға сілтеп.  «Бішкек қалалық сотының сот алқасы Қазақстан азаматын Қырғызстаннан шығарып жіберді, ал оның төрт кішкентай баласы Бішкекте қалды. Олардың балалар үйіне жіберілуі мүмкін. Қазақстандық азаматша көмек сұрап жатыр», - делінген бейсенбі күні хабарламада. Басылым жариялаған видеода әйел балалардың бірінің екі айлық сәби екенін, оның ішінде екі жасар, сегіз жасар және 10 жасар бала да бар екенін айтады. «Полиция сотқа шешім шығарар алдында келді. Олар әйелді елден күштеп алып кетеді», - делінген хабарламада.
6120Loading...
19
Әлемнің мықты каратистерін жинайтын Dageki World Full Contact Karate Championship-2024 додасына Қазақстаннан қатысқан спортшылар командалық есепте 1-орын алды.  Алтын медаль алған тәжірибелі спортшы азаматтар  ішінде 17 жасар Диана Есжанова да бар. Еліміздің намысын қорғап Канадаға барғанҚазақстан құрамасында 21 спортшы болса, оның он бірі Қарағандыдан барған.  17-19 мамыр аралығында өткен чемпионатта ұлттық құраманың жас өрендері жалпы саны 9 медаль иеленсе, оның төртеуі – алтын, екеуі – күміс, екеуі – қола. Осылайша жалпыкомандалық есепте Қазақстан Жапонияның алдына түсіп, 1-орынға жайғасты. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199059
6260Loading...
20
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев орыс тілінде өткен адами капиталды дамытуға арналған  “Human Capital Days” ІІІ Халықаралық форумын сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Депутаттың айтуынша форум 100% орыс тілінде өткен. “Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақ елінде тұрамыз. Бүкіл жиындардың 95%-ы орыс тілінде өтуін мен құптамаймын. Сөз бермесеңіздер де, мен қазақ тілінде сөйлейін” дейді ол форумда. Айта кетейік, “Human Capital Days” ІІІ Халықаралық форумы– жыл сайын Қазақстан астанасында өтетін адами капитал мен еңбек нарығын дамытуға арналған салалық шара. Форум Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
6011Loading...
21
Қаржылық мониторинг агенттігінің басшысының орынбасары Жеңіс Елемесов бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздары мен күйеу баласына қатысты ешқандай тергеу жүргізілмейтінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы ол Press.kz журналистеріне берген жауабында айтты. Жуырда белгілі болғандай, Joint Resources қаржылық есебіне сәйкес, Тимур Құлыбаевтың компаниясы 39 миллиард теңгеден астам таза пайда алған. Бұл компания энергетика, тау-кен және мұнай салаларындағы активтерді басқарады. Бұған дейін ҚМА Бишімбаевтың отбасы мүшелерінің кірісін тексермегенін хабарланған болатын.
6152Loading...
22
Батыс Қазақстан облысында лаңкестік идеяларды насихаттады деген күдікті азамат ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеп. «2024 жылдың 22 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның келісуімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген. Тергеу барысында айғақ заттар алынды», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада. ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Ұсталған азамат бұрын қарапайым ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған», - деп қосты Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
5690Loading...
23
22 мамыр күні, түнде Атырау облысы Жалғансай ауылында бөгет жарылды. 200-ден астам тұрғын көрші ауылға шұғыл эвакуацияланды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Атырау облысы ТЖД жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап. 22 мамыр күні сағат 23:41-де Атырау облысы, Махамбет ауданы, Жалғансайға кіре берісте бөгет бұзылды. Ауылдағы су деңгейі күрт көтеріле бастады. Оқиға орнына дереу аудандағы кезекші Төтенше жағдайлар қызметінің күштері жұмылдырылды. Төтенше жағдайды жоюға 35 бірлік техника мен 50 адам жетті. Түн ортасынан кейін су басу қаупі бар аймақтардан тұрғындарды көшіру басталды. Тұрғындар көршілес Махамбет ауылындағы Д.Төленов және Е.Ағелеуов атындағы орта мектептерге көшірілді. Эвакуация пунктіне барлығы 200-ден астам тұрғын орналастырылды. ❕Толығырақ: https://adyrna.kz/post/198998
5900Loading...
24
Тасқын судан зардап шеккен Құлсары халқының баспанасының әр шаршы метріне 400 мың теңге талап етуі орынды ма?  Атырау облысының Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен үй өтемақысы бойынша наразылық екіжақты келісімге қол жеткізудің арқасында аяқталды. Бұл туралы бүгін, 22 мамырда Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев мәлімдеді.  Наразылыққа шығушылар шатырларды жинап алып, орталық жолды ашты. Қазір тұрғындар бүлінген баспананы бағалау туралы келісімге келген. «Құлсары төңірегінде бүгін жұрт алаңнан кетті. Менің түсінуімше, конструктивті консенсусқа қол жеткізілді. Құлсарыда да, Оралда да ешкім қамауға алынған жоқ. Өтемақы төлеуді талап еткен адамдар қамауға алынбады», - деді Қожаев сәрсенбі күні Мәжіліс сыртында. Әлеуметтік желідегі азаматтардың басым бөлігі «Халықтың талабы орынды» десе, енді бір топ  бұл қаржыны ел бюджеті көтермейтінін айтады. Ал Мәжіліс депутаттары не дейді? 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
6700Loading...
25
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанжалды «Айка тізімінің» таралуына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев айтты. «Осы факті бойынша «Антикор» қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда, сондықтан мен әзірге түсініктеме бере алмаймын, тергеу әлі аяқталған жоқ», - деді Қожаев сәрсенбі күні Мәжіліс сыртында.
6550Loading...
26
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Ахмат Қадыров жаңа қызметке тағайындалды. "Дене шынықтыру және спорт министрі қызметіне Ахмат Қадыров тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Иса Ибрагимов  үкімет әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына ауысты",-деп жазды Рамзан Қадыров.
6831Loading...
27
Қазақстанда білім алған Шамиса Расули өз елінің қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты өз ойымен бөлісті. Ол қолынан келсе, еліндегі жағдайды өзгертуға тырысатынын айта келіп, ой-арманынан хабардар етті. «Қыздары білімсіз елдің аспаны мәңгі қараңғы». Мұны айтқан –  белгілі ауған жазушысы Халед Хоссейни. Оның ауған қасіретін бейнелеген үш кітабы әлемге танымал. Еңбектеріндегі Ауғанстан өмірі, тұрмыс-тіршілігі мен тәліптер кезіндегі ауған әйелдерінің қайғы-қасіреті мен мұңы әлем жұртшылығын алаңдатпай қоймады. 2001 жылы тәліптер биліктен кеткен соң ауған әйелдерінің қара бұлт төнген аспанына күн шыққан еді. Алайда, тура 20 жылдан кейін сол қара бұлт қайта оралды. Ауғанстанда әйелдерді қоғам өміріне араластырмай, білім алуына тыйым салды. Билікке келгеніне үш жыл болса да ауған қыздарының құқығын жыл сайын шектей берді. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы Қазақстанда білім алып жатқан ауған қызы Шамиса Расулиден сұрап білді. Талибан қыздардың білім алуына қатысты 20-дан астам жазбаша және ауызша жарлықтарды жүзеге асырды. Әрбір жарлықтың барған сайын шектеулері артты. Қыздардың орта білім алуына, жоғары оқу орындарына түсуіне және университеттің әйел оқытушылары кампуста ер адамдармен қарым-қатынас жасауына жол бермеу үшін қатаң шектеулер қойды. Білімге құштар қыздар елден қашып, шетел асуға мәжбүр болды.  Солардың бірі - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің екінші курс студенті, ауған қызы Шамиса Расули. Ол ағасымен Ауғанстаннан Иранға өтіп, 2022 жылы өзі Қазақстанға білім алуға келген. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
6590Loading...
28
Алматыда төрт адам 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болған.  Күдіктілер Алматы қаласы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды
6100Loading...
29
Қырғызстандағы қақтығыстан соң бірнеше пәкістандық шекарадан заңсыз өтіп кетпек болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24kg-ға сілтеп. Басылымның бүгін жариялаған деректерінде хабарланғандай, «Васильевка» шекара заставасының жауапты аумағында түнгі рейд барысында Қырғызстанның Қазақстанмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Пәкістанның алты азаматы ұсталған. Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алты шетелдік Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, 17 мамыр күні кешке Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық басталған. Артынша 19 мамыр күні Пәкістан өз студенттерін елден алып кеткені туралы жазған болатынбыз.
6460Loading...
30
АҚШ өкілі Қазақстандағы адам құқықтары мәселесін шешу бірнеше жылды талап етуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп. АҚШ мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея демократияландыру, сөз бостандығы, экология, адам құқықтарын қорғау саласындағы жобаларды маңызды деп есептейді. Ол өз сөзінде адам құқықтарын мәселе деп қарастыратынын атап өтті. «Сіз атап өткен барлық салалар АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттары деп есептеймін. Бұл адам құқықтары мәселелеріне қатысты маңызды салалардың көрнекі мысалдары, бірақ олар, әрине, біз ынтымақтасатын жалғыз сала емес», - деді Зея ҚазТАГ агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
6260Loading...
31
Иран президенті соңғы рет отырған тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы IRNA-ға сілтеп. Тікұшақтың 1979 жылғы Ислам революциясына дейін сатып алынған болуы мүмкін екені белгілі болды. Сарапшылар атап өткендей, құлаған америкалық Bell 212 тікұшағына 40 жылдан асқан. Мамандардың айтуынша, техника бұған дейін өзінің беріктігін көрсетіп келген. Алайда БАҚ мәліметінше, Тегеран режимінің ондаған жылдар бойы батыстық санкцияларға ұшыраған және тікұшаққа дұрыс техникалық қызмет көрсетуге кепілдік беру қиын болған. Ұшақтың апатқа ұшырауына 19 мамырда болған қатты тұман мен найзағай бақылауға кедергі келтіруі, Иранның солтүстік-батысында, елдің Әзірбайжан шекарасынан 20 шақырым жерде тікұшақ апатына ықпал еткен болуы мүмкін екені де айтылды. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5890Loading...
32
Сауда және интеграция министрі азық-түлік бағасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Үкімет отырысында министр Арман Шаққалиев тілшілердің сауалына жауап берді. БАҚ өкілдері министрден Қазақстан Қырғызстан және Өзбекстанмен сауда логистикалық кешендерін салу үшін келіссөз жүргізіліп жатқанын айтып, алдағы 10 жылда Қазақстанда азық-түлік бағасының мән-жайын сұрады. Өз жауабында министр келіссөзге сай жобаның 3-5 жылда іске асатынын және ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтінін жеткізді. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5840Loading...
33
⚡️ Өскеменде 22 жастағы жігіт табылмады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп. “Ертіс өзеніне секіріп кетті” деп хабарланған Жандос Баяновты бірнеше күннен бері табылмауда. Оның ағасы Айбол Баянов іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтқан. Жоғалған азаматтардың туыстарына Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы “іздеуді қатты ағыс пен су айдынының ұзындығы қиындатып жатыр” деп мәлімдеген. “Құтқарушылар бір ғана қайықпен іздеп жатыр. Арасында өзім де олармен бірге өзен бетіне шықтым. Мәшинемен де Ертіс өзенінің жағалауын күнде қарап жүрмін. Бірақ таба алмадық. Суға 15 мамырдан 16 мамырға ауған түні сағат 00.45 шамасында секірген. Құтқарушылар іздеуге бірден көшкен жоқ”, — деді Айбол Баянов. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5810Loading...
34
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Иран президенті Ибрагим Раиси мен Үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза тапты. ҚР Президенті 21 мамыр күні Қазақстандағы Иран елшілігіне барып, көңіл айтты. "Иран Ислам Республикасының президенті Ибрагим Раисидің және Үкімет делегациясы мүшелерінің мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Өз ұлтының ұлы перзенті Ибрагим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз. Қазақ халқының және өзімнің атымнан ирандық бауырларымызға қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат, рухы пейіште болсын!" – деп жазды Мемлекет басшысы.
5670Loading...
35
Оқу-ағарту министрі қазақ тілінен емтихан тапсыра алмағандарға не болатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Үкімет брифингінде Ғани Бейсембаев міндетті емтиханнан өте алмаған жағдайда оқушылардың құқығына ештеңе болмайтынын айтты. Емтихан нәтижесі балаға келесі сыныпқа өтуіне, лицейге немесе гимназияға ауысуына әсер етпейді. “Емтихан қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан шаралардың бірі екенін атап өткім келеді. Бұл ең маңыздысы емес, емтиханның нәтижесі бағаға немесе оны басқа сыныпқа ауыстырылуына әсер етпеуі керек”, – деді министр. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
6192Loading...
36
⚡️ Алматы облысында әкімдігі тұрғындармен кездесуде түсірілген даулы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы egov-қа сілтеп. Талғар ауданының әкімдігі халықпен кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары тұрғынмен дауласқаны бейнеге түсірілген. Желідегі бейнеде Талғар ауданы әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаев пен тұрғындар арасында кикілжің туып, арты жанжал болған. Кейін балағат сөз естіледі. Видео авторы әкімнің орынбасары балағат сөздер айтқанын алға тартады. Тұрғындармен кездесу 16 мамырда өткен. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5990Loading...
37
Таразда ер адам досын атып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеп. Алдын ала ақпарат бойынша, автомат қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. 28 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікті оның досы болып шықты. Калашников автоматынан оқтың кездейсоқ атылған деп болжанған. Полиция қарудың қаңтар айындағы оқиға кезінде ұрлап кеткен болуы мүмкін екенін хабарлады. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
5730Loading...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Жуырда Астанада ҚР Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бір топ журналистермен кездесіп, Атыраудағы III Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелердің іске асу барысын баяндады.«Ұлттық құрылтай елдік мәселелерді талқылайтын алаңға айналып келеді» деді сөз басында Ерлан Тынымбайұлы. Орталық Азияда, туыстас елдердің ішінде Ұлттыққұрылтай іс-шарасы қырғыз елінде де жолға қойылған екен. Алайда оларда атаулы ауқымды іс-шарадан соң нақты атқарылатын жұмыстар механизмі жолға қойылмағанға ұқсайды. Ол жағынан алғанда Қазақстан тәжірибесі әлдеқайда ұтымды екені аңғарылады. Мысалы, Ұлттық құрылтай мүшелері іс-шарадан бірнеше ай бұрын министрлермен, басқа да лауазымды тұлғалармен кездесіп мәселелерді алдын ала айтады. Өз кезегінде мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды пысықтап, өз позицияларын айқындайды. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199216
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Қазақстан тағамтану академиясының президенті, белгілі диетолог Төрегелді Шарманов 95 жасында дүниеден өтті. Академикпен қоштасу суреті бар жазбаны ғалымның ұлы Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Асфендияров атындағы медицина университетіндегі әріптестері де академиктің қайтыс болғанын хабарлады.
«Алматы декларациясының Алғашқы медициналық-санитарлық көмегінің әкесі, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы, қазақ медицинасының мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», - делінген хабарламада.
Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижеде бітірген.
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі қазақстандықтың Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне заңсыз қол сұққаны үшін бас бостандығынан айырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығынан 2021-2022 оқу жылында заңмен қорғалатын ақпаратқа заңсыз кіріп, көшіріп алған. Сәуір айында сот шешімімен қазақстандықтардың әрқайсысы Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Сондай-ақ олар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім шығаруға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің процессуалдық материалдары негіз болды. Үкім заңды күшіне енді.
Показать все...
👍 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
Владимир Зеленский Украинаға Орталық Азиядан екі журналист, Қазақстаннан үш, Қырғызстаннан үш және Өзбекстаннан бір журналист шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Украина билігі өздері тәуелсіз деп санайтын бұқаралық ақпарат құралдарын ғана шақырғанын айтты. Сондай-ақ, Зеленский журналистердің сұхбатына орыс тілінде жауап берді. Тілшілер орыс тілінде жауап беруін өтінгеннен кейін, Украина президенті орысша сөйлеуге мәжбүр екенін атады. Владимир Зеленскийдің толық сұхбаты алдағы уақытта жарияланады.
Показать все...
👍 7
Фото недоступноПоказать в Telegram
Қазақстан тағамтану академиясының президенті, белгілі диетолог Төрегелді Шарманов 95 жасында дүниеден өтті. Академикпен қоштасу суреті бар жазбаны ғалымның ұлы Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Асфендияров атындағы медицина университетіндегі әріптестері де академиктің қайтыс болғанын хабарлады.
«Алматы декларациясының Алғашқы медициналық-санитарлық көмегінің әкесі, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы, қазақ медицинасының мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», - делінген хабарламада.
Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижеде бітірген.
Показать все...
00:39
Видео недоступноПоказать в Telegram
24 мамыр күні Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты “ұлт араздығын қоздырды” деп айыпталған зейнеткер Қалима Жапарованы кінәлі деп танып, бас бостандығын екі жылға шектеді. толығырақ: https://adyrna.kz/post/199170
Показать все...
🤬 13👍 2🌚 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Бүгін, 24 мамырда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалымды алып тастау талап етілген петиция туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. https://adyrna.kz/post/199167
Показать все...
07:22
Видео недоступноПоказать в Telegram
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақстандық блогер Анастасия Ахметованың мәлімдемесіне байланысты видео үндеу жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199160
Показать все...
👍 7
Фото недоступноПоказать в Telegram
«Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан туралы толықметражды көркем фильм түсіріледі. Бұл туралы қазақстандық  кинорежиссёр Мұрат Бидосов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199154
Показать все...
👍 11 1🥰 1