707
Подписчики
-124 часа
-87 дней
-1630 дней
Архив постов
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
🇰🇿«Тараз» футбол клубының жартылай қорғаушысы Ерасыл Кеулімжайды бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жамбыл футболының түлегі 2021 жылдан бастап «Тараз» жастар командасының сапында өнер көрсетіп келеді. Ал 2023 жылдан бері негізгі команда құрамында жасыл алаңға шығып, клуб намысын қорғап жүр.
Ерасылға зор денсаулық, отбасылық бақыт, спорттық мансабында толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Алдағы уақытта да алаңда жарқын ойынымен көзге түсіп, жанкүйерлерді қуанта беруіне тілектеспіз!
Туған күнің құтты болсын, Ерасыл!
🇰🇿ТЕМІРЛАН ТӨРЕБЕК — ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫНДА
🇰🇿«Тараз» қорғаушысы Темірлан Төребек еліміздің U-21 жастар құрамасына шақырылды.
12-14 қараша күндері жастар командасы Беларусь қүрамасына қарсы қос жолдастық кездесу өткізедіМатчтар Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт базасында болады
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
🇰🇿Команда қақпашысы Джурахон Бабахановты бүгін мерейлі 35 жасқа толуымен құттықтаймыз!
Жамбыл футболының түлегі кәсіби мансабын «Тараз» сапында бастады. Ел біріншіліктерінде Жора 200-ге жуық ресми матч өткізді. Әр жылдары «Оқжетпес», «Ертіс», «Жетісу», «Тараз-Қаратау», «Қызыл-Жар» сапында өнер көрсетті. Биылғы маусымда жамбылдық команда жейдесінде ойнады.
Жаңа жас құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, жарқын жетістіктер мен толайым табыс тілейміз!
Әлеуметтік желілерде футболшылардың жалақысы мен клубтың қаржылық міндеттемелеріне қатысты тараған жарияланымдарға байланысты мәлімдейміз:
келісімшарттардың жекелеген үзінділері нақты төлемдер мен қаржыландыру көздері туралы толық ақпарат бермейді. Клуб міндеттемелерін бағалау кезінде бюджет және демеушілік қаражатты ажыратып, тексерілген деректерге сүйену қажетБАҚ өкілдері мен ақпараттық парақшалардың әкімшілерін ақпараттың дұрыстығын тексеруге, дербес деректер мен құпия мәліметтерді қорғау талаптарын сақтауға және түсініктеме алу үшін клубқа жүгінуге шақырамыз. Клубтың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратылған немесе құпия мәліметтер заңсыз жарияланған жағдайда, өз құқықтарымыз бен заңды мүдделерімізді қорғау үшін заң аясында шаралар қабылдауға мәжбүр болатынымызды ескертеміз. 🇰🇿«Тараз» ФК баспасөз қызметі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Тараз» футбол клубының спорттық директоры Қайрат Сүлейді туған күнімен құттықтаймыз!
Қайрат Дүйсенбайұлы кәсіби мансабында 100-ден аса ресми матч өткізген футболшы. Әр жылдары «Тараз», «Қайсар», «Лашын» командаларында өнер көрсетті
Қайрат Дүйсенбайұлына еңбекте толағай табыс, мықты денсаулық, отбасына бақ-береке және қуаныш тілейміз!
🇰🇿Құрметпен, «Тараз» КФК ұжымы
Эль-класико басталғанша қарап шығамыз, достар
https://youtu.be/FwsuUG9Y9Cs?si=RHJ_pO6zapt7v06z
🇰🇿Ардақты отандастар!
Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
⚽️Гоооооллл!!!
Матчтың 90+ минуттында жігіттер жеңісті жұлып алды!
Жеңіс голының авторы — Ұлықбек Хайтмуратов
#BatyrTaraz
⚽️Гоооол!!!
Матчтың басында-ақ команда есепте алға шықты
🎯2 мин — Бауыржан Байтана
🎯3 мин — Еркебұлан Тойбеков
#BatyrTaraz
😂Тікелей эфирде тамашалаңыз
🕓Басталуға 30 минут қалды
https://www.youtube.com/live/1EBq61Aj0rk?si=mwc0GzjebAKvNNlk
Behold this treasure-hoard of knowledge! A saga captured in light: https://www.youtube.com/live/1EBq61Aj0rk?si=mwc0GzjebAKvNNlk. Odin's eye sees all!
MATCH DAY
#BatyrTaraz
🏆Бірінші лига || 26 тур
🆚 «Батыр»
🗓26.10.2026
⏱️ 14:00
🏟«Шахтер»
📍 Екібастұз
🔴Youtube KFF league
🔥 БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР СИМВОЛИКАЛЫҚ ҚҰРАМДА!
⚽ Бірінші лиганың 25-турының қорытындысы бойынша «Тараз» футбол клубының қос ойыншысы Бауыржан Байтана мен Әділет Өмей турдың символикалық құрамына енді!
Еске салайық, өткен турда «Тараз» қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын⚽ Аталған кездесуде Баджо дубль авторы атанса, Әділет Өмей нәтижелі пасымен көзге түсті. 👏 Жарайсыңдар, жігіттер! 🔵⚪ АЛҒА, «ТАРАЗ»!
NEXT MATCH
🏆Бірінші лига || 26 тур
🆚 «Батыр» ⚽, Екібастұз
🗓26.10.2026
⏱️ 14:00
🏟«Шахтер» || 📍 Екібастұз
«Батыр» футбол клубы 2008 жылға дейін «Екібастұз» атауымен белгілі болған команда. Сол уақытқа дейін ұжым ел біріншілігінің жоғары дивизионында өнер көрсетіп келді2008 жылы клуб қайта құрылып, команда атауы «Батыр» болып ауысты және содан бері бірінші лигада өнер көрсетеді. Алайда команда чемпионатта жүлдегер атанбады. Биылғы чемпионатта «Батыр» 25 турдан кейін 27 ұпай жинап, 11-орында тұр. Қос команда арасындағы алғашқы айналымдағы матч 3:0 есебімен «Тараз» пайдасына аяқталған. «Батыр» соңғы 5 кездесуінде төрт рет ұтылып, бір мәрте тең түскен. Өз қақпасына чемпионат бойы 54 гол жіберіп алған Ал «Тараз» сапынан матчқа «сары қағаздар» санына байланысты Егор Алишаускас қатыса алмайды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгін команда шабуылшысы, Тараз футбол орталығының түлегі Абылайхан Жұмабекті 25 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
Абылайхан кәсіби мансабын 2018 жылы «Тараз» жастар командасын сапында Екінші лигада ойнап бастады
Премьер лигада алғашқы голын «Шахтер» қақпасына соққан. Әр жылдары «Тараз», «Ақтөбе», «Жетісу», «Тұран» командаларында өнер көрсетті. Еліміздің ұлттық құрама командалары қатарында да ойнады.
Биыл жазда «Тараз» сапына ауысып, 8 матчта екі гол авторы атанды.
Абылайханға жастық шақтың жаңа белесінде спорттық жарқын жетістіктер, мықты денсаулық, отбасына бақ-береке тілейміз!
Туған күніңмен, Аба!
⚽️Гооооооллл!!!
🇰🇿 Жасұлан Молдақараев матчтағы бесінші гол авторы атанды — 5:0 || 90+ мин
#ТаразКаспийЖ
🇰🇿«Тараз» сапында ойыншы алмастырылды — 85 мин
⬇️№10 Бауыржан Байтана
⬆️№70 Мерей Жамбыл
