cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Үйде жатпа!

Оқы, ойла, дамы! Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған. • Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар • Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес • Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы

Больше
Рекламные посты
10 790
Подписчики
-1924 часа
+987 дней
+10030 дней
Время активного постинга

Загрузка данных...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Анализ публикаций
ПостыПросмотры
Поделились
Динамика просмотров
01
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🌝 "Азия балалары" ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. Құтты болсын!👍👏🏻 🕊 Астанада қала күніне орай дрондар шоуы өтеді. Тамаша! Жаңа леп😍 👥 2024-2025 оқу жылында сұранысқа ие мамандықтар аталды. Ал сіз қай саланы таңдап жатсыз?🤔 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/dron-altyn-mamandy-26-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды
5500Loading...
02
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴 Сауда айырбасы: Көшпелі қазақ экономикасында қандай тауарлар маңыздылық берді? 📌 Өздерің білетіндей, көшпенділер экономикасында сауданың айырбас түрі қарқынды дамыды. Себебі олар мүлікті, малды баспа бас алмастырып отырды. Осы тұста тауар айырбасы негізгі үш бағытты қамтыды. Олар елдер арасында, қала мен оның төңірегі арасында, қала мен көшпелі дала арасында айналыста жүрді. ◾️ Айырбас құны үш жасқа жеткен қой және осы жастағы басқа малдар болды. Мұндай сауда тұрмыстық қажеттіліктен туындаған. Бұл сауда жасау немесе пайда табудың мақсатында емес, керісінше тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүргізіліп отырған. ◾️ Мысалы, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттары мен қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер арасында белсенді түрде іске асып отырды. ◾️ Дегенмен сауда жасап, пайда көздеген бұқарлық, хиуалық саудагерлер орта азиялықтар мен ноғай саудагерлерін көшпелі ортада жатсына қабылдады. Олардың әрекеті қазақ дәстүрлі қоғамының құндылықтары мен нормаларына жат екендігін сыналды. ◾️ Осыған байланысты бірқатар тұрақты тіркестер мен мәтіндер қалыптасты: сауда сақал сипағанша; қыз мұраты - кету, сауда мұраты - ұту; саудада достық жоқ; еңбек түбі — қуаныш, сауда түбі - борыш. ◾️ Көшпенді қазақ тұрмысқа қажет заттарына керек уақытында ғана айырбас жасап отырған. Орыс деректеріне сүйенсек, қазақтар айырбас сауданы көбінесе қоймен жасаған, ал орыс саудагерлері қазақтармен жылқыны айырбастауға құштар болды. Себебі, қазақтар жылқы малын баптап, күйін жақсы келтіріп отырған. ◾️Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Невакет, Дех-Нуджикет қалаларында жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды. Бұл туралы деректерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер болды. #көшпенділерэкономикасы
7590Loading...
03
💡📆📆📆📆📆 26 маусым 🌝26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні аталып өтеді. БҰҰ мәліметінше, соңғы 10 жылда нашақорлар саны 22 пайызға артқан. Әлемде 275 миллион нашақор болса, оның 18 мыңнан астамы қазақстандықтар. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да аз емес. Есірткіден көз жұмғандар саны бойынша Қазақстан әлемнің 93 елі арасында 33-орында тұр. Көріп отырғанымыздай, есірткі мафиясымен күресу үшін тек полицияның шаралары жеткіліксіз. Оған тек халықтың өзі ғана нүкте қоя алады. Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 🕊Сонымен қатар бүгін халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні. БҰҰ бұл күнді азаптауды жою және 1987 жылы 26 маусымда күшіне енген Адамды азаптауларға, басқа да қатыгез және ар-намысты қорлайтын әрекеттерге қарсы конвенцияның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында атап өтеді. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда жаппай тұтқындаулар орын алды. Прокуратураға құқық қорғау органдарының азаматтарды азаптау және құқықтарын бұзу фактілері туралы арыздар келіп түсті, олардың кейбір фактілері расталды. 🌚Бүгін тіс щеткасының пайда болған күні. Адам ерте заманнан ауыз қуысының гигиенасына қамқорлық танытты. Бұл үшін олар түрлі құрылғыларды пайдаланды. Атап айтатын болсақ, матаның бөліктерінен бастап бұтақтар мен таяқтардан жасалған арнайы щеткаларға дейін қолданыста болды. Ал 1770 жылы 26 маусымда ағылшын Уильям Эдис конструкциясы бүгінгідей болған қымбат емес тіс щеткаларының өнеркәсіптік өндірісін іске қосты. Сіз қандай тіс щеткасын қолданасыз? 👥26 маусым - атақты екі әншінің туған күні. Бүгін OneRepublic ән жазушысы әрі вокалисті Райан Теддер 45 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі Адель, Бейонсе, Дженнифер Лопес, Элли Гулдинг, Марун 5 және тағы басқа әншілердің әндерінің авторы ретінде белгілі. Ол 9 мәрте Грэммиге ұсынылып, оның үшеуін жеңіп алды. 2014 жылы Billboard оны “Поптың құпия патшасы” деп атады. Сонымен қатар бүгін ерекше дауыс тембрі бар америкалық әнші Ариана Гранде 31 жасқа толды. Оның кәсіби мансабы бала кезінде Nickelodeon арнасынан бастау алды. Бүгінде ол альбом жазып, фильмдерде, телехикаяларда және театрда өнер көрсетеді. 2019 жылы Ариана Givenchy сән үйінің бет-бейнесіне айналды. Сізге кім ұнайды: Арина Гранде немесе Райан Теддер? #күнтізбе #26маусым #щетка
8400Loading...
04
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 👥 Колледждерге құжат қабылдау басталды. Түлектерге құлаққағыс!📌 🙈 Қарағандыға жақын жерде сақтар жасаған қанжар табылды. Өткен ғасырдың қазынасын қолды етіпті👍 💪 Ұлттық банк азаматтарға қос қадамнан тұратын алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткенін ескертті. Осындай маңызды мәлімдеме жасапты🙌🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/kolledzh-sa-bank-25-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #банк
9840Loading...
05
💡💡💡💡💡💡💡 Сұранысқа ие маман болуға арналған 4С жүйесі 🔗 Сөйлеу өнерін, дұрыс әрі сауатты сөйлеу техникасын толық меңгерген кез келген адам, кез келген маман иесі өз ісінде жеңіске жете алады және өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Мейлі, сіз студент немесе оқушы, дәрігер, дүкендегі сатушы, ұстаз, я болмаса қайнаған бизнес әлемінің өкілі болыңыз сауатты сөйлеп қана қоймай, ойыңызды еркін жеткізе алсаңыз әр адаммен жоғары деңгейде байланыс орната аласыз. ✔️ Ендеше сұранысқа ие маман болу үшін “4 C” жүйесін меңгеріп алыңыз. Сіздерге түсінікті болу үшін “4 C” тізбектеп шығайық. ⠀ 1️⃣ Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сіз кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласыз. ⠀ Осылайша өз бетіңізше қорытынды шығарып үйренесіз. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңызды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесіз. ⠀ 2️⃣ Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап, кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды. ⠀ 3️⃣ Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты, бірақ кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады. ⠀ 4️⃣ Communication – коммуникация. Қазір кез келген уақытта барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да адамдармен дұрыс келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды. ⠀ XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сіздің де қолыңыздан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңізді әрдайым шыңдап отыруыңыз қаже #қазынакеңес
9939Loading...
06
💡📆📆📆📆📆 25 маусым 🙈108 жыл бұрын Қазақстанда Ресей билігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Оған 1916 жылғы 25 маусымдағы “Қазақтардың тыл жұмыстарына реквизициялау турал патша жарлығы себеп болды. Соның нәтижесінде олар Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адамды майданға аттандырмақ болды. Ең ұзақ және ең ұйымдасқан көтеріліс Торғай облысында орын алды. Оны халық батыры Амангелді Иманов басқарды. Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс тұңғыш рет еліміздің барлық аймақтарын қамтыған жалпықазақтық сипатқа ие болды. 🐳25 маусым – Халықаралық теңізшілер күні. Бұл мереке әлемдік экономикаға үлкен үлес қосып жүрген сауда флотының теңізшілерін құрметтейді. Төмен құнына байланысты әлемдік сауданың 80%-дан астамы теңіз арқылы жүзеге асырылады. Бұл салада бір жарым миллион матрос жұмыс істейді. Қазақстанның ірі теңіз жолдарына шығу мүмкіндігінің жоқтығына қарамастан, еліміз батыста орталығы Ақтау порты болып табылатын Каспий аймағындағы коммерциялық кеме қатынасын белсенді дамытып жатыр. Егер таныс теңізшілеріңіз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 💪Бүгін сондай-ақ Дүниежүзілік витилиго күні де аталып өтеді. Бұл күн 25 маусым 1986 жылы Майкл Джексонның қайтыс болған күніне байланысты таңдалды. Себебі өнер иесіне де осы диагноз қойылған еді. Витилиго терінің белгілі бір аймақтарының пигментациясымен сипатталады. Оның себебі белгісіз. Бірақ витилигомен ауыратын көптеген адам әлеуметтік кемсітушілікке тап болады. Дәрігерлер науқастарға бұл аурумен ауыратын адамдар басқалардан кем емес, керісінше ақ дақтар олардың ерекшелігі екенін түсіндіреді. Витилигомен ауыратындар тізімінде миллиардер Роман Абрамович пен АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамптың болғанын атап өту керек. Егер таныстарыңыздың арасында осы аурумен ауыратын адамдар болса, оларға қолдау білдіріңіз! 👥25 маусым - қазақтың екі атақты адамының туған күні. 81 жыл бұрын театр және кино актері, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Владимир Толоконников (1943-2017) дүниеге келді. Өнер иесі бірінші қазақ телехикаясы “Махаббат бекеті” және “Собачьем сердце” фильміндегі Шариков рөлімен танымал. Ол фильмді түсіру кезінде 75 жасында жүрегі тоқтап қайтыс болды. Сонымен қатар бүгін режиссер, продюсер, сценарист Тимур Бекмамбетов 63 жасқа толды. Атыраулық азамат Forbes нұсқасы бойынша Ресейдегі коммерциялық жағынан ең табысты режиссерлер рейтингінде бірінші орында тұр. Ол Голливудта Анджелина Джоли, Морган Фриман және Бенедикт Камбербэтч ойнаған 9 фильм түсірді. Тимурдың айтуынша, ол Қазақстанға бір күн болса да келудің жолын табады. Тимур Бекмамбетовтың қай фильмі сізге ұнайды? #күнтізбе #25маусым #теңізші
1 0561Loading...
07
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🤗 Алдағы күндері елімізде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі. Абай болыңыздар!🙌🏻 🥳 Елордалық оқушылар мен студенттердің жазғы демалысы ұзартылуы мүмкін. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне байланысты шегерілуі мүмкін екен.📌 ✍🏻 Парижге баратын қазақстандық Олимпиада тарихында қалады. Елдің намысын Амир Закиров қорғайды. Спортшымызға сәттілік тілейміз!👏🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/temperatura-demalys-olimpiada-24-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #тарих
1 1070Loading...
08
💡💡💡💡💡💡💡 Әр күнді мәнді өткізудің 5 әдісі 1️⃣ Физикалық жаттығулар 🟢 Физикалық белсенділіктің физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар психологиялық жағдайға да пайдалы екендігі дәлелденді. Тұрақты дене жаттығулары көңіл күйді жақсартуға және күйзеліс пен үрей сезімін төмендетуге көмектесетіні дәлелденген.✔️ Жаттығу кезінде алаңдаушылық сезімі мен стресстің қалыптасуына, сондай-ақ, мидың серотонин мен норепинефринге деген сезімі артады. Ал бұл өз кезегінде күйзеліс сезімін жеңілдетеді. Жаттығу кезінде оң эмоцияларды ынталандыратын және ауырсынуды қабылдау сезімін төмендететін эндорфин өндірісі ынталандырылады. Сонымен қатар, жаттығу адамдарға қорқыныштарын сезініп және олармен күресуге көмектеседі. 2️⃣ Көңілді әуен тыңдаңыз 🎶 Бір сәтке демалып, көңілді сергітетін ән мен күй тыңдаңыз. Сізге қуат беретін сүйікті әуендер тізімін жасаңыз.Әуеннен ләззат алып, қуана біліңіз. Қайғылы музыка сіздің онсыз да құбылмалы көңіл күйіңізді түсіреді. 🎵 3️⃣ Мақсаттар қойыңыз 📌 Көңілсіз күн мен енжарлық, жалқаулық, сіздің энергияңыз бен жұмысыңызға кесірін тигізеді. Мақсат қойыңыз. Себебі мақсат қою өмірлік қуат деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл сондай-ақ ең мотивациялық фактор. Бұл әдіс мазасыздық деңгейін толығымен жояды және сенімсіздікті азайтады. Жоспарлау - ең пайдалы мақсаттарды дәйекті түрде анықтап, оларға жетудің негізгі құралы. Сондықтан ескеріңіз өміріңнің мәні, ол – мақсат. Адам жаны рухынан қанағат табатын мақсаттың алдында әлсіз. Жаныңның рахат сезімге бөленуі – мақсаттың орындалуынан. 4️⃣ Жақын жандарыңызға хабарласыңыз 📞 Достарыңызбен сөйлесетін ортақ топ болса, сол жерге: қолдау сөздер, мен көңілді стикерлер жіберсеңіз адамның жүрегіне жылулық сыйлайсыз. Жақындарыңызға жиі қоңырау шалыңыз. Әр адаммен сөйлескен сайын жүрегіңіз тыныштық табады. 5️⃣ Өзіңізді мақтаңыз ✍🏻 Өзіңізге алғыс айта алатын он әрекеттің  тізімін жасаңыз.  * Сіз таңғы асты дәмді әзірлей алдыңыз ба?  * Жақсы.  * Сіз пайдалы кітап оқыдыңыз ба?  * Керемет.  * Ерте оянып, таңғы жаттығу жасадыңыз ба? * Жарайсыз! Мақтаудың нақты он себебін табу керек. #қазынакеңес
1 15315Loading...
09
💡📆📆📆📆📆 24 маусым 💋24 маусым - Сезім күні. Адамның бойында алты сезім мүшесі бар, олар — көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, түйсік және тепе-теңдік сақтау. Бұл сезімдер айналамыздағы әлемді тануға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш күннің мақсаты - бес сезім мүшесін дамыту арқылы алтыншы сезім мүшесінің оянуына жол ашу. “Алтыншы сезім” дегеніміз: болашақты немесе өткен шақты көре білу, басқа адамның ойын немесе ол туралы ақпаратты оқу және т.б. Ал сіз адамның "алтыншы" сезім мүшесі бар екеніне сенесіз бе? 🎭54 жыл бұрын Алматы циркінің ұжымы құрылды. 1970 жылы 24 маусымда Самарада Алматы, Мәскеу, Саратов қалаларындағы цирк училищелерінің түлектері бас қосқан жас ұжым алғашқы қойылымын көрсетті. Елімізде цирк өнерінің дамуы осылай басталды. 1972 жылы Алматының көрікті жеріне айналған Қазақ мемлекеттік циркінің ғимараты ашылды. Қазір қазақ циркі өнердің өзіндік мәдени қабаты ретінде белсенді дамып келеді. Оның беделі халықаралық ірі фестивальдер мен байқаулардағы жоғары марапаттармен расталады. Қазақтың цирк әртістерінен кімді білесіз? 💃24 маусымда фантастика әуесқойлары Халықаралық перілер күнін атап өтеді. Көпке беймәлім, бірақ адамдар бірнеше мың жыл бұрын заманауи мультфильмдер мен ертегілердегі осы танымал кейіпкерлерге сенген. Кейбір мифологияларға сәйкес, нағыз перілер кішкентай емес, адамның бойымен бірдей болуы мүмкін. Сонымен қатар перілер тек әйел ғана емес, ер жыныстылары да болды. Олардың арасында мейірімдісі де, жаман мінездісі де бар екені айтылады. Бізге таныс перінің әсем бейнесі тек 19 ғасырдың аяғында – романтизм дәуірінде ғана пайда болды. Халық аңыздарынан сусындаған жасаушылар олардың сыртқы келбетін өзінше бейнелей бастады. Кейінірек бұл сурет авторлық ертегілерде, фильмдерде және анимацияда орын алды. 👥24 маусым - атақты екі адамның туған күні. Бүгін қазақ әдебиетінің сыншысы Сейіт Қасқабасовтың туғанына 84 жыл толды. Ол фольклор жанры мен эпикалық шығармашылық теориясы саласында терең зерттеулер жүргізіп, көптеген еңбегін жариялады. Оның 1930 жылдардағы әділетсіз қуғын-сүргінге ұшыраған Алашорда қайраткерлерін ақтаудағы сіңірген еңбегі ерекше. Сондай-ақ бүгін футбол тарихындағы үздік ойыншы Лионель Месси 37 жасқа толды. Футболшы сегіз дүркін “Алтын доп”, алты дүркін “Алтын бутсы” иегері. Forbes журналы оны әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы деп таныды. Әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін футболшы еуропалық футболдан кетуге шешім қабылдап, АҚШ-қа көшіп, Дэвид Бекхэм ойнайтын клубқа ауысты. Сізге қай футболшы ұнайды: Месси немесе Роналду? #күнтізбе #24маусым #футбол
1 2031Loading...
10
💡🎞🎞🎞🎞🎞 🏐 Бүгінгі кино шолуымыз “Волейбол!! Битва на мусорной свалке” атты анимеге арналады. Керемет актерлер мен қызықты сюжет ешкімді бей-жай қалдырмайтынына сенімдіміз. Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау білдіріп кетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/H-MuhTBSjqc #аниме #кино #ВолейболБитванамусорнойсвалке #япония #волейбол #спорт #манга #кинообзор #фильм #рек #үйдежатпа
1 2111Loading...
11
💡👍👍👍👍👍 🏃‍➡Арықтауға арналған топ 3 жаттығу Ол қандай жаттығулар? Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍 https://youtube.com/shorts/ZLzWs7LEx0M #спорт #қазақтар #жаттығу #лайфхак #зал #мышцы #казахстан #отжимания #упражнения #похудеть #үйдежатпа #тренер
1 2695Loading...
12
💡📆📆📆📆📆 23 маусым 👀Бүгін - Қазақстан Полициясы күні. 1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" заңды қабылдады. Бұл еліміздегі полицияның қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды. 2021 жылғы деректерге сәйкес, 100 000 қазақстандыққа 372 полиция қызметкері келеді. 🤩Бүгін - Халықаралық мемлекеттік қызметкерлер күні. 2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызметкерлер күні деп бекітті. Сонымен қатар БҰҰ мүше мемлекеттерді дәл осы күнді Мемлекеттік қызметкерлер күні деп тануға шақырған болатын. 2013 жылы Елбасының Жарлығымен Қазақстанда да бұл күн Мемлекеттік қызметкер күні болып бекітілді. Осылайша, мемлекеттік қызметте жүрген 90 мыңнан астам қазақстандық кәсіби мерекесін осы күні атап өтеді. Егер таныстарыңыздың арасында мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 🏆Сонымен қатар 23 маусым - Халықаралық Олимпиада күні. 1894 жылы 23 маусымда Сорбоннада өткен спорт конгресінде Пьер де Кубертеннің Олимпиада ойындарын қайта жаңғырту туралы бастамасы қолдау тауып, Халықаралық Олимпиада комитеті құрылды. Бұл күннің мақсаты – олимпиадалық құндылықтар мен міндеттерді насихаттау, олимпиадалық қозғалысты және жалпы спорт туралы ақпараттарды кеңінен таныстыру. Сондай-ақ халықты дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын ұстауға шақыру. Париж-2024 олимпиадасында спортшыларымызға жеіңіс тілейміз! Жүлделі медальдарды еншілеуіне тілектеспіз! 👥Бүгін атақты екі адамның туған күні. 130 жыл бұрын махаббат үшін тақтан бас тартқан Ұлыбритания королі Эдуард VIII (1894-1972) дүниеге келді. Ол 1936 жылы таққа отырды. Алайда тек 10 ай патша болды. Себебі үкімет оған ажырасқан әйел Уоллис Симпсонға үйленуге келісім бермеді. Осылайша Эдуард VIII тақтан бас тарту туралы актке қол қойды. Бұл тақ мұрагеріне қайшы әрекет еді. Алайда ол өз таңдауын жасап, себебін түсіндірді. "Король міндеттерін өзім сүйетін әйелдің қолдауынсыз және көмегінсіз атқара алмаймын деп шештім", – деді Эдуард VIII. Бүгін футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі Зинедин Зидан 52 жасқа толды. Әлем чемпионаттарының, Еуропаның, Чемпиондар лигасының жеңімпазы үш мәрте әлемнің үздік футболшысы деп танылды және өз заманының ең қымбат ойыншысы болды. Футболшы ретінде зейнеткерлікке шыққаннан кейін ол мадридтік “Реалмен” қатарынан екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған тарихтағы алғашқы бапкер болды. ЕУРО-2024-те қай командаға жанкүйерсіз? #күнтізбе #23маусым
1 2971Loading...
13
💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “Остров Возрождения” атты драма фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/aO951dzSQSE #драма #островвозрождения #тарих #қазақстан #жұлдыздар #история #кино #актер #үйдежатпа #аральскоеморе #арал #фильм
1 3481Loading...
14
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆 Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың. АЛМАТЫ: 🌝“Иллюстрация өнері – оқыған дүниені түсінудің негізгі кілті” көрмесі "Ұлар" галереясы ҚР Суретшілер одағымен бірлескен қайырымдылық жобасы – Алматы суретшісі Сұлтанбаева Сабинаның көрмесіне шақырады. Орны: "Ұлар" галереясы, Панфилов көшесі 92 Күні: 22 маусым, 12:00-19:00 🌸BATYR LAB сарапшыларымен Public-talk Сазгер Ақмарал Мерген, музыкалық редактор Шоқан Нөкішев, заңгер Сәния Сұлтанова мен продюсер Руслан Якупов өз білімдерін ортаға салады. Модератор – Наргиз Шүкенова, “Батырхан Шүкенов атындағы қордың” директоры. Мұнда сіз BATYR LAB туралы толығырақ біле аласыз, музыкалық саланың дамуын талқылай отырып, музыканттармен сөйлесе аласыз. Орны: PlatformA, Абылай хан даңғылы, 125 Күні: 22 маусым, 14:30 ☘️"Тыныш бөлме" көрмесі Бұл көрмеде әр адам тұрмыстық әрі гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудің және зардап шеккендерді қолдаудың маңызы туралы ойлана алады. Мұнда ұсынылған әр жұмыста журналистердің нақты материалдарына сілтемелер көрсетілген. Астарлы әрі жасырын дүниені көріп-есту үшін көрмеге қосылыңыз. Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет ш/а, д. 3/1 Күні: 22 және 23 маусым, 10:00-19:00 😁"Үлкен нәрселер кішкентайда" көрмесі Көрме екі ай бойы өткен арт-резиденцияның нәтижелерін ұсынады, онда ортақ жобада жұмыс істеу үшін бес қатысушы таңдалды: Ассоль Сас, Шефа Надуралиева, Луиза Джапкаева, Ярослава Тищенко, Татьяна Тұранова және Дарья Мороз. Орналасқан жері: Oner Corner галереясы, Шевченко көшесі, 51 Күні: 22 және 23 маусым, 14:00 – 21:00 🤩Еламан Мұқтарханның It’s a full time job being non-binary жеке көрмесі Суретші өз жұмыстарында сексуалдық, гендерлік және саясатқа қатысты мәселелерді қарастыра отырып, болмысын өнер арқылы зерттейді. Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79 Күні: 22 және 23 маусым, 12:00-20:00 АСТАНА: 🏆Светлана Руденконың “Менің басымдағы қоқыс” жеке көрмесі Көрменің мақсаты - шығармашылықтың алуан түрлілігі мен жан-жақтылығын көрсету. Көрме негізгі үш блокты қамтиды: кескіндеме, иллюстрация және жиһаз. Шығармалар шашыраңқы көрінеді әрі хаос сезімі де сезіледі. Бірақ мұқият мән беріп қарасаңыз, олардың бір-бірімен үйлесетінін байқайсыз. Орны: Sal Seri галереясы, Гейдар Әлиев көшесі, 10/1 Күні: 22 және 23 маусым, 10:00 – 22:30 👥Шахмат әуесқойлары клубы Мұнда олар көңіл көтеру үшін ойнайды, ал ойын деңгейі маңызды емес, қатаң ережелер жоқ. Бұл кездесулер көбірек зияткерлік демалысқа ұқсайды. Бастысы өзіңізбен бірге шахматыңызды алып келуіңіз керек. Орны: "Buno" кофеханасы, Керей-Жәнібек хандар даңғылы, 14/2 Күні: 22 маусым, 16:00 🥹"Өнер ретінде қайта жаңғырған Ханбок" көрмесі Корейлердің ұлттық костюмінің сұлулығы инсталляциялар, бейнелер және т.б. заманауи өнер объектісі арқылы көрсетіледі. Көрмеде ханбоктың өрнектер, түстер мен пішіндер сияқты элементтерін нәзік өнер туындыларына айналдырған 12 корей суретшісінің жұмыстары ұсынылады. Орны: Тұңғыш Президент мұражайы, Бөкейхан көшесі, 1 Күні: 23 Маусым, 09:00 – 17:30 👀Лейла Махаттың "MENMIN" атты жеке көрмесі Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады. Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1 Күні: 22 және 23 маусым, 10:00 - 20:00 Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!
1 4633Loading...
15
💡📆📆📆📆📆 22 маусым 💪Бүгін – Ұлы Отан соғысының басталған күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО-ға басып кірді. 4 жылға созылған соғыс миллиондаған адамның өмірін қиды. 6 миллион 200 мың халқы бар Қазақстан азаматтардың 20 пайызын майданға аттандырса, соның ішінде әрбір үшінші адам қаза тапты. 500-ден астам жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. 🫵2014 жылы 22 маусымда Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді. Жібек жолын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы Қазақстан, Қытай және Қырғызстанның бірлескен өтінімі Біріккен Ұлттар Ұйымының Дохадағы білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі комитетінің 38-ші сессиясында бекітілді. Өтінімге Жібек жолы бойында орналасқан 33 тарихи ескерткіш енгізілген. Оның 22-сі Қытайда, 8-і Қазақстанда және 3-еуі Қырғызстанда. 👀22 маусымда тәтті әуесқойлары шоколадты эклэр күнін атап өтеді. Эклер француз тілінен аударғанда “найзағай жарқылы” деген мағынаны білдіреді. Яғни, қараусыз қалған жағдайда тағамның жоғалу жылдамдығын сипаттайды. Оны Наполеонның аспазшысы Мари-Антуан Карему ойлап тапты. Каремудың мәзірі бойынша эклер ұзындығы 14 сантиметр болуы керек. Әр елде бұл өнімді дайындаудың өз жолы бар. Қазақстанда эклер дәстүрлі атауын сақтап қалса, Испанияда бұл бәліштер “пепито” деп аталады. Сізге қайсы ұнайды: эклер немесе кекс? 👥22 маусымда өмірге келген танымал әйелдер. Бүгін қазақтың белгілі өнер қайраткері Амангүл Иханова 76 жасқа толды. Ол теріден сурет салудың жаңа әдісін патенттеген автор. Суретшінің жұмыстары көптеген елдің мұражайлары мен жеке коллекцияларында, соның ішінде Англия корольдігі мен Нью-Йорктегі БҰҰ Орталық ғимаратында сақталған. Өнер иесі АҚШ президенті Картердің, Испания королі Хуан IV-тің, Франкфурт-на-Майне мэрінің және Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қатар бүгін америкалық театр және кино актрисасы Мерил Стрип 75 жас мерейтойын атап өтеді. Кино мамандары мен сыншылары оны біздің заманымыздың ең ұлы актрисаларының бірі екенін атап өтті. Сізге Мерил Стриптің қай фильмі ұнайды? #күнтізбе #22маусым #фильм
1 3631Loading...
16
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🌝 Қазақ тілі моделін жасауға 3 млрд теңге бөлінбек. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру сіз бен біздің қолымызда!👍 🏆 Лионель Месси Америка кубогында рекорд орнатып, алғашқы турда Канададан басым түсті. Сіз футбол тамашалап жүрсіз бе?😍 🥹 Алматыда Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысы бір түнге жабылады. Алматылықтарға құлаққағыс📍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/til-kubok-k-she-21-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #кубок
1 4380Loading...
17
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады! 1 шілде күні маусым айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз! ‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️ Егер бүгін біреу билет ұтып алмаса, уайымдамаңыз, біз билеттерді әр жұма сайын таратамыз. Арнамыздағы ақпаратты қадағалап отырыңыз. Келесі жолы сұрақтарға бірінші болып жауап бересіз! Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 3 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі. Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек. Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз. Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз. Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 шілде шығарамыз. Коммент жазыңыздар!
1 3040Loading...
18
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз🥳
1 2230Loading...
19
Сұрақтар 3: 1)16 маусым дүниеге келген танымал адамдар? 2)Серуен күні қашан? 3)Қай жылы Ресей империясының Ішкі істер министрлігі украин тіліндегі оқулықтар мен танымал ғылыми кітаптарды басып шығаруға тыйым салды?
1 0880Loading...
20
Сұрақтар 2: 1)Құрбан айт қай күні болды? 2)Қай жылы Астрахан облысында (РФ) Бөкей хан (1742-1815) кесенесінің құрылысы басталды? 3)18 маусым дүниеге келген танымал адамдар?
1 0570Loading...
21
Сұрақтар 1: 1)Жел күні қашан? 2)Соңғы аптадағы кино шолулар? 3)Балалар арбасы пайда болған күні?
1 1160Loading...
22
‼️‼️💡❓❓❓❓❓‼️‼️ Кез-келген викторинадан ұту жолын тауып алатын өте пысық оқырмандарымыз бар 😄 Оқырмандарымыз әділдік сұраған соң, жаңа форматта өткізуді жөн көрдік☑️ Сол себепті, шарттар біршама өзгерді. Сағат 18:00-де, 18:10-да, 18:20-да 3 пост шығады (3 түрлі сұрақтары бар). Әр посттың астында бірінші болып жауап берген қатысушымыз жеңіске жетеді. Егер біздің арнамызды мұқият оқып жүрсең, барлық сұраққа дұрыс жауап бере аласың. Сәттілік! Шарт: ✅Тез әрі дұрыс жауап жазу. ✅Біздің инстаграм парақшамызға тіркелу. https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link ЕСКЕРТУ! Жауап есептелмейтін жағдайлар: 1. Өз жауабыңның астына инста-аккаунтыңды жазып кетпеген кезде; 2. Жауап өзгертілген жағдайда; 3. Соңғы айда викторина жеңімпазы атанған жағдайда;
1 2310Loading...
23
🏝️ Осы жазда елімізде қайда демалуға болады және оған қанша ақша керек? "Үйде жатпа!" жобасының арнайы шолушысы Мөлдір Бегімбет сіздерге ТОП-5 локация ұсынады. Және авторлық турлар да назарға алынған. Шаршадыңыз ба? Бізбен бірге ол мәселені шеше аласыз 🏊 https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/aza-standa-demalu-a-bolatyn-top-5-lokaciya/
1 2121Loading...
24
💡🎞🎞🎞🎞🎞 🎬"Келесі аялдама - Арман" спорттық драмасы. Үлкен ареналарда жекпе-жек өткізуді армандаған жас спортшы Адайдың хикаясы. Дұрыс емес ортаны таңдаған ол есірткінің әсеріне ұшырайды. Қателіктің құнын, арманынан қаншалықты алыс екенін түсінген Адай өз өнегесі арқылы көрерменнің бойына қайсарлық сезімін ұялатып, қандай жағдайда да мақсатқа жету жолын көрсетеді. Басты рөлдерде: Бекарыс Бейісов, Адинай Мағзұмова, Жанель Ташева, Серікболсын Телекеев. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=eKUopMmq4FI 🎬"Возрождение Аралы" триллері. Бұл нақты оқиғаларға негізделген әскери-патриоттық драма. Фильмдегі оқиға 1992 жылдың жазында совет әскерлерін шығаруға бір ай қалғанда Арал теңізіндегі Возрождение аралында орналасқан «Бархан» құпия әскери базасында орын алған. Көрермендер әскери құпия, биологиялық қауіптер әлеміне, сонымен қатар Арал маңындағы қарапайым тұрғындардың өміріне ойландыратын саяхат жасайды. Басты рөлдерде: Дулыға Ақмолда, Мәлік Байгубенова, Алексей Шемес, Әзиз Бишіналиев. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=WcJ2W7VdHno 🎬"Байкеры" қылмыстық драмасы. Фильмде 1960 жылдары АҚШ-тың Орта батысындағы байкерлер клубы туралы баяндалады. Онжылдықтың ішінде клуб жергілікті бөгде адамдар жиналатын орыннан бастапқы топтың ерекше өмір салтына қауіп төндіретін зұлым бандаға айналды. Басты рөлдерде: Том Харди, Джоди Комер, Остин Батлер. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=5YMoIsq0fZc 🎬"Пришельцы" фантастикасы. Көптеген ғасырлар бойы бөтен нәсіл өзінің қылмыскерлерін адам денесінде ұстап келеді, ал адамдар бұл туралы тіпті білмейді. Уақыт өте келе энергетикалық қанжардың көмегімен қозғалуға қабілетті Күзетші Робот көмекшісімен бірге тұтқындардың есін жидырып, қашып кетпеуін қамтамасыз ету үшін жерге жіберіледі, бірақ бір күні қылмыскерлер ояна бастайды... Басты рөлдерде: Рю Джун-Ах, Ким У-бин. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=3waDpx6aU1I 🎬"Голос из космоса" шытырман оқиғалары. Аннабель мен Дино есімді достар астрономияны жақсы көреді. Бір күні олар ғарыштан жұмбақ хабар алады. Жігіттер жерден тыс өркениеттер олармен байланысуға тырысқанына сенімді, бірақ ересектер оларға сенбейді. Космодромға экскурсия кезінде олар кездейсоқ ғарыш кемесіне түсіп, орбитада жалғыз қалады. Мүмкіндікті пайдаланып, достар өзге ғаламшарлықты іздеу үшін қызықты шытырман оқиғаға аттанады. Басты рөлдерде: Ава-Элизабет Аве, Феликс Нолле. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=FOutlfKcjN8 🎬"Смотрители" триллері. Батыс Ирландияда бір әйел орманда адасып қалады. Ол тағы үш бейтаныс адам тұратын баспана табады, бірақ оларды түнде жұмбақ жаратылыстар бақылайды. Басты рөлдерде: Дакота Фаннинг, Джорджина Кэмпбелл. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ycTUI6duAao 🎬" Паранормальные явления. Поместье призраков" қорқынышты фильмі. Танымал блогерлер Теа мен Луиза көрермендеріне әдеттен тыс көріністер жасау үшін қараусыз қалған ғимаратқа барады. Ежелгі уақытта бұл жер оккультистердің мекені болған және ай сайын толық айда жылжымайтын мүлік иесі мен оның ізбасарлары жынға жаңа қуат беріп, оның күшін нығайту үшін ұрланған қызды құрбандыққа шалатын. Үйге камераларды орналастырып, олар толық ай екеніне күмәнданбай, олар басқа дүниелік күштерге қарсы тұруға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Риз Мориц, Элли Даклс. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=aGi519--Rxg 🎬" Волейбол!! Битва на мусорной свалке" анимесі. Сёё Хината өзінің "Кішкентай алып" деген атпен танымал кумиріне ұқсау үшін Карасуно орта мектебінің волейбол клубына қосылады. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Z58MGDphfgQ
1 4641Loading...
25
Бүгін сағат 18:00-де әдеттегідей сіздер үшін кинотеатр билеттерінің ұтыс ойынын өткіземіз. Естеріңізге сала кетейік, бізде әдеттегідей 3 жеңімпаз болады. Сондай-ақ, викторинаның барлық қатысушылары Instagram желісінде бізге жазылуы керек https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link Ақпаратты біздің арнадан қадағалаңыз! Біз кейде қитұрқы сұрақтар қоямыз. Мұқият оқып отырыңыздар. Бәріңе сәттілік! Құрметпен, Uide zhatpa командасы
1 3080Loading...
26
💡📆📆📆📆📆 21 маусым 🌝21 маусым - Жазғы күн тоқырауы. Бұл кезде күн ұзақ, ал түн қысқа болады. Аталмыш күн 20, 21 немесе 22 маусымға дейін жалғасын табады. Дәл осы күні Солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн болса, Оңтүстік жарты шарда ең қысқа күн болады. Нақтырақ айтсақ, астрономиялық тұрғыдан бұл уақыт Жердің Солтүстік жарты шарында жаздың, ал Оңтүстік жарты шарда қыстың басы болып есептеледі. 📱21 маусымда селфи күні аталып өтеді. 1839 жылы өзінің алғашқы фотосуретін Филадельфия тұрғыны Роберт Корнелиус түсірген. Бүгінде осы негіздегі суреттер бүкіл әлемді шарпыды. Сарапшылар суретке түсетін кезде абай болуды ұсынады. Өйткені экстремалға құмар жандардың көпшілігі адам ойламайтын түсініксіз нәрселерді жасауға дайын болып келеді. Мәселен, Астанада 4 жыл бұрын жас жігіт селфи жасап, Есіл өзеніндегі көпірден құлап кетсе, Шымкентте қауіпті қылмыс жасаған күдіктімен суретке түскен полицей жұмысынан қуылды. Жақсы суретке түсу үшін ауыр жарақат алып, ажал құшқан қаншама жағдайлар бар. 🙏21 маусым - Дүниежүзілік йога күні. Бұл - денсаулық пен дене бітімін қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар жан тыныштығын үйлесімде ұстауға көмектеседі. 2014 жылы Халықаралық денсаулық сақтау федерациясы йоганың маңыздылығын растап, адамдар өлімінің негізгі себептерінің бірі қозғалыссыз өмір салты екенін еске салды. Осылайша аталмыш күн 175 елде, соның ішінде Қазақстанда да тойлана бастады. Йогамен айналысып көрдіңіз бе? 👥21 маусым - атақты екі музыканттың туған күні. 68 жыл бұрын қазақ гитаристі, композитор әрі өңдеуші Болат Сыздықов (1956-2016) дүниеге келді. Ол мансап жолын Роза Рымбаеваның гитаристі ретінде бастады. Содан соң A`Studio тобында өнер көрсетті. 1992 жылы Карина Абдулиннамен бірге әйгілі Musicola дуэтін құрады. Болаттың туған жері - Қарағанды қаласы. Жұлдыздар даңғылында атақты өнер иесінің құрметіне орай есімі жазылған тақтайша орнатылды. Сонымен қатар 62 жыл бұрын “Кино” рок-тобының негізін қалаушы және жетекшісі Виктор Цой (1962-1990) өмірге келді. Ол ықпалды және әйгілі кеңестік рок-музыканттардың бірі. Музыкалық қызметтен бөлек, ол актер ретінде сегіз фильмге түсті. 2018 жылдың 21 маусымында Алматыда Төлебаев көшесінде (Қабанбай-батыр көшесінің қиылысы) "Игла" кинофильмінің соңғы сахнасы түсіріліп, Виктордың туған күніне орай оның кейіпкері Мороға ескерткіш ашылды. Егер "Мюзикола" дуэтін білмесеңіз, онда олардың "Арман жолы" әнін міндетті түрде тыңдап көріңіз. https://www.youtube.com/watch?v=761nt47-QDE #күнтізбе #21маусым #йога #селфи
1 3851Loading...
27
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 💡 Қазақстандық “Дәстүр” хор­рор фильмі ресей прокатында көрсетіледі. Тамаша! Әлемдік нарықты бағындыратын туындыларымыз көп болсын!🔥 Осыған қатысты шолу https://youtube.com/shorts/WoWrBJQ4VBQ?si=BRn8HTmXeg_RUUJF ✊ Қазақстанда бұдан былай вейп сатуға болмайды. Заңды қолдайсыз ба?🤔 ✍️ Теміртауда жұмыс істейтін жастарға жеңілдетілген ипотека алуға өтінім қабылдау басталды. Әр қазақ үйлі болсын!🤲🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/film-vejp-ipoteka-20-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #фильм
1 3661Loading...
28
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 💡 Қазақстандық “Дәстүр” хор­рор фильмі ресей прокатында көрсетіледі. Тамаша! Әлемдік нарықты бағындыратын туындыларымыз көп болсын!🔥 ✊ Қазақстанда бұдан былай вейп сатуға болмайды. Заңды қолдайсыз ба?🤔 ✍️ Теміртауда жұмыс істейтін жастарға жеңілдетілген ипотека алуға өтінім қабылдау басталды. Әр қазақ үйлі болсын!🤲🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/film-vejp-ipoteka-20-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #фильм
340Loading...
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🌝 "Азия балалары" ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. Құтты болсын!👍👏🏻 🕊 Астанада қала күніне орай дрондар шоуы өтеді. Тамаша! Жаңа леп😍 👥 2024-2025 оқу жылында сұранысқа ие мамандықтар аталды. Ал сіз қай саланы таңдап жатсыз?🤔 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/dron-altyn-mamandy-26-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды
Показать все...
👌 4🍌 1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴 Сауда айырбасы: Көшпелі қазақ экономикасында қандай тауарлар маңыздылық берді? 📌 Өздерің білетіндей, көшпенділер экономикасында сауданың айырбас түрі қарқынды дамыды. Себебі олар мүлікті, малды баспа бас алмастырып отырды. Осы тұста тауар айырбасы негізгі үш бағытты қамтыды. Олар елдер арасында, қала мен оның төңірегі арасында, қала мен көшпелі дала арасында айналыста жүрді. ◾️ Айырбас құны үш жасқа жеткен қой және осы жастағы басқа малдар болды. Мұндай сауда тұрмыстық қажеттіліктен туындаған. Бұл сауда жасау немесе пайда табудың мақсатында емес, керісінше тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүргізіліп отырған. ◾️ Мысалы, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттары мен қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер арасында белсенді түрде іске асып отырды. ◾️ Дегенмен сауда жасап, пайда көздеген бұқарлық, хиуалық саудагерлер орта азиялықтар мен ноғай саудагерлерін көшпелі ортада жатсына қабылдады. Олардың әрекеті қазақ дәстүрлі қоғамының құндылықтары мен нормаларына жат екендігін сыналды. ◾️ Осыған байланысты бірқатар тұрақты тіркестер мен мәтіндер қалыптасты: сауда сақал сипағанша; қыз мұраты - кету, сауда мұраты - ұту; саудада достық жоқ; еңбек түбі — қуаныш, сауда түбі - борыш. ◾️ Көшпенді қазақ тұрмысқа қажет заттарына керек уақытында ғана айырбас жасап отырған. Орыс деректеріне сүйенсек, қазақтар айырбас сауданы көбінесе қоймен жасаған, ал орыс саудагерлері қазақтармен жылқыны айырбастауға құштар болды. Себебі, қазақтар жылқы малын баптап, күйін жақсы келтіріп отырған. ◾️Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Невакет, Дех-Нуджикет қалаларында жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталығы Тараз болды. Бұл туралы деректерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер болды. #көшпенділерэкономикасы
Показать все...
👍 4 1🤩 1👌 1
💡📆📆📆📆📆 26 маусым 🌝26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрес күні аталып өтеді. БҰҰ мәліметінше, соңғы 10 жылда нашақорлар саны 22 пайызға артқан. Әлемде 275 миллион нашақор болса, оның 18 мыңнан астамы қазақстандықтар. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да аз емес. Есірткіден көз жұмғандар саны бойынша Қазақстан әлемнің 93 елі арасында 33-орында тұр. Көріп отырғанымыздай, есірткі мафиясымен күресу үшін тек полицияның шаралары жеткіліксіз. Оған тек халықтың өзі ғана нүкте қоя алады. Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 🕊Сонымен қатар бүгін халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні. БҰҰ бұл күнді азаптауды жою және 1987 жылы 26 маусымда күшіне енген Адамды азаптауларға, басқа да қатыгез және ар-намысты қорлайтын әрекеттерге қарсы конвенцияның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында атап өтеді. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда жаппай тұтқындаулар орын алды. Прокуратураға құқық қорғау органдарының азаматтарды азаптау және құқықтарын бұзу фактілері туралы арыздар келіп түсті, олардың кейбір фактілері расталды. 🌚Бүгін тіс щеткасының пайда болған күні. Адам ерте заманнан ауыз қуысының гигиенасына қамқорлық танытты. Бұл үшін олар түрлі құрылғыларды пайдаланды. Атап айтатын болсақ, матаның бөліктерінен бастап бұтақтар мен таяқтардан жасалған арнайы щеткаларға дейін қолданыста болды. Ал 1770 жылы 26 маусымда ағылшын Уильям Эдис конструкциясы бүгінгідей болған қымбат емес тіс щеткаларының өнеркәсіптік өндірісін іске қосты. Сіз қандай тіс щеткасын қолданасыз? 👥26 маусым - атақты екі әншінің туған күні. Бүгін OneRepublic ән жазушысы әрі вокалисті Райан Теддер 45 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі Адель, Бейонсе, Дженнифер Лопес, Элли Гулдинг, Марун 5 және тағы басқа әншілердің әндерінің авторы ретінде белгілі. Ол 9 мәрте Грэммиге ұсынылып, оның үшеуін жеңіп алды. 2014 жылы Billboard оны “Поптың құпия патшасы” деп атады. Сонымен қатар бүгін ерекше дауыс тембрі бар америкалық әнші Ариана Гранде 31 жасқа толды. Оның кәсіби мансабы бала кезінде Nickelodeon арнасынан бастау алды. Бүгінде ол альбом жазып, фильмдерде, телехикаяларда және театрда өнер көрсетеді. 2019 жылы Ариана Givenchy сән үйінің бет-бейнесіне айналды. Сізге кім ұнайды: Арина Гранде немесе Райан Теддер? #күнтізбе #26маусым #щетка
Показать все...
👍 8👏 1👌 1
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 👥 Колледждерге құжат қабылдау басталды. Түлектерге құлаққағыс!📌 🙈 Қарағандыға жақын жерде сақтар жасаған қанжар табылды. Өткен ғасырдың қазынасын қолды етіпті👍 💪 Ұлттық банк азаматтарға қос қадамнан тұратын алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткенін ескертті. Осындай маңызды мәлімдеме жасапты🙌🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/kolledzh-sa-bank-25-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #банк
Показать все...
👍 3👌 3
💡💡💡💡💡💡💡 Сұранысқа ие маман болуға арналған 4С жүйесі 🔗 Сөйлеу өнерін, дұрыс әрі сауатты сөйлеу техникасын толық меңгерген кез келген адам, кез келген маман иесі өз ісінде жеңіске жете алады және өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Мейлі, сіз студент немесе оқушы, дәрігер, дүкендегі сатушы, ұстаз, я болмаса қайнаған бизнес әлемінің өкілі болыңыз сауатты сөйлеп қана қоймай, ойыңызды еркін жеткізе алсаңыз әр адаммен жоғары деңгейде байланыс орната аласыз. ✔️ Ендеше сұранысқа ие маман болу үшін “4 C” жүйесін меңгеріп алыңыз. Сіздерге түсінікті болу үшін “4 C” тізбектеп шығайық. ⠀ 1️⃣ Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сіз кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласыз. ⠀ Осылайша өз бетіңізше қорытынды шығарып үйренесіз. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңызды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесіз. ⠀ 2️⃣ Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап, кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды. ⠀ 3️⃣ Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты, бірақ кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады. ⠀ 4️⃣ Communication – коммуникация. Қазір кез келген уақытта барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да адамдармен дұрыс келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды. ⠀ XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сіздің де қолыңыздан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңізді әрдайым шыңдап отыруыңыз қаже #қазынакеңес
Показать все...
🤝 9👍 3 3 1😍 1
💡📆📆📆📆📆 25 маусым 🙈108 жыл бұрын Қазақстанда Ресей билігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Оған 1916 жылғы 25 маусымдағы “Қазақтардың тыл жұмыстарына реквизициялау турал патша жарлығы себеп болды. Соның нәтижесінде олар Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адамды майданға аттандырмақ болды. Ең ұзақ және ең ұйымдасқан көтеріліс Торғай облысында орын алды. Оны халық батыры Амангелді Иманов басқарды. Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалыстан кейін 1916 жылғы көтеріліс тұңғыш рет еліміздің барлық аймақтарын қамтыған жалпықазақтық сипатқа ие болды. 🐳25 маусым – Халықаралық теңізшілер күні. Бұл мереке әлемдік экономикаға үлкен үлес қосып жүрген сауда флотының теңізшілерін құрметтейді. Төмен құнына байланысты әлемдік сауданың 80%-дан астамы теңіз арқылы жүзеге асырылады. Бұл салада бір жарым миллион матрос жұмыс істейді. Қазақстанның ірі теңіз жолдарына шығу мүмкіндігінің жоқтығына қарамастан, еліміз батыста орталығы Ақтау порты болып табылатын Каспий аймағындағы коммерциялық кеме қатынасын белсенді дамытып жатыр. Егер таныс теңізшілеріңіз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 💪Бүгін сондай-ақ Дүниежүзілік витилиго күні де аталып өтеді. Бұл күн 25 маусым 1986 жылы Майкл Джексонның қайтыс болған күніне байланысты таңдалды. Себебі өнер иесіне де осы диагноз қойылған еді. Витилиго терінің белгілі бір аймақтарының пигментациясымен сипатталады. Оның себебі белгісіз. Бірақ витилигомен ауыратын көптеген адам әлеуметтік кемсітушілікке тап болады. Дәрігерлер науқастарға бұл аурумен ауыратын адамдар басқалардан кем емес, керісінше ақ дақтар олардың ерекшелігі екенін түсіндіреді. Витилигомен ауыратындар тізімінде миллиардер Роман Абрамович пен АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамптың болғанын атап өту керек. Егер таныстарыңыздың арасында осы аурумен ауыратын адамдар болса, оларға қолдау білдіріңіз! 👥25 маусым - қазақтың екі атақты адамының туған күні. 81 жыл бұрын театр және кино актері, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Владимир Толоконников (1943-2017) дүниеге келді. Өнер иесі бірінші қазақ телехикаясы “Махаббат бекеті” және “Собачьем сердце” фильміндегі Шариков рөлімен танымал. Ол фильмді түсіру кезінде 75 жасында жүрегі тоқтап қайтыс болды. Сонымен қатар бүгін режиссер, продюсер, сценарист Тимур Бекмамбетов 63 жасқа толды. Атыраулық азамат Forbes нұсқасы бойынша Ресейдегі коммерциялық жағынан ең табысты режиссерлер рейтингінде бірінші орында тұр. Ол Голливудта Анджелина Джоли, Морган Фриман және Бенедикт Камбербэтч ойнаған 9 фильм түсірді. Тимурдың айтуынша, ол Қазақстанға бір күн болса да келудің жолын табады. Тимур Бекмамбетовтың қай фильмі сізге ұнайды? #күнтізбе #25маусым #теңізші
Показать все...
👍 5 2 1👌 1
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🤗 Алдағы күндері елімізде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі. Абай болыңыздар!🙌🏻 🥳 Елордалық оқушылар мен студенттердің жазғы демалысы ұзартылуы мүмкін. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне байланысты шегерілуі мүмкін екен.📌 ✍🏻 Парижге баратын қазақстандық Олимпиада тарихында қалады. Елдің намысын Амир Закиров қорғайды. Спортшымызға сәттілік тілейміз!👏🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/temperatura-demalys-olimpiada-24-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #тарих
Показать все...
3👌 3 2
💡💡💡💡💡💡💡 Әр күнді мәнді өткізудің 5 әдісі 1️⃣ Физикалық жаттығулар 🟢 Физикалық белсенділіктің физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар психологиялық жағдайға да пайдалы екендігі дәлелденді. Тұрақты дене жаттығулары көңіл күйді жақсартуға және күйзеліс пен үрей сезімін төмендетуге көмектесетіні дәлелденген.✔️ Жаттығу кезінде алаңдаушылық сезімі мен стресстің қалыптасуына, сондай-ақ, мидың серотонин мен норепинефринге деген сезімі артады. Ал бұл өз кезегінде күйзеліс сезімін жеңілдетеді. Жаттығу кезінде оң эмоцияларды ынталандыратын және ауырсынуды қабылдау сезімін төмендететін эндорфин өндірісі ынталандырылады. Сонымен қатар, жаттығу адамдарға қорқыныштарын сезініп және олармен күресуге көмектеседі. 2️⃣ Көңілді әуен тыңдаңыз 🎶 Бір сәтке демалып, көңілді сергітетін ән мен күй тыңдаңыз. Сізге қуат беретін сүйікті әуендер тізімін жасаңыз.Әуеннен ләззат алып, қуана біліңіз. Қайғылы музыка сіздің онсыз да құбылмалы көңіл күйіңізді түсіреді. 🎵 3️⃣ Мақсаттар қойыңыз 📌 Көңілсіз күн мен енжарлық, жалқаулық, сіздің энергияңыз бен жұмысыңызға кесірін тигізеді. Мақсат қойыңыз. Себебі мақсат қою өмірлік қуат деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл сондай-ақ ең мотивациялық фактор. Бұл әдіс мазасыздық деңгейін толығымен жояды және сенімсіздікті азайтады. Жоспарлау - ең пайдалы мақсаттарды дәйекті түрде анықтап, оларға жетудің негізгі құралы. Сондықтан ескеріңіз өміріңнің мәні, ол – мақсат. Адам жаны рухынан қанағат табатын мақсаттың алдында әлсіз. Жаныңның рахат сезімге бөленуі – мақсаттың орындалуынан. 4️⃣ Жақын жандарыңызға хабарласыңыз 📞 Достарыңызбен сөйлесетін ортақ топ болса, сол жерге: қолдау сөздер, мен көңілді стикерлер жіберсеңіз адамның жүрегіне жылулық сыйлайсыз. Жақындарыңызға жиі қоңырау шалыңыз. Әр адаммен сөйлескен сайын жүрегіңіз тыныштық табады. 5️⃣ Өзіңізді мақтаңыз ✍🏻 Өзіңізге алғыс айта алатын он әрекеттің  тізімін жасаңыз.  * Сіз таңғы асты дәмді әзірлей алдыңыз ба?  * Жақсы.  * Сіз пайдалы кітап оқыдыңыз ба?  * Керемет.  * Ерте оянып, таңғы жаттығу жасадыңыз ба? * Жарайсыз! Мақтаудың нақты он себебін табу керек. #қазынакеңес
Показать все...
👌 7🎉 2 1🤩 1
💡📆📆📆📆📆 24 маусым 💋24 маусым - Сезім күні. Адамның бойында алты сезім мүшесі бар, олар — көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, түйсік және тепе-теңдік сақтау. Бұл сезімдер айналамыздағы әлемді тануға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш күннің мақсаты - бес сезім мүшесін дамыту арқылы алтыншы сезім мүшесінің оянуына жол ашу. “Алтыншы сезім” дегеніміз: болашақты немесе өткен шақты көре білу, басқа адамның ойын немесе ол туралы ақпаратты оқу және т.б. Ал сіз адамның "алтыншы" сезім мүшесі бар екеніне сенесіз бе? 🎭54 жыл бұрын Алматы циркінің ұжымы құрылды. 1970 жылы 24 маусымда Самарада Алматы, Мәскеу, Саратов қалаларындағы цирк училищелерінің түлектері бас қосқан жас ұжым алғашқы қойылымын көрсетті. Елімізде цирк өнерінің дамуы осылай басталды. 1972 жылы Алматының көрікті жеріне айналған Қазақ мемлекеттік циркінің ғимараты ашылды. Қазір қазақ циркі өнердің өзіндік мәдени қабаты ретінде белсенді дамып келеді. Оның беделі халықаралық ірі фестивальдер мен байқаулардағы жоғары марапаттармен расталады. Қазақтың цирк әртістерінен кімді білесіз? 💃24 маусымда фантастика әуесқойлары Халықаралық перілер күнін атап өтеді. Көпке беймәлім, бірақ адамдар бірнеше мың жыл бұрын заманауи мультфильмдер мен ертегілердегі осы танымал кейіпкерлерге сенген. Кейбір мифологияларға сәйкес, нағыз перілер кішкентай емес, адамның бойымен бірдей болуы мүмкін. Сонымен қатар перілер тек әйел ғана емес, ер жыныстылары да болды. Олардың арасында мейірімдісі де, жаман мінездісі де бар екені айтылады. Бізге таныс перінің әсем бейнесі тек 19 ғасырдың аяғында – романтизм дәуірінде ғана пайда болды. Халық аңыздарынан сусындаған жасаушылар олардың сыртқы келбетін өзінше бейнелей бастады. Кейінірек бұл сурет авторлық ертегілерде, фильмдерде және анимацияда орын алды. 👥24 маусым - атақты екі адамның туған күні. Бүгін қазақ әдебиетінің сыншысы Сейіт Қасқабасовтың туғанына 84 жыл толды. Ол фольклор жанры мен эпикалық шығармашылық теориясы саласында терең зерттеулер жүргізіп, көптеген еңбегін жариялады. Оның 1930 жылдардағы әділетсіз қуғын-сүргінге ұшыраған Алашорда қайраткерлерін ақтаудағы сіңірген еңбегі ерекше. Сондай-ақ бүгін футбол тарихындағы үздік ойыншы Лионель Месси 37 жасқа толды. Футболшы сегіз дүркін “Алтын доп”, алты дүркін “Алтын бутсы” иегері. Forbes журналы оны әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы деп таныды. Әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін футболшы еуропалық футболдан кетуге шешім қабылдап, АҚШ-қа көшіп, Дэвид Бекхэм ойнайтын клубқа ауысты. Сізге қай футболшы ұнайды: Месси немесе Роналду? #күнтізбе #24маусым #футбол
Показать все...
👌 7👍 3
💡🎞🎞🎞🎞🎞 🏐 Бүгінгі кино шолуымыз “Волейбол!! Битва на мусорной свалке” атты анимеге арналады. Керемет актерлер мен қызықты сюжет ешкімді бей-жай қалдырмайтынына сенімдіміз. Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау білдіріп кетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/H-MuhTBSjqc #аниме #кино #ВолейболБитванамусорнойсвалке #япония #волейбол #спорт #манга #кинообзор #фильм #рек #үйдежатпа
Показать все...
Аниме «Волейбол» Қазақстанның кинотеатрларында шықты | Қазақша кино шолу | Аниме | Кинообзор

👌 6 3🤩 1
Войдите и получите доступ к детальной информации

Мы откроем вам доступ после авторизации. Мы обещаем, это быстро!