cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Qaytalanbas

Қайталанбас тағдырдың ерікті куәгерлері.

Больше
Страна не указанаЯзык не указанКатегория не указана
Рекламные посты
189
Подписчики
Нет данных24 часа
Нет данных7 дней
Нет данных30 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

😅
Показать все...
Сен аялап жазбай жүрген өлеңді, Әріпке әріп ұйықтырып, Жазып жүр ғой жорғалар! Жаз!
Показать все...
Медеу_Арынбаев_Дариға_жүрек_cover_by_Айзада_Асылхан_мәт.m4a2.71 MB
Фото недоступноПоказать в Telegram
😅
Показать все...
— Ернар, осы өлеңдерді сен қалай қабылдайсың? — Өзіме бір қыз айтып тұрғандай 😅
Показать все...
Гүлнар Салықбай Оятпа сен мені, қалғысам, Өзгеге еліктеп, өзгерме. Іздеме бекерге, қаңғысам, Жоғалғым келетін кездерде. Таң болып күтіп ал кешкірсем, Ән болып, жанымды желбірет. Жаңа айдай жарқырат ескірсем, Қиналма «қайтемін енді?» деп... Басқа бір әлемде тұрақта, Көздерің бақытқа шөлдесе. Сен мені ұмытпа бірақ та, Өзіңді ұмытқың келмесе... Ешқандай ағынға қосылмай, Таңданба бәрінен сырт қалсам. Ешқашан жоғалмас досымдай Жер болып күтіп ал бұлттансам. Аяма адасып, қағынсам, Сен мені сөкпейтін шығарсың? Мың жылдар өткен соң табылсам, Қағаздан барлығын ұғарсың... Түсінбе тойларда болмасам, Және де жолымды жүрілген. Бір күні кеудеңе орнасам Жаңбырдан кейінгі жырыммен...
Показать все...
Айттым сәлем, қалам қас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. Сенен артық жан тумас, Туса туар – артылмас. Бір өзіңнен басқаға Ынтықтығым айтылмас. Асыл адам айнымас, Бір бетінен қайрылмас. Көрмесем де, көрсем де, Көңілім сенен айрылмас. Көзім жатқа қарамас, Жат та маған жарамас. Тар төсекте төсіңді Иіскер ме едім жалаңаш? Иығымда сіздің шаш, Айқаласып тай-талас, Ләззат алсақ болмай ма, Көз жұмулы, көңіл мас? Сізде сымбат, бізде ықылас, Осы сөзім бәрі рас. Сіздей жардың жалғанда, Қызығына жан тоймас. Етің етке тигенде, Демің тиіп сүйгенде, Тән шымырлап, бой еріп, Ішім оттай күйгенде. Жүрек балқып игенде, Ішкі сырды түйгенде, Іздеп табар сұңқармын, Жарастықты шүйгенде. Қылығында жоқ оғат, Қарап тойман жүз қабат. Ыстық тартып барасың, Бір сағаттан бір сағат. Сіз – қырғауыл жез қанат, Аш бетіңді, бері қарат. Жақындай бер жуықтап, Тамағыңнан аймалат! Абай, Туған күніңмен, родной
Показать все...
Тотықұс Мақпал Жүнісова.m4a3.29 MB
"Тотым-ау" әнінің тарихы Мырзатай Жолдасбек 1993-97 жылдары Қазақстанның Ирандағы елшісі болған. Иран деген мұсылман елі ғой, барлығы қара киінген, адамдары шетелдіктерге қатты ашыла қоймайды. "Елші" деген статусы барлар да оңайлықпен шын дос таба алмайды. Мырзатай аға сондай бір жалғыздың күйін кешіп, елін сағынып жүрген. Әйелі ермек болсын деп базардан екі тотықұсты сатып алады. Құсты ас үй жанындағы демалыс бөлмесіне жайғастырады. Елін сағынып, ауылын аңсап жүрген ағамыз демалыс бөлмесіне келіп, домбырамен дыңғырлап күнде бір дүние шертеді. Шері ғой, әйтпесе сазгерлігі жоқ, мемлекеттің ісінде жүрген адам. Сағынышын домбырамен бөліседі. Бір күні қараса, әлгі екі тотықұс домбырада дыңғырлаған Жолдасбековті ұйып тыңдап отыр екен: "Таңғалдым, менің шерімді осылар да түсініп отыр-ау дедім. «Сен де қанатың бар, аспанда самғап жүретін құс едің, бүгін торға түстің, мен де торға түскендей күйдемін» деп, олармен өзімше сырластым. Сағыныштан болар, адамға бір әуен келеді. Соны қайталап жүріп, «Тотықұс» әні шықты," - дейді қайраткер. Әнді күнде айтып жүрген ағамызға Алматыдан Тегеранға Алтынбек Қоразбаев келеді. Бір апта жатып, ән де айтады, әңгіме де құралады, жақынын көргеннен сағынышы да аздап тарқағандай күй кешеді. Қоразбаев келген соң елші ағамыз "Тотықұс" әнін тыңдатады. "Жақсы ән" деп Алтынбек аға бағасын берсе де, сөзін ұнатпаған екен. Бір апта уақыттан соң Тегеранға Ұлықбек Есдәулет пен Зейнолла Қабдоловтай азаматтар келеді. Қоразбаев сол кезде "Сөзін Ұлықбекке жаздырайық" - деп ұсыныс тастайды. Елшілік резиденциясына кешкісін елден келген ақындарды шақырған Мырзатай Жолдасбекке Ұлықпен пен Алтынбек інілері "Тотым-ау" әнін орындап береді. Ән осылай жарық көреді. Арада уақыт өткен соң Медеуде өткен "Азия дауысы" байқауында "Тотысқұс" әнін Мақпал Жүнісова орындап берді. Жүнісованың орындауындағы әннің бір ғана аудио нұсқасын таптым. Сіздермен бөлісейін. Келесі жазбады "Тотықұстың" Мырзатай Жолдасбековтың елге оралуына қалай әсер еткенін жазып беремін. Әзірше осы. https://t.me/qaytalanbasmedia
Показать все...