ru
Feedback
Имани гүл🌸

Имани гүл🌸

Открыть в Telegram

• Кітап. Руханият. Білім Қыздарға Құран оқуды үйретемін📖 Курс туралы білу үшін @aqguli жекеме жазыңыз✅ - оқыған кітаптарым: #кітапоқы #frag үзінділер✨

Больше
2 242
Подписчики
-324 часа
+37 дней
-4030 дней
Архив постов
Күллі аспан әлемі мен жерде қаншама дәлелдер бар! Алайда олар сол дәлелдердің ортасында жүрсе де бейқамдық танытып, оларға мүлдем мән бермеуде. 🌺Юсуф сүресі, 105-аят🌺

Құран жаттауды қиындататын нәрселер⬇️ 🌟көзбен харамға қарау 🌟бос іспен айналысу 🌟адамдардың мінін іздеу 🌟музыка көп тыңдау 🌟күнә көп жасау Егер сүре жаттай алмай жүрсеңіз осы нәрселерге мән беріңіз🌟

ештеңені есептеп қиналма. Алла бәрін есептеп қойған.

photo content

Әр сынақ саған өзіңді танытады. 📌Қандай әлсіз, тәкаппар, шыдамсыз екеніңді көрсетеді. 🌸Ең маңыздысы – Алла туралы қандай ойда екеніңді білесің

Repost from ескертуші
ЖЕҢІЛДІКПЕН АЛЫП ҮЛГЕРІҢІЗ❗️ Қыздарға арналған Құран сабақтары: 🌸0-ден бастап үйрену Құран курсы 🌸Құран жаттау курсы 🌸Мулк сүресінің сабақтары 🌸Ясин сүресінің сабақтары 🌸Кәһф сүресінің сабақтары 24 САҒАТ ІШІНДЕ ЖЕҢІЛДІК! Алу үшін мұнда КУРС деп жазыңыз: @eskrtshi

Сіз Құран оқуды үйренсеңіз, қалған ілімді Аллаһ сізге Өзі үйретеді Құранға түсу – үлкен білімдерге жол ашып, Аллаға жақындатады Сондықтан бұндай мүмкіндікті кейінгі қалдырмаңыз🌸

Алла құлының бос жүргенін ұнатпайды. Бос қалған адам ібілістің арбауына оңай түседі. Нақты жоспары болмаған соң әрнәрсеге бұрылып кете салады. Көбі күнәға кетіп қалуы мүмкін. Уақытты пайдалы өткізу - дініміздің талабы. Аллаға ұнамды құл болу үшін күнімізді Ол жақсы көретін, Оған жақындататын амалдармен толтырайық✨ 💐Имани гүл

Мысалы, автобусқа, таксиге міну – сауда. Магазиннен су алу – сауда. Киім алу, телефон алу немесе сату бәрі сауда Ол жерде біз мән бермейтін қаншама нәрсе бар Соның бірі яндекс такси шақырып келген кезде отмена басу. Бұл да жүргізуішінің ақысына кіру. Біз оны төлемей кетіп қаламыз. Бірақ қияметте сол алдымыздан шығады💔

❗️Саудаға байланысты подкаст. 📌Міндетті түрде тыңдап шығыңыздар. Сатып алу, сату, алдын ала төлем жасау, кейін алмай ойланып қалу, келісу т.б. Барлық тақырып қамтылған. https://youtu.be/IeFRQ2C85IE?si=hJBriUY878N6kw_m

Өсім алу – Аллаға соғыс ашумен тең❗️ Қазір мұсылмандардың арасында көп тараған каспи ред, рассрочкаға зат алу осы ӨСІМНІҢ түріне кіреді. Мейлі ай сайын сіз уақытылы төлесеңіз де сіз өсімге келіскен боп саналасыз. Ал төлей алмасаңыз процент қосып қайтарасыз. Осы амал шариғатта күнә болып саналады. Аллаһ Тағала процентке беруді де, алуды да харам еткен. Өкінішке орай, шыдамсыздық, дүниеге қызығу адамдарды осы күнәға итермелеп жатыр💔

Аллаға ең ұнамды амал – уақытында оқылған намаз Намазды уақытында оқудың өзі үлкен нығмет💗

Бақыт деген өз үйімде екен💗 Іздегенім дәл қасымда екен💗

- Mide doldukça insanın gözü dünyaya doymaz Асқазаны тамаққа толған адамның көзі дүниеге тоймас.

Repost from ескертуші
ЖҰМА КҮНІ АЙТАТЫН ДҰҒА "Әстағфируллаһәлләзи лә иләһә иллә һуәл хайюл қайиуму уә әтубу иләйһи" деп 3 рет айт   اَسْتَغْفِرُ اللهَ الَّذِى لاَ اِلَهَ اِلاَّ هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ وَاَتُوبُ اِلَيْهِ   Мағынасы: «Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған, әрдайым тірі, әр нәрсені толық басқарып тұрушы Алладан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін.

Repost from ОҚЫ!
«оқы» деп бұйырған Алла «оқыдың ба?» деп сұрамай ма?

Орамалымды шештім деп жариялау, пост рилс салу дәстүр болып бара жатыр ма? Жарайды, шеше беріңіз, бірақ оны неге жариялайтынын мен әлі түсіне алмай келемін. Хайптың бір түрі шығар Астына міндетті түрде “өзімді таппадым” анау-мынау деп жазып қойған сөздердің түк салмағы жоқ қой ЖӘНЕ СОНЫҢ АСТЫНА ҚОЛДАП ЖАЗАТЫНДАРДЫ ОДАН ДА БЕТЕР ТҮСІНБЕЙМІН Бұл арқылы орамал шешкендерді сынағым келмейді. Әркімді әртүрлі жағдай. Маңызды себептер болған шығар Бірақ орамалды шешіп ертесіне, өзі де жартылай шешініп шығатындарды көргенде кешегі тағып жүрген орамалдың не қадірі болды екен дейсің…💔 Бір-екі адам шешсе қалыпты еді, қазір тренд боп бара жатқандай💔🥲 #өзойларым

Қиямет күні бір адамның амалдары таразыға тартылады. Оның ізгі амалдары аз болып шығады. Осы кезде бұлтқа ұқсас бір нәрсе әкелініп, ол да таразыға қойылады. Сонда бұл адамның ізгі амалдары ауыр басады, содан кейін одан: – Бұның не екенін білесің бе? – деп сұрайды. – Жоқ, білмеймін, – дейді ол. – Бұл – сенің басқаларға үйреткен білімің үшін берілген сый-сияпат 📚Рухул-Баян

Өмірде біреудің киіміне, көлігіне, дәрежесіне қарап араласып, сыйласып жатамыз. Бірақ Алла тағала оның ешқайсынына қарамайтынын ұмытып кетеміз. Алланың алдында есепке тартылатын бір ғана жер ол – жүрек. Ал жүректе не бар екені сыртқа көрінбейді. Оны тек Алла біледі Осы үшін жүректі әдемілеу өте маңызды, сыртымызды емес💔

Алайда біле білсеңдер, ең қайырлы киім – тақуалық киімі (7:26)
💕Кәдімгі киім адамның тәнін, әуретін қалай жапса, тақуалық киімі де адамның рухани дерттерін, күнәларын солай жауып Алла алдындағы дәрежесін арттырады.