cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Шимайшы

Бұл жерде түрлі оқиғаларға деген көзқарасым, тіпті, фейсбукта жазбайтын дүниелер де жазылуы мүмкін. Күнделік очм...

Больше
Рекламные посты
291
Подписчики
Нет данных24 часа
Нет данных7 дней
-230 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Ресейдің бүгінгі әрекетінен соң осындай фашист елмен бір одақта, кей дүниелерде мүдделес ел екенімізге жиіркеніп жатырмын.
Показать все...
👍 2😢 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Бүгін соттан конверт келді. Мәтініне қарағанда бізге “Соттасып нәғыласыңдар? Оданда ортақ келісімге келіп, татулассаңдаршиш” дегісі келген судья Калиякасова ханымның. Ниеті дұрыс, Qazpost арқылы шақырған амалы қате боп тұрғаны. Төртіндегі татуласу отырысына шақырған конвертті бүгін, яғни, жетінші шілдеде алып отырмын. Тастан сарай салғызғанымызбен айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын заман әлі тумады, Ыбеке! Судья ханымның көмекшісі ызбандай салса несі кетеді😂
Показать все...
👍 4
Домбыра тарта алмайтын адамның бірімін. #домбыракүні
Показать все...
01:54
Видео недоступноПоказать в Telegram
Өзіме қатысты жерлерін ғана қиып салдым. Былайша, бірінші соттың қаулысы күшіне 27-сі енеді. Содан соң материалдық, моралдық шығын соты басталады азаматтық негізде
Показать все...
IMG_3892.MOV41.47 MB
Ауыл әкімдерін сайлау дұрыс па? Меніңше тап осы қадамға тым ерте кірістік. Оған бірнеше себепті айтып берейін. Тоқаев мырза "Жаңа және әділетті Қазақстан құрам", деп "Қанды қаңтардан" соң шын ниет етті делікші. Бірақ, бұл жерде имамдарша айтқанда ниет дұрыс, амал қате. 1. Ауыл тұрғындары өздері қалаған адамды әкім лауазымына үміткер ретінде ұсынғанымен ол адамның өтуі неғайбіл. Себебі, ауыл әкімі болуыңыз үшін мемлекетттік қызметте істеген өтіліңіз болуы шарт. Ең бастысы, сіз ол жерде жас маман болдыңыз ба, бас маман болдыңыз ба, оның барлығы әкім болуыңызға жарамай қалады. Әлдебір мекемені кемі 1 жыл басқарған болуыңыз керек. Мәселен, жастар ресурстық орталығын не болмаса тағы да сондай бір мекеменің құлағын ұстаған, жүйенің бір шүріпі болған адам керек. Көп ауылда жеке бюджетте жоқ қой шындап келгенде. Сондықтан, ауыл арасында беделі бар азаматты өтілі мен қызметіне қарамай сайлауға түсуге құқық беру керек деп ойлаймын. Бастысы кісі өлтіріп, қыз зорлап, алаяқтық деген секілді баптармен сотталмаған болса.Жалпы, сотталмаған адам болсын дей салайықшы. 2. Ауыл халқын құқықтық сауат жағынан ептеп даярлау керек. Үміткерлердің сенімді өкілінен басқа тәуелсіз бақылаушының да сайлау барысын бастан аяқ қадағалай алатынын ауыл тұрғындары білмейді. Соңынан нәтижемен келіспеу, сайлаудан соң шу шығу деген секілді мәселелер туындайды. Айта кететін бір мәселе, сайлау комиссиясына кіретіндерді де оқыту керек. Көбіне осы тәтемдер мен ағатайлар бақылаушының құқығын аяққа таптайды. Осы дүниені қалада да, далада да жақсылап оқыту керек. Дұрысы, бақылаушыларды оқытқан кезде сайлау комиссиясына кіретін адамдар да сол дәрістерге кіріп отырса... 3. Ара-тұра рулық бөлінушілік те белең алады. Бірақ, бұл сирек кездесуде деп ойлаймын. 4. Жергілікті билік өкілдері де сайлауды таза өткізуге мүдделі емес. Өздерінің ұсынған үміткерін өткізудің барлық жолын жасайды және ол үшін еш қысылмайды, қымсынбайды. Сайлау нәтижесімен келіспейтіндерді түрлі жолмен қорқытып-үркітуден де тайынбайды. Сол баяғы "Ескі Қазақстан" әдісіне басып "ЦОНда істейтін ұлыңды ойла" немесе "Сен өзің намаз оқиды екенсің. Сайлаудың артында қаншама органдар тұр ол ойыншық емес. Байқа, түрлі топқа кіріп кеткен дегендей күдікпен әрлі-берлі тартқылап жүрмесін сол органдар..." дегендей шантажға толы әдістерді беттері бүлк етпей жасап жатыр. Сонымен, ауыл әкімдерін сайлаудың екінші жылы өтіп жатқандағы менің байқаған кейстерім осы. ЕКІ КҮН БҰРЫН ӘЛДЕБІР АУЫЛДЫҢ ШУЫНА БАРЫП КЕЛДІМ. ВИДЕОСЫ ДА ДАЙЫН. ТЕК, АУЫЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ "ТОҚТАТА ТҰР" ДЕГЕН СӨЗІНЕН КЕЙІН ЖҮКТЕЛМЕДІ. БІРЕУЛЕРДЕН ҚОРЫҚҚАН СОҢ ЖҮКТЕЛМЕЙ ҚАЛДЫ ДЕП ОЙЛАМАҢЫЗДАР. МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ "АДАМ БІР РЕТ ӨЛЕДІ"КҮНІНЕ МЫҢ РЕТ ӨЛУДЕН САҚТАСЫН ҚҰДАЙ. Өз басым "Жаңа Қазақстанның" құрылуына сол жүйедегі су милардың(ескіде көрген әдістен басқа дүниені білмейтін) кесірі көп тиюде деген ойдамын.
Показать все...
👍 1
Қазақ тілі қазір тендер арқылы ақша асап қалуға қажетті тіл ғана секілді өзіме. Үйде бала-шағамызбен сөйлескенімізбен қоғамдағы рөлі артпады. Өзім қазақша контент өндіруші(ара-тұра болса да) болғандықтан “Осындай лоттар шықса екен. Оны мен ұтсам екен”, -деп армандап кетем. Пендешілігімді мойындаймын. Осы бағытты өзінің соқпағы қылып алған талай адам бар. Ғалымдар, тарихшылар конференция арқылы ақша жасағысы келеді. Жазба ақындары поэзияға байланысты дүние жасап, жазушылар мемлекет арқылы проза конкурсын ұйымдастырсақ деп, айтыс маңайындағылар терме мен айтысты жиі ұйымдастырып, әйтеуір бала-шағаға нәпақа тапқымыз келеді. “Тіл жанашыры” деген номинация алуға таласамыз. Қазақ бола тұра, қазақ тілді редакцияда жұмыс істей жүріп оны алғанымызға масаттанамыз. Бірақ, қазақ тіліне үлес қосу осындай кішкентай қадамнан басталатынын неге ескермейміз? Қазақша мультфильм көрмей өскен бала ертең сенің айтысыңа келе ме? Дәстүрлі ән кешіңді қайтсін? Сондықтан да, бәрі бір-бірімен тығыз байланысты дүние екенін ескерейік. Үйімнің іргесіндегі кинотеатрда “Ойжұмбақтың” қазақшасы жоқ. Қазақ тілінде тек ситимолдағы кинотеатрда ғана берілуде. Оның өзінде бүгін және ертең ғана 17:30 да көрсетілмек. Егер, билет нашар өтсе таңғы онға қойып, кейін мүлдем алып тастауы да мүмкін… Бір жылдары Майқұдықтың кинотеатрынан осындай бір аударма фильмді кешкі мезгілде қойылуына қол жеткізгем. Бірақ, келген адам отызға да жетпеген. Санамыз өсті ме екен содан бері…
Показать все...
👍 4
Фото недоступноПоказать в Telegram
Бұл кісінің әйелі ұсталған кезде үлкен шу болғаны рас. Бірақ, жамбасы жерге тимей жатып осылай талқылау меніңше біртүрлі…
Показать все...
Бала кезімде шегіртке қуырып жегенбіз😂😂😂 Әнуар деген немере інімнің әкесі Қайролла көкеміз тақуа адамтын. Ескінің көзі, құранды арапша оқитын. Орыс тілінде діни кітап жазғаны бар бертінде. Оқиға кітапқа дейін болды расы керек. Бір күні Әнуар “Көкем шегірткені жеуге болады. Мұсылмандарға рұқсат етілген екен”,-деді. Ол кезде “халал” деген ұғымды білмейміз😃😃😃. Жайлаудамыз ғой. Жиырма шақты шегірткені теп-тез жинап алдық. Табаға қуырайық десек үлкендерден қорқамыз. Содан не керек пештің плитасының үстіне қуырдық. Артқы сирағынан басқасын жұлып алып тастадық ұмытпасам. Бірінші Әнуар жеді. -Дәмі балық секілді екен. Одан кейін Толғанай(екі жас үлкен апам) екеуміз де жеп көрдік. Үшінші шегірткемді жеп жатқанда ма ішінен боқ па, әлде, жеген шөбі ме бірдеңе “бырқ” етіп шықты. Қоймалжың, жасыл түсті бірдеңе. Лоқсып түкіріп, ауызымды шайып, тілімді жуып біраз әбігерлендім. Содан кейін шегіртке жемеппін))) Бірақ, артқы сирағының еті көп секілді😃😃🤓
Показать все...
😁 3👍 1
Мен көрген көкпар... Қазір жаппай көкпар деген ойын біздің Сарыарқа даласына да жетті. Бұрынырақта мұндайды тек қысы 1-2 айлық оңтүстік аймақтың жігіттерінен ғана көретінбіз. Ат санына шектеу жоқ, әйтеуір 100 аттылы адам ба, мың ба, бәрі бір серкешке таласып жүреді. Осы көкпар түрі дамып кеткен өңірлерде ойынға кіру де, ат ұстау да, тіпті, салым салу да мафия боп кеткен дейді. Біреулердің рұқсатымен кіресің дейді-міс.. Жә, айтпағым ол емес. Біздің бала кездің көкпары бөлек болатын. Ауылыңнан әріректегі көрші ауылда той өтеді. Палуан күресіп, тай жарысып, аламан бәйге өткен соң жаппай көкпар басталады. Оның өзі екі не үш команданың ойыны. Қарапайым тілмен түсіндірейін. Той Байдалы би ауылында өтсе, Ақтүбек ауылының жігіттері көкпарды өз ауылына әкетуге, мына жақтан біздің Талдыбұлақтың жігіттері өз ауылына әкетуге тырысатын. Той өтіп жатқан ауылдың жігіттері өз ауылында алып қалуға тырысады. Бұның да өзінше қызығы бартын. Көкпарды әлдебіреудің тақымынан жұлып алған жігіт оны ұшқыр аты бар ауылдасына беріп, сол аттың жеткізбей кеткені дегендей әңгімелер апта бойы түрленіп айтыла беретін... Одан кейін футбол алаңы секілді көкпар алаңында ойнау енді. Бұл енді жұртқа көруге, тамашалап отыруға ыңғайлы. Қазандыққа салғаннан көрі сызылған шеңберге салуды қолдаушыларданмын. Аттың да, адамның да қауіпсіздігі басты орында болуы тиіс. Сіздер жақтың көкпары қандай еді? Өзгерді ме?
Показать все...
👍 5
https://vm.tiktok.com/ZMr1Ka7bq Бақ, дәулет, құт жайлы ойым…
Показать все...

Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.