cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары

KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз. Біз: 🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік; 🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Больше
Рекламные посты
4 266
Подписчики
+324 часа
-37 дней
+730 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Фото недоступноПоказать в Telegram
Алматыда барахолка аумағындағы өрт толығымен сөндірілді
"Өрт толығымен 2300 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.Қабылданған шаралармен көршілес салынған шамамен 5 мың ш.м. кәсіпкерлердің мүлкі өрттен қорғалды. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өртті жоюға ТЖМ күштері мен құралдарының жеке құрамынан 110 адам мен 23 техникасы, 1 тікұшақ жұмылдырылды. t.me/kaznurkz
Показать все...
👍 1🥴 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
"Қазақфильм" қызметкерлері бір жыл бойы жалақы алмағанын айтып, шу шығарды Бүгін "Қазахфильм" АҚ қызметкерлері киностудия алдында жиналып, басшылықтың шығуын талап етті. Анимация бөлімінің мамандары бір жыл бойы жалақы алмағанын айтып, шағымданған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Киностудия аниматорлары соңғы жылдары "Алтын адам" атты толық метрлі анимациялық фильммен жұмыс істеген. Мамандар жұмысты орындап тапсырған. Алайда ол үшін еңбекақысын әлі де алмаған. Қазақфильм" президенті Азамат Сатыбалды ашуға булыққан қызметкерлерімен кездесуге шықпаған. Мәселенің мән-жайын айтуға оның орнына орынбасары Айдар Омаров келген.
"Алтын адам" жобасы бойынша жағдай былай. Бізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталғымен келісімшарт болды. Олар мультфильмге 2020 жылы тапсырыс берген. Біз туындыны 100 пайыз жасап жібергенбіз. Бірақ тапсырыс беруші қабылдамады. Қазір осыған қатысты сот ісі жүріп жатыр", - деді киностудияның вице-президенті.
Показать все...
👍 2🤔 2😱 2👀 1🎃 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Жүк көлігі жол жиегіне шығып кетті": Алматы облысында нөсер жауынның салдарын қалай жойып жатыр "16 шілдеде сағат 15:58-де Кеген ауданы, Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта жауын-шашынның салдарынан ағын судың қалыптасуы орын алды. Сондай-ақ, ағын судан 2 жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды", - делінген ресми хабарламада. Сағат 17:00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті. ҚазАвтоЖол жолды тазарту жұмыстарын жүргізуде. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс жасауда. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. t.me/kaznurkz
Показать все...
👍 1🤪 1
🇰🇿Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады Мереке және демалыс күндер күнтізбесіндегі ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы 30 тамыз Конституция күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бұл күн ел тұрғындары үшін демалыс күні болады. Осылайша, келесі айдың соңында қазақстандықтар демалыс күндерін қосқанда үш күн қатарынан – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады. Жалпы алғанда, тамыз айында бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады. t.me/kaznurkz🇰🇿
Показать все...
👍 1🔥 1👏 1😍 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Елімізде біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын-үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Министрлік мәліметінше, енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғын үй сатып алу мақсатында бұрын біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған "Отбасы Банк" АҚ депозиттерінде қаражатты жинақтау мерзімі 3 жылдан 6 жылға дейін ұзартылды. Бұдан бөлек, депозитті ерлі-зайыптыларға және (немесе) жақын туыстарына беру көзделген. Бұл ретте мұндай салымды үшінші тұлғаларға одан әрі беруге жол берілмейді. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Показать все...
👍 3🤨 3
Фото недоступноПоказать в Telegram
Ақтау қаласының әкімі болып Әбілқайыр Байпақов тағайындалды Ал бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен.
Показать все...
👍 3🤔 2
⚽️ Футбол. Испания 🇪🇸 “Реал Мадридтің” алаңында жаңа ойыншы Килиан Мбаппенің ресми таныстырылу рәсімі өтіп жатыр ✍️ Ескел салайық, 25 жастағы футболшы мадридтік клубпен 5 жылдық келісімшартқа отырды. 🔗 Аталмыш шараның тікелей транслациясын сайтымыздан таба аласыз. t.me/kaznurkz
Показать все...
🔥 4👍 1👏 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Қазақстанда алғаш рет Олимпиада ойындарын бес телеарна көрсетеді 📺 Париж Олимпиадасы Qazaqstan, Qazsport, "Хабар", "Ел арна" және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілмек. "Осы аталған бес арна ойынның ресми ашылу салтанатын бірдей уақытта тікелей эфирде көрсетеді. Ал ойын басталғаннан кейін әр арна жарысты спорт түріне қарай әртүрлі уақытта тікелей көрсете бастайды” - деді Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп. t.me/kaznurkz
Показать все...
👍 5 1🔥 1🥴 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Алматыда тағы да автобус апаты болып, 9 адам зардап шекті
Показать все...
😱 4🤯 2💔 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Бишімбаев ісі бойынша прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылады Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында прокуратурада жұмыс істеу және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына құжат қабылдау туралы айтқан видеосын жариялады. Аймағанова видеода форма киіп шыққан, ал мұқият жанкүйерлер прокурордың ауыстырылған погондарына назар аударды. Айжан Аймағанованың жаңа погондары "Әділет кеңесшісі" сыныптық шеніне және "Әділет подполковнигі" шеніне сәйкес келеді. Пікір қалдырған адамдар оны бірден құттықтауға кірісті. "Кезекті шеніңіз құтты болсын", "Жаңа атағыңыз құтты болсын", "Сіз барлық жұлдыздарға лайықсыз", "Подполковник ханым, сіз әрқашан әдемісіз, сүйкімді, мәртебелісіз", "Мемлекеттік қызметте жоғарылауыңызбен құттықтаймын!", - деп жазды қолданушылар.
Показать все...
👍 9 4
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.