cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

AMIN.KZ

✅Атырау облыстық "Иманғали" мешітінің ресми Telegram-дағы арнасы. ✅Мешіт тынысы мен жаңалықтарын осы жерден біле аласыз.

Больше
Рекламные посты
204
Подписчики
Нет данных24 часа
-17 дней
-130 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Показать все...
Атырауда ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетпен кездесуге 5000-ға жуық жамағат келді (+ФОТО, + ВИДЕО) | AMIN.KZ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Нұр-Мүбарак мешітінің ұстазы, елімізге белгілі исламтанушы Нұрсұлтан Рысмағанбет Атырау облысына бір…

Фото недоступноПоказать в Telegram
Фото недоступноПоказать в Telegram
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Республика күніне орай, «Шапағат» медалімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов салтанатты жағдайда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен ресми жиында табыс етті. Мемлекеттік награда ретінде 1993 жылы белгіленген «Шапағат» медалімен Алтынбек Ұтысханұлы жемісті қамқоршылық қызметі мен қайырымдылық ісі, рухани саладағы табысты еңбегі үшін марапатталды. Еске сала кетелік, Республика күні – елімізде ұлттық мереке ретінде қайта атап өтіле бастады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының егемендік декларациясы қабылданған болатын.
Показать все...
👍 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Атырау облысы әкімінің аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы облыстық орталық «Иманғали» мешітіне арнайы келді. Атырау облысы дін істері басқармасы басшысы Хайролла Көшқалиев пен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешіт жанындағы «Amin.kz» медиастудиясы мен «Azan.kz» интернет радиосының жұмысымен таныстырды. Және оқу-ағарту, рухани тәрбие, діни білім беру мақсатында медиакеңістікте жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Тараптар рухани салада бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Фото недоступноПоказать в Telegram
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Атырау облысына жұмыс сапары аясында қасиетті жұма күні «Иманғали» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді. «Ғайбаттың зардаптары және жаман ойдан сақтану» тақырыбында өрбіген жұма уағызында ол ғайбат айтудан сақтануға шақырды. «Қасиетті Құран аятында ғайбат айту адамның өлген бауырының етін жеумен салыстырылуынан да оның қаншалықты үлкен күнә екендігін түсінеміз. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Кімде-кім дүниеде мұсылман бауырының етін жесе (ғайбаттап, өсектеп), қиямет күнінде ол адамның еті оған ұсынылып «Оның өлі етін же. Өйткені, сен тірі кезіңде оның етін жегенсің» делінеді», – деген. Ғайбат айтушының қияметтік жазасы да ауыр болмақ,-деп атап өтті наиб мүфти. Сондай ақ, наиб мүфти Ершат Оңғаров Маңғыстау облысында өткен XII республикалық Құран сайысында жеңімпаз атанған атыраулық қарилар Нұрислам Ахметжанұлы мен Саламат Насихатұлына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Мәуліт айының құрметіне Атырауда «Тұғырлы тұлға – Әз Мұхаммед» тақырыбымен рухани шара өтті. Мәуліт кешіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров арнайы қатысты. Зиялы қауым өкілдері, әжелер мектебі, қала тұрғындарының қатысуымен Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұйымдастыруымен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен рухани кеште «Өнер қырандары» театры театрландырылған қойылымдарды көрермен назарына ұсынылды Кеш барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты мерекемен құттықтады. Бас имам Мәуліт айын – рухани тәрбие айы деп атады. Және бұл айда білім алуға, ізденуге, жақсы істер жасауға ұмтылуға шақырды. #мәуліт#атырау https://www.instagram.com/p/CySnAeCNBtD/?igshid=M2MyMzgzODVlNw==
Показать все...
👍 1