cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Madeniet_aqparat_ministrligi

🇰🇿 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 🇰🇿 Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan

Больше
Рекламные посты
3 829
Подписчики
-424 часа
-17 дней
+4230 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

01:44
Видео недоступноПоказать в Telegram
🔹📰ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі назарларыңызға аптаның ең қызықты материалдарын ұсынады. ⠀ *** 🔹📰Министерство культуры и информации РК представляет вашему вниманию самые интересные материалы недели.
Показать все...
IMG_6823.MP420.08 MB
👍 3
Фото недоступноПоказать в Telegram
⚜️Бүгін дирижер, Қазақстанның халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевтің туғанына — 97 жыл. Шамғон Сағаддинұлы қазақ халық аспаптар оркестрінде домбырашы, жетекші домбырашы, кейін дирижер қызметін атқарды. 🎼Дирижер оркестр музыканттарының ансамбльдік орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыка аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті. Тәжірибелі ұстаз оншақты әдістемелік бағдарлама мен оқу құралының репертуарын жасады. Шамғон Қажығалиев халық аспаптар оркестрі үшін 200-ден астам қазақ, орыс, шетел сазгерлерінің туындысын өңдеп, Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасынан 20 күйдің партитураларын жазды. Шамғон Сағаддинұлының дирижерлік өнері мен шығармашылығы халық назарында болды. Оның ерен еңбегі мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталды. Ол «Парасат», «Отан» ордендерінің иегері атанды.
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
⚜️Бүгін белгілі ақын Әбдікәрім Ахметовтің туғанына — 100 жыл. Ақын «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, «Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты хатшының орынбасары, Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында редактор, ҚР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызметтер атқарған. 🖋️Әбдікәрім Ахметовтің алғашқы жинағы «Өлеңдер» деген атпен 1953 жылы жарық көрген. Оның философиялық терең ойға, нәзік сезімдерге толы «Халықбек», «Екінші дәптер», «Нан туралы сөз», «Өшпеген жалын», «Толқындағы өмір» т.б. өлеңдері мен поэмалары көпшілікке жақсы таныс. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған. Қаламгер А.Пушкин, М.Лермонтов, А.Твардовский, С.Маршак, Э.Межелайтис т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1973 жылы қарақалпақ әдебиетінің классигі Бердақ ақынның таңдамалы толғаулары мен дастанын қысқаша жырлап, жеке кітап етіп шығарды. Қаламы қарымды ақынға «Баспа озаты» деген құрметті атақ берілген.
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің өмірден кетуіне байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Мұрат Мұхтарұлы еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға еді. Ол Қазақстанның Қытайдағы елшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры, Мұхтар Әуезов қорының президенті қызметтерін атқарды. Көркем әдебиет теориясы мен практикасы туралы 200-ден астам еңбек жазып, жемісті жұмыс істеді. Ол саналы ғұмырын өз еліне, ұлт руханиятының кемелденуіне арнаған абзал азамат еді. Мұрат Мұхтарұлының өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі жадымызда әрдайым сақталады. Ал оның еңбектері болашақ ұрпаққа мәңгі қызмет ете берері анық. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Показать все...
😢 5👍 1
🎬Кинотеатрлардағы осы аптаның көрсетілімдер жинағын назарларыңызға ұсынамыз
Показать все...
IMG_6816.MP429.75 MB
IMG_6813.MP419.01 MB
IMG_6814.MP414.50 MB
IMG_6815.MP417.23 MB
👍 1
Кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөнінде жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде Кемсітушілікке қарсы заңнама және Нәсілдік кемісітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны орындау мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар қатысты.
«Кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу мәселесіне ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, жан-жақты және сапалы қаралу керек. Сонымен қатар еліміздің қолданыстағы құқықтық жүйесі мен қазақстандық қоғам ерекшелігін ескере отырып, халықаралық тәжірибені тағы да мұқият зерделеу қажет», – деп атап өтті жұмыс тобының жетекшісі ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова.
Негізгі міндеттер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетіне жүктелген. Комитет төрағасы Ғалым Шойкин кешенді және тиімді шешімдер әзірлеудің қажеттігін атап өтті. Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның орындалу маңызын сөз етті. Жұмыс тобының құрамына сондай-ақ ҒЖБМ, ОМ, ӘМ, СІМ, ЕХӘҚМ, Бас прокуратура, ҰҚК, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері кірді. Жұмыс тобының қызметін үйлестіру үшін 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы әзірленді. ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі *** Состоялось первое заседание рабочей группы по вопросам антидискриминационного законодательства В МКИ РК прошло первое заседание постоянной рабочей группы по вопросам антидискриминационного законодательства и по выполнению Международной конвенции о ликвидации всех форм расовой дискриминации. Участие приняли представители госорганов, НПО, а также эксперты в области защиты прав человека.
«Вопрос разработки антидискриминационного законодательства требует всестороннего и качественного рассмотрения с учетом мнений научно-экспертного сообщества. Также необходимо учесть действующую правовую систему нашей страны и специфику казахстанского общества, еще раз внимательно изучить международную практику», - отметила руководитель рабочей группы вице-министр культуры и информации РК Айзада Курманова.
Ключевые задачи возложены на Комитет по развитию межэтнических отношений Министерства культуры и информации РК. Председатель комитета Галым Шойкин подчеркнул важность выработки комплексных и эффективных решений, а также обеспечения выполнения Международной конвенции о ликвидации всех форм расовой дискриминации. В состав рабочей группы вошли также представители МНВО, МП, МЮ, МИД, МТСЗ, Генеральной прокуратуры, КНБ, а также Национального центра по правам человека. Для координации деятельности Рабочей группы разработан проект Дорожной карты на 2024-2025 гг. Сейчас он на рассмотрении. ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Показать все...
👍 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Шымкентте «Кітап оқитын Шымқала» атты буккроссинг аясында көше кітапханалары ашылды 📚Шымкент қаласында тұрғындарының кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға қол жетімділігін қамтамасыз ету, рухани-мәдени байыту, әдебиеттің озық туындыларын насихаттау мақсатында «Кітап оқитын Шымқала» атты көше кітапханалары ашылды. Аталған инновациялық жоба қаладағы шағын аудандар ауласында жергілікті тұрғындардың өзара кітап алмасуына бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – оқылған кітаптарға екінші өмір сыйлау және оқырмандар арасында кітап алмасу акциясын жүргізу. Мұндай жобалар әлемнің көптеген елінде сәтті жүзеге асып келеді, енді Шымкент қаласының тұрғындары да бұл бастаманы жалғастыруда.
«Көше кітапханалары арқылы кітап оқуды насихаттап, тұрғындарды кітап оқуға тарту мүмкіндігі артып келеді. Аулаларда орнатылған буккроссинг бұрыштары қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануға көмектеседі. Бұл жоба арқылы әркім оқыған кітабын басқалармен бөлісе алады. Сонымен қатар ол жерден қызықты кітап табуға болады. Бұл жоба кітап оқуды жаңа деңгейге көтеріп, тұрғындар арасында мәдени қарым-қатынасты нығайтады», – дейді Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила Жұманова.
❗️Қазіргі кезде қаланың алты жерінде көше кітапханасы жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтар тәуліктің кез келген уақытында қажетті кітабын алып, орнына басқасын қалдыра алады. Алдағы уақытта кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қолжетімді болу үшін, көше кітапханаларының санын көбейтуді жоспарлап отыр. ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі *** В Шымкенте открылись уличные библиотеки буккроссинга «Кітап оқитын Шымқала» 📚В Шымкенте начался новый этап популяризации чтения с открытием уличных библиотек буккроссинга «Кітап оқитын Шымқала». Этот инновационный проект реализован во дворах микрорайонов города и направлен на обмен книгами среди местных жителей. Основная цель проекта – дать вторую жизнь прочитанным книгам и организовать акцию обмена среди читателей. Подобные проекты уже успешно функционируют во многих странах мира, и теперь жители Шымкента могут насладиться этой инициативой.
«Благодаря уличным библиотекам увеличивается возможность популяризации чтения и привлечения жителей к книгам. Уголки для буккроссинга, установленные во дворах, помогают горожанам эффективно использовать свободное время. С помощью этого проекта каждый может поделиться книгой, которую читает, с другими. Кроме того, там можно найти интересные книги для себя. Этот проект поднимает уровень чтения и укрепляет культурные связи среди населения», – сказала Нурила Жуманова, директор Централизованной публичной библиотечной системы имени Абая.
❗️В настоящее время в шести местах города функционируют уличные библиотеки. Горожане и гости могут в любое время суток взять нужную книгу и оставить на её место другую. В будущем сотрудники библиотеки планируют увеличить количество уличных библиотек и повысить их доступность для читателей. ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Показать все...
👍 2 1
❗️В Казахстане внедряют кейс-менеджмент по решению вопросов семьи Сегодня в Астане прошел брифинг, на котором эксперты подробно разъяснили положения нового Закона по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей. Документ вступает в силу 16 июня. Принятие Закона по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей стало важным шагом в укреплении института семьи и профилактики бытового насилия. На сегодняшний день для оказания комплексной помощи семьям в решении различных жизненных ситуаций в стране уже функционируют 68 Центров. В 2025-2027 годы планируются довести количество ЦПС до 200. Об этом на брифинге в СЦК сообщила заместитель председателя Комитета по делам молодёжи и семьи МКИ РК Найла Мухтарова. Центры будут создаваться в районах и городах при местных исполнительных органах по вопросам социальной защиты и занятости населения.
«Министерство культуры и информации на законодательном уровне стало уполномоченным органом в сфере семейной политики. В целях поддержки лиц, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, Центры будут осуществлять комплексную оценку ситуации обратившихся, а также составлять и вести индивидуальный план сопровождения семьи. Основой системы по сопровождению семьи станет закрепление специалиста за семьей, это позволит сопровождать семью на всем маршруте помощи и поддержки, координировать работу других специалистов. Система межведомственного взаимодействия в кейс-менеджменте будет играть одну из ключевых ролей», - отметила Найла Мухтарова.
За помощью в Центры казахстанцы могут обратиться через разные источники: самостоятельно, контакт-центр «111», социальные сети, информационные системы ГО, а также через КСО и коллегиальные органы. Для повышения эффективности деятельности Центров планируется оптимизация бизнес-процессов путем подключения к платформе Цифровой карты семьи и Мобильного приложения FSM для оказания помощи семьям. ℹ️Пресс-служба Министерства культуры и информации РК
Показать все...
🔥 6👍 1