669
Подписчики
Нет данных24 часа
-17 дней
-930 дней
Архив постов
Адамдардың локальдыққа ұмтыла беретін әдетін әлі түсіне алмайм.
1 курс кезімізде "Бір жасыңмен" дегенді кезінде батыстықтар өзара айтысып жүретін; оны біз түсінбей сұрағанда кейбіреуі шелек болып "өзіміздің вайб" дейтін. Сол ескі-құсқы локализмнің осындай жаһанданған, интернеті бар заманда әлі де тірі жүргеніне таңым бар. Ондай мейрамды өткен 70 жыл өмірінде естімеген апамның уатсап статусында Амалмен құттықтаған картинка тұр бүгін. Так что угомонитесь, ребят.
Алматы мен Астанада тұратындардың да әлгі жерінің шелек болатыны ұнамайд. Жалпы адамдарға, тым құрығанда ұлтқа ортақ құндылықтарды қызғанып "өзіміздікі" деп жүретіндерді айтам. "Өзіміздің вайб" деп тек досыңның қалай қорылдайтыны немесе родионының иісі қалай шығатынын айтады. Қалғаны, андай, хомосапиенс дәуіріне тән тобырлық сияқты бірнәрсе.
Қыздар, өздеріңнен 3-4 жасар ағаймен (мұғалімдеріңмен) жүріп алуға қалай қарайсың, жалпы?
Сен оны ұнатып қалсаң немесе ол сені?
Өзін тамақ жеп жатқанын видеоға түсіретін адамдар ешқашан жөнді зат айтпайды
(с) туиттерлік бір данышпан
Ұстаз vs Мұғалім
Ұстазға ешкім ештеңе қарыз емес.
Нағыз ұстаз біреуге берген білімін ешқашан қарызға бермейді. Керісінше, білім қонса, миссиясының орындалғанын көріп мерейлене түседі.
Мұғалім мәртебесін басқа қызметтермен теңестіру керек. Көтеру емес.
Мен оқыған кездегі мұғалімнің 10 пайызы ғана жұмысын сүйетін, нағыз ұстаз еді.
Мұғалім мен Ұстаз бір емес екенін сонда ұқтым.
Мұғалім - кәдімгі жұмысқа барып келетін кәсіп, кей адам үшін амалсыз күнкөріс. Кей адам үшін қарғыс атқан жұмыс, баланы жек көретін, тұла бойынан әлжуаз адамды жақтырмайтыны менмұндалап тұратын талай мұғалім бар ғой.
Ал ұстаз ол бөлек.
Ұстаз - Байтұрсынов
Ұстаз - Алтынсарин
Ұстаз атына лайық деп құр мұғалімдік шеңберінен шығып, берген айлық пен тапсырмадан артық қызмет жасап, жан-тәнімен ізденіп, баланың білімге құштарлығын оята білгендерді айтуға болады.
Амалсыз мұғалім болғанымен амалсыз ұстаз болмайды.
Ұстаз дипломы бар болуы да, жоқ болуы да мүмкін. Бастысы - онда өзі үнемі үйренуден,онысын басқаға үйретуден жалықпайтын ағартушылық жалын болады.
Қалғаны мұғалім. Кемсітіп қажеті жоқ, бірақ аса әспеттеуге де себеп жоқ.
Кәдімгі жұрт қатарлы сыйластыққа лайық маман.
Әйтпесе, кезінде линейкаға басы биттеген, екілік алған, тырнағы өскен, құлағын жумаған бүлдіршін қыздарды дәптерге жаздыртып алып, бүкіл мектеп алдында ортаға шығарып, жұрт көзінше масқаралап, содан рақаттанған мұғалималар да өзін "ұстаз болдық" деп жүр ғой.
Көрсем амандасармын, сыйластық үшін. Бірақ ардақ тұтпаймын.
#ұстаз #мұғалім
(с) Оскар Гаста
Испанияда ер мен әйелі ажырасып, әйел - 25 жыл бойы істеген үй шаруасының ақысын төле деп күйеуін сотқа беріпті. Сөйтіп, сот - күйеуін 200 мың еуро компенсация төлеуге мәжбүрлейтін үкім шығарыпты.
Үкім?
Ауылда оқитын қарындасымның кластастары - сыныптағы барлық қыздарға, әрқайсысына бір-бірден мишка мен гүл сыйлапты. Сынып жетекшілеріне (менің жеңешем) де гүл және бір қорап шоколад беріпті. 8 сынып.
Енді, адам болғасын, параллель жүргізесің ғой, өз өміріңмен. Эх, байғұс біздің қыздар-ай. Тіпті, 11 сыныпта да дым алмаған екен.
Осындай прогреске қуанам. Қаланың емес, жай шалғайдағы ауылдық жердегі оқушы буынның тым құрығанда өз сезімдері мен мейірімін жасырмайтыны кәдімгідей қуанышты мен үшін. Бізге ұқсап комплекске булығып, сезімін біреуден тығып өтпейді. Ал апайларына күшті сөз айтып, открытка жасайтындар, уатсаппен жылы тілек жазатындар, тіпті - космос (көбіне таныстарымның сторилерінен көрем). Ұзағынан болсын, әйтеуір.
Фамилиясы Ақышева деген қызбен жүресің, бірақ, сөйтсең ол тегін грин карта бермейді екен. Сөйтіп, Дания деген қызбен танысасың; сөйтсең ол да Шенген визасын бермейд екен.
#антихрист
91-ден кейін qpop мәдениетінде мини-ренессанс болған сияқты еді. Newton мен Black dial деген топтар шығып, жақсы ашылып келе жатқан болатын. Бірақ, бір уақытта қарасам, олар жоқ. Ал әндері тек ностальгия болып қана қалып қойды.
Жасым аааздап үлкендеу болғанда Еңлікке ме, Камила Смағұлға ма тым құрығанда жазып көрер ем, бұйыртып жатса үйленіп алар ем. Муахауаттар ғой ❤️
Театр актерларының деңгейі бірден білінеді, иә, бәрібір? Сауаттылығы, өз-өзін ұстауы, харизмасы.
Театр актеры >> кино актеры
Мен мың түрлі соққы жасау түрін білетін адамнан емес, тіпті бір соққыны мың рет үйренген адамнан да емес, әнәсс, мен "30 жыл бойы қазақтың байлығын тонаған ұры сатқындар, аңғал да сорлы қазағым, елінде завод-фабрикасы жоқ, ұры сатқындарға билікті ұстатқан қазағым, ай ел болмаймыз-ау біз" деп әрқашан және әр посттың астына жазатын адамнан қорқам.
(с) Лрюс Би
