ru
Feedback
SHRAZADDIN LIVE

SHRAZADDIN LIVE

Открыть в Telegram

Каниязов Шразаддиннің телеграм каналы

Больше
Казахстан6 768Категория не указана
1 235
Подписчики
Нет данных24 часа
Нет данных7 дней
Нет данных30 дней

Загрузка данных...

Похожие каналы
Нет данных
Возникли проблемы? Пожалуйста, обновите страницу или обратитесь к нашему support-менеджеру .
Облако тегов
Нет данных
Возникли проблемы? Пожалуйста, обновите страницу или обратитесь к нашему support-менеджеру .
Входящие и исходящие упоминания
---
---
---
---
---
---
Привлечение подписчиков
май '24
май '24
+5
в 0 каналах
апрель '24
+1 291
в 1 каналах
Дата
Привлечение подписчиков
Упоминания
Каналы
12 мая0
11 мая0
10 мая0
09 мая0
08 мая0
07 мая+1
06 мая0
05 мая+1
04 мая+1
03 мая+1
02 мая0
01 мая+1
Посты канала
Repost from SHRAZADDIN LIVE
Қораға кірді де ортадағы оқтауды, арғы шеттегі айнаны көрді. Алайда іште Әселі болмады. Оқтау мен айнаның арасындағы жерде тырнақ ізі тұр. Содан бері жас келінді ешкім көрмеді. Енесі оны қашып кетті деп топшылады. Ал күйеуі оның осында екенін сезді, бірақ таппады...   Шразаддин Каниязов  

2
Асқар сабаққа қажет материалдарын ұмытқан соң үйге қайтып келіпті. Әселдің оң қолында қызарған саусақ ізі тұр. − Міне, Асқар, мына сұмдықты көрдің бе? Мені тартып әкетпекші болды! − Әсел, мен келсем, сен есіңнен танып жатыр екенсің. Мен басқа ештеңе көрмедім. Тек аулаға жақындағанымда айқайлаған даусыңды естідім. − Мынау ше? Мына қызарған қол ізін де көрмей тұрсың ба? – деп айқайлай бастады Әсел. − Сабыр, жаным. Көріп тұрмын. Кешке енесі жұмыстан келді. Келінінің басына тағы бір жай түскенін көріп қаны басына шапты. − Әй, Әсел, не болды сонша? Күніге бір дау табасың. Айналайын, сен келместен бұрын тып-тыныш өмір сүрдік қой осында. Енді келіп қайдағы қиял әңгімелерді құрап басымызды қатырып жүрсің. − Қарасаңызшы, қолымдағы қызарған орынды көрмей тұрсыз ба? − Әй қайдам, Құдай біледі, соны өзің екінші қолыңмен қысып қызартқан шығарсың. Үйде жалғыз қалған соң назар жетпей жүрген болар. − Ұялсаңыз нетті! − Болды, қойыңдар! – деп, Асқар дауды шорт кесті. Келіні мен енесі екі жаққа тарасты. Әсел қайтерін білмей дал. «Бұл не құбыжық болды екен? Неге тек мені мазалайды? Бәленің бәрі сол айнадан!» Осы ойлар маза бермеген соң, ол қорқынышқа нүкте қоймақ боп, ашу-ызасы шыдатпай айнаны сыртқа шығарып шағуға бекінді. Келін орнынан атып тұрып дәліздегі айнаны алды да сыртқа шығарып жерге лақтырды. Үстінен қайта-қайта тас тастады. Ызасының бәрін шығармақ болды. Ақыры шаршады да өксіп жылап, қара жерге отыра қалды. Бұндай ессіздікке куә болған енесі аң-таң. Ал күйеуі жарын тыныштандырып әлек. Ақыры жын ұрған адамдай айқайлап жердегі айнаны таспен ұрғылаған келіннің орамалы шешілді. Әсел шарасыздықтан, мына түскен жағдайдан әбден шаршаған. Асқар оны құшақтап жұбатпақшы. Ал енесі бәрін үйдің босағасынан бақылап тұр. «Бұл қатынды қайдан ғана кіргізіп едік үйімізге», – деді ол іштей бұлданып. Cөйтіп Мағрипа: − Не болса о болсын! – деді де, ішке кіріп кетті. Асқар әйелін жұбатып, демеп орнынан тұрғызды. Әсел жылап-жылап, есін жиғандай болды. Сөйтіп айнаға не болды екен деп көз салып еді, ештеңе болмаған. Құдай сақтасын. Бұл не сұмдық? Сонша соққыға сырылмайтын да айна бола ма? − Қарғыс атқыр, біліп едім! Бұл айнада бір дуа, қарғыс бар! Асқар, көзін құртшы мынаның, өтініш, Асқар! – деп жын ұрғандай айқайға басты тағы. Ештеңе болмаған айнаны көріп Асқар да аң-таң. Бірақ әйелінің мұндай мүшкіл күйінде айнаны ойлап тұратын уақыт жоқ. Айнаны алып үйге қарама-қарсы тұрған қораға апарып тастады. − Оның шаруасын ертең тындырамыз, ал қазір сенің қал-жайың маңызды, – деді күйеуі Әселді үйге жетектей. Асқар әйелін қонақ бөлмедегі диванға әкеліп отырғызды. − Құрып кетсе жақсы еді бәле болмай, – деді енесі естіртіп. − Мама, қойшы отқа май құймай,  – деді ұлы. Мағрипа өз бөлмесінің есігін тарс жапты. Асқар Әселдің қасында. Кешкі асқа ешкімнің тәбеті болмады. Сол түні ешкім жарықты да жақпады. Түн. Сағат 2:36. Тыңқ, тыңқ... − Қайдан естіліп тұр, айна қорада емес пе? – деп ойлады Әсел. Тыңқ, тыңқ, тыңқ... Ол ығырын шығарған дыбысты естімеу үшін құлағын қолдарымен жауып алды. Тыңқ, тыңқ, тыңқ... Әсел қорқудан, қашудан шаршады. Ақыры төсегінен атып тұрып, қолына оқтау алған күйі қораға ұмтылды. Қораның құлайын деп тұрған ағаш есігін ашып, ішке кірді. Шаң басқан маңның тесік төбесінен айнаға түскен ай сәулесі де қорқынышына қорқыныш қосып тұр. Тыңқ, тыңқ, тыңқ... Айнадан тағы сол қол көрініп тұр. Ол ішкі жақтан ақырын ғана соққылап тұр. Тыңқ, тыңқ, тыңқ... Әсел осымен бәрі бітсін дегендей айнаны сындырамын деп жақындай бергені сол еді. Оның ішінен бір әйел кейпіндегі құбыжық атып шығып, Әселдің аяғын шап беріп, ұстап алды. Ол жерге дүмк етіп құлады. Тырнақтары кәрі қарақұстың тырнағына ұқсаған құбыжық жас келінді айна ішіне қарай, өзіне тартты. Әсел оқтауын тастап, жерге жармасып, тырмасып бақты. Бірақ қорада аз шөп пен тақыр жерден басқа ештеңе жоқ еді. Оқтау қораның ортасында қалды. Айна да тұр, ал Әсел жоқ.   Таңертесі Асқар ұйқыдан тұрып әйелін таппады. Үйде де, аулада да жоқ. Анасынан сұрап еді. Ол болса: «Қайдан білейін, жүрген шығар бір жерде», – деп суық жауап қатты. Сөйтіп, Асқар қораның есігі ашық тұрғанын байқады.
1 017
3
− Мына айнада біреу бар. − Айналайын, ашып айта қойшы, – деп енесі де қояр емес. Әсел бір терең демалды да күйеуі әкеп тұрған бір стақан суды ішіп, болған жайтты баяндап берді: − Ұйықтап жатып бір тықылдаған дыбыстан оянып кеттім. Терезеге қарасам, ештеңе жоқ. Сөйтсем сол дыбыс тағы шықты, бірақ енді артқы жақтан естілді. Артқа қарасам, менің жасауымнан шыққан ескі айна. Айнаның ар жағынан бір тырнақ бергі жағына қарай соғылып жатыр. Тыңқ, тыңқ... Сөйтіп қайтерімді білмей тұрған кезде ана қол айнаны қайта ұратын кезінде айнадан бері қарай ұмтылып шығып кетті. Осылай көргенін айтқан жас келін көз жасына ерік берді. Енесі түк түсінбей отыр. Үйге жаңа түскен келіншегінің мына кейпін көрген Асқар жанын қоярға жер таба алар емес. − Жарайды, жаным, мына тыныштандыратын дәріні іше қойшы. Ертең сөйлесеміз. Мен жаныңдамын, ештеңеден қорықпа. Ал әзірге мына айнаны дәлізге апара тұрайын. Ұйықта, жаным, ұйықтай ғой. Сөйтіп Әсел күйеуінің жылы құшағында жатып, дәрінің әсерінен ұйқыға кетті. Ертеңінде жас келін ұйқысынан кештеу оянды. Жексенбі. Асқарға да, енесі Мағрипаға да демалыс. Әсел алдыңғы түні көрген сұмдығынан әлі айығар емес. Айнадан шыққан сұмдық қолды көргені рас. Артынша шошынып есінен танғаны да өтірік емес. Бірақ күйеуі мен енесі Әселдің көрген тылсымына аса сене қоймады. Тек жаңа үйді жатырқағаны болар деп ойлады. Айна дәлізде тұр. Әсел үйдің бітпес тірлігімен айналысып жүріп, айнаға қорқа қарап, алыстау жерден айналып өтеді. Қолы жұмыста болса да, ойы айнада. Мағрипа өз шаруасымен, ал Асқар үйдегі ер-азаматтар істейтін шаруалармен айналысып жүр. Бұл күн қарапайым отбасының әдеттегі күніндей өтті. Отбасы кешкі асын ішті. Келіні дастарханды жинап, ыдыстарды жуып қойды. Мағрипа дәмді астан кейін төсегіне барып тынығуға жатты. Асқар ертең өтетін тақырыптарын бір пысықтап алып жатыр. Әсел көзін қалай ілерін білмейді. Тағы ана қол шықса қайтпек? Бірақ ол шынымен бар ма немесе «қорыққанға қос көрінеді» дегеннің кері ме екен? Оны ешкім білмейді. Түн. Сағат 2:36. Үй іші ұйқыда жатыр. Әсел күйеуінің құшағына құлап, жаны тыным тапқан қалың ұйқыға кетті. Кенет ол тағы сол бір дыбысты еміс-еміс ести бастады. Тыңқ, тыңқ... «Құдайым-ау, бұл не болғаны сонда?» деген ой маза берер емес. Тыңқ, тыңқ... Дәлізден шыққан тылсым дыбыс үдеп жатыр. Әсел көзін ашып Асқарға қарады. Оның тұратын түрі жоқ. Сонда да жас келін бұл жолы күйеуімсіз шықпаймын деп шешті. − Асқар, Асқар, тұршы, – деді күйеуін түртпектеп. − Ау, ау, не болды? – деді Асқар ұйқылы ояу. Тыңқ, тыңқ... − Естідің бе? − Нені? − Нені дегені несі, мына дыбысты естіп тұрған жоқсың ба? Біреу тырнағымен терезені не айнаны соғып тұрған сияқты. − Әсел, жаман түс көрген шығарсың. − Жоооқ, дәлізді көріп қайтайықшы. Дыбыс сол жақтан келіп тұр. − Жүрші, ал, жүрші, – деді Асқар бұлданып. Әсел күйеуінің артына жасырынып дәлізге қорқа қадам басты. Асқар жарықты жақты. Дәліздің асханаға апарар бөлігінде ескі айна ілініп тұр. Ешқандай дыбыс естіліп тұрған жоқ. Шынымен тып-тыныш. Әсел өзі естігеніне кәміл сенімді. Ал Асқар болса, болмашы нәрсе үшін босқа оятқаны үшін бұлданып, төсегіне қайта жатты. Тағы бір түн осылай өтті. Ертеңінде түнде болған жағдайды енесі естіп, келініне жақтырмай қарады. Әу баста осыны суқаным сүймеп еді дегендей ишарат көрсетті. Үн-түнсіз таңғы асын ішті де Мағрипа мен Асқар жұмысына кетті. Әсел үйде тағы жалғыз қалды. Күнделікті үй шаруасы. Келгелі бері күнде мазасын алатын дыбыс ойынан кетер емес. Шаң сүртіп жатып, ескі айнаға шаң жиналып жатқанын байқады. Қолына сүлгісін алды да сүрте бастады. Сүртіп жатып ағаш жақтауының әдемілігіне қарап, тұрып қалды. Ісін жалғастырып сары сүлгісімен айнаның бетін сүртіп жатқаны сол-ақ еді, кенет бір қол айнадан шықты да келіннің қолын қатты қысып алды. Байғұс қайтерін білмей шыңғырып жатыр. Ана қолдың қарымы қатты екен, ұстағанын айнаның ішіне тартып әлек. Әселдің жан-айқайы шықты. Айна ішіндегі әлдене қолын жаңағыдан да бетер қатты қысуда... Сол сәтте сырттан Асқардың «Әсел!» деп айқайлаған даусы естілді. Содан айнадан шыққан қол кері қайтты, келін есінен танды. Көзін ашса, күйеуінің қолында жатыр.
730
4
Айна   «Ақыры шайтан оларды сүріндірді...» (Құран кәрім – 2:36)   Ұзату күні кеше өтті. Әсел өз жұртынан кетіп күйеуі Асқардың шаңырағына келді. Асқардың отбасы шағын, ол үйдің жалғыз баласы еді. Әкесі ертеректе қайтқан. Мағрипа деген анасы ғана бар. Асқар мектеп мұғалімі, ал анасы сол мектептің тәрбие ісін меңгеруші. Өзі де сол мектептен түлеп ұшқан. Әсел екеуі екі жыл қыз-жігіт болып жүріп, енді отау құрған. Қазақтың салты бойынша жаңа түскен келінмен бірге мол жасауы да келді. Ол жасаудан үйге қажет нәрсенің бәрін табасыз. Бәрі әдемі. Бірақ сонша сұлулықтың арасында күңгірт бір айна да бар еді. Оны кім, қайдан, қашан алып қосқанын Әсел де білмейді. Әйтеуір дүниенің артығы жоқ, кіре берісінен бір орын тауып іліп қойды. Айнаның жақтауы таза қызыл ағаш. Ертеректегі бір ұстаның қолынан шыққан зергерлік өнер секілді. Жә, айна туралы көп сөз болып кетті. Сонымен бұл отбасында үш-ақ адам бар. Асқардың анасы Мағрипа Әселді онша жақтырмағанын айта кетейік. Бірақ жалғыз ұлы болған соң, таңдауын теріске шығарып, көңілін қалдыра алмады. Үйде үш-ақ адам болған соң, тірлігі аса көп емес. Әсел алғашқы күннен ерте тұрып, есік алдын сыпырып жүр. Асқар жұмысқа таңғы сегізде шығып кетеді, сөйтіп кешкі жетіде қайтады. Ал анасының белгіленген нақты жұмыс кестесі жоқ. Көп жыл жұмыс істеген жері болған соң, еркін жүріп-тұрады. Бәрі бір ауыздан Әсел жаңа түскен келін болғандықтан, алғашқы бірнеше жыл үйде отырады деп келіскен. Ол үйде отыратын кәдімгі әйелдің өміріне алғашқы қадам басты. Түн. Сағат 2:36. Әсел үйдің кіре берісінен шыққан таңсық дыбыстың тықырынан оянып кетті. Тыңқ, тыңқ... Тыңқ, тыңқ... Бұл не болды екен? Асқарды оятып көріп еді, тұратын түрі жоқ. Оның ұйқысы қатты екенін айтпаппыз ғой. Ақыры болмаған соң, Әсел өзі барып не екенін көрейін деді. Бәлкім, ашық қалған терезе жел әсерінен қабырғаға ұрылып жатқан болар... Төсектен тұрып, қызыл халатын киді де, бісмілләсін айтып есікке беттеді. Тыңқ, тыңқ... Тыңқ, тыңқ... Есікті ашып кіре беріс жаққа жайлап жүрді. Кенет алдынан түнде шөлдеймін деп суытып қойған шәйін сіміріп енесі Мағрипа шықты. Әселдің жаны қалмады. Жаңа түскен келін болған соң, бұл үйдегі үйреншікті әдетке әлі үйренісе қоймап еді. Әйтеуір жүрегіне қорқыныш ұялатқан дыбыстың ақылға қонымды себебін тапқандай болып төсегіне қайта жатты. Жаңа түскен келіннің өмірінде айтарлықтай не болады дейсіз? Ал отбасы тек үш адамнан тұрса, қызығы мүлде аз. Күйеуі мен енесі жұмысқа кеткен соң, Әсел жалғыз қалды. Шаң сүртіп, терезе жуып жүр. Ескілеу келген айнаға да кезек келді. «Бұл айна жасауымда қайдан жүр екен» деп ойлады іштей. Кешке бәрі жұмыстан келді де кешкі асын ішіп алды. Ұйқыға жатар уақытта таяп, бәрі демалуға кірісті. Сағат 2:36. Әсел өзіне біреудің көзі түскенде болатын біртүрлі сезіммен ұйқыдан оянып кетті. Асқар қалың ұйқыда. Әселдің көзі бірден қызыл жақтаулы ескі терезеге түсті. Қызық. Оның қайдан келгенін ақыры есіне түсіре алмады. Келесі күні бәрі әдетінше өтті. Әсел ыдыс-аяқты жуып, ұйқыға жатты. Бірақ бұл күні Асқардың досы әскерден келе жатқан, оны күтіп алуға кетіп еді. Әсел жаңа үйде алғаш рет жалғыз қалды. Түн. Сағат 2:36. Әсел ұйықтап жатыр. Тыңқ, тыңқ... Терезені біреу қағып тұрған сынды. Ол әлі де ұйықтап жатыр. Тыңқ, тыңқ... Көзін ашты. Дыбыстың қайдан шыққанын білу үшін терезеге көз салды. Ештеңе жоқ. Әсел ұйқылы-ояу күйі көзін бір уқалады. Тыңқ, тыңқ... Дыбыс артқы жақтан шығып тұр. Жас келіннің жүрегі дір етті. Біссімілләсін айтып, артқа қорқа-қорқа қарады. Ескі айнада бір қол көрінеді. Тыңқ, тыңқ... Қараңғыдан шыққан қол айнаның ар жағынан тырнағымен ұрып тұр. Әсел қайтерін білмей қатты да қалды. Қолдың да қайтар түрі жоқ, керісінше айнаны ұрып жатыр, ұрып жатыр... Тыңқ, тыңқ... Сөйтті де тағы бір ұрайын деп жатқанда қол айнадан бері қарай шығып кетті. «Мамаааа! Мамааааа!» – деді де Әсел есінен танды. Көзін ашса, Асқар мен енесі Мағрипа бас ұшында отыр екен. Күйеуі мен енесі не болғанын түсінбей дал. − Жаным, айтшы не болды? − Айналайын, не болғанын айта қойшы. Абдырап қалған Әсел баяу үнмен: − Мына айна, айна... Мына айнада біреу бар, – деді. − Жаным, о не дегенің? – деп Асқар аң-таң.
731
5
Тек 150 адам қатыса алады🆘
888
6
Құрметті Оқырман, сізді 2-наурыз күні Алматы қаласында өтетін оқырманмен кездесу және “Жүрекке билет” кітабының таныстырылым шарасына шақырамын! Кіру тегін! Шарада викториналық ойындар, автордан қолтаңба алу және сұрақ-жауап айдары болады! Жаныма жақын Оқырман, сізбен кездесіп керемет уақыт өткізу мен үшін ғанибет болмақ! Келіңіз, досыңызды да ерте келіңіз! Сіздермен бірге шығармашылығыма шолу жасап, пайдалы дүние айтамыз. Білгіңіз келген сұраққа да жауап беремін. Одан бөлек қолтаңба алып, фотоға түсе аласыз. Шараға қатысу үшін stories-ке салынатыр google формаға тіркелуіңіз шарт. Stories-ті мұқият қарап жүріңіз. Тіркелмеген адамға мекенжай айтылмайды! Жүздескенше🤗
948
7
Жаз, сағынғаныңды жаз, сабырың сарқып, Біз күткен шақты жаз маған. Алау еріннің жалыны шарпып, Үздіккен шақты жаз маған.   Жаз, торыққаныңды, қорыққаныңды, Жалғыз қап шулы қалада, Бекер-ақ қайта жолыққанымды, Талай жыл салып араға.   Жаз, жалт етіп тағы жоқ болғанымды, Бейуақ көрген түсіңдей. Жаз, кетпеші деуге оқталғаныңды, Түсініп тұрып түсінбей.   Егілсең, егіл теңселе барып, Еңлігің менмін құлаған. Жылаған да жөн, болса егер анық, Жасыңды сүртер бір адам.   Көңілді бойлап хаттар аққанда, Қою түндерге үңілем. Жауап жазайын ақ парақтарға Қара көзімнің нұрымен.   О, бәлкім, ұзақ келмейді хатым, Оралам бірақ, сене гөр. Жолаушы шығып өлмейді ақын, Жоқ қарап жүріп өледі ол. Есенғали Раушанов
1 249
8
Маған дайректке жазатын адамдардың ішінде өспейтін, өзгермейтін адамдар тобын бірден байқамаймын. Олар көп сұрақ қояды. Мәселен, Ол: Дамығым келеді қандай кеңес бересіз? Мен: Кітап оқыңыз Ол: Қандай кітап оқимын? Мен: Салаңыз немесе проблемаңызға қатысты Ол: Бірден бірнешеуін оқиын ба әлде кезек-кезек пе? Қағаз күйінде оқиын ба, электронды нұсқасын оқиын ба? Оқыған соң қанша күнде нәтиже аламын? Оқысам нәтиже алатыныма гарантия бересіз бе? Осындай шексіз сұрақтар. Бақара сүресінде сиырды құрбандыққа шалғысы келмегендер өтірік сұрақ қоя береді. Өзгергісі келмейтін адам да солай.
1 381
9
Сізді мақтайтын адамнан да, сізге өтірік айтатын адамнан да қашыңыз. Өйткені ол екеуіне сенген кезде опық жеп қаласыз.
1 489
10
Нет текста...
1 912
11
Достар, бұл жылым өткен жылдан өзгерек болады деген жандар үшін 15 аудио-сабағымыз бар. Ол жерде өмірдің әр түрлі саласына қатысты пайдалы ақпарат ала аласыз. Бағасы: 2000 теңге Жабық канал✅ Аламын деушілер инстаграмдағы дайректке жазсын☝️
1 763
12
Табысымды арттырамын, жаңа деңгейге шығамын деген жандарға арнап мастер-класс өткіземіз! Күні: 20.01. 2024 Уақыты: 11:00 Қатысу ақылы — 5000 теңге Формат: Оффлайн Алматы Қатысамын деушілер @shrazadddin инста-парақшасына жазсын. Бұл шарадан кейін өміріңіз дейін және кейін болып өзгерері сөзсіз!
1 922
13
Бүгін 24 жасқа толып отырмын. Аллаға мың да бір шүкір.
4 397
14
Қайырлы күн! Қалайсыздар? Бұйырса, ертең Ақтауға жолға шығамыз. Ақтау мен Атырау, Шымкент қаласына барамыз. Сіз қай қаладансыз?
4 184
15
Тұлғалық даму каналына доступ әрдайым ашық. Құны: 2000 тг Төлемді 87076882856 (Шразаддин К.) нөмірне жасайсыз. Ал чекті https://t.me/sabaq_alamyn нөміріне жібересіз.
5 115
16
Нет текста...
3 908
17
Басы төмен салбырап жүретін жігіттерді көрсем жыным келеді. Алға нық қадам басудың орнына мыңқ-мыңқ етіп бір орында тұрады. Кез келген қиындықты еңсеруге болады. Әр еңсерілген қиындық күш береді. Дальше больше… Мен өмірімді мүмкін емес дегенді көп істедім. Алланың қалауымен алда талай істеймін деп сенемін. Сондықтан өзіңе сенімді болшы, айналайын. Әйтпесе отписка жаса, босқа маған қарап жүрегің ауырмасын.
4 191
18
“Өзіңе сен, өзіңді сыйла!” сенімділік сабақтары. Бесінші лек сатылымы ашық🥳🥳🥳 Сабақ саны: 7 Құны: 15 000 тг 1. Төлем жасау үшін 87076882856 (Каниязов Ш.) kaspi нөміріне теңгерім жасаңыз. 2. Чекті 87770960797 whatsapp нөміріне жіберіңіз. 3. Сабақ тапсырмасын орындап, өміріңізді өзгертіңіз!
3 689
19
Алматы бүгін жаңбырлы. Ал мен кофе ішуге шықтым. Адам оңаша қалып, оқшау ойланғанда ғана өседі.
Алматы бүгін жаңбырлы. Ал мен кофе ішуге шықтым. Адам оңаша қалып, оқшау ойланғанда ғана өседі.
3 761
20
Қазір графигім өте тығыз боп жүр. Екі үлкен жобам бар: 1. Сенімділік туралы кітап 2. Романтикалық көркем шығарма Екеуі де бомба болары сөзсіз. Бұйырса.
3 205